Бейсенбі, 13 Ақпан 2025 10:22

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық округінің әкіміне үміткер Құрманбаев Ертай Сәлімжанұлының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Құрманбаев Ертай Сәлімжанұлы, 1982  жылы 27 мамырда Алматы облысы Шелек ауылында дүниеге келдім. 2001-2006 жылдары М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Теміржол көлігіндегі тасмалдауды ұйымдастыру және басқару мамандығын бітірдім. Еңбек жолымды 2006 жылы Астана станциясының 1-разрядтағы пойыз құрастырушысы болып бастадым. Мемлекеттік қызметке 2018 жылы ауысып, 2021 жылға дейін Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман болып жұмыс істедім. 2021 жылдан 2024 жылға дейін Шелек ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып қызмет еттім. 2024 жылдың маусымынан Шелек ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарудамын.

 

Құрметті Түрген

ауылдық округінің тұрғындары!

Сіздердің назарларыңызға Түрген ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде өзімнің сайлауалды бағдарламамды ұсынамын.

Мен мемлекеттік қызметте, оның ішінде округ әкімдіктерінде жұмыс істей жүріп, өзекті, шешімін табуы тиіс мәселелерді және ілгері басқан істі де көріп жүрмін. Және барлық түйінді мәселелерді шешіп, жемісті істерді халықтың игілігі үшін одан әрі табысты, мақсатты түрде жалғастыру қажет деп есептеймін.

Әкім болу – бірінші кезекте округ тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруына, талап-тілектерінің орындалуына, округтің көркеюі жолында адал қызмет ету деп түсінемін. Мұны бір сөзбен айтсақ, қазір қанатты сөзге айналып кеткен  әрі жауапкершілік артатын «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген сөз шығады. Мен халыққа жақын бол қағидасын ұстана отырып, Түрген ауылдық округінің әкімі лауазымына өз кандидатурамды ұсындым және ауыл мен ауылдық округтің игілігі үшін шешілуі тиіс міндеттерді орындауды мақсат етіп отырмын.

 

Сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:

– Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту және олардың жұмыспен қамту үшін шараларды қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округтің экономикасын дамыту;

– Жаңа жұмыс орындарын құру;

– Халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстау;

– Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық көрсету;

– Округтің санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстап, көгалдандыру мен абаттандыруға жұмыс жасау;

– Округтегі кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста болып, округтің мәдени, қоғамдық жұмыстарына белсенді араласуларын ұйымдастырамын;

– Округ тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуді басты назарда ұстаймын.

Президент Жолдауында ауылдың дамуы мен көркеюі үшін маңызды тапсырмалар берді. Округ әкімі ретінде ол міндеттерді орындау, ең бірінші кезекте Түрген ауылдық округтің тұрақтылығы мен өркендеуіне әкеледі деп санаймын.

 

Оқылды 329 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет