Бейсенбі, 18 Шілде 2024 10:08

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ташкенсаз ауылдық округінің әкіміне үміткер Якубов Эльдар Ризаевичтің САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Якубов Эльдар Ризаевич, 1990 жылы 16 қыркүйекте Алматы облысы Шелек ауылында дүниеге келдім. 2012 жылы Алматы технологиялық университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдадым. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолымды 2013 жылы Малыбай ауылдық округінің әкімі аппаратында бас маманның міндетін атқарушы болып бастадым. 2013 жылдың желтоқсанынан 2014 жылдың мамырына дейін Бартоғай ауылдық округі әкімі аппаратында бас маманның міндетін атқарушы, бас маман болдым. Қазіргі уақытта аталған округте әкімнің орынбасарымын.

Құрметті, Ташкенсаз ауылдық округінің тұрғындары, сіздердің назарларыңызға Ташкенсаз ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде өзімнің сайлауалды бағдарламамды ұсынамын.

Мен округ әкімі аппаратында жұмыс істей жүріп, ауылдардағы ең өзекті, шешімін табуы тиіс мәселелерді және ілгері басқан істі де көріп жүрмін. Және барлық түйінді мәселелерді шешіп, жемісті істерді халықтың игілігі үшін одан әрі табысты, мақсатты түрде жалғастыру қажет деп есептеймін.

Әкім болу – бірінші кезекте округ тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруына, талап-тілектерінің орындалуына, округтің көркеюі жолында адал қызмет ету деп түсінемін. Мұны бір сөзбен айтсақ, қазір қанатты сөзге айналып кеткен  әрі жауапкершілік артатын «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген сөз шығады. Мен халыққа жақын бол қағидасын ұстана отырып, Ташкенсаз ауылдық округінің әкімі лауазымына өз кандидатурамды ұсындым және ауыл мен ауылдық округтің игілігі үшін шешілуі тиіс міндеттерді орындауды мақсат етіп отырмын.

– Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту және олардың жұмыспен қамту үшін шараларды қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округтің экономикасын дамыту;

– Жаңа жұмыс орындарын құру;

– Халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстау;

– Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық көрсету;

– Округтің санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстап, көгалдандыру мен абаттандыруға жұмыс жасау – менің сайлауалды бағдарламамның басты шарттары.

– Округтегі кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста болып, округтің мәдени, қоғамдық жұмыстарына белсенді араласуларын ұйымдастырамын.

– Округ тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуді басты назарда ұстаймын.

– Округтің инфрақұрылымын жақсартып, жолдарды жөндеуден өткізуге бар күшімді саламын.

– Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға ықпал етемін.

– Балалардың сапалы білім алуына жағдай жасаймын.

Сонымен қатар, округ аумағында туындаған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді де жергілікті жағдайда шешу дәл қазіргі міндет деп санаймын. Президент Жолдауында ауылдың дамуы мен көркеюі үшін маңызды тапсырмалар берді. Округ әкімі ретінде ол міндеттерді орындау, ең бірінші кезекте Ташкенсаз ауылдық округтің тұрақтылығы мен өркендеуіне әкеледі деп санаймын. Және осы мақсатта мемлекеттік қызметте жинақтаған тәжірибемді қолдана отырып, бар күш-жігерімді жұмсауға дайынмын.

 

Оқылды 835 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет