«Nur Otan» партиясының кадрлық резерв мүшелері электр жүйесін таратумен айналысатын «Алатау жарық компаниясы» аудандық филиалының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесудің мақсаты – жоғарыда аталған мекеме қызмсеткерлеріне ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын түсіндіру.
Жиын барысында кадрлық резерв мүшелері іс-қимыл жоспарына жеке-жеке тоқталып, түсіндіріп өтті. Шара барысында түрлі сауалдар қойылып, қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды.
С.НҰРАДИН