Бейсенбі, 13 Ақпан 2025 10:33

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық округінің әкіміне үміткер Сейдахметов Досжан Қайратұлының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Сейдахметов Досжан Қайратұлы, 1989 жылы 1 шілдеде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Асса ауылында дүниеге келдім. «Картонно-бумажный комбинат» АҚ-да әлеуметтану менеджері болып 2011 жылдың 1 шілдесінен жұмыс істей бастадым. Кәсіпорынның жабылуына байланысты басқа жұмысқа ауыстым. 2012 жылдың  14 тамызынан 2014 жылдың  3 ақпанына дейін Еңбекшіқазақ аудандық ауыл шаруашылық бөлімінде жетекші маман, 2014 жылдың 3 ақпанынан 2014 жылдың 15 желтоқсанына дейін, «Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппараты» ММ-де инспектор лауазымында қызмет еттім.  2015 жылдың 30 желтоқсанына дейін  «Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де бас маман лауазымында, 2019 жылдың  5 наурызына дейін «Бәйдібек би ауылдық округінің аппараты» ММ-де әкімнің орынбасары болып жұмыс атқардым. 2020 жылдың  21 қыркүйегіне дейін «Есік қаласы әкімінің аппараты» ММ-де  Есік қаласы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқардым. Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы қазіргі мансап орталығының басшысы лауазымын осы жылдың қаңтар айына дейін атқардым. Қазіргі уақытта Іле ауданы бойынша мансап орталығының басшысымын.

 

Құрметті Түрген ауылдық

округінің тұрғындары!

 

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ұстанған қоғамдық татулықпен тұрақтылықты көздеген саяси бағыт Тәуелсіз Қазақстанның дамудың даңғыл жолына түсіп, экономикасы қарқынды дамыған елге айналуға өз септігін тигізеді деген ұстанымдамын. Менің сайлауалды бағдарламамның барлық тармақтары Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамаға және де бюджеттің нақты қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келеді.

 

Сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:

– Округте әлеуметтік, білім, денсаулық сақтау, мәдени салаларының және әлеуметтік өмірдің сапалы жақсаруына бағытталған Ақши ауылдық округінің барлық тұрғындары мен мемлекеттік билік органдарының тығыз, заң нормаларына сәйкес, үйлесімді қызмет етуін қамтамасыз ету;

– Округтің жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді әрі сапалы қызметімен округ өміріне  маңызды мәселелерін  белгілеу мен шешуге жергілікті қоғамдастықты  тарту;

– Ауылдық округтің экономикалық әлеуетін белсенді дамыту, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту  үшін қолайлы жағдайларды жасау. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту бойынша жұмысты жандандыру;

– Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалары қызметінің тиімділігін арттыру, оларға азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерін көптеп тарта отырып, бизнестің қоғамға адал қызмет етуіне жағдай жасау;

– Жұмыспен қамту деңгейін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесу, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларының іске асуын қамтамасыз ету. Жастардың жұмысқа қамтылуы мен орналастыру мәселесін шешу бойынша жұмысты жандандыру;

– Көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға мүмкіндігінше әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету.

– Ауылдық округтің санитарлық тазалығын, абаттандыру мен көгалдандыруын, ауылдардың  ішкі автомобиль жолдарын уақтылы әрі сапалы жөндеуді, оларды тиісті жағдайда ұстауды, ауылдық округтің ауылдарын көше жарықтандырумен қамтылуын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруды қамтамасыз ету;

– Тұрғындардың мәдени шараларға көптеп қатысуын қамтамасыз ету, жастардың бос уақытын  тиімді өткізу үшін мәдени шараларды ұйымдастыру, тұрғындар және жастар арасында бұқаралақ спорт пен саламатты өмір салтын дамыту;

– қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, ауылдық округте құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыстар жүргізу, округ тұрғындарының құқықтық мәдениетін арттыруға жәрдемдемдесу.

 

Оқылды 383 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 06, 2025

Шетелге шығатын саяхатшыларға…

Әлемдік туризмнің дамуы азаматтардың шетелге шығу мүмкіндігін арттыруда. Дегенмен, әрбір…
Қаз 06, 2025

Фортификация дегеніміз не?  

Фортификация – белгілі бір азық-түлік өнімдеріне дәрімендер мен минералдар сияқты…
Қаз 06, 2025

Балық өнімдерінің қауіпсіздігі

Балық және балық өнімдері халық денсаулығы үшін аса құнды тағам болып табылады. Оның…
Қырқ 30, 2025

Бруцеллез-аса қауіпті ауру!

Бруцеллез (сарып) - жануардан адамға жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бруцеллезбен…
Қырқ 23, 2025

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің…

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі – халықтың денсаулығын қорғау, сапалы…
Қырқ 23, 2025

Педикулездің алдын алу туралы

Педикулез (лат. *pediculosis*) — адамның терісі мен түктерінде паразиттік тіршілік ететін…
Қырқ 23, 2025

Биологиялық белсенді заттарды…

Халықтың денсаулығын сақтау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан…
Қырқ 23, 2025

«Тұрғын үй мен ғимараттарды…

Қоғамдық денсаулықты сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет