Бейсенбі, 05 Маусым 2025 10:36

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылдық округі әкіміне үміткер ШОЛПАНБАЕВ Ернар Нұрланұлының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Мен Шолпанбаев Ернар Нұрланұлы, 1986 жылы 19 маусымда  Еңбекшіқазақ ауданы Қорам аулында дүниеге келдім. Еңбек жолымды 2010 жыл сәуір айынан «Жастар практикасы» бойынша Балтабай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман көмекшісі болып бастадым. 2015 жылдың 30 желтоқсанынан 2024 жылдың 25 қаңтарына дейін  Балтабай ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман қызметін атқардым. 2024 жылдың 25 қаңтарынан бастап Еңбекшіқазақ аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы болып тағайындалдым.

 

Құрметті Тескенсу ауылдық округінің тұрғындары!

Өзімнің кандидатурам арқылы округтегі қордаланған мәселелерді шешу үшін бар күш-жігерімді жұмсауға және мемлекеттік қызметте жинақтаған тәжірибемді қолдануға ниеттімін. Менің сайлауалды бағдарламам Тескенсу ауылдық округінің тұрғындарын алаңдататын бірқатар мәселелерді шешуді қамтиды.

Сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары:

–  Тескенсу ауылдық округiнiң автомобиль жолдарын жөндеу және көркейту.

– Округ тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету және энергиямен жабдықтау инфрақұрылымын жақсарту, оның ішінде жергілікті желілерді жаңғырту және жаңа энергия көздерін орнату.

– Аграрлық секторды дамыту, оның iшiнде шағын және орта шаруашылықтарды субсидиялау және қаржылық қолдау, сондай-ақ ауыл шаруашылығына инвестициялар тарту, кәсiпкерлiк бастамаларды ынталандыру, ауылдық жерлерде шағын және орта бизнестi дамыту. Шаруа қожалықтарының мал басын көбейту, мал шаруашылығын дамыту.

– Жергілікті кәсіпорындарды дамыту, ауылдық округ тұрғындары үшін, оның ішінде ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу салаларында жұмыс орындарын құру.

– Мектеп ғимараттарын жөндеу және жаңғырту, оқыту жағдайларын жақсарту, заманауи білім беру технологияларын енгізу.

– Медициналық қызметтерге қол жетімділікті қамтамасыз ету, жергілікті медициналық мекемелерді жарақтандыруды жақсарту, материалдық-техникалық базасын нығайту.

– Балалар мен жасөспiрiмдердің, жастардың өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, жас талант иелеріне қолдау білдіру.

– Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қолдаудың мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыру.

– Ауылдық округті көркейту және санитарлық тазалық жұмыстарын жандандыру.

– Тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатып, ұсыныстарды талқылауға арналған алаң құру.

– Округ аумағында мәдени саланы, спортты дамыту. Ворк-аут алаңдары мен жаттығу алаңдарын салу және тұрғындар арасында бұқаралық спортты және дене шынықтыруды дамыту.

 

Құрметті сайлаушылар, маған қолдау білдірсеңіздер бұл бірлесе атқаратын шаруаның бір бқлігі ғана. Тескенсу ауылдық округін көркейту үшін бар күш-жігеріммен ынтамды жұмсауға дайынмын.

Оқылды 504 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…
Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет