Дүйсенбі, 02 Қараша 2020 15:57

ІІ тоқсанда қай мектептер дәстүрлі оқу форматына көшеді?

ІІ тоқсанда қай мектептер дәстүрлі оқу форматына көшеді? Сурет интернеттен алынды

Сенат депутаттары контингенті 181-ден 600 адамға дейінгі, бір сыныптағы балалардың саны 15 оқушыдан аспайтын ауылдық жерлерде орналасқан мектептердің жұмысын кезең-кезеңімен қайта бастауға қатысты депутаттық сауал жолдаған еді. Осыған байланысты ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді. ІІ тоқсанда контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептер дәстүрлі оқыту форматына көшірілетінін айтты. 

«Үкімет мектеп оқушыларын қашықтан оқытуға көшіру туралы шешімді факторлар кешенін, оның ішінде мектеп оқушылары арасында COVID-19-дың таралуының эпидемиологиялық тәуекелдерін, бастауыш сынып оқушыларының қашықтықтан оқытуға бейімділігін, мектептердің шамадан тыс тығыздалуын қоса алғанда, материалдық-техникалық жарақтандырылуын ескере отырып қабылдады. Мектептерде балалар арасында сырқаттанушылықтың алдын алуына бағытталған негізгі шаралар сыныпта және мектепте көп жиналуға жол бермеу, оқу және үзілістер кезінде қашықтықты сақтау мүмкіндігі, мектепте маска режимін және эпидемияға қарсы қатаң шараларды сақтау болып саналады. Бұл ретте, оқушылардың, әсіресе орта және жоғары сынып оқушыларының мектепте көрсетілген талаптарды сақтауын қамтамасыз ету айтарлықтай күрделі. Бұдан басқа, карантин режимінің белгіленген талаптары сақталмаған кезде жабық үй-жайларда балалардың көп шоғырлануы аурудың таралу қаупін тудырады», - дейді Үкімет басшысының орынбасары депуттарға қайтарған жауабында.

Сонымен қатар ол бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының өтініштері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, кезекші сыныпта білім алып жатқанына назар аудартады. Бұл ретте сыныпты 15 баладан кіші топтарға бөлу, ауысымдар мен кіші ауысымдардың санын ұлғайту, кабинеттік жүйені алып тастау, әр түрлі уақыттағы үзілістер, біржақты қозғалыс жүйесі, кіреберісте күнделікті температураны өлшеу, сыныптағы балалардың жай-күйін бақылау, желдету, кварцтау, үй-жайларды ылғалды жинау, медициналық кабинеттер мен изоляторлардың үздіксіз жұмыс істеуі, мектепте қатаң маска режимі қамтамасыз етілген.

«Бұдан басқа, жіті респираторлық инфекциялардың күтілетін ағымдық жағдайында ұйымдастырылған жабық ұжымдарды қалыптастыру коронавирустық инфекцияның берілу тәуекелін едәуір арттыратынын атап айту керек, бұл инфекцияның білім алушылар, педагогтар мен ата-аналар арасында тез таралуына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі барлық мектептерді штаттық оқыту форматына көшіруді ерте деп санайды. Бүгінгі күні бірқатар шет елдерде (Германияда, Ресейде, Англияда, Польшада, Францияда, АҚШ-та, Оңтүстік Кореяда, Үндістанда) күндізгі оқу кезінде коронавирустың тез таралуына байланысты мектептер карантинге жабылуда», - дейді ол.

Үкімет басшысы орынбасарының дерегінше, осы жылғы 25 қазанда елімізде оқушылар арасында COVID-19 ауруының 298 жағдайы тіркелді. Оның 127-сі офлайн режимде және 171-і қашықтан оқыған.

«ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2020 жылғы 26 қазанда 2020-2021 оқу жылының екінші тоқсанынан бастап контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерді дәстүрлі оқыту форматына көшіру, ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқытуға рұқсат ету туралы шешім қабылдады. Білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету, қашықтықтан оқыту кезеңінде балалардың біліміндегі ықтимал олқылықтардың орнын толтыру мақсатында Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп негізгі пәндер бойынша білім қималарын диагностикалау, балалардың оқу жетістіктерін ата-аналарға түсіндіру, артта қалған оқушылар үшін жеке консультациялар, каникулдық мектептер және ата-аналар мен балалардың қалауы бойынша консультациялық онкүндіктер өткізу бойынша жұмыс жүргізуде», - дейді Ералы Тоғжанов.

Премьер-Министр орынбасары еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі халық арасында, оның ішінде мектеп оқушылары мен білім беру ұйымдарының персоналы арасындағы сырқаттанушылыққа күнделікті талдау жүргізетіндігін, мектептердің карантин режимінде жұмыс істеуге дайындығын бағалайтындығын атап өтеді.

«Осының бәрін ескере отырып, ДСМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қаулыға контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерді дәстүрлі оқыту форматына көшіру, 1-5 сыныптардың кезекші сыныптарында (ата-аналардың өтініші бойынша), халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін (2020-2021 оқу жылының екінші тоқсанынан бастап) оқытуға рұқсат ету бөлігінде өзгеріс енгізеді», - дейді Үкімет басшысының орынбасары.

Дереккөз 

Оқылды 983 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 15, 2025

Марафон “Ұлы дала жорығы”:…

В Алматинской области продолжается активная подготовка к международному марафону «Ұлы…
Сәу 15, 2025

«Ұлы дала жорығы» марафоны

Өткізу мерзімі мен орны:* 2025 жылдың мамыр айында* Алматы облысы • Жарыс мәліметтері:*…
Сәу 14, 2025

Қазақстанның энергетика саласы…

«Біз газ бен көмір өндіру ісіндегі мүмкіндіктерімізді, сондай-ақ жаңартылатын қуат…
Сәу 14, 2025

Энергетики Казахстана объявили об…

«Нам предстоит в полной мере реализовать свои возможности в газовой и угольной генерации,…
Сәу 14, 2025

НДС 16% – оптимальный переходный…

По словам Дармена Садвакасова, за счёт повышения НДС и изменения порогов государство…
Сәу 10, 2025

Пестицидтерді қолдану кезіндегі…

Пестицидтер — ауыл шаруашылығында өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғау үшін…
Сәу 10, 2025

Фаст-фудтың зияны

«Фаст - фуд» - термині ағылшын тілінен аударғанда «тез тағам» деген мағынаны білдіреді.…
Сәу 10, 2025

Кене энцефалитінің алдын алу

Кене энцефалиті – жедел вирусты ауру, бұл вирус адамның миын және жұлынын зақымдап, сал…
Сәу 10, 2025

Генетикалық модификацияланған…

Генетикалық модификацияланған өнімдердің (ГМӨ) зияны туралы мәселе ғалымдар мен мамандар…

Күнтiзбе

« Сәуір 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет