Жұма, 06 Сәуір 2018 09:32

Қазақ тілі – ұлттың жаны

Ана тілі... Осынау сөзде қаншама мән мағына жатыр десеңізші. Санамызда тұнып тұрған ойларды әспеттеп жеткізу, ойымызды анық айту – осының бәрі тіл арқылы жүзеге асады.

Тіл болашағы – ел болашағы. Тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталу керек. Сәбилерге бесікте жатқан кезден қазақтың бесік жырын айтып, өсе келе ертегілер айтып, ана тіліміздің құндылығын бойына сіңіре білуіміз ләзім. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс-тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» деген. Біз қазақ елі шешендік өнерге, ақын-дыққа, сазгерлікке жаны құмар халықтардың бірі де бірегейіміз.Біздің мақтанышымыз да, байлығы-мыз да, асыл қазынамыз да өшпес мұрамыз – тіл.

Амал нешік, бүгінгі таңда туған тілімізді шұбарлап, аралас сөй-лейтіндерді жиі кездестіреміз. Қазақ тілін біліп тұрса да, сөй-лемейтін шала қазақтарды көрген-де, қынжылатынымыз рас. Бұл мәселеге тоқтау салатын кез келді. Қазақ тіліне жаны ашитын әрбір азамат осыған жұдырықтай жұмылып атсалысуымыз керек. Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры мен болашағы Елбасын да аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан болар, Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Өзіміз ана тілінде сөйлемейінше, өзге ешкім бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуіміз тиіс. Бұл – аз уақыттың арасында тындырып тастайтын іс емес. Бұл мемлекеттік тұрғыдан, ұзақ жылдар бойы, ұдайы айналысатын іс» – дегені, қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күшімізді жұмсауымыз керек екенін айқындап тұр.

Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тіліміз бізге, яғни атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Біз өзіміздің ана тілімізді көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев:

«Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім!», – деп жырлағаны қазақ тілінің ешқашан тозығы жетпейтін асыл мұра екенін сипаттап тұрғандай. Міне, осыдан кейін қазақ тілінің қасиетті де қастерлі, орамды тіл екенін ұғамыз.

Жоғарыда айтып өткеніміздей қазіргі таңдағы белең алып тұрған жағдайдың мәселесін шешу жас ұрпақтың, яғни біздің қолымызда. Әлемге әйгілі ел болуымыз, қазақ деген ұлттың бар екенін паш ету – біздің міндетіміз. Елбасының тілдердің үштұғырлығы саясатын қолдап, қазақ халқының үш тілді де яғни қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік меңгерген білімді де білікті ұрпақ болып өсуіне ары қарай дамуына бәріміз жұдырықтай жұмылып, атсалысуымыз қажет. Бізді өмірге әкеліп, оң-солымызды тануға үйреткен ата-анамызды қалай қадірлеу керек болса, өз ана тілімізді де солай аялау қажет. Туған тілінде шұбарлап сөйлеп, ана тіліміздің қасиетін түсіне алмай жүрген адамдарды көргенде, Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деп ашына айтқаны ойға оралады. Жәндік сияқты өмір сүрмес үшін, тілімізді қадірлей білейік, ағайын!

Жадыра АЛМАС,

Әймен орта мектебінің

11 сынып оқушысы.

Оқылды 2591 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 17, 2024

Мұғалім – мектептің жүрегі

Абай атындағы қазақ орта мектебі-мектеп жанындағы интернатымен толыққанды жөндеуден өтіп,…
Қаз 17, 2024

Орман – Отан байлығы

Орман – табиғаттың экологиялық тепе-теңдігін сақтап тұратын негізгі бөлшегі. Орман –…
Қаз 17, 2024

Мәдениет майталманымен кездесу

Мәдениет – қоғамның рухани қозғаушы күші, халықтың ортақ игілігі. Кез- келген ұлт ең…
Қаз 17, 2024

Боз кілемде бозбалалар

Жуырда Шелек ауылындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде осы өңірде еркін…
Қаз 17, 2024

Каусар – чемпионка области

С 10 по 13 октября 2024 года село Кыргауылды Жамбылского района стало местом проведения…
Қаз 17, 2024

Өнегелі өмір үлгісі

«Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» депті Әлішер Науаи. Расында кітаппен дос…
Қаз 17, 2024

Қастерлі мамандық иелері

Кітап – өткен өмір мен бүгінгі өмірді тыныс-тандыратын, адамзат баласының ақыл-ойын…
Қаз 17, 2024

Тазалық сақтау тәрбиеден

Адамзат баласының алдында зор міндеттер тұр: бейбітшілікті, руханиятты, табиғатты қорғау,…
Қаз 17, 2024

Қазақстан азаматтығы тіл мен тарихты…

Қазақстанда азаматтық алу үшін мемлекеттік тілді білу талаптары белгіленді. Тиісті…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет