Дүйсенбі, 02 Қараша 2020 16:07

Қамқорлығыңызға мың алғыс

29 қазан – Қамқоршылар күніне орай, әрі «Мейірімділік», «Ашық жүрек» қайырымдылық акциялары шеңберінде мектебімізде «Қамқорлығыңызға мың алғыс» тақырыбында үлкен іс-шара өтті.

Мақсатымыз – қайрымдылық, жақсылық жасау дәстүрлері жайында оқушыларға түсінік беру, оларды халқымыздың қайрымдылық дәстүрін жалғастыруға бағыттау. Сондай-ақ аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, үйден оқитын балаларға көмек көрсету. Қамқорсыз қалған балаларды тәрбиелеп,бауырына басып отырған қамқоршыларды төл мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар табысталды. Денсаулығына байланысты үйде отырып оқитын оқушыларымыз да сырт қалмады. «Ашық жүрек» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі балалармен әңгіме жүргізіп, ой-тілектерімен таныстық. Сондай-ақ мектеп қабырғасында ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға қатыстырып, оларға сыйлық берілді.

Адам өмірі екі нәрсемен қартаймайды, біріншісі – қайырымды ісі, екішісі – жүректен шыққан жылы сөзі. Әрқашанда бір-бірімізге жылы сөз айтып, бір-бірімізге қайрымды болайық.

 Н. Джилгельдиева,

О.Жандосов атындағы орта мектеп директорының

тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары 

Сенат депутаттары контингенті 181-ден 600 адамға дейінгі, бір сыныптағы балалардың саны 15 оқушыдан аспайтын ауылдық жерлерде орналасқан мектептердің жұмысын кезең-кезеңімен қайта бастауға қатысты депутаттық сауал жолдаған еді. Осыған байланысты ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді. ІІ тоқсанда контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептер дәстүрлі оқыту форматына көшірілетінін айтты. 

«Үкімет мектеп оқушыларын қашықтан оқытуға көшіру туралы шешімді факторлар кешенін, оның ішінде мектеп оқушылары арасында COVID-19-дың таралуының эпидемиологиялық тәуекелдерін, бастауыш сынып оқушыларының қашықтықтан оқытуға бейімділігін, мектептердің шамадан тыс тығыздалуын қоса алғанда, материалдық-техникалық жарақтандырылуын ескере отырып қабылдады. Мектептерде балалар арасында сырқаттанушылықтың алдын алуына бағытталған негізгі шаралар сыныпта және мектепте көп жиналуға жол бермеу, оқу және үзілістер кезінде қашықтықты сақтау мүмкіндігі, мектепте маска режимін және эпидемияға қарсы қатаң шараларды сақтау болып саналады. Бұл ретте, оқушылардың, әсіресе орта және жоғары сынып оқушыларының мектепте көрсетілген талаптарды сақтауын қамтамасыз ету айтарлықтай күрделі. Бұдан басқа, карантин режимінің белгіленген талаптары сақталмаған кезде жабық үй-жайларда балалардың көп шоғырлануы аурудың таралу қаупін тудырады», - дейді Үкімет басшысының орынбасары депуттарға қайтарған жауабында.

Сонымен қатар ол бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының өтініштері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, кезекші сыныпта білім алып жатқанына назар аудартады. Бұл ретте сыныпты 15 баладан кіші топтарға бөлу, ауысымдар мен кіші ауысымдардың санын ұлғайту, кабинеттік жүйені алып тастау, әр түрлі уақыттағы үзілістер, біржақты қозғалыс жүйесі, кіреберісте күнделікті температураны өлшеу, сыныптағы балалардың жай-күйін бақылау, желдету, кварцтау, үй-жайларды ылғалды жинау, медициналық кабинеттер мен изоляторлардың үздіксіз жұмыс істеуі, мектепте қатаң маска режимі қамтамасыз етілген.

«Бұдан басқа, жіті респираторлық инфекциялардың күтілетін ағымдық жағдайында ұйымдастырылған жабық ұжымдарды қалыптастыру коронавирустық инфекцияның берілу тәуекелін едәуір арттыратынын атап айту керек, бұл инфекцияның білім алушылар, педагогтар мен ата-аналар арасында тез таралуына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі барлық мектептерді штаттық оқыту форматына көшіруді ерте деп санайды. Бүгінгі күні бірқатар шет елдерде (Германияда, Ресейде, Англияда, Польшада, Францияда, АҚШ-та, Оңтүстік Кореяда, Үндістанда) күндізгі оқу кезінде коронавирустың тез таралуына байланысты мектептер карантинге жабылуда», - дейді ол.

Үкімет басшысы орынбасарының дерегінше, осы жылғы 25 қазанда елімізде оқушылар арасында COVID-19 ауруының 298 жағдайы тіркелді. Оның 127-сі офлайн режимде және 171-і қашықтан оқыған.

«ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2020 жылғы 26 қазанда 2020-2021 оқу жылының екінші тоқсанынан бастап контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерді дәстүрлі оқыту форматына көшіру, ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқытуға рұқсат ету туралы шешім қабылдады. Білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету, қашықтықтан оқыту кезеңінде балалардың біліміндегі ықтимал олқылықтардың орнын толтыру мақсатында Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп негізгі пәндер бойынша білім қималарын диагностикалау, балалардың оқу жетістіктерін ата-аналарға түсіндіру, артта қалған оқушылар үшін жеке консультациялар, каникулдық мектептер және ата-аналар мен балалардың қалауы бойынша консультациялық онкүндіктер өткізу бойынша жұмыс жүргізуде», - дейді Ералы Тоғжанов.

Премьер-Министр орынбасары еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі халық арасында, оның ішінде мектеп оқушылары мен білім беру ұйымдарының персоналы арасындағы сырқаттанушылыққа күнделікті талдау жүргізетіндігін, мектептердің карантин режимінде жұмыс істеуге дайындығын бағалайтындығын атап өтеді.

«Осының бәрін ескере отырып, ДСМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қаулыға контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерді дәстүрлі оқыту форматына көшіру, 1-5 сыныптардың кезекші сыныптарында (ата-аналардың өтініші бойынша), халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін (2020-2021 оқу жылының екінші тоқсанынан бастап) оқытуға рұқсат ету бөлігінде өзгеріс енгізеді», - дейді Үкімет басшысының орынбасары.

Дереккөз 

«Әліппені» енгізу 2021-2022 жылға жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті.

«Әліппенің» оқу бағдарламасына қатысты оқулықтар әзірлеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстың соңы ретінде 2021 жылдың қаңтар айынан бастап оқулықтар апробацияға енгізілетін болады. Ол үшін Білім және ғылым министрлігі апробация өткізетін пилоттық мектептердің тізбесін бекітті», – деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы бекіткен тізбеге байланысты барлық мектепте «Әліппе» бағдарламасы зерделенеді. «Одан кейін оқулық даярлаудың барлық кезеңдеріне байланысты толық талдау жасау жұмысы жүрігізіледі. Сараптамадан өткен оқулықтар жаңа оқу жылында енгізіледі. Жалпы, «Әліппені» енгізу 2021-2022 жылға жоспарланған», – деді Шолпан Каринова. Оның айтуынша, «Әліппе» Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалады.

Дүйсенбі, 02 Қараша 2020 11:03

Таныс та, бейтаныс өсімдіктер

ХХІ ғасырдағы адамдар дүкендердегі азық-түліктерге дағдыланған, табиғат аясында оардың көпшілігін танымауы мүмкін. Қарапайым азықтардың дүкен сөрелеріне келместен алдынғы көріністерін ұсынамыз.

Күріш

Күріш 10-12 °C температурада тікелей судан өніп өседі.

Әлем халқының жартысы осы өсімдікпен тамақтанады.

Жабайы күрішті есепке алмағанда, әлемде күріштің 7 мыңнан астам сұрыптары бар.

 

 

Күнжіт

© VidaHawaii / Shutterstock   © zhao jiankang / Shutterstock   © Swapan Photography / Shutterstock

Күнжіттің тағы бір атауы — сезам.

«Әли Баба және қырық қарақшы» ертегісінде «Сим-симашыл!» деген сиқырлы сөзде күнжіт туралы айтылған. Ертегінің авторы үңгірдің ашылу дыбысын піскен күнжіт тұқымы қауашағының жарылғандағы дыбысына теңеуге тырысты деген нұсқа бар.

 

Какао

© RAMLAN BIN ABDUL JALIL / Shutterstock   © nnattalli / Shutterstock   © DW art / Shutterstock

Какао ағашының жылдық түсімінен (шамамен 30 жеміс) әрқайсысы 100 г болатын 4 шоколад дайындауға болады.

Какао ағашы егілгеннен кейін 3-4 жылдан кейін ғана жеміс бере бастайды.

Үгітілген какао-атбас бұршақтарынан, какао майы және қанттан үйде шоколад жасауға болады.

 

Қарақұмық

© nnattalli / Shutterstock   © Denys Dolnikov / Shutterstock

Көптеген Еуропа елдерінде және АҚШ-да қарақұмықты дүкендерден табу мүмкін емес. Оны түрік дәні деп атайды, көбінесе жануарларды қоректендіреді.

ТМД елдерінде, Польшада, Қытайда, Кореяда, Жапонияда және Үндістанда қарақұмық — танымал өнім. Сонымен қатар қарақұмық өте пайдалы.

 

Брокколи

© pokku / Shutterstock   © epsylon_lyrae / Shutterstock

Алғаш рет брокколи туралы атақты Рим ғалымы Гай Плиний Секунд I ғасырда жазған. Ол бұл көкөністі «берекелі өсімдік» деп атады.

Брокколидің құрамында адамға қажетті барлық дәрумендер бар, холестеринді төмендетеді, сұлулық кепілі және тіпті қатерлі ісік ауруынан қорғайды.

Бұл қырыққабат Қытайда көп өсіріледі.

 

 

Ваниль

© Davis Dorss / Shutterstock   © tirtaperwitasari / Shutterstock

Ваниль — орхидеяның бір түрі. Осыған байланысты оны өсіру қиын.

Бұл әлемдегі ең қымбат дәмдеуіштердің бірі.

XIV ғасырда ацтектер ваниль шыбықтарын ақша ретінде қолданған.

Ваниллин — бұл синтетикалық ванильді алмастырғыш, оның ванильге ешқандай қатысы жоқ.

Ванильдің иісі бақыт гормоны деп аталатын серотониннің пайда болуына ықпал етеді.

 

Зімбір

© xander / Shutterstock   © Poring Studio / Shutterstock

Зімбір жад пен зейінді жақсартуға көмектеседі. Себебі ол мидың қан айналымын жақсартады, қан тамырларын нығайтады және қысымды төмендетеді.

Бұл тамырды ұзақ уақытқа мұздатуға болады, мұздатылғанда ол өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтпайды.

 

 

Зығыр

© D. Gordon E. Robertson / Wikipedia   © Sibusky / Shutterstock

Зығыр тұқымдарын кез-келген тағамда қолдануға болады, әсіресе ботқа мен салаттарда.

Бактериялар зығырмен жанасудан өледі, сондықтан оны табиғи антисептик деп атайды.

Зығырдан жасалған төсек жаймасында ұйықтау иммуноглобулин А деңгейін жоғарылатады.

 

 

Агар-агар

© Eric Guinther / Wikipedia   © CityMama / Wikipedia

Агар-агар — желатинді алмастырғыш өсімдік.

Ол қызыл және қоңыр балдырлардан алынады.

Огонори — агар жасау үшін қолданылатын ең көп таралған қызыл балдырлар.

 

Запырангүл (шафран)

© Philippe 1 bo / Shutterstock.com   © Gts / Shutterstock.com   © Philippe 1 bo / Shutterstock.com

Запырангүл (шафран) — әлемдегі ең қымбат дәмдеуіш.

1 кг запырангүл (шафран) алу үшін 100 000 - 300 000 гүл жинау керек.

Запырангүл керемет консервант. Запырангүл қосылып дайындалған тағамдарды ұзақ уақыт тоңазытқышта сақтамауға болады.

Дереккөз

Егер тамақтану дұрыс жолға қойылмаса, яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті дәрумендер мөлшері жеткіліксіз болса, онда организм әлсіреп, ол әртүрлі ауруларға шалдығады, оның өсіп-өнуі мен жетілуі нашарлайды. Дәрумендер организм-ге тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, көмірсулардың және минералдық тұздардың алмасуын жылдамдатады және реттейді.

Дәрумендер – адам ағзасы үшін қажет, химиялық структурасы әртүрлі биологиялық белсенді заттар. Олар адам ағзасына күнделікті тұтынатын тағамдардан беріледі. Дәрумен жетіспеушілігі – құнарсыз тағамдармен тамақтанудан туындайды.

Дәрумендер – ерекше органикалық заттар. Адам олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ дәрумендерсіз біздің орга-низміміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Дәрумендер организмнің тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында дәрумендер жеткіліксіз болса, организмнің жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдығады. Дәрумендер өсімдік пен жануар өнімдерінен алынатын азық-түліктерде болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті дәрумендерді алып отырады.

Дәрумендерді А, В, С, D, және т.б. латын әріптерімен белгілейді.

Барлық дәрумендерді әдетте екі үлкен топ-қа бөледі:

1) суда еритін дәрумендер: оларға – В тобының дәрумендері мен С (аскорбин қышқылы);

2) Майда еритін дәрумендерге А, D, К, Е, тағы басқалар жатады.

Дәрумендердің адам организмі үшін биологиялық мәні өте зор. Олар организмдегі зат алмасу процестерін жақсартады, организмнің әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы күресу қабі-летін күшейтеді және адамның жұмыс істеу қабілетін жақсартады. Сонымен қатар әрбір дәрумендердің организмде ерекше орындайтын өз міндеті бар.

А дәрумені организмнің өсуіне және дамып, жетілуіне әсерін тигізеді. Ол организмнің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштігін жақсартады, теріде зат алмасуды реттеуге қатысады. А витамині – нәлім (треска) балығының бауырында, теңіз алабұғасында, сары майда, сәбізде, қызанда, т.б. болады.

В дәруменінің түрлері өте көп: В1, В2, В6, В12, В15. Сондықтан оларды В дәрумендер тобы деп атайды. Олар: нанда, жемістерде, әсіресе ашытқыларда болады. В дәрумендер тобы бұлшық ет пен жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. Бұл дәрумендер жеткіліксіз бол-ғанда, адам тез шаршап-шалдығады, жүйкесі қозады және ашуланшақ болады. В12 дәрумені жілік майында қызыл қан түйіршіктерінің (клеткаларының) жетіліп, қанға түсуіне және оттекті тасымалдауға әсер етеді. Бұл дәрумен жеткілікіз болса, қаназдық ауруы пайда болады. В15 дәрумені – жүрек қан тамырларының жұмысына әсер етеді.

С дәрумені организмнің түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады, сүйек пен тістің мықтылығын жақсартады. Ол организмге қыста және көктемде көбірек қажет. Бұл дәрумен организмде жеткілікті болу үшін – көкөніс пен жеміс-жидектерді, ашыған қырыққабатты тағамға көбірек пайдаланған жөн.

Д дәрумені организмде күн сәулесінің әсерінен түзілді. Бұл дәруменнің жетіспеуінен жас нәрестелер мешел (рахит) ауруымен ауырады. Мешел аурумен ауырғанда баланың ұйқысы нашарлап, қаңқасы дұрыс қалыптаспайды, аяқ сүйектері қисайып, басы мен іші үлкен болады. Бұл аурудан сақтану үшін бала таза ауада, күншуақта көбірек серуендеуі қажет. Сонымен қатар ішетін тамақ құрамында қажетті дәрумендері жеткілікті мөлшерде болуы керек.

Біздің дәрі – дәрмек шығаратын өндірістеріміз тәтті қабықпен қапталған дайын дәрумендер жасайды. Бірақ дәрумендерді ауру және дені сау адамдардың дәрігердің рұхсатынсыз өз бетімен ішуіне болмайды. Дәруменді дұрыс пайдаланбай, мөлшерден көп пайдаланса, әртүрлі ауруларға ұшырап, денсаулыққа зиян келуі мүмкін.

К дәрумені қан құрамындағы қан ұюға қатысатын заттарға әсерін тигізеді. Сондықтан бұл дәрумен жетіспегенде – жарақаттан-ған адамның қаны ұйымай, қан көп кетеді. К дәрумені қырыққабатта, қызанда және бауырда болады. Оны ішектегі микроорганизмдер түзеді.

Ерте көктемде адамдардың әл-қуаты азайып, тез шаршағыш келеді, жиі-жиі салқын тиіп, тұмауратып ауырып, бұрыннан белгілі әр түрлі созылмалы сырқаттары қозады.

Дәрумендер жетіспеген жағдайда организм ауруға шалдығады. Кейбір витаминдер организмде де синтезделеді. Олар тамақтық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өніп-өсуіне әсерін тигізеді.

Организмге тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, көмірсулардың және минералдық тұздардың алмасуын тездететін және реттейтін дәрумендер. Дәрумендерді тек дәрі-дәрмек ретінде қарастырып, оларды түрлі аурулардың алдын алып күресу үшін қолданылатын заттар деп қарау қате. Бұларды тағамдық заттар деп қарауымыз тиіс, өйткені дәрумендер тағамның құрамына кірмесе, онда тіршіліктің қалыпты жайы бұзылады.

Азық-түлікте ұзақ уақыт бойы дәрумендер болмаса, организмнің дәруменді сіңіру қабілеті бұзылса, ауру пайда болады. Ондай ауруды авитаминоз деп атайды.

Дәрумендердің жетіспеуі жиі кездеседі. Мұндай кезде сырқат белгі береді. Бұл құбылысты гиповитаминоз деп атайды. Гиповитаминоз құбылысы организмге қажет дәрумендер мөлшерінің қалыптан тыс (нормадан) төмендеп кетуінен болады. Әдетте гиповитаминоз сырқаты қыстың аяғына таман, азық-түлікте дәрумендер мөлшері өте азайған кезде байқалады.

Гиповитаминоз бен авитаминоздың көктем айларында көптеп кездесуінің басты себебі адамдардың қыс мезгілінде көкөністі, жеміс-жидекті мөлшерінен аз пайдалануынан орын алады. Авитаминоз дәрумендердің жетіспеушілігінен ғана емес, кейде ағзаның дәрумендерді табиғи, физиологиялық, психологиялық және тағы басқа да факторларға байланысты көп қажет етуінің салдарынан да туындайды. Мысалы, ауа температурасының жоғары немесе төмен болуы, ауыр, қауіпті жұмыстар атқару, жүйкенің жұқаруы, күйзеліске ұшырау мен әйелдердің жүктілік және бала емізу кезінде.

Сонымен қатар авитаминоз салдарынан адам ағзасында зат алмасу процесі бұзылып, иммунитет төмендейді, адам әртүрлі созылмалы және жұқпалы ауруларға шалдығуы мүмкін. Авитаминоз белгілері: ұйқышылдық, үнемі шаршап жүру, безеудің пайда болуы, көру қабілетінің төмендеуі, шаштың түсуі, ашуланшақтық, тырнақтың сынуы және т.б.

Кез келген дәруменді (әсіресе В және Д дәруменін) организмге қалыптан тыс көп беру гипервитаминоз ауруына ұшыратады. Дәрумендерді бірден көп мөлшерде қабылдау да организмге кері әсер етеді, яғни уландырады.

Сонымен дәрумендер деп химиялық табиғаты әртүрлі органикалық заттарды айтады. Дәрумендер латынша vita — өмір, тіршілік; vitamin — тіршілік амині деген мағынаны білдіреді. Олар тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда дәрумендердің атқаратын міндеті өте зор. Егер тамақтану дұрыс жолға қойылмаса, яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті дәрумендер мөлшері жеткіліксіз болса, онда организм әлсіреп, ол әртүрлі ауруларға шалдығады, оның өсіп-өнуі мен жетілуі нашарлайды. Организмге тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, көмірсулардың және минералдық тұздардың алмасуын жылдамдататын және реттейтін де дәрумендер.

Сөйтіп, дәрумендер - әр түрлі химиялық жаратылыстың органикалық қосылуы, тағамның басқа ештеңемен алмастыруға болмайтын заттары.

Тамақты сақтағанда және өңдегенде дәрумендер бұзылады. С дәрумені бұзылмай сақталуы үшін – жемістер мен көкөністердің қабығын өте жұқа етіп аршу керек. Көкөністерді пісіру және пайдалану алдында ғана қабығынан тазартып, кеседі. Қабығы аршылған картопты қарайып кетпеу үшін суға салып қояды. Тамақты эмаль немесе іші тефлонмен қапталған ыдыста дайындайды. Көкөністі қайнап жатқан суға немесе сорпаға салып пісіреді. Бұл кезде судың көлемінің аз болғаны жөн.

Піскен тамақта дәрумендердің бұзылмай сақталуы қажет.

 

Автор: Жайнаргүл МӘТІБЕК
 
 В Алматы прошел вечер профессионального бокса, на котором казахстанцы оспорили сразу несколько чемпионских поясов, сообщает Sports.kz.

Их обладателями стали Мирас Ертанов (2-0, 0 КО), Нурбол Султанбай (3-0, 1 КО), Алимжан Турсунов (4-0, 3 КО) и Торгынбек Амиров (2-0, 0 КО).

Результаты титульных боев:

Мирас Ертанов (2-0, 0 КО) — Дарын Имаханов (1-1, 0 КО) — победа Ертанова по очкам, титул WBC ABC Silver в первом среднем весе;

Нурбол Султанбай (3-0, 1 КО) — Ерасыл Акранбек (1-1, 0 КО) — победа Султанбая по очкам, «молодежный» титул WBO Asia Pacific в первом среднем весе;

Алимжан Турсунов (4-0, 3 КО) — Бекет Кожабеков (1-1, 0 КО) — победа Турсунова техническим нокаутом в четвертом раунде; «временный» титул WBC ABC Silver во втором полулегком весе;

Торгынбек Амиров (2-0, 0 КО) — Нурболат Бекбауов (1-1, 1 КО) — победа Амирова единогласным решением судей; вакантный «молодежный» титул WBO Asia Pacific во втором полулегком весе.

 SPORTS.KZ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің Бюросын шақыру туралы Қаулыға қол қойды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің Бюросын 2020 жылғы 24 қарашада шақыру туралы Қаулыға қол қойды" делінген постта.

Жексенбі, 01 Қараша 2020 17:33

12 науқастың жағдайы аса ауыр

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 166 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 330  бала бар. Стационарларда 2 339 науқас жатыр. 1 827 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы, науқастардың арасында 154 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 17 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.


Дереккөз: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин депутаттық сауалға берген жауабында еліміздегі коронавирусқа қарсы дайындықтың бүге-шігесіне тоқталды.

«ПТР тестілеу қуаты тәулігіне 67 248 зерттеуге дейін артты. Жұқпалы ауруханаларда 10 150 төсек-орын ашылды, оның 22%-ында (2 267 орын) науқастар жатыр, оның ішінде 1148 орын реанимациялық бөлімде ашылған (16%-ында науқастар жатыр). КВИ науқастарына стационарлық көмек көрсетуге дайындықты қамтамасыз ету мақсатында күзгі-қысқы кезеңде жаңадан салынып жатқан модульдік инфекциялық ауруханаларда қосымша 3 355 төсек-орын, оның ішінде 360 реанимациялық орын және басқа стационарларда 38 218 (3768-реанимациялық) қайта бейінделетін болады. Осылайша, инфекциялық төсектер саны 51 723-ке, реанимациялық төсектер саны 5 276-ға дейін артады», - деп жазды Асқар Мамин.

Премьердің айтуынша, инфекциялық стационарлар үшін 91 атаудан тұратын дәрілік заттар қоры құрылды, Бірыңғай дистрибьютор қоймаларында 8,2 млрд теңгеге 60 мың адамды емдеуге жететін ең қажетті дәрілік заттардың екі айлық қоры құрылып жатыр.

«Коронавирус инфекциясын үй жағдайында емдеу үшін 1,5 млрд теңгеге (1 млн адамды қамту жоспары) 5 түрлі дәрі-дәрмек (қызуды төмендететін, антикоагулянттар) сатып алынды. Дәріханаларда тапшылықты болдырмау мақсатында Бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек сауда желісінде өткізу үшін көтерме сатып алу бойынша өкілеттіктер берілген. Осыған байланысты 10 млн маска, оның ішінде 392 млн теңгеге – 500 мың балалар маскасы сатып алынды, 3,1 млрд теңгеге 33 дәрілік зат алынды. Барлық өңірлерде сұранысқа ие дәрілік заттарды сатып алу үшін 17,7 млрд теңгеге тұрақтандыру қорлары ұйымдастырылды», - деді Премьер-Министр.

Сенбі, 31 Қазан 2020 22:51

Аула сыпырушы туралы тәмсіл

Бір адам әлдебір үлкен компанияға аула сыпырушы болып жұмысқа орналаспақ болады. Кадр бөлімінде оған түрлі сұрақтар қойылып, арнайы тест бағдарламасынан өткеннен кейін оған:

— Құттықтаймыз! Сіз жұмысқа қабылдандыңыз. Жұмыс кестесін жіберу үшін өз e-mail адресіңізді қалдырыңыз, – депті.

— Негізі, менің e-mail түгіл, компьютерім де жоқ еді, – дейді әлгі адам.

— Ендеше, сізді жұмысқа ала алмаймыз. Біздің қызметкерлердің барлығы жылдам байланыс пен топтық жұмыс үшін e-mail қолданады. Бұл – компаниямыздың басты талаптарының бірі, – деп жөнімен кетіпті.

 Кірмей жатып, жұмыстан шығып қалған адам тезірек компьютерге ақша жинауды ойлайды. Осылайша ол қалтасындағы 30 долларға бір фермерден 10 кг алма сатып алып, көшеге шығып сатады. Дәмді, әрі пайдалы экологиялық таза өнімнің саудасынан ол бір-екі сағаттың ішінде ақшасын екі есе өсіреді. Ал небәрі 6 сағаттан кейін оның қаржысы 300 долларға жетеді. Он есе пайда көрген жігіт: «Ешкімнің қол астында жұмыс істемей-ақ та күн көруге болады екен-ау» деген ойға келеді.

 Арада біраз уақыт өтіп, алма сатумен көлік алады, кішігірім дүңгіршек ашып, кейін ол үлкен дүкенге айналады. Ал тағы 5 жылдан кейін алма сатушы ол дүкенін супермаркеттер желісіне дейін көтереді. Сонымен ол өз бизнесін сақтандыру үшін сақтандыру компаниясына барады. Ол жердегілер тиімді ұсыныстар жайында хабарлама жіберу үшін алма сатушының e-mail адресін сұрайды. Ал ол біраз жыл бұрынғы жауабын айтады, яғни «Менде e-mail түгіл, компьютер де жоқ» деп жауап береді. Табысты бизнесменнің мұндай жауабына таңғалған менеджер:

— Егер компьютеріңіз болса, сіз қандай табысқа жетер едіңіз? – дейді таңдайын қағып. Сонда әлгі адам:

— Мен бір компанияның аула сыпырушысы болар едім, – депті.

Алдымыздан бір есік жабылғанымен, ашықәлі он есіктің барын ұмытпаңыз және соған ұмтылыңыз!

 

Аударған: Құралай Мұратқызы 

Дереккөз: fit4brain.com

Соңғы жаңалықтар

Қаз 03, 2024

Ерлан Барлыбаев: "Үкімет ұсынғандай…

Елімізде 6 қазан күні АЭС салу бойынша референдум өтеді. Осыған байланысты VIII сайланған…
Қаз 03, 2024

Международные стандарты в…

Строительство атомной электростанции – это масштабный и сложный проект, требующий…
Қаз 03, 2024

Алматы облысында референдумға…

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының…
Қаз 03, 2024

И след простыл: как современные…

Углеродный след человечества — тяжелый груз для планеты, который ей все труднее нести.…
Қаз 03, 2024

АЭС ел экономикасының өркендеуіне…

Ақтөбе облысындағы халықтық штаб мүшелері «Қамқор вагон» ЖШС-нің ұжымымен кездесу…
Қаз 03, 2024

Атомная энергетика не может быть…

Лэйла ТАСТАНОВА В преддверии референдума по вопросу строительства атомной электростанции…
Қаз 03, 2024

Имеем средство от рака в руках, но…

Более 200 тысяч человек в Казахстане состоят на учете как онкобольные. И 12 тысяч…
Қаз 03, 2024

Эксперт разобрал мифы и реальность о…

Директор департамента атомной энергетики и промышленности Министерства энергетики…
Қаз 03, 2024

Атом энергетикасын дамыту экологияға…

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның ғылыми орталығы бастығы, физика-математика ғылымдарының…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет