Бейсенбі, 18 Шілде 2024 10:04

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бөлек ауылдық округінің әкіміне үміткер Қасымшалов Дулат Сәрсенбекұлының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті Бөлек ауылдық округінің сайлаушылары!

 

Мен Қасымшалов Дулат Сәрсенбекұлы, 1990 жылдың 12 наурызында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында дүниеге келдім. 2007 жылы Әл-Фараби атындағы орта мектебін бітіріп, 2007-2011 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Қазақ экономикалық университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару»  мамандығы бойынша білім алдым.

Еңбек жолымды 2015 жылы Ақши ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып бастадым. 2015-2017 жылдары Бәйтерек ауылдық округі әкімдігінің жетекші маманы, 2017-2020 жылдары аралығында аудан әкімдігінің кадр бөлімінің бас маманы, 2020-2021 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімінің орынбасары, 2021-2023 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы, 2023 жылдан осы уақытқа дейін аудан әкімі аппаратының бас инспекторы қызметін атқарып келемін.

Құрметті округ тұрғындары!

Алдағы уақытта  ауыл тұрғындарымен  бірлесе отырып ауылдың бүгінгі  күн тәртібіндегі  мәселелерін шешуге барлық мүмкіндіктерді пайдаланып жұмыс жасаймын. Мен болашақта ауылымыздың дамуына және халықтың әлеуметтік өмірін жақсарту үшін атсалысамын. Маған дауыс беріңіз, мен сайланған жағдайда, төменде баяндалған сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімді саламын!

Мені округ əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:

– Қазақстан Республикасының заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекет органдарының нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын жүзеге асыру үшін қызмет жасаймын;

– Бөлек ауылдық округінің көркеюіне, халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстаймын; 

– Ауыл шаруашылық теліміндегі жерлерді (егістік, шабындық, жайылым т.б) ұтымды пайдалануды, иесі бар игерілмей жатқан жерлермен, бос иесіз жерлерді игеріп айналымға қосуды ұйымдастырамын;

– Ауыл тұрғындарының таза сапалы ауызсумен қамтылуына;

– Бөлек ауылдық округінің көшелерін жөндеуден өткізу мен түнгі жарықтандыруға;

– Электр желілері мен бағаналарын ауыстыру жұмыстарына;

– Ауылымыздың абаттандыру жұмыстарын жандандыруға;

– М.Горький атындағы орта мектебін күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізуге, жергілікті әкімдік және дәрігерлік амбулатория ғимараттарының;

– Жастардың тұрақты жұмысқа орналасуы мен мемлекеттік бағдарламаға белсенді қатысуын қамтамасыз етуге;

– Жастар – ел болашағы. Біз халқымыздың бай, рухани адами құндылықтарын өскелең ұрпаққа табыстауымыз керек. Бұл дамып келе жатқан әрбір қоғамның миссиясы. Сол себепті жастар саясатын қауқарлы жүзеге асыруға;

– Ауыл тұрғындарын еңбекпен қамтудың негізгі бір діңгегі – шағын және орта  кәсіпкерлікті дамытуға және сол арқылы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жұмыссыздықты жоюға атсалысып, кәсіпкерлікті дамытуға;

– Еліміздегі саяси тұрақтылықтың, ұлтаралық және дінаралық келісімнің нығаюына;

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденитті қалыптастыруға;

– Халықтың құқықтық жəне қаржылық сауаттылығын арттыруға;

– Тұрғындардың бұқаралық спортпен айналысуына жағдай жасау мақсатында округ аймағынан жасанды спорт алаңдарын салуға, сонымен қатар спорттық-бұқаралық іс шаралар мен жарыстар өткізуге үлесімді қосамын.

 

Мен əрқашан байланыстамын!            

Тел / WhatsApp: + 7 747270 90 95

Құрметпен, Қасымшалов Дулат Сәрсенбекұлы.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!  

Оқылды 792 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет