Жұма, 06 Сәуір 2018 09:33

«Тілі бар халық – халық, тілі жоқ халық – балық»

«Тілі бар халық – халық, тілі жоқ халық – балық». Бұл әфсананы Шерхан Мұртаза сынды халқымыздың тау тұлғасы айтқан. Рас, тіл – халықтың халық болуында ойып орын алатын алғышарттың бірі. Тілден барып салт-дәстүр, дін, болмыс сынды құндылықтар құрала береді. Тілсіз мұның бірі де жоқ.

Жақында Ұлтық ұланның Қаракемер кентіндегі 6654 әскери бөлімінде «Менің тілім – мемлекеттік тіл» атты байқау ұйымдастырылды. Байқау өзге ұлт өкілдері арасында өтті. Себебі, әскери бөлім қазақ халқының дархан даласы сынды көпұлтты. Өзге ұлт өкілдері ортақ Ота-нымызды қорғау мүддесін өзге түсініктерден жоғары қойған жандар, әрі қазақ халқының тіл мен салт-дәстүрін жетік меңгерген. Мұны байқау талаптарын сүрінбей орындаған олардың алғырлығынан аңғардық. Байқау талаптарына сәйкес қатысушылардың қазақ тілінде сөйлеу мәнері, ән шырқау, салт-дәстүрді жетік білуі, тарихи тұлғалар туралы баяндама жасай алуы сыналды. Әр кезең жіті талқыланып, әділ-қазылар алқасы қатысушыларға әділ-баға берді. Домбырамен ән шырқап көрерменді тәнті еткен кіші сержант Алексей Мешков, «Бауыржан Момышұлы» фильмінен ана тілімізде үзінді келтіріп батыр Баукеңді сомдаған сержант Дмитрий Шумаров әділ-қазылар және көрермендер тарапынан зор қошеметке ие болды. Сайыс барысында әскери бөлімнің сарбаздар құрамы ән шырқап кешті кереметтей мерекеге ұластырды. Ана мен әкеге деген сағыныш, әрбір орындалған ән ырғағынан сезілсе, Отан, жауынгерлік рух та сондайлық кеңінен шырқалды. Алматы облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша филиалының оқытушысы Динара Қоқанова, әскери оркестр басшысы капитан Рамиль Баширов, Қаракемер ауылдық мәдениет үйінің кітапханашысы Бекзат Бақытжанқызы, Әскери бөлімнің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі бөлімшесі басшысының мемлекеттік тілді енгізу жө-ніндегі аға көмекшісі кіші сержант Перизат Алпысбаева қатысушыларға сын-ескертпелерін айтып жалпы жақсы деген бағасын берді. Дегенмен, бұдан әрі де талаптана түсу қажеттігін ескертті.

Сайыс нәтижесінде 1-ші орынға сержант Дмитрий Шумаров ие болды. 2-ші орынға кіші сержант Алексей Мешков лайық деп танылды. 3-ші орын сержант Сергей Бауэрге бұйырды. Олар арнайы алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды.

 

Әділет САРЫБАЙ,

Қаракемер кенті, 6654 әскери бөлімі,

кіші сержант.

 

Оқылды 3799 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Қазақ тілі – ұлттың жаны Героям – поклон »

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет