Сенбі, 31 Қазан 2020 22:14

Пайдалы әрі арзан 10 ойыншық

Пайдалы әрі арзан 10 ойыншық Сурет интернеттен алынды

Бала ойыншықпен өседі. Сондықтан балаларымыздың қандай ойыншықпен, нендей ойын ойнап жүргеніне мән бергеніміз жөн. Жан-жағындағыны енді ғана көріп-біліп жатқан баланың психикасына, ойлау қабілетіне ең алдымен әсер ететіні – қолындағы ойыншығы. Бүгінгі нарықта ойыншықтың түрі көп, кез келгенін табасыз. Түрі, түсі, көлемі, бағасы да әрқалай. Балаңыз үшін осылардың ішінен пайдалысын, сапалы әрі қалтаңызды қақпайтын арзандауын қалай таңдауға болады? 3-5 жас аралығындағы балалар үшін пайдалы ойыншықтардың ондығымен таныс болыңыздар.

Құрастырмақтар

Егер балаңыз 3-5 жас аралығында болса, онда бұл ойыншықтың сізге керек түрін дұрыс таңдаңыз. Тым ұсақтары қажет емес: біріншіден, балаңыз оны аузына салып, жұтып қоюы мүмкін; екіншіден өте кішкентай бөлшектерді құрастыруға баланың қабілеті жете қоймайды, әрі олар тез жалықтырып жібереді. Сондықтан құрстырмақтардың құлақ, мұрын қуысына сыймайтындай үлкенірек және баланы қызықтыратын түрлі-түсті болғаны абзал. Құрастырмақтар баланың ақыл-ойын дамытуға өте қажет. Түрлі фигуралармен кез келген форманы құрастыру кішкентайыңыздың ой-өрісін, есте сақтау қабілетін арттырып, саусақтарын дұрыс жұмыс істеуге икемдейді. Бір ғана құрастырмақ ойыншығынан балаңыз бірде зәулім сарай жасап ойнаса, енді бірде көлік, құс-жануарлар, т.б. құрастыратын болады. Бағалары шамамен 800-ден басталып, 10 000 теңгеге дейін барады. Бұл ойыншық қорабындағы құрастырмақтардың санына және ондағы бөлшектердің әртүрлігіне байланысты.

Пазлдар

Бұлар да құрастырмақтардың бір түрі деуге болады. Баланың ойлау қабілетін, есте сақтауын арттырады. Тек пазлдар алдын ала дайындалған бір ғана жүйе бойынша, яғни бір сурет, жануар-құстың бейнесі, т.б. құрастырылады. Мұнда да баланың жасына қарай таңдау керек екенін ұмытпаңыз. Тым ұсақ пазлдар балаңызды тез жалықтырады. Бағалары 200-2000 теңге аралығында.

Ақыл-ойды дамытушы ойыншықтар

Олардың түрі көп: санамақтар, ойыншық жұмсақ-кітаптар, түрлі пішіндер, тағысын тағы. Түстер мен пішіндерді ажыратуға, санауды, әріптерді үйренуге, белгілі бір тапсырмаларды орындауға құрылған мұндай ойыншықтар балалардың ақыл-ойын дамытып, есте сақтау қабілетін арттырады. Ойын барысында әр кезеңнен өте отырып, кішкентайлар жеңіске, алға ұмтылатын болады. Мұндай ойыншықтардың бағасы ондағы тапсырмалардың әртүрлігіне байланысты. Шамамен 800-ден 10 000 теңге көлемінде.

Белгілі бір кәсіпке байланысты ойыншықтар

Ғалымдардың зерттеуінше, біздің не нәрсеге икемді боларымыз кішкентайымызда ойнаған ойыншықтарымызға да байланысты көрінеді. Ендеше, баламыздың болашақта кім боларын ойнайтын ойыншықтарына қарап, болжап көруімізге болады. Дәрігердің аспаптарын, бағбанның, құрылысшының, ұстаның құрал-саймандарын, аспаздың ыдыс-аяғын және т.б. алып беріңіз. Бұл ойыншықтармен балаңызды ойнатып қана қоймай, еңбекке де баулисыз. Бағасы 2 000-15 000 теңге аралығында.

Құмда ойнайтын ойыншықтар

Яғни кішкентай шелек, күрек, тырма, сүзгі сияқты түрлі саймандар мен құм таситын көліктер. Күн жылыда балаңыз бұл ойыншықтармен есік алдындағы құмда ойнаса, қыстыкүні қар күреп, сізге «қолғабыс» жасамақ. Бұл да – еркеңізді еңбекке баулитын ойыншықтың бірі. Бағасы 500-2500 теңге аралығында.

Ойыншық көліктер мен қуыршақтар

Қыздар үшін қуыршақтар мен ұл балалардың сүйікті ойыншығы – көліктер әркез бірінші орында. Алайда кейбір ата-аналар қызына тек қуыршақ, ұлына тек көлік алып беру керек деп ойлайды. Бұл – үлкен қателік. Бірыңғай ойыншықтан бала тез жалығады. Сондықтан қазақша сөйлейтін, ән, ертегі айтатын қуыршақтардың (қуыршақтан бөлек, сөйлейтін мысықтар) көп шығып жатқанын ескеріп, балаңызға сондай түрлерін алып беріңіз. Мұндай ойыншықпен ойнаған еркеңіздің тілі тез шығып, ән айтып, билеп өспек. Бағалары 2500-8000 теңге аралығында.

Дыбыс шығаратын ойыншықтар

Сөйлейтін, әуені бар, қандай да бір дыбыс шығаратын ойыншықтар балалардың көңілін бірден аулайды. Ал егер олар қандай да бір аң-құстың дыбысын шығарса, тіпті жақсы. Мысалы, сиыр мөңірейді немесе бұлбұл сайрайды. Мұндай ойыншықтармен балалар ненің нендей дыбыс шығаратынын және аң-құстың түр-түсін да ажыратуды үйренеді. Бағалары 500-5000 тыңге аралығында.

Жануарлар, құстар

Ненің не екенін танып білуде мұндай ойыншықтардың маңызы зор. Жан-жануар, аң-құс, төрт түлік, төлдерімен болса, тіпті жақсы. Бағалары 100-5000 теңге аралығында.

Түрлі-түсті доптар

Балаңыздың қауіпсіздігі үшін доптардың өте ұсақтарын алмағаныңыз жөн. Түрлі-түсті доптармен балаларға түстерді ажыратуды үйретіңіз. Белгілі бір шеңберге лақтыртып, тепкізіп, доптармен түрлі ойындар ұйымдастыруға болады. Бағалары әрқалай.

Жұмсақ ойыншықтар

Бұлардың түрі көп. Әсіресе, қыздар жақсы көретін бұл жұмсақ ойыншықтар балалар үшін, ең алдымен, қауіпсіз болып саналады. Қуыршақтардікіндей қол-аяғы бөлек алынып қалмайды, кір болса, жуа саласыз. Бағалары әрқалай.

Оқылды 7401 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет