Бейсенбі, 28 Тамыз 2025 15:11

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Сөгеті ауылдық округінің әкіміне үміткер Дулатов Арман Бакытович САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті Сөгеті ауылдық округінің тұрғындары. Мен  Дулатов Арман Бакытович, 1971 жылы 14 шілде айында Шелек ауданы Масақ ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары. «Ауыл» партиясының мүшесімін. 2010 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы Заң институтының құқықтану-заңгер мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнын бітірдім.

Еңбек жолымды 1991 жылы Ішкі Істер Органдарында қызмет етуден бастадым. 1991 жылдан 2017 жылға дейін Ішкі Істер Органдарында түрлі лауазымдарда қызметімді абыройлы атқардым. 2017 жылы еңбек өтілім бойынша, Еңбекшіқазақ аудандық Ішкі Істер Басқармасы Шелек полиция бөлімі, Уақытша Ұстау Изоляторының бастығы лауазымымен, зейнетке запастағы полиция капитаны атағымен шықтым. 2020 жылы Қаражота ауылдық округінде бас маман лауазымында төрт жыл қызмет атқардым. Қазіргі уақытта «Шелек ауылы № 1 Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасында» бас комплаенс-офицер болып қызмет атқарамын.

 

Сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:

      

  1. Денсаулық сақтау жүйесін нығайту бойынша 2027 жылға дейін Сөгеті ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория салуға күш-жігерімді жұмсаймын;
  2. Сөгеті ауылдық округінің ескірген электр желілерін және бағаналарын жаңарту жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін;
  3. Ауылдық округтің санитарлық тазалығын, көгалдандыруын қолға алып «Жеңіс» саябағының құжаттарын түгендеп, абаттандыру жұмыстарын жүргіземін;
  4. Ауылдардың ішкі автомобиль жолдарын уақтылы әрі сапалы жөндеуді, оларды тиісті жағдайда ұстауды, ауылдық округтің ауылдарын көше жарықтандырумен қамтылуын кеңейту бойынша көшелер жарығын жөндеу жұмыстарын және жол белгілерінің орналастыруына ықпал етемін;
  5. Спорт пен саламатты өмір салтын дамыту бойынша жастар спортпен шұғылдануы үшін «Воркаунт» алаңдары мен балалардың ойнауы үшін «Балалар алаңын» салу жұмыстарын жандандырамын;
  6. Шаруа-қожалықтардың суармалы жерлеріне келетін суару жүйесіне және ауыл бау-бақшаларын суғару үшін арықтардың құжаттарын заңдастырып, суару суымен үздіксіз қамтамасыз етуді ұйымдастырамын;
  7. Округтің аумағында орналасқан тұрғын үйлердің құжаттарын заңдастыруға қол ұшын беріп, толық газдандыру жұмыстары бойынша кезең-кезеңімен нақты жоспарлар дайындап, жауапты мекемелермен бірлесе жүзеге асырамын.

Құрметті Сөгеті ауылдық округінің тұрғындары, ауылымыздың ынтымағын, бірлігін, татулығын нығайтуға және Президентіміз Қ.К.Тоқаевтің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен «Ауыл» партиясының «Патриоттық – бұл өз Отанын, өз халқын сүю және оған шын берілгендік, өз тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген құрмет, өз Отанының мүддесі жолында ерлік пен құрбандыққа әзір болу» бағдарламасы бойынша және  ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажын шешуге, Нұра, Көкпек ауылдарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға барлық күш-жігерімді жұмсаймын.

 

 

Оқылды 485 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…
Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет