Жұма, 16 Наурыз 2018 14:59

Бес бастама –бес белес

Ел болып еңсе түзеп, етек-жеңімізді жиып, әлеуметіміздің әлеуетін барынша барлайтын күнге де жеттік. Елбасы тілімен айтсақ, «Міне, сол күн де туды!» Иә, Тәуелсіздік алдық дегеніміз болмаса, бастапқы 20 жылымыз ел экономикасының күретамырына қан жүгіртумен өткенін көзі қарақты жандар біледі. Ортасында жүріп, біз де көрдік. Астаң-кестең замандар да бастан өтті. Күнкөріс қамымен күнелттік. Әрине, жаңа отау құрған жас отбасылар секілді бәрін жоқтан бар қылудың қам-қарекеті емес пе сол жылдар. Дәл сол тұста ел тізгінін қолына алып, нар көтере алмас халық жүгін мойнына артқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев тыңнан түрен салды. «Қазақстан – 2030» стратегиясын құрып, ертегі іспеттес әлемді қағазға сызып берді. Бір үзім нанға кезек күткен халық та мұны сағым көрді бастапқы жылдары. Алайда, айналасы 21 жылда бұл межені бағындырдық. 2012 жылы желтоқсанда Көшбасшымыз тағы да ұзақмерзімді «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасын қолымызға ұстатты. Мұның бәрі жүйелі жоспар – жарқын жетістіктерге жол ашатынының айғағы емес пе? Сол секілді сөзімнің басында келтіргендей енді халықтың тұрмысына, әл-ауқатына көз салатын уақыт келді.

 

«Бұл қадам талайдан бері менің көкейімде жүр. Бірақ Қазақстан алдымен бойына күш, қазынасына қаржы жинап, қуатты елге айналуы керек еді. Міне, сол күн де туды!». Адам жанының толқынысынан туған жүректің сөзі емес пе бұл!

Шындығында, Елбасының бұл Үндеуі оның о баста Қазақ елі үшін, қазақ халқы үшін күллі күш-қуатын, туабітті кемеңгер ақыл-ойын қалдықсыз жұмсап келе жатқанына тағы бір рет көзіңді жеткізеді.

Ал бес бастамаға келсек, мұның жалпы халықтың тұрмысын бұрынғыдан да көркейтіп, еңсесін көтере түсеріне күмән жоқ. Біріншіден, ипотекалық кредиттеуді қайта жандандырып, «7-20-25» бағдарламасы жүзеге асса, жүз мыңнан астам жас отбасылардың көз жасқа толы қуанышы. Екіншіден, білім беру гранттарын көбейту – ақыл-ойға сенген замандағы бәсекенің тағы бір белесі. Жаңа 20 мың бюджеттік грант ең алдымен ауыл жастарының жоғары білім алуына жол ашады. Тек білім емес, заманға зай цифрландыру трендтерімен ілесетін инженерлік-техникалық кадрлар дайындалатын болады. Үшіншіден, тұрғын үй құрылысы мен банк секторларын қолдау арқылы құрылыс индустриясында жаңа өсім пайда болады. Бұл он мыңнан астам жұмыс орындарының ашылуы деген сөз. Төртіншіден, микрокредиттеуді жыл сайын 7 мыңнан 14 мыңға дейін ұлғайту арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық санын арттыру. Шын мәнінде экономикамыздың күретамыры саналған кәсіпкерлікті қолдауға берілген зор мүмкіндік. Бесіншіден, салық жүктемесін азайту арқылы еңбекақыны өсіру де халық үшін жасалған батыл қадам. Шындығында, заманауи әлем жағдайларында Елбасының бастамаларына теңдес шаралар жоқ.

Қорыта айтқанда, Елбасы Үндеуде қазақтың үш ханы Қасымның, Әз Тәукенің, Абылайдың есімдерін атайды. Біз қазіргі күрделі ғасырда Қазақ елін биікке шығарған ұлы тарихи тұлға нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты да саналы түрде осы санатқа қосар едік.

Жангелді ОСАН,

Алматы облыстық

мәслихатының депутаты.

 

Оқылды 1610 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 24, 2026

Бүгін Конституциялық реформалар…

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда: ?consot_kz ?constcouncil.kz…
Қаң 24, 2026

Сегодня состоится первое заседание…

Мероприятие будет транслироваться в прямом эфире на официальных страницах в социальных…
Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…
Қаң 22, 2026

Ғасыр адамы

12 қаңтар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы,…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет