Талдықорған қаласында фискалдық чектің берілмегенін растайтын 700-ге жуық заң бұзушылық тіркелген. Бұл туралы «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ляззат Айтахунова мәлімдеді.

Оның сөзінше, салық органына тіркеусіз қызметті жүзеге асыру мәселесі бойынша жұмыс құқық қорғау органдарымен және басқа да уәкілетті органдармен бекітілген, бірлескен іс-шаралар жоспарлары негізінде тұрақты негізде жүргізіледі. Рейдтік іс-шараларға шығу алдында салық органдары алдын ала салық төлеушіге және оның қызметін жүзеге асыру орнына визуалды бақылау және салықтық ақпараттық жүйелер арқылы талдау жүргізетін.

Алайда, осы жылдың басынан бастап шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайларды жақсарту мақсатында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне бару арқылы тексерулер мен профилактикалық бақылау және қадағалау тоқтатылған болатын.

Бірақ, 12 мамырдан жыл соңына дейін касса машиналарының фискалдық чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша "Қоғамдық бақылау-Чекті талап ет" пилоттық жобасы жүргізілуде. Яғни, чек бермеген кез-келген жағдайды ұялы телефонға жүкелетін "Wipon" мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға болады.

«Бүгінгі күні осы "Wipon" қосымшасы бойынша салық органдарына 1 145 өтініш келіп түсті, оның ішінде 683 бұзушылық расталды және бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Еске сала кетсем, фискалдық чектің берілмегені расталған жағдайда ҚР ӘҚБтК сәйкес әкімшілік хаттама жасалады», – дейді Ляззат Айтахунова.

Сәрсенбі, 11 Қараша 2020 14:43

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Сайлау мәселелері мен рәсімдер бойынша кеңес алғысы келетіндер колл-орталықтың жедел желісіне тегін қоңырау шала алады: 8(72775) 72371, 8(72775) 72143.

 

ВНИМАНИЮ ЖИТЕЛЕЙ РАЙОНА!

Желающие получить консультацию по выборным вопросам и процедурам, могут бесплатно звонить на горячую линию колл-центра: 8(72775) 72371, 8(72775) 72143.

 

 

Сәрсенбі, 11 Қараша 2020 12:02

Абырой мен құқықтар баршаға

Әрбір адам конституциямен немесе заңмен берілген өзінің негізгі құқықтары бұзылған жағдайда құзыретті ұлттық соттарда құқықтарын тиімді қалпына келтіруге құқылы.

Жаңғақтың дене үшін пайдасы санап бітіре алмайтындай дәрежеде өте көп. Калий, магний, фосфорға өте бай. Құрамында жоғары мөлшерде протеин және Омега-3 элементі бар. Жаңғақ әсерлі колория, протеин, талшық, витамин және минерал көзі. Жаңғақ дәнінің беткі қабатының қыртыстары мидың көрінісіне ұқсайды.

Күніне 1-2 дана жаңғақ жеу, ми саулығы мамандары тарапынан табандылықпен ұсынылуда. Төменде жаңғақтың кейбір пайдалары тізбектелді:

♦ Зейін бытыраңқылығын (шаршағанын) кетіреді.

♦ Сүйек және тістерді қуаттандырады.

♦ Денеге қуат береді.

♦ Туберкулезден қорғайды.

♦ Тамыр қатаюының алдын алады.

♦ Қан айналымын жақсартады.

♦ Іш өтуін тоқтатып, теріні тазалайды.

♦ Сүйелдерді кетіреді.

♦ Асқазандағы желді кетіреді.

♦ Тұмауға жақсы әсер етеді.

♦ Жөтелді тоқтатады.

♦ Шаршағандықты және әлсіздікті кетіреді

♦ Ісік қалыптасуына бөгет болады.

♦ Қан қоюлануының алдын алады.

♦ Ауыздағы жағымсыз иісті кетіреді.

♦ Өкпеге, асқазанға және миға қуат береді.

♦ Ойлау қабілетін дамытады.

♦ Жүректі қуаттандырады.

♦ Қанды тазалайды.

♦ Холестериннің азаюын қамтамасыз етеді.

♦ Қалыпсыз антиденелерге бөгет болады.

♦ Жүйке жүйесін қуаттандырады.

♦ Бауырдың фукцияларын реттейді.

♦ Қант диабеті науқастары үшін өте маңызды болған инсулинді арттырады.

♦ Жаңғақтың майы асқазан және ішектерді тазалайды, жұмсақ болуын қамтамасыз етеді.

♦ Жаңғақтың майы беттегі дақтарға жағылып, массаж жасалса кетеді.

♦ Балмен араластырылып желінген кезде суық тиген асқазанға жақсы әсер етеді.

♦ Жаңғақтың жапырақтарынан алынған юглон элементі, фармокологияда қан тазалаушы және қуат беруші ретінде қолданылады.

♦ Жаңғақтың жапырақтары және қабықтары қайнатылып, балмен араластырылып ішілсе, қан аздығына жақсы әсер етеді. Қорытылуы қиын болғандықтан бауыры ауыратындар жаңғақ жемеуі керек.

Сәрсенбі, 11 Қараша 2020 10:06

Жолдар жасалып жатыр

Еңбекшіқазақ ауданының инфраструктурасын жақсарту бойынша 2020 жылы атқарылған және жалғасып жатқан жұмыстардың жайы төмендегідей.

І. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Шелек ауылының 15 көшесін күрделі жөндеу жұмыстарына 825 млн. 255 мың теңге, оның ішінде – республикалық бюджеттен – 706 млн. 184 мың теңге, жергілікті бджеттен – 119 млн. 072 мың теңге, қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде. Аяқталу уақыты – 31.12.2020 ж.

Нысанның көшелері – Д.Нурпеисова-1,2 км, Молдағұлова-1,2 км, М.Маметова-1,2 км, Достык-0,8 км, Стадионная-0,4 км, П.Вихрев-0,6 км, С.Абишева-0,3 км, Илийская-0,6 км, Медицинская-0,6 км, 6 көлденең көшелердің әрқайсысы-0,5 км-ден. Жалпы ұзындығы – 9,9 км.

Мердігер мекеме – «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС-і.

ІІ. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында елді мекендердегі жолдарды жөндеу бойынша 46 жобаға 1 млрд. 632 млн. 543 мың теңге қарастырылған. Оның ішінде 12 нысанға орташа, 34 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Қазіргі таңда 5 орташа, 34 ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал қалған нысандардың жұмыстары қараша айының 30-ына дейін жалғасады. Көшелердің жалпы ұзындығы – 111,203 км.

Сондай-ақ бағдарлама барысында жоспар бойынша 352 жұмысшының 173-ін аудандық Жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтар арасынан уақытша жұмысқа қабылдау керек-тін. Осы орайда 193 азамат уақытша жұмысқа қабылданып, жоспар 111,5 % орындалды.

IІІ. Сонымен қатар Есік қаласындағы Набережная көшесін қайта құруға 228 млн. 828 мың теңге қарастырылды. Көшенің ұзындығы – 0,8 км; Қазақстан ауылдық округіндегі Ж.Қайыпов ауылының 9 көшесін орташа жөндеуге 210 млн. 183 мың теңге қарастырылды. Көшелердің жалпы  ұзындығы – 9,8 км; Есік қаласы Қ.Орымбетов көшесін орташа жөндеуге 155 млн. 925 мың теңге қарастырылды, ұзындығы – 3 км.

Сондай-ақ, Есік қаласы мен Шелек ауылының көшелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 50 млн. теңге қарастырылып, жөндеу жұмыстары аяқталды.

Осы орайда жол сапасын жақсарту мен бақылау мақсатында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Ұлттық жол активтері сапасы орталығының Алматы облыстық филиалы тарапынан «Ауыл – ел бесігі» жобасы арқылы Шелек ауылының 15 көшесін күрделі жөндеу мен «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 12 орташа жөндеу жұмыстарының сапасы тексерілді.

Аудандық жолаушылар көлігі

және автомобиль жолдары бөлімі

Жасыл энергетика Қапшағай қаласында өте белсенді дамуда. Мысалы, бүгінде қуаты 3 МВт "Қапшағай" және қуаты 5 МВт "Сарыбұлақ" күн электр станциялары, сондай-ақ қуаты 9 МВт "Сарыбұлақ" жел электр станциясы жұмыс істейді. Екі СЭС-тің жылдық болжамды өндірісі 14,1 млн кВт*сағ құрайды, бұл атмосфераға СО2в шығарындыларының 7,5 мың тоннасын болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл елдегі біріңғай жүйеге жіберіліп отырады.

Айта кетсек, күн электр станциялары күнді бақылау жүйелерімен жабдықталған. Қондырғылары күннің күйін бақылайды және автоматты түрде күн модулдерінің тиімді бағытын қамтамасыз етеді. Осылайша, электр энергиясын өндіру фотоэлектрлік жүйенің статикалық орналасу әдісімен салыстырғанда орта есеппен 20-25% - ға артады. 2018 жылдың шілде айында "Сарыбұлақ ЖЭС" ЖШС және "Сарыбұлақ-2 ЖЭС" ЖШС жел электр станциясы іске қосылды, оның құрамына жалпы өндірістік қуаты 9,0 МВт болатын 11 жел генераторы кіреді, 5 жұмыс орны құрылды. Жоба бойынша барлығы 3174,9 млрд. теңге инвестиция игерілді.

Соңғы 9 айда жалпы сомасы 391,0 млн.теңгеге 15,2 млн. квт/сағ электр энергиясы өндірілді.

Қала әкімінің сөзінше, бүгінгі таңда күн энергиясын тиімді қолдануға ерекге көңіл бөлініп жатыр. "Мемлекет басшысының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бастамасымен қос нысан іске қосылып қарқынды одан әрі үдетті", - деді Нұрлан Құматаев.

Шығыс Қазақстан облысымен шекаралас облыс аумағына санитарлық бекет орнатылды.  Өңірге кіріп-шығатын азаматтарға сауалнама мен медициналық тексеріс жүргізілуде. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, бекеттерге жұмылдырылған қызметкерлер жеке қорғану құралдарымен тамақтану және жылыту пунктімен қамтамасыз етілген.

«Бүгінгі күні Алматы облысында коронавирус инфекциясының 5251 жағдайы тіркелді. Ал соңғы тәулікте облысымызда COVID-19 пневмониясының 14 жағдайы тіркелді. Өсу қарқыны 0,2% құрады.Осыған байланысты №31 қаулы бойынша карантин режимі өзгертілді»,– деді Асхат Чарапиев.

ЕндіАлматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, өңірде сыйымдылығы 50 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы тоқтайды.

Ойын сауық, спорттық іс шараларды (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар) өткізуге және адамдар көп жиналатын өзге де іс шараларды өткізуге әлі де қатаң тиым салынуда.

Халыққа байланыссыз қызмет көрсету жөніндегі объектілердің қызметі, мысалы автожуу, автомобильдерді жөндеу, шиномонтаж орталықтарына шектеусіз  жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Моншалар, сауна, СПА орталықтарының жұмысы жалғасуда, бірақ толымдылығы 50%-дан аспауы керек.

Ал, демалыс және мерекелік күндері ойын сауық кешендерінің қызметі толығымен тоқтап, қоғамдық тамақтану объектілері жеткізу әдісімен жұмыс істейді.

Общая сумма отчислений и взносов работодателей и индивидуальных предпринимателей за обязательное социальное медицинское страхование по Алматинской области, поступившая за октябрь 2020 года  составила 1,36 млрд. тенге.

Сумма поступлений за месяц по республике (с 01 по 31октября 2020 года) составила 22,7 млрд. тенге.

Как отмечает директор филиала НАО «ФСМС» по Алматинской области Нурлан Отаргалиев, воктябре месяце по Алматинской области 806,3 млн. тенге приходятся на отчисления работодателей и 557,7 млн. тенгена взносы индивидуальных предпринимателей и лиц, работающих по договорам гражданско-правового характера.

Все поступившие за ОСМС средства хранятся в Национальном банке, с которым заключен договор доверительного управления, и в последующем будут направлены на оплату услуг, оказываемых в рамках ОСМС.

 

Филиал по Алматинской области 

НАО «Фонд обязательного социального медицинского страхования»

Сейсенбі, 10 Қараша 2020 16:22

ТАБИҒАТҚА БІР ҚАДАМ ЖАҚЫНДАҢЫЗ

«Жаһандану», «болашақ», «күнкөріс» деген ұранмен тас қаланың тар жолында көпшілігіміздің өміріміз өтіп жатқаны рас. Таңертең жұмысқа, кешке үйге асығып жүгіретін аяқ астындағы сұр асфальттай айналамыз да сұрланып, көмескіленіп кеткендей көрінеді. Мұның бір себебі – Табиғат-Анадан алыстап бара жатқанымыз.

Өйткені табиғаттың тамашасына тамсана қарау да адам баласына әл-қуат береді. Адам жанын зерттеуші ғалымдар бұны талай мәрте дәлелдеген. Сондықтан күнделікті күйбең тірлікті бір сәтке ысырып қойып, таза ауамен тыныстап қайтуды әдетке айналдырыңыз. Күздің әдемі күнінің бірінде біз де дәл осы оймен Алматы мемлекеттік табиғи қорығына барып-қайттық. Табиғи қорықтың Табиғат кешендері мен нысандарын қорғау бөлімінің басшысы Данияр Сайланұлы жол бастап, қорықтың тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы Табиғат кешендері мен нысандарын қорғау бөлімінің басшысы Данияр Садуақасов

«Алматы мемлекеттік табиғи қорығының негізі сонау 1931 жылы қаланған. Ол кезде аумағы 13 гектар болған қорық қазірде 71 700 гектарға созылып, Еңбекшіқазақ пен Талғар аудандарын қамтып жатыр. Ең жоғарғы нүктесі – Талғар шыңы теңіз деңгейінен 4978,8 метр биіктікте орналасқан. Қорық таулы аймақта жатқандықтан мұнда биік таулы мореналық көлдер мен мұздықтар көп. Жалпы көлемі 233,7 шаршы шақырымды алатын 160  мұздық тіркелген. Олардың 49-ы Есік өзені бассейнінде. Сонымен қатар 30-ға жуық мореналық көл бар. Ең жоғарыда жатқан Түрген-1 көлі теңіз деңгейінен 3750 метр биікте. Ал көлемі жағынан ең үлкен мореналық көл – 3100 метр биіктегі  Ақкөл, көлемі – 3 млн. метр куб. Биік таулы мореналық көлдер мен мұздықтардың көптігінен бұл аймақта тасқын қаупі де жоғары», – дейді қорық қызметкері.

Тасқын демекші, 1963 жылғы селден кейін Есік көлінің бас жағында салынған бөгеттің тұсындағы шатқалда кезінде Кеңестің жартасқа өрмелеуші спортшылары жаттыққан екен. Мұнда Қызыл кітапқа енген шахин құсының ұя салғанын көргеннен кейін спортшылардың кіруіне шектеу қойылыпты.

 

Шахин

Қорық аумағында Қызыл кітапқа енген құстардан тек шахин емес, одан бөлек бүркіт, сақалтай, бидайық, орақтұмсық, құмай, үкі, көк құс, қара ләйлек, лашын, бақалтақ бүркіт те бар. Ал жалпы, құстың 117 түрі Алматы қорығын мекен етеді екен.

«Қорығымыздағы жабайы табиғи байлықтар жиынтығы ғылыми негізде зерттеліп, толықтай есепке алынған» деген Данияр Садуақасов: «Мұнда сүтқоректілердің – 39, бауырымен жорғалаушылардың – 7, қосмекенділердің – 1 және жәндіктердің 900-ден астам түрлері кездеседі. Хайуанаттардың 22 түрі Қызыл кітапқа енген», – дейді. Олардың ішінде ілбіс, ақ тырнақты Тянь-Шань қоңыр аюы, Түркістан сілеусіні, тас сусары бар.

Таутекелер

 

Қорықты мекендеуші жануарларға жылына екі мәрте, көктем мен күз мезгілдерінде санақ жүргізеді. Санақтың екі түрі болады екен. Бірі – аң-құсты көзбен көріп, есепке алу болса, екіншісі – олардың жүріп өткен ізін зерттей отырып жасалатын санақ. Кәсіби қорықшылар жануарлардың ізіне қарап, аталығы мен аналығын бір-бірінен оңай ажыратып қана қоймай, қай уақытта, қандай жағдайда өткенін де ашып айта алады. Біз өзен жағалауынан бір топ еліктің ізін көрдік. Құмға түскен із ап-анық екен. Ал қорықшылар аң-құстың ізін өсімдіктердің жапырылып, тапталуынан да, бұталардың майысып-сынуынан да байқай алады.

Территориясы талай жерді алып жатқан қорық өсімдік дүниесіне де бай. Мұнда қазіргі таңда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 960 және төменгі сатыдағы өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың 480 түрі бар. Осылардың ішіндегі 14-і көне, 18-і эндемикалық, яғни жергілікті түрлер. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 29 түрі мен саңырауқұлақтардың 1 түрі еліміздің Қызыл кітабына енгізілген. Әрине, мұның бәрін қорықты аралаған 2-3 сағатта кездестіре алмаймыз. Ал бұл олқылықтың орнын толтыру үшін экскурсияны Алматы қорығының табиғи мұражайынан бастауыңызға болады. Талғар ауданында орналасқан мұражай 1967 жылы 5 қарашада ашылған. Мұнда шөлді және таулы жер бедерлерінің сипаттамасымен берілген көріністен жануарлар мен өсімдіктер әлемімен, энтомологиялық жәшіктердегі жәндіктердің ғылыми жиынтықтарымен таныса аласыз. Сонымен қатар мұражайда 3000-ға жуық сұлбалар мен тұлыптар жиынтығы қойылған. Олар жайлы, әрі қорықтың тыныс-тіршілігі мен міндет-мақсаты туралы теориялық ақпарат алғаннан кейін экологиялық соқпаққа жол тартуға болады.

Есік көлінің жоғары жағындағы селден қорғау бөгеті

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында туризмге рұқсат жоқ. Дегенмен, оқыту-ағартушылық және ғылыми-танымдық экскурсиялар өткізу мақсатында экологиялық соқпақтар ұйымдастырылған. Қорық аумағында «Есік өзені», «Сол Талғар» және «Оң Талғар» деген 3 соқпақ бар. Олардың жалпы ұзындығы 26,5 шақырымды құрайды. Арнайы белгіленген бұл жолмен жүріп өткен турситер құлама құздар, шатқалдар, қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты ормандардан өтеді. Әрі сол маңды мекендейтін еліктер, таутекелер мен ілбісті де байқап қалулары бек мүмкін.

Иә, бізді қоршаған табиғатты төрімізде тұрған теледидардан емес, айналамыздан, тірідей бақылап көргенге не жетсін. Әрі демалып, әрі табиғат туралы таным-түйсігімізді арттырып қайтамыз.

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

 

Сегодня, директор департамента добропорядочности Агентства РК по противодействию коррупции Ганижан Асанулы, Председатель Республиканского информационно-просветительского штаба при Агентстве Ырза Турсынзада и аким Алматинской области Амандык Баталов провели встречу с активом нашей области.
Основная цель - создание конструктивного диалога и развитие принципов добропорядочности через расширенную информационную деятельность. Штаб предусматривает проведение разъяснительных встреч с применением различных подходов для разных слоев населения. Во всех областях страны начиная с прошлого года проводится работа региональных информационно-просветительских штабов для обеспечения полномасштабного охвата населения.
В составе Штаба Алматинской области вошли более 100 человек из различных сфер в том числе, общественные деятели, почетные граждане области, блогеры, предприниматели, представители СМИ и гос.служащие. С начала текущего года Штабом проведена информационно-разъяснительная работа в различных форматах по всей области, организовано порядка 90 мероприятий. Опубликовано в информационных агентствах и печатных издания более 40 материалов.
С начала текущего года с участием членов ИПШ снято более 50 видеороликов. Ежедневно проводятся прямые эфиры с участием общественных деятелей по всех районах области.
В свою очередь, Председатель Штаба, отметила, что проблемы с коррупцией невозможно решить за короткий по историческим меркам срок построения правового государства в нашей стране. Необходимо воспитать целое поколение граждан с качественно новым правовым сознанием.
На встрече Директор департамента добропорядочности агентства Ганижан Асанулы рассказал о проектах реализуемых Агентством в целях изменения мировоззрения, формировании антикоррупционной культуры и прочного иммунитета в обществе. Одним из инструментов обеспечения открытости и доступности государственных служащих для населения является проект «Сервисный акимат». Глава государства Касым-Жомарт Токаев в своем Послании к народу Казахстана «Конструктивный общественный диалог – основа стабильности и процветания Казахстана», поставил задачу «воплотить в жизнь концепцию «слышащего государства», которое оперативно и эффективно реагирует на все конструктивные запросы граждан» - отметил Ганижан Асанулы.
Глава региона отметил, что сейчас в Алматинской области значительно снизился уровень коррупции, проводится активная работа по внедрению новых действенных методов, усилена работа государственных органов, расширены возможности привлечения общественных и неправительственных организации, обеспечена информационная открытость. При этом он отметил, что профилактические мероприятия Республиканского информационно-просветительского штаба придают новый импульс в борьбе с коррупцией. В целом, за 10 месяцев 2020 года проведено более 1500 мероприятий по формированию антикоррупционной культуры в различных сферах.
Одним из приоритетных факторов по борьбе с коррупционными проявлениями является открытость и доступность, реализуемая посредством открытия сервисных акиматов. Алматинская область является одним из флагманов в данной работе, на сегодняшний день в области открыто 16 сервисных акиматов, до конца текущего года планируется открыть сервисные акиматы во всех районах и городах области. К примеру, сегодня планируется открытие сервисного акимата в городе Капшагай. Торжественное открытие пройдет с участием Г.Асанулы, Ы.Турсынзады и активом города.
В целом, программа профилактических мероприятий членов Штаба насыщена, только сегодня планируется посетить более 5 объектов в двух городах области.
По итогам совещания аким области Амандык Габбасович предупредил всех руководителей государственных органов о строгом соблюдении антикоррупционного законодательства и дал ряд конкретных поручений.

Департамент Агентства Республики Казахстан

по противодействию коррупции по Алматинской области

Соңғы жаңалықтар

Қаз 03, 2024

Ерлан Барлыбаев: "Үкімет ұсынғандай…

Елімізде 6 қазан күні АЭС салу бойынша референдум өтеді. Осыған байланысты VIII сайланған…
Қаз 03, 2024

Международные стандарты в…

Строительство атомной электростанции – это масштабный и сложный проект, требующий…
Қаз 03, 2024

Алматы облысында референдумға…

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының…
Қаз 03, 2024

И след простыл: как современные…

Углеродный след человечества — тяжелый груз для планеты, который ей все труднее нести.…
Қаз 03, 2024

АЭС ел экономикасының өркендеуіне…

Ақтөбе облысындағы халықтық штаб мүшелері «Қамқор вагон» ЖШС-нің ұжымымен кездесу…
Қаз 03, 2024

Атомная энергетика не может быть…

Лэйла ТАСТАНОВА В преддверии референдума по вопросу строительства атомной электростанции…
Қаз 03, 2024

Имеем средство от рака в руках, но…

Более 200 тысяч человек в Казахстане состоят на учете как онкобольные. И 12 тысяч…
Қаз 03, 2024

Эксперт разобрал мифы и реальность о…

Директор департамента атомной энергетики и промышленности Министерства энергетики…
Қаз 03, 2024

Атом энергетикасын дамыту экологияға…

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның ғылыми орталығы бастығы, физика-математика ғылымдарының…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет