Бейсенбі, 18 Шілде 2024 10:15

Бөлек ауылдық округінің әкіміне кандидат Елубай Еламан Рауанұлының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе ауылында дүниеге келдім. Білімім жоғары, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдадым.

Еңбек жолымды 2014 жылы Ават ауылдық округі әкімі аппаратында бас маманның міндетін атқарушы болып бастадым. 2017 жылға дейін аталған округ әкімдігінде бас маман, 2017-2018 жылдары Еңбекшіқазақ аудандық ветеринария бөлімінің жетекші маманы болдым. 2018 жылы Ават ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметіне қайта тағайындалдым. 2024 жылдың 22 қаңтарынан Жаңашар ауылдық округі әкімінің орынбасарымын.

 

Құрметті Бөлек ауылдық округінің тұрғындары!

Сіздердің назарларыңызға Бөлек ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде өзімнің сайлауалды бағдарламамды ұсынамын. Мемлекет басшысы  ұстанған қоғамдық татулық пен тұрақтылықты көздеген саяси бағыт Қазақстанның дамудың даңғыл жолына түсіп, экономикасы қарқынды дамыған елге айналуға өз септігін тигізеді деген ұстанымдамын.

Менің бағдарламамның барлық тармақтары Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамаға, және де бюджеттің нақты қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келеді.

 

Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:

– Округте әлеуметтік, білім, денсаулық сақтау, мәдени салаларының және әлеуметтік өмірдің сапалы жақсаруына бағытталған Бөлек ауылдық округінің барлық тұрғындары мен мемлекеттік билік органдарының тығыз, заң нормаларына сәйкес, үйлесімді қызмет етуін қамтамасыз ету;

 

– Округтің жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді әрі сапалы қызметімен округ өміріне маңызды мәселелерін  белгілеу мен шешуге жергілікті қоғамдастықты  тарту;

 

– Ауылдық округтің экономикалық әлеуетін белсенді дамыту, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту  үшін қолайлы жағдайларды жасау. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту бойынша жұмысты жандандыру;

 

– «Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» және шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалары қызметінің тиімділігін арттыру, оларға азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерін көптеп тарта отырып, бизнестің қоғамға адал қызмет етуіне жағдай жасау;

 

– Жұмыспен қамту деңгейін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесу, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларының іске асуын қамтамасыз ету. Жастардың жұмысқа қамтылуы мен орналастыру мәселесін шешу бойынша жұмысты жандандыру;

 

– Көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға мүмкіндігінше әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету.

 

– Ауылдық округтің саниятариялық тазалығын, абаттандыру мен көгалдандыруын, ауылдардың  ішкі автомобиль жолдарын уақытылы әрі сапалы жөндеуді, оларды тиісті жағдайда ұстауды, ауылдық округтің ауылдарын көше жарықтандырумен қамтылуын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруды қамтамасыз ету;

 

– Халықтың мәдени шараларға көптеп қатысуын қамтамасыз ету, жастардың бос уақытын  тиімді өткізу үшін мәдени шараларды ұйымдастыру, тұрғындар және жастар арасында бұқаралақ спорт пен саламатты өмір салтын дамыту;

 

– Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, ауылдық округте тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруға жәрдемдемдесу.

 

Менің Бөлек ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде ұсынып отырған сайлауалды бағдарламам, Сіздермен бірлесе округ өмірінде маңызды мәселерді шешудегі жүзеге асыратын жұмыстарға мүмкіндік беретініне  сенімім мол.

 

Оқылды 1063 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет