Бейсенбі, 28 Тамыз 2025 15:15

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Сөгеті ауылдық округі əкімінің сайлауына «AMANAT» партиясынан үміткер Мухадиев Құдайберген Әкімханұлының 2025-2029 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен,  Мухадиев Құдайберген Әкімханұлы 1982 жылы 21 тамыз күні дүниеге келгенмін.

2000-2004 жылдары Қазақстан инженерлік-экономикалық Университетінің «қаржы және несие» мамандығы бойынша білім алдым. 

2004-2012 жылдары аралығында түрлі салада қызмет атқардым.  

2012-2020 жылдары  Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылдық округі әкімі аппаратында компьютерлік техника операторынан бастап бас маманы қызметіне дейін еңбек еттім.

2020-2021 жылдары Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының халықты жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы қызметін атқардым.

2021 жылы 26 қыркүйектен бастап, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Сөгеті ауылдық  округі әкімі қызметін атқарып келемін.

Мен, Сөгеті ауылдық округі халқының тұрмыс-тіршілігін жақсы білемін, округтің өзекті мәселелерімен жақсы таныспын. Ауылдық округі әкімінің лауазымын атқарған уақытта, ауылдың қоғамдық-саяси ахуалын жақсартуға, экономикалық әлеуетін арттыруға жұмыс жүргіздім. Соңғы төрт жылда округімізде нақты өзгерістер орын алды. Округ халқының ауылшаруашылық малдарын жаю үшін, жалпы ортақ пайдалану нысаналы мақсатымен 42500 га. жерге мемлекеттік актілері дайындалып, әкімішілік меншігіне өтті. Бүгінгі күнге округтегі барлығы 16 көшенің 4 көшесінде 154 жарықшам орнатылған. Биылғы жылы бюджет қаражатынан 15 млн теңге бөлініп, ауылымыздың экологиясына залал келтіріп отырған күл-қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді. Былтырғы жылы аудандық автожолдар бөлімі арқылы Молдажанов, Алтынсарин, Кабылов, Қалқаев, Сейфуллин және Жамбыл  көшелеріне асфальт төсеніштері төселіп және Әл-Фараби, Жобалау көшелеріне қиыршық тастар төселіп халықтың жүріуіне қолайлы жағдай жасалуына ықпалдастым. Округімізге қарасты Алматы-Көкпек-Көктал Республикалық маңызды тас жолы бойына барлығы 1,5млн теңгеге 500 түп терек  демеушілерді тарту арқылы егілді. 2021 жылы Нұра ауылының ауыз су жүйесі құрылысы бастау алып Мердігер - «СМУ Шығыс» ЖШС ұзындығы – 17 км су құбыры «Шелек су» мекемесіне өткізілді, жоба құны – 875 млн. теңге құрады. Қазіргі таңда ауылымыз 100 пайыз таза ауыз суымен қамтылды. Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында ауылға  шағын футбол алаңы және «StreetWorkoyt» спорт алаңы, салынды. «Жетісу Вольфрамы» ЖШС-нің демеушілігімен, ауылымыздағы О.Жандосов атындағы мектеп-интернаты оқушыларына арнап, акт залына  ЛЭД экран орнатылып, интерактивті тақталар ілінсе, «Нұр» бөбекжай балабақшасына балалар ойын алаңы толықтай жаңартылды. Көкпек ауылында 2023 жылы 50 млн. теңгені құрайтын модульдық дәрігерлік амбулатория салынды. Сонымен қатар, 2024 жылы «Кар-Тел» ЖШС сұраныс жолдау арқылы, Көкпек ауылында байланыс және интернет желісі іске қосылып Beeline байланыс желісі тұрғындары қолдануда.   Көктем мезгілінде таулы аймақтардан еріген қар суының көп мөлшерде ағуына байланысты су тасқыны қауіпін жою үшін 8км канал арнасы жаңартылды. 

 

Мені Сөгеті ауылдық округі əкімі етіп сайласаңыздар,

алдағы 4 жылда:

 

Сөгеті ауылдық округінің әкімі болып сайлансам, осы уақытқа дейінгі атқарған жұмысымның жалғасы ретінде округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын одан ары жаңа деңгейге көтеруге өзімнің бар күш-жігерімді  саламын.

 

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласы:

 

  • Көшелерді жарықтандыру;
  • Көкпек ауылын таза ауыз сумен қамту;
  • Жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу;
  • Ескірген электр желілерін кезең-кезеңмен жаңарту, электр энергиясын үздіксіз беруді қамтамасыз ету;
  • Балаларға арналған ойын және шағын футбол алаңдарын салу;

 

Әлеуметтік – экономикалық саласы

  • Стратегиялық бағыттарды құру арқылы округтің әлеуметтік жағдайын арттыру;
  • Халықтың әл-ауқатын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін инвесторларды тарту;
  • Нұра ауылының мәдениет үйін күрделу жөндеуден өткізу;
  • Нұра ауылының дәрігерлік амбулаториясының құрылысын жүргізу;

         Сіздердің қолдауларыңызды алып, сайланған жағдайда, жоғарыда баяндалған сайлауалды бағдарламаны жүзеге асырамын!

 

        Құрметпен, Мухадиев Құдайберген Әкімханұлы!

Оқылды 661 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет