Бейсенбі, 05 Маусым 2025 10:26

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бартоғай ауылдық округінің әкіміне кандидат ӘЖІБЕК Еламан Сапарғалиұлының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Әжібек Еламан Сапарғалиұлы, 1996 жылы 30 мамырда Шелек ауылында дүниеге келдім. Білімім жоғары. 2018 жылы Алматы технологиялық университетінің экономика және бизнес факультетін тәмамдадым. Еңбек жолымды 2019 жылы Малыбай ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып бастадым. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Асы ауылдық округі әкімінің орынбасарымын.

 

Құрметті сайлаушылар!

Мемлекеттік қызметте ұзақ уақыт еңбек етпесем де, ауылдағы мәселелерге қанықпын және оны шешу үшін тәжірибем мен күш-жігерімді жұмсауға әзірмін. Ауыл – елдің алтын бесігі. Сондықтан ауылды дамыту - баршамыздың міндетіміз. Осы мәндетті орындау үшін маған сіздердің қолдауларыңыз қажет. Егер мені Бартоғай ауылдық округініңң əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда ауқымды жұмыстар атқаратын боламыз.

 

Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:

– Қазақстан Республикасының заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекет органдарының нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын жүзеге асыру үшін қызмет жасаймын;

– Ауылдық округтің көркеюіне, халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасауға, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстауға; 

– Округ тұрғындарының таза сапалы ауызсумен қамтылуына;

– Ауылдардың абаттандыру жұмыстарын жандандыруға;

– Қоғамдық тәртіптің сақталуына және сыбайлас жемқорлықпен күресуде, қай салада болмасын жемқорлық әрекеттерге жол бермеуге, адамдарда жемқорлық әрекеттерге төзбестік ахуал қалыптастыруға, ұрлыққа қарсы құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмысты күшейтуге;

– Жастардың тұрақты жұмысқа орналасуы мен мемлекеттік бағдарламаға белсенді қатысуын қамтамасыз етуге;

– Жастар – ел болашағы. Сондықтан біз халқымыздың бай, рухани адами құндылықтарын өскелең ұрпаққа табыстауымыз керек. Бұл дамып келе жатқан әрбір қоғамның миссиясы. Сол себепті жастар саясатын қауқарлы жүзеге асыруға;

– Округ тұрғындарын еңбекпен қамтудың негізгі бір діңгегі – шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға және сол арқылы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жұмыссыздықты жоюға атсалысып, кәсіпкерлікті дамытуға;

– Еліміздегі саяси тұрақтылықтың, ұлтаралық және дін аралық келісімнің нығаюына;

– Саламатты өмір салтын насихаттауда жастар саясатының тиімді моделі – округ бойынша өркендетудің құралы – мәдени демалыс орындарының тұрғындарға қызмет көрсету жұмыстарын жандандыруға;

– Туризм саласын дамытуға және инвестиция тартуға бар ерік-жігерім мен мүмкіндігімді саламын.

Бірлік пен татулықтың, береке мен дамудың алтын бесігі болып отырған Бартоғай ауылдық округінің дамуы үшін өз үлесімді қосуға дайынмын!

Оқылды 509 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет