Шымкент қаласында «Kazmedpribor» ЖШС-ы ИВЛ аппараттарын шығаруды бастады. Кәсіпорын тәулігіне 20-25 құрылғы шығаруға қауқарлы.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов: «Өздеріңіз білесіздер, коронавирус ауруы қатты өршіген кезде қалаға желдеткіш аппараттары қажет болды. Біз Kazmedpribor компаниясымен осындай құрылғыларды шығару мүмкіндігін талқыладық, нәтижесі – міне. Өнімдер сертификаттаудан өтті, кәсіпорын желдеткіштер шығаруды бастады. Аптаның аяғына дейін алғашқы 88 ИВЛ аппараты жергілікті ауруханаларға жеткізіледі. Жақын арада ауруханалар мен емханалар Шымкентте шығарылған жабдықтармен қамтамасыз етіледі, – дейді.

Kazmedpribor – коронавируспен күресу үшін қажетті медициналық техника шығаратын бірден-бір кәсіпорын. Кәсіпорын 50 мың дана медициналық жабдық, 150 мың дана медициналық жиһаз, 1000 автомобиль өндіруге қауқарлы. Kazmedpribor Германия, Жапония, Корея компанияларымен бірлесіп, 300-ден астам медициналық бұйымдар шығарады. Өнімнің негізгі түрлері: медициналық машиналар; пациенттерге арналған мониторлар; ЭКГ аппараты; функционалды кереуеттер және өзге де жабдықтар.

Мұхаммед пайғамбарға қатысты «Сharlie Һebdo» журналының жариялаған келемеж суретіне қатысты ҚМДБ мәлімдеме жасап, барша мұсылман қауымын төзімділікке, парасаттылыққа шақырды.

Құрметті мұсылман қауым!

Соңғы кездері әлемде сөз еркіндігі мен демократия астарында жекелеген этностарды немесе конфессияларды балағаттау, кемсіту, арандату жиі көрініс таба бастады. Әрине, мұндай жағдай көпшілік елдерді, халықтарды және түрлі дін өкілдерін қатты алаңдатады. Бұл бір жақтан, радикалдық көзқарас пен лаңкестікті, екінші жақтан, конфессияаралық өшпенділік пен араздықты тудыруда.

Жуырда Францияның «Charlie Hebdo» журналының Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келемеж суретін салуы және кейбір билік өкілдерінің айтқан қисынсыз пікірі әлемдегі барлық мұсылмандардың ашу-ызасына себеп болды.

Төзімсіздік пен өшпенділіктің әлеуметтік-экономикалық, саяси және заңнамалық себептерінен өзге, қоғамда қалыптасқан мәдени және рухани құндылықтардың құлдырауына, қоғамның тұтастығы мен мәдениетаралық қатынастың бұзылуына алып баратыны сөзсіз. 

Әйтсе де, шынайы мұсылман өзінің пайғамбарына болған сүйіспеншілігін, оның нағыз үмбеті екенін сенімі мен ізгі істері, әдептілігі мен көркем мінезі арқылы көрсетеді. Сонымен қатар, мұсылмандар өз діні мен пайғамбарын қорлауға жол бермейді. Себебі, пайғамбарға иман келтірумен қатар оны қорғау да мұсылманның міндеті болып табылады.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердiң ешқайсыларың менi ата-анасынан, бала-шағасынан және барлық адамзаттан артық жақсы көрмейiнше, толық иман келтiрген болып саналмайды» деген (Муслим).

Осы жағдайға байланысты, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өзінің келіспеушілігін білдіреді және мұсылмандарды түрлі арандатушылық әрекеттерге берілмей, барлық амалдардың шариғат әрі заң шеңберінде шешілуі тиіс екендігін жеткізеді. Еліміздегі дін өкілдері мен қарапайым халықтың кейбір саяси күштер мен түрлі радикалдық топтардың құрбаны болып кетпеуін қалайды.

Ислам діні – өзге мәдениеттерге төзімділігі мен сұхбатқа ашықтығының арқасында көптеген елдер мен халықтардың жергілікті мәдениеттерін бірегей арнада тоғыстырған дін. Сондай-ақ, Ислам діні басқа діндерге, көсемдері мен ғибадатханаларына құрметпен қарауға бұйырады, кез келген дінді кемсітуге, олардың діни рәміздерін бұзуға тыйым салады.

Құрметті бауырлар, ардақты ағайын!

Әрбір мұсылман кез келген дін және діни қатынастарға қатысты сөз болғанда мәселенің нәзіктігін ескеріп, оны түсіндіру мен таратуда өзінің рөлі мен қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін терең сезінуі тиіс.

Осы бір жағдайда барша мұсылман қауымын төзімділікке, парасаттылыққа шақыра отырып, Жаратушы Иемізден елімізге тыныштық, халқымызға амандық, асыл дініміздің өркендеуін тілейміз. 

Алматы облысы әкімінің өкімімен Нұртас Тынышбайұлы Қиялбеков облыстық ветеринария басқармасының басшысы болып тағайындалды.

 

1976 жылы туған. Семей мемлекеттік университетін ветеринарлық-санитарлық дәрігер мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын Ақсу ауданында Қызылағаш жылқы зауытының №4 бөлімшесінің санитарлық фельдшері болып бастаған. Әр жылдарда «Ақсу ветсервис» ЖШС Қызылағаш учаскесінің ветеринарлық дәрігері, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Талдықорған қалалық аумақтық басқармасы ветеринариялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Талдықорған қалалық аумақтық инспекциясының ветеринария бөлімінің бастығы, инспекция бастығының орынбасары, аталған комитеттің Текелі қалалық аумақтық инспекциясының бастығы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қағалау комитетінің Талдықорған қалалық аумақтық инспекциясының бөлім басшысы, Талдықорған қаласының ветеринария бөлімінің басшысы болды.

2018 жылдың мамырынан – Алматы облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Бұл туралы primeminister.kz сайты жариялады. 

Төтенше жағдайлар министрі Ю. Ильин, Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов баяндама жасады. Биылғы 1 қыркүйектен бастап ҚР тұрғын үй секторында 1 369 өрт орын алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға төмен. Өрт жағдайының артуы Шымкент, Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында байқалады. Бұл көп жағдайда электр жабдықтары мен пешпен жылыту жүйелерінің дұрыс пайдаланылмауына байланысты.

«Мемлекет басшысы жаңадан құрылған Төтенше жағдайлар министрлігінің алдына азаматтық қорғау мәселелерін дамыту және жетілдіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою міндеттерін қойды. Алдын алу мен ден қоюдың тиімді жүйесін құруға бағытталған шаралар қабылдау қажет. Азаматтар мен олардың мүлкін авариялар мен апаттардан қорғауды қамтамасыз ету керек», — деді А. Мамин. 

Үкімет басшысы 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейін 404 өрт сөндіру автомобилін және 19 мың бірлік жабдық пен жарақ сатып алу арқылы өртке қарсы қызметтің жарақтандырылуы артқанын атап өтті. Бұл жұмыс елордада, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Атырау мен Қарағанды облыстарында жақсы жолға қойылған. Бұл ретте Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарының әкімдіктері осы мақсаттарға жеткілікті қаражат бөлген жоқ.

Премьер-Министр ТЖМ-ге өрттің алдын алу бойынша жұмысты нақты үйлестіруді, күштер мен құралдардың оларды жедел сөндіруге дайындығын қамтамасыз етуді, әсіресе, тұрғын үй секторы мен қоғамдық нысандарда бұзушылықтарды анықтауды және өрт қауіпсіздігінің жай-күйін бақылауды жалғастыруды, ІІМ және әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесіп, тиісті рейдтік іс-шараларды жандандыруды тапсырды. Үкімет басшысы ҚР өртке қарсы қызметін материалдық-техникалық жарақтандырудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасын әзірлеп, бекітуді тапсырды. Өңірлердің әкімдіктеріне әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылым объектілерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырылды.

«Әлеуметтік сала объектілерінде орналасқан қазандықтардың жұмысын ерекше бақылауға алып, оларды ғимараттан шығару мәселесін жылдамдатып шешу керек. Өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру жұмыстарын жалғастырған жөн», — деді А. Мамин. Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне бір ай ішінде газ-техникалық инспекция құруды және «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР заңына сәйкес (Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Ақмола және Қостанай облыстарында жасалған) газ жабдығына тиісті бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. ТЖМ-ге өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, жылыту маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша халықпен профилактикалық жұмысты күшейту туралы тапсырма берілді.

Дереккөз

Сейсенбі, 03 Қараша 2020 10:35

Медициналық транспорт таратылды

192 арнайы автокөліктің кілтін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов медицина қызметкерлеріне табыстады. Жаңа технологиямен жан-жақты жабдықталған бұл көліктердің 12-сі – жылжымалы медициналық кешен, ал 180-і – жедел жәрдем көлігі. Осылайша, облыстағы медициналық транспорт 80%-ке жаңарды. Жедел жәрдем бригадасы 165-тен 205-ке артты.

Аталған көліктердің екеуі Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасына, біреуі Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға бұйырды. Сондай-ақ 20 жедел жәрдем көлігі ауданның жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. Оның он төрті жаңадан қосымша берілсе, алтауымен ескі көліктерді алмастырған. 

«Өңірде халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша барлық шара қабылданып жатыр. Пандемия басталған кезде вируспен алғаш бетпе-бет келу қиын болды. Ең алдымен не істеу керек екенін, қалай емдеу қажет екенін білмедік. Алайда қазір инфекцияның екінші кезеңіне дайындық барысында бұған дейін жіберілген қателіктер ескерілді», – деді облыс әкімі Амандық Баталов.

Алматы облысына пандемиямен күреске 13 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Оның 8,8 миллиарды коронавирустың екінші кезеңіне дайындыққа бағытталған. Талдықорғанда 200 науқасқа арналған жаңа аурухана салынды, ПТР зерттеу саны артты. Облыстағы 13 аурухана оттегі станцияларымен қамтамасыз етілді. Жылжымалы шағын емханалар түріндегі арнайы автокөліктер сатып алынды.

«Арнайы жылжымалы көліктің арқасында шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары сапалы медициналық қызметке қол жеткізе алады. Әрбір жедел жәрдем көлігі қазіргі талаптарға сай жабдықталған, оның ішінде жасанды тыныс алу аппараты да бар», – дейді өңір басшысы.

Жылжымалы медициналық кешендер ішінде жалпы қабылдау, акушер-гинеколог, сәулелі диагностика, жалпы тәжірибелік дәрігер аймағы, дәріхана, талдау қабылдайтын аймақ, УДЗ кабинеті бар. Сонымен қатар арнайы автокөлікте флюорография мен рентген түсіруге болады. Мүгедектігі бар адамдар үшін көлікте пандус-лифт те қарастырылған. 

Облыс медицинасын тек техникамен ғана емес, білікті мамандармен де қамтуды көздейтінін айтқан облыс әкімі: "Біз қазірдің өзінде Алматыдан, Нұр-Сұлтан қаласынан 300-ден астам тәжірибелі мамандарды шақырдық. Тұрғын үймен қамтамасыз еттік. Оған қоса жаңа коттедж қалашығынан да үй бөлеміз. Сонымен бірге Талдықорған қаласында 60 пәтерлік үйдің жобасы дайындалуда. Осының бәрі медицина мамандарын баспанамен қамту үшін жасалып жатыр. Олар халықтың денсаулығын сақтауда, әсіресе, індетпен күрес кезінде алдыңғы шепте жүреді. Сондықтан әрқашан оларды қолдауымыз керек", – деді.

Жалпы, биыл Алматы облысында 12,9 млрд. теңгеге 17 медициналық нысан салынуда, олардың қатарында амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер бар. 7 нысанның күрделі жөндеуіне 3,0 млрд. теңге бөлінген. Мұның барлығы да –  ел игілігі үшін жасалып жатқан шаруа.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Алматыда санитарлық-эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды өткізу туралы қаланың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Құжат Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды.

Жарияланған қаулыда қазан айында КВИ жұқтыру жағдайы екі есеге 165-тен 360 –қа дейін өскені айтылған.

Коронавирус инфекциясы жағдайларына эпидемиологиялық тексеру жүргізілді. Нәтижесінде адамдар індетті ұжымда, қоғамдық орындарда, соның ішінде көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістерінде, қоғамдық көлікте жұқтырғаны және жасы 60 асқан адамдар жиі жұқтыратыны анықталды.

Құжатқа сәйкес мынандай профилактикалық шараларды жүргізу қажет:

– аптасына 3 рет кіреберістерді, көпқабатты үйлердің баспалдақтарын, тұтқаларды, қабырғаларды, есік тұтқаларына дезинфекция жасау; балалар ойын алаңдарын және тұрғындардың демалатын орындарын (орындықтар) үйлердің айналасын күнделікті тазалаумен дезинфекциялау;

– әр рейстен кейін соңғы аялдамаларда қоғамдық көліктердің ішін, тұтқаларды дезинфекциялық құралдармен тазалап, дезинфекция жасау жұмыстарын күшейту; 

– мекеме ғтмараттары мен кеңселерде дымқыл тазалау мен дезинфекциялауды қамтамасыз ету.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 732 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 344 бала бар. Стационарларда 2 482 науқас жатыр. 2 250 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 161 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 19 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.

* КВИ+ (оң нәтижелі ПТР), КВИ- (теріс нәтижелі ПТР)

***

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 3.11.2020г.

На данный момент лечение от коронавирусной инфекции продолжают получать 4 732 человека, среди которых 344 детей. В стационарах находится –2 482 пациент, на амбулаторном уровне – 2 250. 161 человек находятся в тяжелом состоянии, 19 – крайней степени тяжести, 21 - на аппаратах ИВЛ.

Министерство здравоохранения сообщает о том, что информация о суточных данных и общем количестве заболевших и умерших от коронавирусной инфекции с положительным ПЦР-тестом, а также КВИ с отрицательным ПЦР -тестом будет публиковаться на официальном сайте и социальных страницах ведомства.

*КВИ- (ПЦР-тест отрицательный), КВИ+ (ПЦР-тест положительный)

Дүйсенбі, 02 Қараша 2020 21:13

9 айдың жұмыс қорытындысы қандай?

Алматы облысы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысы жайлы брифинг өтті.

Қор филиалының басшысы Нұрлан Отарғалиев өткен 9 айдағы жұмыс қорытындылары туралы хабарлады. Өз баяндамасында келесі қызмет түрлері бойынша қаржыландырудың айтарлықтай артқанын атап өтті, олар:

Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту (7 235%);

Консультациялық-диагностикалық көмек (1 219%);

Профилактикалық тексерулер (257,2%);

Стационарды алмастыратын көмек (235,4%).

«Жылдық жоспарға сәйкес 9 айға 89 млрд. теңге қарастырылды, оның 82 млрд.теңгесі игерілді, бұл жоспардың орындалуының 92,4% сәйкес», - деп филиал директоры атап өтті.

2020 жылдың 1-ші қазанындағы жағдай бойынша 70 медициналық мекемемен келісім шарттар жасалды, оның ішінде мемлекеттік меншіктегі - 43 (61,4%), жеке меншіктегі - 27 (38,6%) мекеме.

Сонымен қатар, Н. Отарғалиев облыс бойынша эпидемияға қарсы іс-шаралар аясында қаржыландыруды атап өтті.

«COVID-19 таралуын алдын-алу мақсатында іс-шараларды қаржыландыруға 2020 жылы Алматы облысы бойынша 12,4 млрд. теңге бөлінді.

9 ай ішінде келесі төлемдер жүргізілді:

- Медициналық қызметкерлерді ынталандыруға - 4,7 млрд. теңге;

- Стационарға - 3,4 млрд. теңге;

- ПТР зерттеуге - 1,4 млрд. теңге;

– Мобильді бригадалар жұмысына - 151 млн.теңге.»

Қазіргі таңда, облыс бойынша 488 824 адам сақтандырылмаған. Сондықтан, облыстың әрбір тұрғыны өзінің сақтандыру мәртебесін анықтауы қажет. Себебі, облыстағы әрбір 4-ші сақтандырылмаған болып саналады.

Филиал директоры өз баяндамасында Қор пациенттердің құқықтарын қорғайтындығын атап өтті. Азаматтардан сақтандыру мәртебесінің болмауына байланысты тегін кепілдендірілген көмек көлемі шеңберінде медициналық қызметтерге қол жеткізе алмау туралы өтініштер келіп түсуде. «Еске сала кететін жайт, сақтандырылу мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқығы бар. Алайда, жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болу қажет», - деп нақтылады филиал директоры Н. Отарғалиев.

9 айдың ішінде (қаңтар-қыркүйек) 381 өтініш тіркелді. Өтініштердің негізгі сипаты медициналық көмектің сапасына байланысты.

Соңғы айларда облыс бойынша науқастардың шағымы, медициналық мекемелердің арасында келісім шарттың болмауына орай, медициналық қызметтерді қабылдай алмауымен байланысты. Осындай жағдай оранғанның өзінде, келісім шарт жасаспаған медициналық мекемелерге, яғни науқастарды кез келген медициналық ұйымға, таңдауы бойынша жіберуге болады. Ең бастысы жолдама берілен мекеме Қормен шарт жасасуы тиіс. Осындай мекемелердің тізімін Қордың сайтынан көруге болады.

Халыққа ыңғайлы болу үшін Қор кері байланыстың түрлі арналарын ұсыну бойынша жұмыс жүргізуде. Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы іске қосылды және табысты жұмыс істеуде. Қосымша көмегімен науқастарға кеңес алуға, шағым беруге, сақтандырылуға мүмкіндік бар.

Сондай-ақ, кез-келген адам Қордың Алматы облысы бойынша филиалында ұйымдастырылған азаматтарды қабылдау кабинетіне ақпарат алу үшін келе алады.

Қордың негізгі міндетін атап өтетін болсақ, бұл - еліміздің әрбір азаматына медициналық көмекке қолжетімділігін қаматамасыз етіп, сапасын арттыру арқылы жоспарламаған қаржылық шығындардан қорғауды ұйымдастыру. Осыған байланысты, өз қызметін тұрақты даму қағидаттарында жүзеге асыратын, халықтың сеніміне ие болатын және медициналық қызметтер нарығын дамытуға жәрдемдесетін әлеуметтік бағдарланған және транспарентті ұйым ретінде Қордың мақсаты айқындалады.

МӘМС жүйесіндегі ағымдағы мәртебеңізді (сақтандырылу мәртебесін) Қор сайтында плагинді пайдалана отырып (fms.kz), телеграм-бот арқылы (https://t.me/SaqtandyryBot) және egov.kz порталында анықтауға болады. Сонымен қатар, Қордың тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 колл-орталығының жұмыс істеуін еске саламыз.

Дүйсенбі, 02 Қараша 2020 21:10

Мейірімді жандар мерекесі

«Жетімді жылатпа, жесірді қаңғытпа» дейді ата-бабамыз. Өзгенікі деп өзектен теппей, қамқорсыз қалған баланы бауырына басып, отауын тігіп, еншісін беруді парыз санайтын ұлттың ұрпағымыз. Қанға сіңген бұл қасиеттің қадірін жастарға түсіндірудің орны бөлек.

Осы орайда «Қамқоршы күнін» атап өту елімізде дәстүрге айналды. Бұл игі істің басты мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларды қолдау, өздерінің отбасыларына балаларды алуға ниет білдіретін азаматтардың санын көбейту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Мереке қарсаңында Абыхан Жексембеков атындағы орта мектептің әкімшілігі тағдырдың тауқыметін арқалап, сәби шағынан ата-анасыз қалған балаларды бауырына басып, мейірімділік танытып отырған мейірімді жандарды құттықтап, сый-сияпат жасады. олардың үйлеріне арнайы барып, балаларға жасап отырған қамқорлығын ерекше атап, алғысын айтқан мектеп директоры Гүлбахыт Қасымжанова Мамир Мустафаев пен Тоқта Еримбетоваға Алғыс хат тапсырды.

Алақан жылуын, мейірімділікті аңсаған әрбір жанның жүрегіне жылулық ұялатып, бақыт сыйлап отырған барша азаматтарға алғыс білдіреміз. Болашағымыз жарқын, ұрпағымыз бақытты болсын десек, бір-бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямайық, ағайын!

 

А.Қуатбаева,

А.Жексембеков атындағы орта мектептің

әлеуметтік педагогі

Дүйсенбі, 02 Қараша 2020 18:10

572 млн.тенге выделили на ремонт ДК

Место массового отдыха жителей города Иссык –районный дом культуры, проходит реставрацию в рамках государственной программы «Дорожная карта занятости». На ремонтные работы объекта, из областного бюджета было выделено 572 миллиона тенге. И на сегодняшний день завершены 80 % основной работы. Об этом в ходе выездной пресс-конференции «Jetisý Media», сообщил акимЕнбекшиказахского района КуанышбекКашкимбаев.

Здание территорией в 3200 кв.метров, было возведено в 1982 году. Здесь, капитальный ремонт не проводился последние 15 лет. Ранее холодное здание храма культуры отапливалось посредством обдува. А с этого года будет на базе газа и дизельного топлива. Оно рассчитано на 480 зрительных мест и в скором времени позволит нескольким отделам государственной службы получить административный офис. К примеру, совсем скоро свободные офисы ДК, а их в общем количестве около 30, будут выданы таким организациям как: молодежный ресурсный центр, языковой центр, отдел по вопросам молодежной политики.

 «Проектом предусмотрены помещения для проведения культурно-массовых мероприятий, приобщения сельчан к прикладному искусству. ДК оснастят световым и звуковым оборудованием. На реализацию программы «ДКЗ»в районе было выделено 8 млрд. 972 млн. тенге. Из них 572 млрд. направлены на ремонт районного ДК. Значительный вклад в муниципальную инфраструктуру вносят именно объекты культуры и спорта. Это не только новые рабочие места для сельских жителей, но и возможность проведения досуга, различных кружков и других интересных мероприятий культурного характера», - сказалакимЕнбекшиказахского района КуанышбекКашкимбаев.

Отметим, что сам актовый зал ДК уже оборудован современной акустической системой, а при реконструкции здания использованы строительные материалы Казахстанского производства.

По словам руководителя отдела строительства Енбекшиказахского районаАдильжанаСмагулова, внешняя отделка тоже заменена полностью и здание утеплено согласно стандартам.

«Внешний фасад здания обновлен, минеральную штукатурку мы заменили на термоплитку и в здании будет гораздо теплее, поскольку качество материалов очень высокое. На объекте в рамках «ДКЗ» было трудоустроено 87 человек, через центр занятости. Большая часть работ уже выполнена. Мы думаем, что к концу года мы завершим ремонт и будем сдавать объект на благо местного населения», - отметил он. 

К слову, в доме культуры действует 26 творческих объединений и коллективов, 5 народных оркестров, 56 ансамблей. Все они в ближайшее время отметят новоселье в обновленном Доме культуры.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 03, 2024

Ерлан Барлыбаев: "Үкімет ұсынғандай…

Елімізде 6 қазан күні АЭС салу бойынша референдум өтеді. Осыған байланысты VIII сайланған…
Қаз 03, 2024

Международные стандарты в…

Строительство атомной электростанции – это масштабный и сложный проект, требующий…
Қаз 03, 2024

Алматы облысында референдумға…

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының…
Қаз 03, 2024

И след простыл: как современные…

Углеродный след человечества — тяжелый груз для планеты, который ей все труднее нести.…
Қаз 03, 2024

АЭС ел экономикасының өркендеуіне…

Ақтөбе облысындағы халықтық штаб мүшелері «Қамқор вагон» ЖШС-нің ұжымымен кездесу…
Қаз 03, 2024

Атомная энергетика не может быть…

Лэйла ТАСТАНОВА В преддверии референдума по вопросу строительства атомной электростанции…
Қаз 03, 2024

Имеем средство от рака в руках, но…

Более 200 тысяч человек в Казахстане состоят на учете как онкобольные. И 12 тысяч…
Қаз 03, 2024

Эксперт разобрал мифы и реальность о…

Директор департамента атомной энергетики и промышленности Министерства энергетики…
Қаз 03, 2024

Атом энергетикасын дамыту экологияға…

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның ғылыми орталығы бастығы, физика-математика ғылымдарының…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет