Алматы облысында коронавирус инфекциясының мүмкін ықтимал 2-толқынына дайындық қарқынды жүргізілуде.  Облыс әкімі Амандық Ғаббасұлының тікелей тапсырмасымен пандемиямен күреске жергілікті бюджеттен 13,7 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде екінші толқынға дайындық үшін 8,8 млрд. теңге қарастырылған.  Бұл туралы «Jetisý media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз маслихатында белгілі болды.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың айтуынша, аталған қаражатқа 3 компьютерлік томограф, 18 рентген аппараты, 150 өкпені жасанды желдету аппараты, және аудандар үшін 135 жедел жәрдем көлігі мен 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынған. Нәтижесінде жедел жәрдем бригадаларының саны 165-тен 205-ке дейін көбейтілетін болады. 

«Бүгінгі таңда облыстың 13 ауруханасы оттегі станцияларымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, 1070 оттегі концентраторы сатып алынды.Жақында ашылған 200 төсектік жаңа инфекциялық аурухана қысқа мерзімде пайдалануға берілді. Одан бөлек ауыр науқастар мен балаларға арналған көп салалы ауруханалар базасында 4 ахуалдық орталық құрылды.Жалпы екінші толқынға барлығы 5280 төсек-орын дайындалды»,– деді Батыржан Байжұманов.

Ал, коронавирус инфекциямен күреске облыс бойынша 3455 медицина қызметкері, оның ішінде 851 дәрігер жұмылдырылады.

Өңірдің бас дәрігері Өмірзақ Ниязбековтың айтуынша, 28 қазан күнгі жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясымен 5 адам  тіркелді.

«Облыс бойынша коронавирус инфекциясының өсу қарқыны тәулігіне 0,1%, соңғы аптада 0,2% құрады. Қазіргі уақытта инфекциялық стационардың 1 деңгейдегі жүктемесі 24,3% құрайды»,– деп мәлімдеді Өмірзақ Ниязбеков.

 

 

 

 

 

 

Сәрсенбі, 28 Қазан 2020 16:38

Кедергісіз келешек

Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық орындарда кедергісіз жүріп-тұруына жағдай жасап, оларды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуін қаматамасыз ету және жұмыспен қамту – мемлекеттің негізгі мақсаты. Осы бағытта тағдыр тауқіметін тартқан жандарға демеу болатын «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы талқыланды азаматтық қоғам мүшелерімен.

Мәслихат депутаттары Гүлмира Мұхтаров мен Гүлсара Егенбаева партиялық жобаның мақсатын түсіндіріп, мүгедек жандарға жағдай жасауда үлкен рөл атқаратындығын айтты. 

Осы уақытқа дейін мемлекет меншігіндегі нысандардың барлығы дерлік мүгедектердің жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасап, ұлттық стандартқа сәйкес келмейтін пандустарды жаңартқан болатын. Бұл арбамен жүретін азаматтар үшін қуанышты жаңалық болды. Алайда, кейбір кәсіпкерлеріміз мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын ескермейтіндей көрінеді. Осыны жеткізген мәслихат депутаттары алдағы уақытта хат арқылы ұсыныс жасалатындығын жеткізді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оқытып, жұмыспен қамту мәселе де жүйелі жалғасын таппақ.

С.НҰРАДИН

Медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде әрбір азамат тегін медициналық көмекке қол жеткізе алады.
Мемлекет халықты тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) аясында негізгі медициналық қызметтермен қамтамасыз етеді:
​- ЖЕДЕЛ ЖӘНЕ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК (қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу);
- ЕМХАНАЛАРДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ (әлеуметтік маңызы бар және созылмалы ауруға шалдыққан адамдарға терапевттің, бейінді мамандардың қабылдауы және кеңес беру, зертханалық қызметтер, диагностика, емдеу, вакцинация, скринингтер, 1 жасқа дейінгі балаларды патронаждау, жүктілікті жүргізу);
​- ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ ЕМДЕУ:
✓ әлеуметтік маңыздылығы бар аурулар (туберкулез, АИТВ, психиканың бұзылуы, қатерлі ісіктер);
✓ негізгі созылмалы аурулар (диабет, артериалық гипертензия, вирустық гепатит, ревматоидты артрит және т. б.);
✓ қоршаған ортаға қауіпті жіті жұқпалы аурулар.
​Сондай-ақ, белгілі бір ауру бойынша диспансерлік есепте тұрған азаматтар, негізгі ауруы бойынша тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізе алатындығы туралы атап өту қажет. Себебі бұл көмек ТМККК аясында жүзеге асырылады және сақтандыру мәртебесіне байланысты емес. Алайда, егер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында көмек түріне жүгінетін болса, онда сақтандырылу мәртебесі маңызды. ​
​Медициналық мекеме ТМККК пакеті бойынша медициналық көмек көрсетуден бас тартса, qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы Қорға хабарласуларыңызды сұраймыз.


«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
​КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

Тұтқиылдан шапқан жау секілді коронавирустың бірінші толқыны көпшілікті абдыратып тастады. Бүкіл әлемге таралып, қаншама жанның өмірін жалмап жатқанда, әрине, тәжірибенің жоқтығынан кім де болса тосылып қалады. Дегенмен, мұндай жағдайда қарап отыруға әсте болмайды. Әсіресе, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері дүниежүзіне қауіпті инфекция тарап жатқанда әр минуттың қаншалық маңызды екенін бағамдай біледі. Жылдам әрекетке көшіп, жан-жақтың тәжірибесін назарға ала отырып, облысымыздағы алғашқы науқастарды қабылдаған – біздің Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасы болды. Бұны біреу білсе, біреу білмес.

Ал енді алдымызда қайта болуы мүмкін деп болжам жасалған коронавирустың екінші толқыны тұр. Әрине, әрбіріміздің тілегіміз – бұл бәленің қайталанбауы. Десе де, дүниежүзінде орын алып жатқан жағдайды көзбен көре тұра бейқам отыруға болмайды. Өйткені бүкіл әлемнен бөлектеніп, оқшау жатпағандықтан сақтық шаралары артық етпейді. Ендеше, біздің аудандағы қазіргі жағдай қандай? Бұл сұрақтың жауабын Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасы директорының Стратегиялық даму жөніндегі орынбасары, медицина ғылымының кандидаты Гүлмира Отынбековадан сұрап-білдік.

–  Коронавирустың ықтимал екінші толқынына дайындықтарыңыз қандай?

– Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасы коронавирустың ықтимал екінші толқынына жан-жақты дайын. Аурухана ғимаратынан бөлек орналасқан инфекциялық бөлім бар. Онда коронавирустың инфекциясы анықталған науқастарға 30, ал вирус белгілері бар науқастарға 40, сондай-ақ реанимациялық 10 төсек-орын бөлек орналастырылып, жабдықталған. Барлығы да оттегі аппараттарымен, өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. Аурухана екі айға жететін дәрі-дәрмек қорымен қамтылған. Қоғамдық бақылаушылар ай сайын келіп, біздегі дайындықты тексеріп тұрады және бүгінге дейін бақылаушылардың тек оң бағасын алып келеміз.

– Медицина қызметкерлері жеткілікті ме?

– Иә, маман тапшылығы жоқ. Қазіргі уақытта 150 дәрігер, 361 мейірбике және 108 кіші мейірбике жұмыс істеп жатыр.

– Тәжірибенің жоқтығына байланысты коронавирустың бірінші толқынында ескерілмеген қандай мәселелер болды? Оларды қайталамау үшін қандай жұмыстар жүргізілуде?

– Әрине, бәрі тәжірибемен келеді. Коронавирустың бірінші кезеңінде жіберілген қателікке қайта ұрынбау үшін бірқатар жұмыс атқарылды. Мысалы, жазда Мәскеуден әріптестеріміз арнайы келіп, пандемия кезіндегі өз тәжірибелерімен бөліскен еді. Сонда ресейлік мамандар біздегі инфекциялық бөлімді, провизорлық орталықты аралағанда төсек-орындар мен өзге де аймақтардың арасын бөліп тұрған қарапайым материалды пластикке ауыстыруға кеңес берген болатын. Бұл айтылған кеңесті назарға алып, бүкіл жұмыс орындары мен қауіпті-қауіпсіз аймақтар пластикпен бөлінді. Қауіпті-қауіпсіз аумақтардан шыққан медқызметкерлердің жолы түйіспеу үшін пластикпен арнайы дәліз жасалды. Өздеріңіз білесіздер, коронавирус жұқтырған науқастармен тікелей жұмыс істейтін дәрігерлер арнайы қорғаныш киімін киеді. Ал ол киіммен ұзақ жүру ыңғайсыз, терлетеді, ауа өткізбейді дегендей. Соған байланысты медқызметкерлердің жұмыс уақыты арасында үш сағат сайын демалып, бой жазып алуларына мүмкіндік қарастырылған. Дәрігерлер қауіпті аймақтан, яғни науқастар жатқан бөлімнен шығып, демалуы үшін және науқастардың медициналық құжаттарын толтыруы үшін арнайы бөлмелер де жабдықталып, жаңа айтқанымдай, пластикпен бөлінген. Сонымен қатар дәліздерде жүріп-тұру жолдары белгіленіп, бір жүйеге келтірілді. Яғни кедергісіз, әрі қауіпсіз қозғалыс қарастырылды.

Қауіпті-қауіпсіз аумақтардан шыққан медқызметкерлердің жолы түйіспеу үшін жасалған дәліз

Коронавирустың бірінші толқынында оттегіні Алматы қаласынан баллондармен әкеліп, пайдаландық. Бұл, әрине, оңай емес. Аурудың өршіп тұрған уақытында оттегінің қаншалық маңызға ие болғанын баршаңыз білесіздер. Кейбір аймақтарда оттегінің жоқтығынан немесе кеш жеткізілуінен көптеген науқастардың жағдайы орташадан қауіптіге асқынып, қиындап кеткен жайттар да кездесті. Бұл коронавирустың бірінші кезеңінде көпшілігімізге үлкен сабақ болды. Осы мәселені ескере отырып, Алматы облысы әкімдігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының шешімімен біздің ауруханада оттегі станциясы құрылды. Ол жерден оттегі әр төсекке, яғни әр науқасқа тікелей жүйемен жеткізілген. Бұрынғыдай баллон тасуға күш те, уақыт та кетпейді. Оттегі сол станцияда өндіріледі. Сондықтан оттегі тапшылығы туындауы тәрізді мәселе де өз шешімін тапты.

Орталықтандырылған оттегі станциясы

 

– Бүгінде коронавирустан емделіп жатқан науқастар бар ма?

– Қазіргі таңда коронавирус инфекциясы анықталған жеті науқас ем қабылдап жатыр. Олар Іле, Қарасай, Талғар аудандары мен Қапшағай қаласынан келген және екеуі өзіміздің Шелек ауылынан түсті. Жағдайлары қалыпты.

– Коронавирустың бірінші толқынында ем алғандардың статистикасына тоқталсаңыз...

– Инфекциялық бөлімде барлығы 375 адам емделіп шықты. Олардың 166-сы Еңбекшіқазақ ауданынан. Ал симптомсыз амбулаториялық ем алған науқастар саны – біздің аудан бойынша 248 адам. Провизорлық орталықта 749 адам емделсе, оның 519-ы пневмония диагнозымен амбулаториялық ем қабылдады. Сонымен қатар Бәйдібек би ауылында карантиндік бөлім ашылған болатын. Сол жерде 161 адам тіркеліп, ПТР анализдерінің қорытындысы шыққанша оқшауланды.

Коронавирус жұқтырғандардың арасында 40-қа жуық жүкті әйел болды. Олардың барлығы біздің ауруханада ем алып, осында босанды. Тіпті кейбіріне кесар тілігі де жасалды. Аты жаман аурумен тек ересектер ғана ауырған жоқ. Сонымен қатар балаларда да коронавирус диагнозы анықталды. Дегенмен, балалардың көпшілігінде коронавирустың симптомсыз түрі болды. Әрі олар ауруханада емес, көбі үйде карантиндік режимде жатып ем алып-ақ сауығып кетті.

Ал егде жастағы науқастардың жүрек аурулары, қан қысымы сияқты қосымша аурулары болғандықтан, әрі иммунитеттерінің төмендігінен жағдайы біршама қиындады. 

– Ауданның қай өңірлерінде ауруды жұқтыру көрсеткіші жоғары болды? Оның себептері қандай?

– Коронавирустың бірінші толқынында да біз тек Еңбекшіқазақ емес, өзге де аудандардан науқастарды қабылдадық. Көршілес Талғар, Кеген, Райымбек аудандарымен қатар Іле, Қарасайдан да, Кербұлақтан да науқастар түсті. Олардың ішінде көпшілігі Талғар, Іле, Қарасайдан болса, өзіміздің Еңбекшіқазақ ауданынан тіркелген науқастардың басым бөлігі Есік қаласынікі. Мұның негізгі себебі – Есік қаласында халықтың көп шоғырлануы, әрине. Сондай-ақ қала тұрғындарының көбі Алматыға қатынап жұмыс істейді және оқу оқиды. Бұл да негізгі себептің бірі бола алады. Сондықтан көпшілік шоғырланатын орындарға бармауға кеңес береміз.

– Аудан тұрғындарына айтатын тағы қандай кеңестеріңіз бар?

– Халқымыз «Ауырып – ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді. Осы нақыл сөздің маңызы қазіргі пандемия кезінде артып тұрғандай. Ал ауырмаудың жалғыз жолы – қатаң санитарлық талаптарды сақтау. Бетпердесіз қоғамдық орындарға мүлде бармаңыздар. Ара қашықтықты сақтаңыздар. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, 1,80-2 метрге жуық қашықтықты сақтаған жағдайда вирустың науқастан жұғу көрсеткіші нөлге тең екен. Осыны ескеріңіздер. Көпшілік жиналатын орындардан аулақ болыңыздар. Той-томалаққа, өлім-жітімге қазіргі қиын қыстау заманда бармай тұра тұрыңыздар. Өйткені мұндай жиындарда ешқандай ара қашықтық сақталмайтыны анық. Сондай-ақ инфекцияның көбі қолдан жұғатынын ескеріңіздер. Үнемі қолды мұқият сабындап жууды, антисептикпен сүртуді ұмытпаңыздар. Қолмен бет-ауызды, көз бен мұрынды ұстауға болмайтынын балаларыңызға түсіндіріңіздер. Тек өздеріңіздің ғана емес, айналаңыздағылардың да денсаулығы сіздерге тікелей байланысты екенін ұмытпаңыздар.

Сұқбаттасқан

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

 

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевке ауылға барып келуге кеңес берді. 

Парламент Мәжілісінің отырысында Экологиялық кодекстің жобасын қорғаған министрге жоба жөнінде Нұрлан Нығматулин: «Заң жобасын қарасақ былай: мәселен Қарағанды облысының Ұлытау ауданының тұрғынының 5-10 тауығы бар делік. Оны декларациялау үшін ол облыстық табиғи ресурстар басқармасына баруы керек. Ал ол облыс орталығында орналасқан. Яғни, ол тіпті 5 емес, тіпті 1 тауығын декларациялау үшін 700 шақырымды жүруі керек. Кодексте осылай жазылған. Неліктен олай? Сіз кодексте (Мағзұм Мырзағалиевке қарата) «100 және одан төмен бас үшін» деп жазасыз. Оған, яғни, мал болсын, құс болсын кіреді. Ол санға 99 малды да, 1 малды да кіргізуге болады. Әлбетте бір табынның бір тауыққа қарағанда экологияға тигізетін әсері мол екенін алдымен түсініп алу керек. Бұл норманы жазған кезде ойлану керек болатын», - деп пікірін білдірді.

Сондай-ақ Мәжіліс төрағасы заң жобасын осындай нормаларын оқыған кезде «бұл норманы жазған адам ауылда болды ма?» деген сұрақ туындайтынын айтып өтті.

«Болмаған шығар. Шіркін, осы норманы жазған адамды 2-3 айға ауылға жіберсе ғой. Сонда ғана ол адам тауық пен сиырдың айырмашылығын түсінетін еді. Қалай ойлайсыз, министр мырза? Кодексті қабылдағаннан кейін ауылға барып келіңіз», - деген Нұрлан Нығматулин екінші оқылымда осы олқылықтарды ретке келтіруді тапсырды.

19-25 қазан аралығында елімізде коронавирустан 29 адам көз жұмды.

Шығыс Қазақстан облысында - 18;

◾️ 1926, 1941, 1963, 1954, 1939, 1952, 1953, 1941, 1962 жылғы ер адамдар,

◾️1955, 1935, 1959, 1934, 1962, 1939, 1940, 1936, 1954 жылғы әйел адамдар.

Батыс Қазақстан облысында - 4;

◾️ 1940, 1955 жылғы ер адамдар,

◾️ 1937, 1945 жылғы әйел адамдар.

Алматы қаласы - 4;

◾️ 1963 жылғы ер адам,

◾️ 1962, 1947, 1949 жылғы әйел адамдар.

Атырау облысында -2;

◾️ 1940, 1936, жылғы әйел адамдар.

Қостанай облысында - 1;

◾️ 1953 жылғы ер адам.

Қазақстанда COVID-19-дан барлығы 1 825 адам қайтыс болды.

Бүгінде ауданымызда экономикалық өсім басты назарда болғанымен, тұрақты дамудың маңызды әлеуметтік және экологиялық қырлары да көлеңкеде қалып көрген емес. Аудан әкімі Қуанышбек Қашқымбаев өңіріміздің жасыл белдеуін құру жобасына баса назар аударып, жанға жайлы орта жаратуға басымдық беріп келеді.
Биыл күзгі ағаш отырғызу акциясына ауданымыз белсене атсалысты. Аудан әкімі Қ. Қашқымбаев бастамасымен қолға алынған игі шараға мәслихат депутаттары, мемлекет қызметкерлері, еріктілер және коммуналдық мекемелердің жұмысшылары қатысты. Жалпы, акцияға ауданымыздағы барлық елді мекендерден 1000 - ға жуық адам атсалысып, жол бойлары мен саябақтарға, аллеяларға 2135 түп көшет отырғызды. Жоспарға сай алда тағы 1020 түп ағаш егілмек. Шара барсында еңбек ұжымдары қарағай, шырша, қарағаш, арша, терек, емен, шетен, айлант секілді ағаш көшеттерін отырғызып қана қоймай, оның айналасында тал-теректерден түскен жапырақтарды, арықтарды күл-қоқыстан тазартты. Егілген ағаштардың дені - жайқалып тұратын сәмбі талдар, мәңгі жасыл, діңі берік, тез өсетін көшеттер. Демек, біраз жылда жас шыбықтар бой түзеп, ауданымыздың сәнін асырып, тұрғындардың саясына айналмақ.

Сейсенбі, 27 Қазан 2020 16:30

День опекуна

29 октября в Республики Казахстан отмечается День Опекуна. Это сравнительно молодой праздник, который является своеобразным выражением благодарности людям и семьям, принявшим на воспитание чужого ребенка, нуждающегося в тепле, заботе и любви.
Цель данного мероприятия - популяризация альтернативных форм устройства детей в семью (опека, патронат, усыновление) и выражение благодарности семьям, принявшим на воспитание в свою семью ребенка, тем людям, для которых чужих детей и чужой беды не бывает. Стало доброй традицией говорить слова благодарности тем людям, которые стали родителями для детей - сирот. Они стали их семьей.
В КГУ «СШ имени Ломоносова» есть ученики, которые по тем или иным причинам остались без попечения родителей, но не попали в детский дом, а были взяты под опеку. У нас в школе четверо опекунов, в большинстве своём это бабушки, тёти и дяди деток, оставшихся без попечения родителей. Четверо добрых сердец, четверо неравнодушных людей. Сегодняшний праздник мы проводим именно для них, — пояснила социальный педагог Кырбасова А.А.. В рамках мероприятия с опекунами был проведен круглый стол на тему: "Семья, проблемы, поиски, решения" в онлайн режиме, цель, которой изучить точки зрения опекунов по решению проблемных ситуаций, связанных с воспитанием детей в опекунской семье.
В конце мероприятия каждый опекун был посещен по месту жительства, где им были вручены благодарственные письма за хорошее воспитание детей, а так же вручены продуктовые корзины и подарки.

А.А. Кырбасова,

социальный педагог

сш. имени М.Ломоносова

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерге қатысты тыйымды қайта қарау қажет екенін мәлім етті.

«Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын.

Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тиым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет», — деп Президент Twitter парақшасында жазды.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы "Шектеу карантиндік шаралар және оларды біртіндеп азайту туралы" қаулысына енгізілген өзгерістер жиналыстар мен кездесулерді өткізу тәртібі де қамтиды.

Құжатта айтылғандай, жеке кездесу (кездесу) кезінде COVID-19 таралуын болдырмау үшін келесі шаралардың орындалуын қамтамасыз ету қажет:

- үй-жайларда желдету / ауа алмасу жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі;
- ғимаратқа кіре берісте барлық келген адамдардың дене қызуы өлшеніп, залдарға кіре берісінде орнатылған зарарсыздандырушы сұйықтық қондырғыларды отырысқа (сессияға) қатысушылардың пайдалануын бақылау;
- мәжіліске (сессия) қатысушылар залда әлеуметтік арақашықтыққа қатысты отыруы қадағалануы тиіс.

Жеке бетпе-бет кездесуге қатысушыларға қойылатын талаптар да анықталды:

- ол адамдардың ПТР-тест бойынша COVID-19 ауруы жоқ екенін растайтын анықтамасы болуы тиіс, онда да оның жарамдылығы 3 күнді қамтиды;

- жиналыс (жиналыс) өткізілетін бөлмеде болған барлық уақыт ішінде респираторлық маскаларды қолдану;

- әлеуметтік арақашықтықты сақтау;

- қол алысуды немесе тікелей байланыстың басқа түрлеріне тыйым салынады.

Егер сөйлеу ұзақтығы 30 минуттан аспаса және бірінші қатардағы адамдардан кемінде 3 метр қашықтықта болса, баяндамашыға қорғаныс құралдарынсыз сөз сөйлеуге рұқсат етіледі.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 03, 2024

Ерлан Барлыбаев: "Үкімет ұсынғандай…

Елімізде 6 қазан күні АЭС салу бойынша референдум өтеді. Осыған байланысты VIII сайланған…
Қаз 03, 2024

Международные стандарты в…

Строительство атомной электростанции – это масштабный и сложный проект, требующий…
Қаз 03, 2024

Алматы облысында референдумға…

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының…
Қаз 03, 2024

И след простыл: как современные…

Углеродный след человечества — тяжелый груз для планеты, который ей все труднее нести.…
Қаз 03, 2024

АЭС ел экономикасының өркендеуіне…

Ақтөбе облысындағы халықтық штаб мүшелері «Қамқор вагон» ЖШС-нің ұжымымен кездесу…
Қаз 03, 2024

Атомная энергетика не может быть…

Лэйла ТАСТАНОВА В преддверии референдума по вопросу строительства атомной электростанции…
Қаз 03, 2024

Имеем средство от рака в руках, но…

Более 200 тысяч человек в Казахстане состоят на учете как онкобольные. И 12 тысяч…
Қаз 03, 2024

Эксперт разобрал мифы и реальность о…

Директор департамента атомной энергетики и промышленности Министерства энергетики…
Қаз 03, 2024

Атом энергетикасын дамыту экологияға…

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның ғылыми орталығы бастығы, физика-математика ғылымдарының…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет