Бейсенбі, 29 Мамыр 2025 09:51

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ БӘЙТЕРЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ ҮМІТКЕР ТИКЕЛЬДИЕВ ШЫНҒОЖА АЙБАРҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Мен Шынғожа Айбарұлы Тикельдиев, 1991 жылы 28 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Қазатком ауылында дүниеге келдім. Білімім – жоғары. 2010 жылы Алматы бизнес колледжін қаржы мамандығы  бойынша, 2012 жылы Алматы технологиялық университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдадым. Еңбек жолымды 2014 жылы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша салық басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің жетекші маман-жетекші салық инспекторының міндетін атқарушы болып бастадым. 2021 жылға дейін Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы, бөлім басшысы қызметтерін атқардым. 2021 жылдан Есік қаласының әкімдігінде бас маман қызметін атқардым. Ағымдағы жылдың наурыз айынын бастап Түрген ауылдық округі әкімінің орынбасарымын.

Құрметті Бәйтерек ауылдық округінің тұрғындары!

Мен ауылдық округ әкіміне өз кандидатурамды ұсына отырып, аудан әкімдігі мен мәслихат, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешімдер қабылдау үрдісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуді бағдарламаның басты бағыты ретінде қарастырамын.

Назарларыңызға Бәйтерек ауылдық округінің әкіміне кандидант ретінде өзімнің сайлауалды бағдарламамды ұсынамын.

Мен соңғы 4 жылда әкім аппаратында жұмыс істей жүріп, мұндағы ең өзекті, шешімін табуы тиіс мәселелерді және ілгері басқан істі де көріп жүрмін. Барлық түйінді мәселелерді шешіп, жемісті істерді тұрғындардың игілігі үшін одан әрі табысты, мақсатты түрде жалғастыруды қажет деп санаймын.

Әкім болу – бірінші кезекте округ тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруына, талап-тілектерінің орындалуына, округтің көркеюуі жолында адал қызмет ету деп түсінемін. Мұны бір сөзбен айтсақ, қазір қанатты сөзге айналып кеткен әрі жауапкершілік артатын «Әкім бол, халқыңа жақын бол!» деген сөз шығады.

Мен халыққа жақын бол қағидасын ұстана отырып, Бәйтерек ауылдық округінің әкімі лауазымына өз кандидатурамды ұсындым және ауыл мен ауылдық округтің игілігі үшін шешілуі тиіс міндеттерді орындауды мақсат етіп отырмын.

Менің сайлау алды бағдарламамның негізгі  бағыттары:

– Ауылдық округтің инфрақұрылымын одан ары дамыту;

– Ауылдық округтегі елді мекендерді  көріктендіру мен абаттандыруды одан ары жалғастыру және тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, архитектуралық нысандар мен қоршауларды, спорт алаңдарын жайластыру, жолдарды жөндеу, жеке үй телімдерін салу үшін жер учаскелерін бөлу және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүзеге асыру, шаруа қожалықтарын және жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту;

– Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға ықпал ету үшін мемлекеттік бағдарламаларымен жұмыс жасап, шағын және орта бизнесті одан ары дамытуға атсалысуды басшылыққа алу;

– Саламатты өмір салтын насихаттауда ауылдағы жастар саясатының тиімді моделі  ауылдық округтегі елдімекендер бойынша өркендетудің құралы мәдени демалыс орындарының тұрғындарға қызмет көрсету жұмыстарын жандандыру;

– Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту және оларды жұмыспен қамту үшін шараларды қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округтің экономикасын дамыту;

– Аз қамтылған көпбалалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық көрсету;

– Округ тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуді басты назарда ұстау;

– Қоғамдық кеңестің, ауыл ақсақалдарының ой-пікірлерімен санасып, тиянақты түрде аудан басшылығымен бірлесе шешім қабылдауын басшылыққа алу.

Округттің ертеңі қандай болатыны сіз бен бізге байланысты. Егер менің кандитурамды қолдап, маған дауыс берсеңіздер, округіміздің дамуы жолында аянбай тер төгіп, еңбек етуге дайынмын.

Қызмет – уақытша, адамдық қасиет – мәңгілік!

 

 

Оқылды 338 рет

Соңғы жаңалықтар

Шіл 14, 2025

Конаев этим летом: более 860 тысяч…

Конаев этим летом уверенно закрепил за собой статус одного из самых популярных…
Шіл 12, 2025

Балалардың қауіпсіздігі үшін: Қонаев…

Қауіпсіздік пен жайлылық – басты басымдық. Балалар 4 млрд теңге көлеміндегі жеке…
Шіл 11, 2025

Разъяснение по вопросу переселения…

Согласно информации управления образования Алматинской области сообщаем: в связи с…
Шіл 11, 2025

Алдымен адам папилома вирусы…

 Адам папилома вирусы – бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын…
Шіл 10, 2025

«Е-өтініш –мемлекеттік органдарға…

Е-Өтініш – бұл Қазақстан Республикасының азаматтарына, ұйымдарына және заңды тұлғаларына…
Шіл 10, 2025

28 шілде — Дүниежүзілік вирустық…

28 шілде — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) белгілеген Дүниежүзілік вирустық…
Шіл 10, 2025

Чествование преданных делу…

В городе Қонаев состоялось торжественное собрание, посвящённое профессиональному…
Шіл 10, 2025

Қоғамдық денсаулық сақтау ісіне адал…

Қонаев қаласында кәсіби мереке — Ветеринария күніне арналған салтанатты жиын өтті.…
Шіл 10, 2025

Адам өмірі мен қоғамдық қауіпсіздік…

30 маусым күні Алмалыбақ ауылындағы футбол алаңында 10 жасар Максим Головачевке ит шабуыл…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет