Бейсенбі, 28 Тамыз 2025 15:21

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылдық округі əкімінің сайлауына «AMANAT» партиясынан үміткер Сарсембеков Нұрбек Жұматайұлының 2025-2029 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Сарсембеков Нұрбек Жұматайұлы 1 қыркүйек 1977 жылы Алматы облысы, Шелек ауданы, Қорам ауылында  дүниеге келдім.

1994-1999 жылдары  Қазақ Мемлекеттік Аграрлық Университетін «ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша білім алдым. 

2002-2006 жылдары Еңбекшіқазақ аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында біліктілігі жоғарғы маман қызметін атқардым. 2009-2022 жылдары  Еңбекшіқазақ аудандық жер қатынастары бөлімінде бас маман, басшының орынбасары және басшы лауазымдарын атқардым.

2022-2024 жылдары Қорам ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқардым.

 2024 жылдан бастап қазіргі таңда жеке кәсіпкер ретінде жұмыс жасаудамын. 

 

     Мен, Қорам ауылының тумасы ретінде және әкім орынбасары қызметі барысында алған тәжірибемді алға тұта отырып, ауылдық округі халқының тұрмыс-тіршілігін жақсы білемін, округтің өзекті мәселелерімен жақсы таныспын.                                                    

  Қызмет атқарған 23 жылға жуық уақыт ішінде халықпен тығыз байланыста болдым. Аудан тұрғындарының сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында көптеген іс – шараларға қатысып, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына атсалыстым.                                                                                                                                     

     Халықтың әлеуметтік өмірін жақсарту үшін болашақта Қорам ауылдық округі бойынша әлеуметтік-экономикалық, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және ауылшаруашылық салаларын  жақсартуға ықпал етемін. Алдағы уақытта көтерген мәселелердің және біздің ауылдың көркейіп дамуын ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып шешуге жұмыс жасаймын.

Қазіргі таңдағы ауылымыздағы өзекті мәселелер: таза ауыз су құбыры желілерінің жаңартылуына, адамның басты капиталы білім демекші заман талабына сай жаңа білім ордасының, мәдениет үйінің, дене-шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысының салынуына ат салысамын.

    Сонымен қатар, Қорам ауылдық округінің инфрақұрылымын дамыту үшін, инвестициялық жобаларды әзірлеп, инвестиция тарту арқылы ауылдастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бар күш жігерімді салып қызмет ететін боламын.

                                                       

Мені ауыл əкімі етіп сайласаңыздар,   алдағы 4 жылда:

  • Көшелерді жарықтандыру;
  • Қорам ауылын таза ауыз сумен қамту;
  • Жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу;
  • Ескірген электр желілерін кезең-кезеңмен жаңарту, электр энергиясын үздіксіз беруді қамтамасыз ету;
  • Стратегиялық бағыттарды құру арқылы округтің әлеуметтік жағдайын арттыру;
  • Халықтың әл-ауқатын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін инвесторларды тарту;
  • Замануи білім ордасы, мәдениет үйі, дене-шынықтыру және сауықтыру кешенін салу;
  • «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында халықтың құқықтық жəне қаржылық сауаттылығын арттыру.

   Ауылдың бюджетіне қосымша қаржыландыру көздерін іздеу арқылы:

 Ауыл халқының әл–ауқатын жақсартуға, оның ішінде жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыссыздықты азайтуға;

 Ауыл шаруашылыгы және агроөнеркәсіп саласының дамытуға;

Округтегі кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көтеруге;

 Инвестиция тарту арқылы шағын және орта бизнесті дамытуға

«Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру мақсатында ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға; 

 күшімді саламын.

 

Құрметпен, Сарсембеков Нұрбек Жұматайұлы!

 

Оқылды 543 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет