Бейсенбі, 18 Шілде 2024 10:11

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бөлек ауылдық округінің әкіміне үміткер Қайнарбаев Айбол Шампитұлының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Қайнарбаев Айбол Шампитұлы, 1984 жылы Райымбек ауданы Сүмбе ауылында дүниеге келдім. 2005 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін «экономист» мамандығы бойынша, 2010 жылы М.Х.Дулати  атындағы Тараз өңірлік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдадым. 2005 жылдан беру қаржы саласында, халыққа қызмет көрсету орталығында әртүрлі лауазымда қызмет атқардым. Қазіргі таңда «Айбол» шаруа қожалығының жетекшісімін. Есік қаласының тұрғынымын.

 

Құрметті Бөлек ауылдық округінің тұрғындары!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы идеяларды жүзеге асыру мақсатында Бөлек ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде  №147, 148, 149 сайлау учаскелері бойынша құжатымды тапсырдым.

Жаңа Қазақстанды құруға өз үлесімді қосып, жергілікті тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатып, қордаланған мәселелерді шешуге жинақтаған тәжірибем мен бар күш-жігерімді жұмсаймын.

Сайлауалды бағдарламамды 3 бағытқа бөлдім:

  1. Демократиялық ашық қоғам.
  2. Ауылды өркендету.
  3. Дені саудың – жаны сау.
  4. Демократиялық ашық қоғам.

Халық билігі, теңдік, әділеттілік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік жүйеде ғана ашық қоғам құруға болады. Мемлекетіміз де биліктің түп иесі халық болып табылатын демократиялық республика. Әр адамның негізгі құқық және бостандық нормалары белгіленген, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Әркім өзі қалаған саяси және діни көзқарастарды, мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы берілген, соның ішінде сын құқығы заң жүзінде қорғалады. Дана қазақ «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деп айтса, хакім Абай таяқтың екі ұшы болатынын ескерткен.

Тап осы кезең талай кемшіліктің бетін ашып, қоғамдық санаға серпіліс туғызған, мемлекет бағдарын жаңа арнаға бұрған бетбұрыс кезеңі ретінде халық көңіліне үміт ұялатып отыр. Болған жайдан сабақ алып, болашаққа байыпты қадам жасау үшін «Жаңа Қазақстан» идеясының мәні зор.

  1. Ауылды өркендету.

«Еңбек адамды қашан да бақытқа бөлейді» деген сөз бекер емес. Адал еңбектің арқасында әр адам өз бақытын табады. Өзіне ғана тиесілі, өзіне ғана лайық жолмен жүріп, тірлік жасайды. Халық еңбекке бейім болса, ел ырысқа кенеліп, өзгелермен терезесі теңеліп, бақуатты, бәсекеге қабілетті мемлекет болып нығаяды.   Ауылды дамытуда өндіріспен ғана шектелмеу керек. Дұрысы – ауыл шаруашылығы саласына көңіл бөлу. Себебі аталған сала арқылы ауылды да, қаланы да дамытуға мүмкіндік мол. Қалаларды олармен іргелес жатқан ауылдардан бөліп алып қарастырудың қажеті жоқ. Бәрі кешенді түрде қамтылуы керек. ауылда өндірілген көкөніс, бақша өнімдері жақын қалада саудалануы қажет. Осындай тізбек керек. Сонда ауыл мен қала арасындағы байланыс жанданады.

  1. Дені саудың – жаны сау.

Кез келген елдің болашағы халқының денсаулығына байланысты екенін дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – саламатты өмір салты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы. Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамадағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам бұл өмірде мәңгілік емес. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер. «Денсаулық – зор байлық» деп бабаларымыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн.

Құрметті жерлестер!

Бұл бағыттардан да басқа өңірдің өзекті мәселелерін көтерерім анық. «Жаңа Қазақстан» идеясын бірге жүзеге асырайық!

Баршаңызды 28 шілде күні сайлауға қатысып, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бөлек ауылдық округі №147, 148, 149 сайлау учаскелері бойынша түсіп жатқан кандидаттар арасынан өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын.

 

Оқылды 1041 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет