Бейсенбі, 13 Ақпан 2025 10:30

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық округінің әкіміне үміткер Искелдиева Жұлдыз Берікқызының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Искелдиева Жұлдыз Берікқызы, 1981 жылы 7 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жалши ауылында дүниеге келдім. Білімім жоғары. Еңбек жолымды 2005 жылы «Саймасай селолық округі әкімі аппараты» ММ-де жетекші маман қызметінен бастадым. 2007-2019 жылдары «Түрген селолық округі әкімі аппараты» ММ-де бас маман болып қызмет атқардым. 2019-2020 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы лауазымында жұмыс істедім. 2020 жылы «Түрген ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы болып тағайындалдым. 2024 жылдың мамыр айынан Түрген ауылдық округі әкімінің орынбасарымын.

Мен Түрген және Таутүрген ауылдарының дамуына үлес қоссам деген ниетпен Түрген ауылдық округі әкімінің сайлауына түсуге бел будым.

Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

  • Түрген ауылын сумен жабдықтау жүйесін толық жаңғырту;
  • Көпқабатты үйлердің кәріз жүйесін қайта құру;
  • Таутүрген ауылын, көппәтерлі үйлерді, Түрген ауылындағы мектептер мен мәдениет үйін газдандыру;
  • Жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу;
  • Көшелерді жарықтандыру (бірінші кезекте әлеуметтік нысандар орналасқан Желтоқсан, Қонаев, Достық және Демесинов көшелерін);
  • Ескірген электр желілерін кезең кезеңімен жаңарта отырып, электр энергиясын үздіксіз беруді қамтамасыз ету;
  • Округтің сәулеттік келбетін жақсарту және абаттандыру;
  • Балаларға арналған ойын және спорттық-сауықтыру алаңдарын салу;
  • Заңдастырылмаған тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын жою.

Әлеуметтік-экономикалық сала

  • Халықтың әл-ауқатын арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін инвесторларды тарт;
  • Мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу;
  • Педагогикалық және медициналық кадрлардың жетіспеушілігі мәселесін шешу;
  • Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған мамандандырылған орталық ашу;

Туризм

  • Іле-Алатау ұлттық паркі Түрген филиалымен бірлесіп Түрген шатқалының инфрақұрылымы мен санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында тиісті іс- шаралар жоспарын құру;
  • Жергілікті туристік өнімдерін сату алаңын ұйымдастыру;
  • Қонаев атындағы орта мектептің жанындағы көлдің жағалауын абаттандыру.

 

Мен әрқашан байланыстамын!

Тел/WhatsApp:+7 778 909 70 57

 

Я, Искелдиева Жулдыз Бериковна, родилась 7 ноября 1981 года в селе Жалши Тарбагатайского района Восточно-Казахстанской области. Образование-высшее. Мой трудовой путь начался в 2005 году, когда я стала ведущим специалистом в ГУ «Аппарат акима Саймасайского сельского округа». С 2007 по 2019 годы я работала главным специалистом в ГУ «Аппарат акима Тургенского сельского округа». В 2019-2020 годах занимала должность главного специалиста отдела документационного обеспечения и контроля аппарата акима Енбекшиказахского района. С 2020 по 2024 годы вновь работала главным специалистом в ГУ «Аппарат акима Тургенского сельского округа». В мае 2024 года была назначена на должность заместителя акима Тургенского сельского округа. Это назначение стало для меня новым этапом в карьере и открыло дополнительные возможности для служения обществу и развития нашего округа.

Я иду на выборы акима Тургенского сельского округа с желанием внести свой вклад в развитие сел Турген и Таутурген.

Основные направления моей предвыборной программы:

Жилищно-коммунальное хозяйство

  • Полная модернизация системы водоснабжения села Турген;
  • Реконструкция канализационной системы многоэтажных домов;
  • Газификация села Таутурген, многоквартирных домов, школ и дома культуры села Турген;
  • Ремонт дорог местного значения;
  • Освещение улиц (первоочередно улицы Желтоксан, Конаев, Достык и Демесинова, которые ведут к социальным объектам);
  • Обеспечение бесперебойной подачи электроэнергии с поэтапным обновлением ветхих электрических сетей;
  • Улучшение архитектурного облика и благоустройство округа;
  • Строительство игровых и спортивно-оздоровительных площадок для детей;
  • Ликвидация стихийной свалки;

Социально-экономическая сфера

  • Привлечение инвесторов для реализации проектов в рамках которых будут созданы новые рабочие места;
  • Капитальный ремонт Дома культуры;
  • Решение проблемы нехватки педагогических и медицинских кадров;
  • Открытие специализированного центра для детей с особыми потребностями;

Туризм

  • Совместно с Тургенским филиалом Иле-Алатауского Национального парка принятие мер по улучшению инфраструктуры и санитарного состояния Тургенского ущелья;
  • Организация площадки для реализации местной туристической продукции;
  • Благоустройство побережья озера в районе школы имени Конаева.

    

Я всегда на связи!

Тел/WhatsApp:+7 778 909 70 57.

 

Оқылды 398 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет