Бейсенбі, 29 Мамыр 2025 09:53

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ БӘЙТЕРЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ АБУХАНОВ СЕРІК ЕГІЗБАЙҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Мен Абуханов Серік Егізбайұлы, 1985 жылы 28 маусымда Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылында дүниеге келдім. Еңбек жолымды  2016 жылдың 18 сәуірінен «АБЗ карьер ДРСУ» мекемесінде жол жөндеу жұмыскері болып бастадым. 2017 жылдың 21 желтоқсанынан бастап Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман міндетін атқарушы қызметіне орналастым. 2018 жылдың 18 сәуірінен бастап Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымына тағайындалып, қазіргі уақытта қызметімді абыроймен атқарудамын.

Құрметті Бәйтерек ауылдық округінің тұрғындары!

Бәйтерек ауылдық округі – әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыған елдімекендердің бірі. Сондықтан округтегі тұрғындардың саны күн санап өсуде. Оларға жағдай жасау, инфрақұрылымды дамыту, балалардың саналы да, сапалы білім алуын қамтамасыз ету – күн тәртібіндегі маңызды мәселе. Осы жұмыстарды атқарып, округті одан әрі дамыту үшін маған сіздердің қолдауларыңыз қажет.

 

Сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:

– Округте әлеуметтік, білім, денсаулық сақтау, мәдени салаларының және әлеуметтік өмірдің сапалы жақсаруына бағытталған Бәйтерек ауылдық округінің барлық тұрғындары мен мемлекеттік билік органдарының тығыз, заң нормаларына сәйкес, үйлесімді қызмет етуін қамтамасыз ету;

– Округтің жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді әрі сапалы қызметімен округ өміріне  маңызды мәселелерін  белгілеу мен шешуге жергілікті қоғамдастықты  тарту;

– Ауылдық округтің экономикалық әлеуетін белсенді дамыту, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту  үшін қолайлы жағдайларды жасау. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту бойынша жұмысты жандандыру;

– Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалары қызметінің тиімділігін арттыру, оларға азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерін көптеп тарта отырып, бизнестің қоғамға адал қызмет етуіне жағдай жасау;

– Жұмыспен қамту деңгейін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесу, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларының іске асуын қамтамасыз ету. Жастардың жұмыспен қамтылуы мен орналастыру мәселесін шешу бойынша жұмысты жандандыру;

– Көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға мүмкіндігінше әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету.

– Ауылдық округтің санитарлық тазалығын, абаттандыру мен көгалдандыруын, ауылдардың  ішкі автомобиль жолдарын уақтылы әрі сапалы жөндеуді, оларды тиісті жағдайда ұстауды, ауылдық округтің ауылдарын көше жарықтандырумен қамтылуын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруды қамтамасыз ету;

– Тұрғындардың мәдени шараларға көптеп қатысуын қамтамасыз ету, жастардың бос уақытын  тиімді өткізу үшін мәдени шараларды ұйымдастыру, тұрғындар және жастар арасында бұқаралақ спорт пен саламатты өмір салтын дамыту;

– Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, ауылдық округте құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыстар жүргізу, округ тұрғындарының құқықтық мәдениетін арттыруға жәрдемдемдесу.

Оқылды 489 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…
Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет