Жұма, 16 Наурыз 2018 14:58

Еліміздің елдігін, әл-ауқатымыздың артқанын көрсетті

Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін Табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Нау-рызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы деп бағалаған.

Осындай тамаша уақытқа тұспа-тұс келген 2018 жылғы 5 наурызда Парламент Палаталары мен Үкіметтің бірлескен отырысында Мемлекет басшысы ұсынған «Президенттің бес əлеу-меттік бастамасы» атты Үндеуі – қазақстандықтардың ұлттық және әлеуметтік бірлігінің мықты шоғыр-ландырылған платформасы, әрі шын мәнінде елімізді әлеуметтік жаңғырту жолындағы батыл тарихи қадам екені сөзсіз.

Онда əрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олар-дың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие көлемін көбейту, сондай-ақ елді газбен қамтамасыз ету ісін жалғастыру жөніндегі бастамалар қамтылған.

Үндеуінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біз бүгін əлеуметтік жаңғыру жолында жаңа, ауқымды қадам жасауға дайынбыз. Бұл – елдің игілігіне арналған ұтымды, сонымен қатар оптимистік жоба. Өркендеген Қазақстан – бұл, ең алдымен, мемлекеті өзін қорғап, қолдайты-нын, қамқорлық жасайтынын сезінетін, тиісінше елін жан жүрегімен сүйетін, патриоттық танытатын өздеріне сенімді адамдардың мекені деп санаймын» дей келе, жаңа əлеуметтік бастамалар қоға-мымыздың əлеуметтік бірлігін нығайтуға жəне əрбір қазақстан-дықтың əл-ауқатын əрі қарай жақ-сарта түсуге бағытталғанын атап өтті.

«Бегі әділ болса – елі бақытты, халқы түзу болса – бегі бақытты» деп Жүсіп Баласағұн данамыз айтпақшы, Біз Тәуелсіздік алған күннен бастап, қаншама тарихи оқиғаларды бастан кешіре отырып, Елбасының сарабдал саясатының арқасында бірлігі мығым, татулы-ғы берік ел Елбасының сарабдал саясатының арқасында қиындық-тарды жеңіп,бірлігі мығым, татулығы берік, еңсесі тік ел бола білдік.

Бар қажыр-қайратын елінің ертеңіне арнап, болашаққа деген экономикалық, әлеуметтік маңызы бар қаншама істің ұтымды түйінін тапқан, ел дегенде ет жүрегі езілетін ердің еңбегі – халықтың игілігі.

Елінің ертеңі, ұрпақтарының болашағы үшін қабылдаған әрбір маңызды шешімдері мен реформалары – Ұлт Көшбасшысының аса парасатты да талантты басшы екендігінің айғағы.

Осы ретте жаңа бағдарлама-ны шын мәнінде бірегей етіп, маңызын арттыра түсетін бірнеше ерекше бастамаға тоқталып өткім келеді. Ең алдымен, бұл бастамалардың дер кезінде қолға алынып отырғанына ерекше назар аударған жөн.

Мысалы, «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» атты Президенттің бірінші бастамасын ең маңызды бастама ретінде қарастыруға болады. Елбасының өзі белгілегендей, баспана мәселесі – «айрықша әлеуметтік маңызы бар мәселе.

Себебі, қазіргі таңда жүз мыңдаған қазақстандық отбасылар үшін, соның ішінде жастарымыздың баспана мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Ал алдағы жаңа «7 – 20 – 25» бағдарламасы арқылы көптеген отандастарымыз үшін айтарлықтай тиімді ипотекалық займ алуға нақты мүмкіндік тумақ. Бұл бағдарламаны сәтті жүзеге асыра білсек, әлеуметтік ахуал ғана жақсарып қоймай, тұрғын-үй құрылысының дамуына, экономиканың өсуіне, жұмыс орындарының ашылуына және жеке кәсіппен айналысудың жаңа мүмкіндіктеріне де тың серпін беріледі.

Осылайша әлеуметтік мемле-кеттің қазақстандық моделі ретінде әлеуметтік қолдауға мұқтаждарды қорғай отырып, адами капиталды үздіксіз дамыту арқылы еңбек өнімділігін арттыру және сол арқылы азаматтарымыздың әл-ауқатын күшейтіп, мемлекеттік бюджетке түсетін салмақты бірте-бірте азайтуға қол жеткізе аламыз. Сондықтан «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» қазақстан-дық модельді одан әрі жетілдіріп, еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіруіне оң ықпал етеді деп сенемін.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл бастамалары – елімізге, халқымызға жаңа серпін беретін ерекше әлеуметтік қадамдар. Ол біздің еліміздің әрбір азаматына баспана, салық және білім жағынан жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталып отыр. Сондықтан, әлемдегі қазіргідей қоғамдық-саяси ахуал күрделі уақытта Елбасының Жолдауында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін халыққа дұрыс түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Президен-тіміздің осы тарихи бас-тамаларын өте жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін қолдау көрсетіп, сапалы жүзеге асыру аса маңызды.

Біз тағы бір тарихи кезеңнің бастауында тұрмыз. Бұл – Тәуелсіз Отанымыз – Қазақстанның ұлы мақ-саттар жолындағы жарқын кезеңі. «Ежелден ер тілегі – ел тілегі. Адал ұл ер боп туса – ел тірегі» демекші, өмірдің мәні – қоғамға қызмет ету, айналаңа, туған жеріңе жақсылық жасау. Сондықтан біздің міндетіміз – Тәуелсіз елімізге қызмет ету. Одан асқан мақсат жоқ. Мәңгілік ел болуды мұрат тұтқан елдің ұрпағы ретінде біз Елбасы Үндеуде айқындалған тарихи міндеттерді аса жоғары жауап-кершілікпен жүзеге асыруымыз қажет.

Ұлы Далада «Мәңгілік ел» болудың қамын бір сәтке естен шығармай, алға қойған биік мақ-саттарға ұмтылайық. Сіздерді елдік мұрат жолында белсенді болуға шақырамын. Ұлт Көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған осы жолда ата-бабаларымыздың арманын жалғап, әлемдегі ең ірі дамыған елдер қатарына кіру жолында бар күш-жігерімізді аямайық!

 

Бекет Ахметов,

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат хатшысы.

Оқылды 1440 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Бүгінгі күннің талабы Бес бастама –бес белес »

Соңғы жаңалықтар

Маус 19, 2025

Атамекен Отаны – Бейбіт өмір ауылы

Тарих бетіне үңілсек, 1722 жылы Бірiншi Петр: «Қазақ Ордасы бүкiл Азия елдерi жерлерiне…
Маус 19, 2025

Қажырлы еңбек — ел мүддесіне адал…

Қытайдың Боғда тауының Күнгейінен Қазақстанға көшіп келген жерлестердің бас қосуында…
Маус 19, 2025

Ел жүрегінде сақталар қос есім

Кім келіп дүниеден кім кетпеген, Ащы қайғы кімдерді жүдетпеген. Еске алып дұғасына…
Маус 19, 2025

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп…

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Әкенің…
Маус 19, 2025

«Атамекен» – ұлттық рух мекені

Жазғы демалыста балаларға арналған мектеп жанындағы «Атамекен – ұлттық рухтың бесігі»…
Маус 19, 2025

Жаңарған ғимарат – жаңа мүмкіндіктер

Денсаулық сақтау жүйесін дамытып, сапалы медициналық көмекті ауыл халқына барынша…
Маус 19, 2025

Алғыс пен құрмет иелері

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – медицина саласындағы қызметкерлердің кәсіби…
Маус 19, 2025

У нас союзнические отношения с…

Заместитель директора ТРК Президента РК Аскар Джалдинов спросил Президента России…
Маус 19, 2025

«Я не вижу никаких осложняющих…

 Отвечая на вопрос заместителя директора ТРК Президента РК Аскара Джалдинова, Президент…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет