Бейсенбі, 05 Маусым 2025 10:33

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қазақстан ауылдық округінің әкіміне кандидат ХАТАМАН Еркетайдың САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Мен Еркетай Хатаман, 1988 жылы 12 желтоқсанда Монголия мемлекеті Баян-Өлгейде дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. Қазіргі уақытта Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Саймасай ауылдық округі Саймасай ауылы Пащенко 54 үйде тұрамын. 2007 жылы Саймасай ауылындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектепті бітердім. 2007-2011 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде оқып, мұнай және газ мамандығын алдым. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлектеттік мекемесінің бас маманы болып жұмыс істеймін.

Құрметті Қазақстан ауылдық округінің тұрғындары!

Ауыл – еліміздің жүрегі. Сондықтан ауыл тұрмысын жандандырып, тамырына қан жүгірту – бүгінгі күннің басты мәселесі. Бұл мақсатта атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Ауқымды жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асуда. Соларды ары қарай жүйелі жалғастырып, Қазақстан ауылдық округін дамыту – менің негізгі мақсатым.

Менің бағдарламамның барлық тармақтары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамаға және де бюджеттің нақты қаржылық мүмкіндіктеріне қатаң сәйкес келеді.

 

Құрметті Қазақстан ауылдық округінің сайлаушылары!

 

Менің сайлауалды бағдарламам ауылдық округ тұрғындарын толғандыратын келесі мәселелерді жүзеге асыруды қамтиды:

– Шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және олардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ экономикасының белсенді дамуына ықпал ету;

– шаруа субъектілерінің өнімдерін шығару мен қайта өңдеуін арттыруға мүмкіндік беретін инвестициялық жобаларды іске асыру;

– халыққа қажетті қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлерді қолдауды қамтамасыз ету;

– жұмысқа орналасу деңгейін арттыруға ықпал ету, жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздарды қоғамдық, әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар тәжірибесі бойынша орындарға жіберу, жастардың бос уақытын ұйымдастыру және мүгедектер мен еңбек ардагерлеріне қамқорлық жасау;

– ауылдық округтің экономикалық әлеуетін белсенді дамытуға жағдай жасау, тұрғындардың әл-ауқаты арттыру мен олардың жұмыспен қамтылуы үшін қолайлы жағдайларды жасау;

– көшелерді жарықтандыруды дамыту, кентішілік жолдарды жөндеу бойынша жұмыстарды жалғастыру;

– ауыл аумағын кешенді абаттандыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру; – ауылды рұқсатсыз қоқыс тастайтын жерлерден санитарлық тазалау, тұрғын үйлердің айналасын абаттандыру.

Жергілікті биліктің негізгі басымдығы – адам, оның әл-ауқаты, өзін-өзі жүзеге асыруы, отбасы, денсаулығы, балалары, құқықтары мен бас бостандығының сақталуы болуы тиіс. Мен, Қазақстан ауылдық округінің  адал, мықты және перспективті болашағы үшін алдыма қойған мақсаттарды орындауда барлық күшім мен білімімді жұмсаймын. Мен тәуелсіз, мықты және көркейген Қазақстанды кемелдендіру бойынша барлығымыз үшін ортақ болып келетін іске өз үлесімді қосуға дайынмын.

 

 

 

Оқылды 404 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет