Бейсенбі, 05 Маусым 2025 10:25

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бартоғай ауылдық округі әкіміне үміткер ӘДІЛХАН Азамат Әділханұлының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім. Білімім – жоғары. 2011-2015 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдадым. Еңбек жолын 2015 жылы 20 желтоқсанда «АС-Сапа Курылыс» ЖШС-де заңгер болып бастадым. 2017 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы болып жұмысқа қабылданып, 2018 жылы 3 қазанда Есік қаласы әкімі аппаратының бас маманы болып ауыстым.  Еңбекшіқазақ аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінде бас маман қызметін атқардым. Қазіргі таңда Қаракемер ауылдық округі әкімінің орынбасарымын.  

 

Құрметті Бартоғай ауылдық округінің сайлаушылары!

 

Алдағы уақытта  ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып ауылдың бүгінгі күн тәртібіндегі  мәселелерін шешуге барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, жұмыс жасаймын. Мен болашақта ауылымыздың көркеюіне және халықтың әлеуметтік өмірін жақсарту үшін атсалысамын. Маған дауыс беріңіз, төменде баяндалған сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімді саламын!

 

Мені ауылдық округ əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:

 

– Қазақстан Республикасының заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекет органдарының нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын жүзеге асыру үшін қызмет жасаймын;

– Бартоғай ауылдық округінің көркеюіне, халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстаймын; 

– Ауыл шаруашылық жерлерді (егістік, шабындық, жайылым т.б) ұтымды пайдалануды, иесі бар, игерілмей жатқан жерлермен, бос иесіз жерлерді игеріп айналымға қосуды ұйымдастырамын;

– Егістіктер мен бау-бақшаларға суды үнемдеп суару технологияларын іске асыруды қолға аламын;

– Ауыл тұрғындарының сапалы ауызсумен қамтылуына;

– Ауыл тұрғындарының бағымындағы мал тұқымдарын асылдандыру жұмыстарын жандандыруға;

– Бартоғай ауылдық округінің көшелерін жөндеуден өткізу мен түнгі жарықтандыруға;

– Электр желілері мен бағаналарын ауыстыру жұмыстарына;

– Ауылымызды абаттандыру жұмыстарын жандандыруға;

– Әлеуметтік нысандарды заман талабына сай жасақтауға;

– Жастардың тұрақты жұмысқа орналасуы мен мемлекеттік бағдарламаға белсенді қатысуын қамтамасыз етуге;

– Шағын және орта  кәсіпкерлікті дамытуға және сол арқылы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жұмыссыздықты жоюға атсалысып, кәсіпкерлікті дамытуға;

– Еліміздегі саяси тұрақтылықтың, ұлтаралық және дін аралық келісімнің нығаюына;

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденитті қалыптастыруға;

– Халықтың құқықтық жəне қаржылық сауаттылығын арттыруға;

– Тұрғындардың бұқаралық спортпен айналысуына жағдай жасау мақсатында округ аймағынан жасанды спорт алаңдарын салуға, сонымен қатар спорттық-бұқаралық іс шаралар мен жарыстар өткізуге бар күш-жігерімді жұмсаймын.

 

Оқылды 376 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет