Сейсенбі, 17 Қараша 2020 14:43

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген Әбу Насыр Әл Фараби қай уақытта болсын бала тәрбиесі өте маңызды екенін айтқан. Ал бала тәрбиесінде тәрбиелілікке жетудің жолы – еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, мейірімділікке үйрету.

Бақытты бала – бақытты отбасы – бақытты ел! Осы орайда «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық науқаны барысында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернаты және Қызылқазақ бастауыш мектебі» КММ-де мектеп психологі Б.Кистауова мен әлеуметтік педагог А.Ерлан 10-11 сынып оқушыларымен онлайн форматта «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында конференция өткізді. Зорлық-зомбылықтың алдын-алу, зорлық-зомбылыққа жол бермеу, оқушылар арасында заң мен жеке бас құқықтарын түсіндіруді мақсат еткен конференцияда оқушылар өз ойларын еркін айтып, пікірлерімен бөлісті. Мектеп психологі оқушыларға өз құқықтарын қорғау туралы кеңестер берді. Кез келген адам өзін зорлықтан қорғап, өз құқығын қорғай алуы тиіс. Зорлық-зомбылықсыз әлемді құруға талпынудың маңызы сөз болды. Соңында М.Мақатаевтың «Әрдайым сақ болып, әрдайым өздеріңді қорғай біліңдер» деген сөзімен конференцияны аяқтады. Жоспар бойынша 9-11 сынып оқушыларының арасында «Біз өз проблемаларымыз туралы» тақырыбында онлайн эссе жазу байқауы өткізіліп жатыр.

Б.Кистауова,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп психологі 

Қырбалтабай ауылы

Сейсенбі, 17 Қараша 2020 14:39

Жас мамандар – болашақтың айнасы

Жастар – жаңалықтың жаршысы, жалынды өмірдің жыршысы. Өйткені олардың жүрегі өшпес үмітке, алаулаған арманға толы. Сондықтан да білікті жастардың білім беру саласында тер төгуінің маңызы зор.
Жастардың жасампаз ойы мен замануи технологияларды меңгере білген әмбебаптылығы жаңа оқу бағдарламасына тың серпін бере алады. Сондықтан Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектеп білім беру ісіне жас мамандарды тартуға басымдық беруде. Бүгінде аталған мектепке 12 жас маман жұмысқа келді. Қазір жас мамандарға мектептің 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары құрылып, өз деңгейінде түйінді жұмыстар атқарлуда. Сонымен қоса, жас мамандарға білім мазмұнына сәйкес нормативтік құжаттар таныстырылып, күнделікті күнтізбелік тақырыптық және қысқа мерзімді жоспарларды дайындау жұмыстары үйретілді. Осыған дейін мектебімізде жас мамандардың тәжірибесін шыңдау мақсатында «Сандық білім беру мен қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы заманауи коммуникациялық технологиялар мен құралдар», «Қашықтықтан оқытудың тиімді тәсілдері», «Үштілділік – білім беру дамуының жаңаша беталысы» тақырыбында қашықтықтан дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Аталған шараларға жас мамандар белсене қатысып, өзой-пікірлерімен бөлісті.


Нұржамал Өмірзақова,

А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің

педагог-зерттеушісі

Қазақстан Президенті Үкімет мүшелерімен, бірқатар орган басшыларымен, қалалар мен облыстардың әкімдерімен видеоконференция режимінде кеңес өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде пандемия кезінде отандық дәрігерлердің тиісті тәжірибе жинағанын, бұл дерттің негізгі белгілерін айқындап, онымен күресу жолдарын үйренгенін атап өтті. Осы аралықта еліміздің денсаулық сақтау саласы біршама нығайып, жаппай тестілеу жұмысы жолға қойылды. Науқастармен байланыста болғандарды анықтау ісі жетілдірілді. Бизнес өкілдері де жаңа ахуалда жұмыс істеуге бейімделе бастады. Ең бастысы, азаматтарымыздың пандемияға деген көзқарасы өзгерді.

– Пандемияның екінші толқыны көптеген белгілері бойынша өзгеше болмақ және ел экономикасы үшін күрделі кезеңде өтпек. Біз мұны ескеруіміз керек. Бүгінде бүкіл әлем «ковид теңдеуі» деп аталатын күрделі мәселені шешудің алдында тұр. Мұндай жағдайда тұтас бір саланың жойылып кетуі ғана емес, оның кейін білінетін салдары да оңай тимейді. Жұмыссыздық өршіп, білім беру ісіндегі олқылықтардың кесірі түрлі теріс пиғылдардың асқынуына, оның ішінде, қылмыстың өршуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан қазіргі міндет – көктемдегідей жаппай карантинге жеткізбей, пандемияны ауыздықтау, – деді Мемлекет басшысы.

Президент кейбір өңірлерде аталған дертпен ауырғандар санының артуына байланысты жүйелі шаралар қабылдаудың маңыздылығына назар аударды. Мемлекет басшысы өз сөзінде індет жұқтырғандардың барынша нақты есебін алу вируспен күрестің басты талабы екенін айтты.

– Бірқатар облыстарда коронавирус індетіне қатысты жаңа жағдайларды жасыру деректері анықталды. Әңгіме Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай және басқа да облыстар жайында болып отыр. Өтірікті шындай сөйлету аса қауіпті құбылыс екенін түсіну керек. Өйткені ол шынайы қауіптің бетін бүркемелейді. Сондай-ақ бүкіл еліміз бойынша коронавирус індетіне қарсы жүргізіліп жатқан күрес стратегиясына зиянын тигізеді. Қазіргі ахуал жете бағаланбай, қабылданған шаралар толық жүзеге асырылмай отыр. Халықтың індеттен сақтану деңгейі төмендеп кеткен. Бұл – аксиома. Мұндай жағдай әлемнің көптеген елінде байқалуда. Аталған проблеманың біздің денсаулық сақтау жүйемізде де созылмалы сипат алғанын мойындауымыз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп, медициналық статистиканы бағалау және талдау жөнінде кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар барлық денсаулық сақтау ұйымдарының толық дайын болуын қамтамасыз етуді міндеттеді. Бұл әскери медицинаға да тікелей қатысты. Себебі олар індетпен күресу үшін шұғыл күш жұмылдыруға және құралдармен жабдықтауға дайын болуы тиіс.

– Медициналық ұйымдарға жүргізілген бағалау қорытындысы олардың дайындық деңгейінің әлі де төмен екенін көрсетті. Денсаулық сақтау нысандарының жартысынан астамында заң бұзушылықтар анықталған. Ауруханалар аймақтарға толық бөлінбеген. Нәтижесінде емделушілер мен аурухана қызметкерлерінің індет жұқтыру қаупі сақталып отыр. Шын мәнінде, барлық өңірлерде жан сақтау бөлімшелерінің тиісті құрал-жабдықтармен толыққанды қамтамасыз етілмегені көрінді. Атап айтқанда, коронавирус індетімен қатты ауырған науқастарды емдеуге қажетті жекелеген дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың жетіспеушілігі байқалады. Өңірлер емдеу хаттамасында көрсетілген дәрі-дәрмектерді емес, өздерінің білгені бойынша препараттар сатып алуда, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесіне егжей-тегжейлі тоқталды. Ол медициналық ұйымдардың, дәріханалардың не сатып алғанын, жалпы бірыңғай дистрибьютердің қоймаларындағы дәрі-дәрмек қорын анықтауды талап етті.

Үкімет әкімдерімен бірлесіп, бекітілген емдеу нормалары мен хаттамасына сәйкес келетін дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың сатып алынуын қамтамасыз етуі керек.

– Менің тапсырмам бойынша ПТР сынамалары мен медициналық бетперделердің бағасы төмендетілді. Мұндай оң бастаманы халық бірден сезінді. Осындай жұмыстарды медициналық дәрі-дәрмектерге, ең алдымен, коронавирусқа қарсы медикаменттерге қатысты жүргізу қажет. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне Мемлекеттік кіріс комитетімен бірлесіп, аталған мәселені қарастыруды тапсырамын. Жалпы Агенттік дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың бағасын реттеу ісіне ат салысып, фармацевтикалық бизнестегі картельдерді әшкерелеуі керек, – деді Мемлекет басшысы.

Президент мемлекет тарапынан коронавируспен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу жалғасатынын атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы санитарлық талаптар мен шектеу шараларының сақталуына компания басшыларының және бизнес иелерінің жауапты екенін еске салды. Соңғы уақытта ірі кәсіпорындардағы еңбек ұжымдарында вирус жұқтырғандарың саны арта бастады. Қоғамдық көліктердегі санитарлық жағдай және азаматтар көп шоғырланатын орындарда әлеуметтік қашықтықтың сақталмауы алаңдаушылық тудыруда.

– Ата-аналар шыдамдылық танытып, қазіргі ахуалға түсіністікпен қарауы керек. Осындай жағдай тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде қалыптасып отыр. Біз білім сапасының төмендеуіне жол бермеуіміз қажет. Оқыту нәтижесіне мониторинг жүргізіп, білім саласындағы олқылықтарды жою үшін уақтылы шаралар қабылдау керек. Үкіметке өңір әкімдерімен бірлесіп, шектеу шараларына қарамастан, білім сапасын бақылауды күшейтуді тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін қажетті көлемдегі қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл үшін Үкімет отандық бетперделер мен басқа да жеке қорғаныш құралдарын өндірушілерді кепілді көлемдегі шикізатпен қамтамасыз етудің тетігін әзірлеуі тиіс. Пандемияға қарсы барлық шаралар мейлінше ашық болуы қажет.

– Үкімет жемқорлыққа жол берілуі мүмкін барлық учаскелерді қатаң бақылауға алуы тиіс. Пандемияның бірінші толқыны кезінде жемқорлықпен бетпе-бет келдік. Бұл – медициналық бетперделер мен дәрі-дәрмек бағасын арттыру, бақылау-өткізу пунктеріндегі құқық бұзушылықтар, медицина қызметкерлеріне төлем тағайындау кезіндегі жемқорлық. Бақылаушы органдардың, яғни, полиция қызметкерлерінің, әкімдіктер мен мониторинг өткізетін топтардың жұмыс сапасына ерекше назар аудару қажет. Пандемия кезінде оларға бизнес пен азаматтарды тексеруге зор, яғни, төтенше өкілеттіктер берілді деуге болады. Бұл өзін-өзі ақтады. Мұндай өкілеттіктерді дұрыс қолданған жөн, оны асыра пайдалануға болмайды. «Кімді және қашан тексеретінімді өзім білемін» деген қағидаға жол берілмесін, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев кез келген қиындықтар мен дағдарыстар жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын тағы да атап өтті. Айтарлықтай жетістіктеріміз де бар. Мәселен, екі бірдей отандық вакцина келешегі зор әлемдік биоқұралдардың қатарына енгізіліп, қазіргі уақытта оларға клиникалық зерттеулер жүргізілуде.

– Үкіметтің алдында тұрған үлкен міндет – отандық вакцинаны ешбір кедергісіз өндіріске енгізу. Уақытша тіркеу тәртібін жеңілдетіп, вакцинаның тәжірибелік-өнеркәсіп және өнеркәсіп өндірісіне арналған зауыт құрылысын аяқтау қажет. Мен Ресей Президентімен ресейлік вакцина өндірісі зауытының құрылысы бойынша келісімге келдім. Үкімет осы қажетті жобаға инвестиция тарту бойынша келіссөздерді бастап та кетті. Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық бағыттары бойынша жұмысты жалғастыру маңызды. Мұндай шараларды дамыған мемлекеттердің бәрі қабылдап жатыр. Парламенттің осы сессиядағы жұмысы аяқталғанға дейін депутаттардың қарауына Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі заң жобасын енгізу керек, – деді Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Президент барша азаматтарды тәртіпті қатаң сақтауға, уақытша шектеу шараларына түсіністік танытуға шақырды. Ең алдымен, бұл барша қазақстандықтардың денсаулығы үшін қажет. Мемлекет басшысы дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және пандемиямен күресте алдыңғы шепте жүрген барша азаматтарға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ кеңесте Премьер-Министр Асқар Мамин, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов және Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақов сөз сөйледі.

Мемлекет басшысының коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінің толық мәтінімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

В целях реализации поручений Елбасы, за годы Независимости была проделана большая работа. Нурсултан Абишевич сделал большой акцент на создании современного прогрессивного государство с динамично развивающейся экономикой, где обеспечен мир и общественное согласие.

В преддверие главных праздников страны, Президент КазхастанаКасым-Жомарт Токаев отметил, что наступает время разума, науки, знаний, труда. И в следующем году исполняется 30 лет нашей Независимости. Этот год должен пройти под эгидой экономических и политических реформ, цифровизации, защиты прав человека, развития здравоохранения и образования, а также защиты окружающей среды.

В связи с всемирной пандемией «COVID-19», текущий год выдался не легким. В соответствии с поручением Президента Касым-ЖомартаКемеловича, Правительством своевременно были приняты меры по защите населения и поддержке бизнеса. Благодаря этому социально-экономическая и политическая ситуация в Алматинской области оставалась стабильной и регион смог сохранить рост по всем ключевым направлениям.

Стоит отметить, что большое внимание ходу реализации стратегии Елбасы «Казахстан -2050» и пунктам послания Президента уделяет и глава Алматинской области, Амандык Баталов. В канун 30-летия Независимости нашей Республики, в регионе запланировано открытие около 100 социально-значимых объектов и проведение идеологических мероприятий. Об этом сообщил заместитель акимаАлматинской области, Рустам Али на брифинге информационной площадки «JETISÝ MEDIA».

«От лица Жетысуского края, мы хотим запустить акцию «Тәуелсіздіккетарту», с охватом 30 социально-значимых объектов   и мероприятий в период с 16 ноября по 16 декабря. Важные для региона объекты будут открыты в рамках 5 социальных инициатив Елбасы и государственной программы «Дорожная карта занятости». Благодаря Независимости, в стране расширяются горизонты не только социальных объектов, но и предпринимательства. Новые производственные проекты запускаются в ведущих районах области.  Цементный завод ТОО «Алацем» в Кербулакском районе, мощностью 1,2 млн тонн в год, модернизированные птицефабрики Илийского, Уйгурского района, Каскеленская солнечная электростанция мощностью 50 МВт , молочная ферма с проектной стоимостью 2,5 млрд тенге на 1 200 дойных коров, станут самыми крупными проектами нынешнего года, в преддверии Дня Независимости», - сказал Рустам Али.

Отметил он также, что особый акцент сделан на сельскую местность и дачные массивы. Речь шла о дальнейшем развитии Райымбекского района, который восстановлен Указом ЕлбасыН.А.Назарбаева. Численность населения увеличилась и составила около 40 тыс. человек. И главной положительной чертой власти считают то, что район возвращается молодежь, которая работает во благо развития региона. Их уже более 2000. Именно здесь по словам заместителя главы региона будет сдана большая часть объектов в канун празднования Дня Независимости. Это около 82 жилых домов,  административные здания и другие социальные объекты.

На контроле и дачные массивы. К примеру, на этой неделе, в рамках вышеуказанной акции для жителей дачных секторов «Шайкорган» и «Кызыл тас», в областном центре откроют два автомобильных моста, общей стоимостью 595 млн. тенге.

Не остается без внимания вопрос обеспечения местных жителей комфортными условиями жизни, который является приоритетным направлением политики главы области Амандыка Баталова.

«На особом контроле обеспечение населения доступным жильем. С 16 ноября до конца года текущего года планируется ввести: 239 арендных дома на 446 квартир. 43 кредитных дома на 228 квартир. коммунальных 37 индивидуальных домов.Среди них есть и 248 коттеджей в коттеджном городке областного центра. К слову, к концу года более 711 семей региона на общую площадь 74,9 тыс.кв.м. станут счастливыми обладателями собственного жилья», - отметил Рустам Али.

Следует упомянуть и о спортивных комплексах. В рамках Послания Президента о развитии массового спорта и улучшении здоровья населения в Алматинской области ведется интенсивная работа по строительству 100 спортивных объектов. Например, в области уже действует 8 ФОК-ов и только до конца года будут сданы 7 новых спортивно-оздоровительных комплексов и спортивных площадок.

Отметим, что глобальная пандемия стала серьезным вызовом системе здравоохранения. Но, несмотря на это, Алматинская область с достоинством приняла вызов. В текущем году строятся 17 объектов. К концу года, в народное пользование будет сдано 13 врачебных амбулаторий в районах Алматинской области и откроется родильный дом на 100 коек с женской консультацией в Жамбылском районе.

Кроме того, спикер подчеркнул, что грандиозным событием для Жетысусцев станет открытие в областном центре бассейна олимпийских стандартов, который будет готов к концу текущего года. Уже сегодня он поражает своим архитектурным обликом и неповторимым стилем и в скором времени уникальный спортивный объект откроет большие перспективы в развитии водных видов спорта. Стоимость проекта составила более 11,4 млрд.тенге.

Сейсенбі, 17 Қараша 2020 10:54

Тігіншілерге керемет кеңес

Тігінге жақын болсаңыз, бұл кеңестердің қажетіңізге жарары сөзсіз. Көріп қана қоймай, тәжірибеде пайдаланыңыз.

"2021 жылы «қағаз» анықтамалар толығымен жойылуы керек".  Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин осылай деді.

«Смартфон қолданушылар саны өсуде, осы ретте мемлекеттік қызметтер мен сервистерді мобильді платформада көрсету қажеттілігі артып отыр. Ең қажетті әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді мобильді форматқа көшіру жұмысын жандандыру қажет. Цифрлық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, барлық әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді eGov мобайлға ауыстыру бойынша жоспарды бекітуді тапсырамын. Жалпы 2021 жылы «қағаз» анықтамалардың қажеттілігін толығымен жоюымыз керек. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясынан қызметтерді жеткізуді және барлық онлайн қызметтер мен сервистердің 100 пайыз қолжетімділігін қамтамасыз етуіміз қажет», - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Асқар Мамин Мемлекет басшысы зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау және төлеуге қатысты процестерді толығымен цифрландыруды тапсырғанын атап өтті.

«Осы жылдың соңына дейін әлеуметтік және еңбек саласында электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсеткіші 90 пайызға жеткізіледі. Денсаулық сақтау министрлігіне азаматтарға қажетті электрондық медициналық мәліметтерді беруді қамтамасыз етуді тапсырамын. Еңбек министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау және төлеу процестерін цифрландыру үшін қажетті деректерді толық цифрландыру мен жаңартуды қамтамасыз етуді жүктеймін», - деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы әкімдер мен мүдделі мемлекеттік органдар әлеуметтік сипаттағы қызметтер бойынша жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыруға назар аударуы қажеттігін баса айтты.

«Сервис пен кері байланыс деңгейін арттыру қажет. Халық қажетті мемлекеттік қызметті кезексіз, артық ешқайда бармай алуы керек. Мысалы, қазір үйлер пайдалануға көптеп тапсырылып жатыр, әртүрлі тұрғын үй бағдарламалары бар. Ипотека алу және кепілге қою механизмін барынша жеңілдету қажет», - деді ол.

Мұнан бөлек, Премьер-Министр орталық және жергілікті атқарушы органдарға барлық ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмысы мен тиімді интеграциясын қамтамасыз етуді, олардың сапасын арттыру шараларын қабылдауды тапсырды.

«Олар халықтың пайдалануы үшін жеңіл болуы тиіс. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласындағы жаңалықтарды түсіндіру жұмысына ерекше көңіл бөлу қажет»,- деді Асқар Мамин.

Дереккөз

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев тауарларды таңбалау мемлекетке, халық пен бизнеске не беретінін Үкімет отырысында түсіндіріп берді.

 

«Тауарларды цифрлық таңбалау келесі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған: мемлекет үшін тауарлардың заңсыз айналымын қысқарту, бюджетке салық түсімдерінің түсуін ұлғайту, мемлекеттік бақылау сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Халық үшін қоғамдық бақылаудың тиімділігі, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға жол ашады. Бизнес үшін, атап айтқанда адал салық төлеушілер үшін бизнес жүргізудің бәсекелестік жағдайларын арттыруға көмектеседі», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Сонымен қатар темекі өнімдерін таңбалау бойынша пилоттық жоба жүргізілгенін атап өткен Қаржы министрі: «Пилоттық жоба шеңберінде сатылған темекі бұйымдарын айналымнан шығара отырып, түпкілікті тұтынушыға сатылғанға дейін өндіруді/импортты қоса алғанда, темекі өнімдерін таңбалаудың барлық циклі пысықталды Қажетті нормативтік құқықтық актілер қабылданды. «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» Үкімет қаулысына сәйкес, 2020 жылғы 1 қазаннан бастап құрамында темекі бар фильтрлі сигареттер және 2021 жылғы 1 сәуірден бастап стиктер, сигаралар, сигарилдер, қыздырылатын темекі сияқты темекі өнімдерінің өзге де түрлері міндетті түрде таңбалауға жатады», - деді.

Сейсенбі, 17 Қараша 2020 09:48

Құлақ тесерде қаперіңізде болсын

Қыз баланың құлағын неше жастан тесуге болады? Бұл сұраққа ешкім бірауыздан жауап бере алмайды.

Көптеген ата-аналар балаларының құлағын ертерек тескісі келеді. Біз ең алдымен, балалардың негізгі екпелерін алатын уақытты күтуіне кеңес береміз. Ол үшін балалар дәрігеріне баруыңыз қажет.

Сонымен қатар, біз баланың өзі керек пе, жоқ па деп түсінетін уақытқа жетуін күтуге кеңес береміз. Кейбір балалар құлақтағы сырғаларын 5 жасында тағып бақытты болғысы келеді, кейбірі тек 15 жасында, ал кейбіреулері мүлдем таққысы келмейді.

Біріншіден, ине-сырғаны пайдалану нәтижесінде құлағыңыздың қабынуынан құтылуға болатынын ұмытпаңыз! Егер тесе салысымен кішкене ауырып кішігірім қызару пайда болса, онда ол – қалыпты жағдай.

Егер де Сіз тескеннен соң айтылған кеңестерді (8-пункт) дұрыс орындайтын болсаңыз, бұл белгілер 48 сағаттың ішінде кетіп қалуы тиіс. Қызарып қабынғаны тарамаған болса, онда ілгектің құлақ сырғалығына тақалып тұрмағанына көз жеткізіңіз. Егер солай болса, онда сырғаның артқы жағын сәл босатыңыз: тесікке ауа келіп тұруы қажет. Ол жазылуын тездетеді.

Егер:

– қатерлі созылмалы аурулар болған жағдайда (тері аурулары, диабет және т.б.);

– келоидқа бейімделген жағдайда;

– жаралар ұзақ жазылатын болса;

– жуық арада (2 аптадай) инфекциялық аурумен ауырған жағдайда;

– әлсіздік болғанда;

– иммундық жүйе қатты әлсіреген болса;

– белгілі металл түрлеріне аллергия болса, құлақ тескеннен кейін қандай да бір қиындықтар туындауы мүмкін. Сондықтан осынау аталған жайттарды ескергеніңіз жөн.

Дереккөз: anabol.kz

Сейсенбі, 17 Қараша 2020 09:42

«Адалдық сағатында» Ардақ Назаров

ҚР сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  «Адалдық сағатын» онлайн, Zoom арқылы аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, кәсіби спортшы Ардақ Назаровпен өткіздік. Бейне-дәрістің кейіпкері спорттағы өмірін 1991 жылы грек-рим күресі секциясына келгенен бастады.

А.Назаров спорт жолында грек-рим күресі, джиу-джитсу және панкратион бойынша аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда жеңімпаз болып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, көптеген спорттық жарыстардың тұғырында Қазақстанның туын көтеріп жүлдегер атанған.

Әңгіме барысында спортшы отбасы құндылығы, бірлік және өзара құрмет тақырыбындағы ойларымен бөлісіп, жастарды патриотизм мен парасаттылыққа шақырды. Ардақ Назаров: «Парасатты адам деп – кемеліне жеткен, ақылы толысқан, дұрыс шешім қабылдай білетін, рухани дамыған, даналықтың өнегесіне жеткен адамды айтамыз», – деп, балаларға өз ақыл-кеңесін айтты. Жастарды кітап оқуға, өздерін дамытуға, спортпен айналысуға шақырды.

 

       Р.Жолдасбаева,

«О.Жандосов атындағы орта мектеп» КММ

денешынықтыру пән мұғалімі

 

Сейсенбі, 17 Қараша 2020 09:39

Жігіт сұлтаны

Ата салтты, нағыз қазақ жігітінің бойындағы асыл қасиеттерді насихаттай отырып, елін-жерін сүйер патриот ұрпақ тәрбиелеуді мақсат етіп, О.Жандосов атындағы орта мектепте «Жігіт сұлтаны» байқауын өткіздік.

«Жігіт сұлтаны кім?» деген сұрақ туады. Ер азамат – қашанда қажыр-қайраттың, ерік-жігердің, ақыл-парасаттың иесі. Азамат тұлғасын  ажарландырып, айшықтай түсетін де – осы қасиеттер. «Биік таудың төбе құсап мүжілгені жаман, еркектің әйел құсап сызылғаны жаман» дегендей, ер адам жігерсіз болса, одан не қайыр? Қазіргі боз бала – ертеңгі отағасы, жанұясының тірегі. Әр ұлдың мойнында осындай жауапкершіліктің барын балаларға түсіндіруге талпынған байқауға 5-10 сынып оқушылары онлайн форматта қатысты.

Сайыстың аты  айтып тұрғандай, қатысушылар өзін таныстыру, қол өнері, кермеге тартылу, видеороликтер бойынша жарысты. Сараптай келе,  І орын 5 «Г» сынып оқушысы Вали Теміржанға, ІІ орын 5 «Ә» сынып оқушысы Бекәділ Бекзатқа, ІІІ орын 10 «А» сынып оқушысы Асқар Ақжолға бұйырды. Өзге қатысушылар да өнерлеріне қарай әр түрлі номинацияны иеленді. Сұлтан жігіттерімізді арнайы сыйлық пен  мақтау қағаздарымен марапаттадық. Болашақта ұлдарымыздың бойында түрлі жағдайдан қиындықсыз шыға білетін тапқыр, намысқой, қайтпас қайсар, Отанын, елін, жерін қорғай алатындай бағыт-бағдар беру – біздің міндетіміз.

 

     Н.Джилгельдиева,

 «О.Жандосов атындағы орта мектеп» КММ

       директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

АЭС-тің ел дамуындағы әсері

АЭС – еліміздің энергетикалық саясатының маңызды бағыты.Биылғы жолдауында Мемлекет…
Қаз 03, 2024

Ерлан Барлыбаев: "Үкімет ұсынғандай…

Елімізде 6 қазан күні АЭС салу бойынша референдум өтеді. Осыған байланысты VIII сайланған…
Қаз 03, 2024

Международные стандарты в…

Строительство атомной электростанции – это масштабный и сложный проект, требующий…
Қаз 03, 2024

Алматы облысында референдумға…

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының…
Қаз 03, 2024

И след простыл: как современные…

Углеродный след человечества — тяжелый груз для планеты, который ей все труднее нести.…
Қаз 03, 2024

АЭС ел экономикасының өркендеуіне…

Ақтөбе облысындағы халықтық штаб мүшелері «Қамқор вагон» ЖШС-нің ұжымымен кездесу…
Қаз 03, 2024

Атомная энергетика не может быть…

Лэйла ТАСТАНОВА В преддверии референдума по вопросу строительства атомной электростанции…
Қаз 03, 2024

Имеем средство от рака в руках, но…

Более 200 тысяч человек в Казахстане состоят на учете как онкобольные. И 12 тысяч…
Қаз 03, 2024

Эксперт разобрал мифы и реальность о…

Директор департамента атомной энергетики и промышленности Министерства энергетики…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет