Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан басшысы Қуанышбек Қашқымбаев ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерімен кездесіп, егін науқанында шаруалардың мазасын қашыратын су тапшылығы мәселесін талқылады.  Жиынды аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Бименов жүргізді.

– Бүгінде ауданымыз ауыл шаруашылығы өнімін өндіруден көш бастап отыр. Биылғы жылы 124 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру жоспарланған. 9 айдың қорытындысы бойынша 86 млрд теңгенің өнімі жиналды. Аудан табиғатының қолайлылығы мен құнарлы жеріміздің арқасында біз сіздермен бірге одан да мол нәтижеге қол жеткіземіз. Бірақ осы жылы суармалы су тапшылығының салдарынан, біраз өнімді жоғалтып алдық. Осы жағдай келер жылы қайталанбас үшін, келер жылға дайындықты қазірден бастауымыз керек – деді Қуанышбек Қалиұлы.

Баяндама жасаған ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ермек Жакеевтің мәліметінше, аудандағы ауылшаруашылығы жерлерін 4 мекеме: Д.Қонаев атындағы ҮАК, «Гидросервис» ЖШС, «Талгар Элегация», «Қараш» ЖШС суармалы сумен қамтамасыз етеді. Биыл шаруалар 690 млн текше метр су тұтынған. Сондай-ақ су жүретін арықтардың жалпы ұзындығы 1421 шақырым болса, оның 774 шақырымы ғана бетондалған. 623 шақырымды су қара жер арқылы өтеді. Осы тұста егінге бағытталған судың басым бөлігі жерге сіңіп кетеді. Ермек Ильянұлы осы арналарды күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу керектігін айтты.

Кезекпен сөз алған жоғарыда аталған су беретін мекемелердің басшылары биылғы су тапшылығын таудан келетін судың азаюымен байланыстырды. Табиғи құбылысқа қарсы шара қолдану мүмкін емес. Күз мезгілінен бастап көктемге дейін су жиналған. Алайда мөлшері жылдағыдан аз болған.  Алдағы уақытта да табиғаттың қандай мінез көрсететіндігін болжау қиын. Сондықтан суды үнемдеудің барлық жолдарын жасау керек. Алдымен, су арналарын ретке келтіріп, мүмкіндігінше тамшылатып суару әдісін пайдаланатын алқаптардың санын арттыру қажет. Сонымен қатар жеке меншікке өтіп кеткен аудан аумағындағы тоғандарды су беретін мекеменің теңгеріміне беру керек. Осындай ұсыныстарын жеткізген су жеткізу мекемелерінің басшылары тіршілік нәрінің тапшылығымен шаруалармен бірлесе күресетіндігін айтты.

Өз кезегінде тұтынушылар кооперативінің өкілдері де өздерінің ұсыныстарын ортаға салып, мемлекеттің көмегіне мұқтаж екендіктерін де жасырмады.

Жиын соңында аудан басшысы бюджеттен қаржы бөліп, су арналарын ретке келтіруге ауыр техникалар алу керектігін айтты. Бұл техникасы жоқ кооперативтер мен су беретін мекемелер үшін де тиімді болмақ. Сондай-ақ аудан әкімдігі жанынан жұмыс тобы құрылып, арналарға мониторинг жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Және де, су тапшылығы мәселесімен қазірден бастап күресіп, көктемге дайындық жұмыстарын жүргізу керектігін қадап айтты. Шаруа-ларға да, су жеткізушілерге де әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетін болады.

С.НҰРАДИН

Ацетилсалицил қышқылын қолданудың қай-қайсымызға да қажет болуы мүмкін 10 әдісін ұсынамыз.

  1. Безеулермен күресуге көмектеседі

Қабынуға қарсы қасиетінің арқасында аспирин теріні тыныштандырып, безеуді кішірейтеді. Ол үшін аспириннің 2-3 таблеткасын (қабықшасыз болғаны маңызды) ұнтақтап, лимон шырынымен араластырамыз. Қосындыны безеуге жағып, бір минут шамасында ұстаңыз. Артынша жуып тастаңыз. Бұл  қоспаны күнге шығар алдында қолдануға болмайды.

  1. Жәндіктер шаққанда пайда болатын қышуды басады

Сонымен қатар аспирин маса шаққанда пайда болатын ісіну мен қышынуды басады. Қабықшасыз аспирин таблеткасын сумен араластырып, шаққан жерге жағып, бірнеше минутқа қалдырыңыз.

  1. Беттегі саңылауларды кішірейтеді

Аспирин май бездері секрециясын қалыпқа келтіреді. Нәтижесінде терідегі саңылауларды кішірейтіп, бет терісі тегіс әрі жарқырай түседі. Ол үшін мына масканы жасап көріңіз.

  • Аспириннің қабықшасыз 7 таблеткасы
  • 3 ас қасық табиғи йогурт не қаймақ
  • 1 ас қасық бал

Масканы таза теріге жағып, 3-5 минут көлемінде ұстаңыз. Мұнан соң сумен жуыңыз.

  1. Қайызғақтан арылтады

Қайызғақ тек көркіңізді бұзып қана қоймай, қышуы себепті жайсыздық тудырады. Одан арылу үшін,аспириннің 2 таблеткасын ұсақтап, өзіңізге жеткілікті мөлшердегі сусабынмен араластырыңыз.

  1. Эксфолиант ретінде қызмет етеді

Ацетилсалицил қышқылы терідегі өлі жасушаларды жояды. Эксфолиант дайындау үшін екі таблетка аспиринді сумен араластырыңыз. Қоспаны теріге жағып, бірнеше миутқа қалдырыңыз. Артынша бетіңізді уқалап, сумен жуып тастаңыз. Егер теріңіз сезімтал болса, мұндай эксфолиантты абайлап қолданыңыз. Ол теріңіздің тітіркенуіне алып келуі мүмкін.

  1. Аяқтағы мүйізгектерден арылуға көмектеседі

Бұл таблеткалар, тіпті, табан терісін жұмсарта алады. Себебі қышқыл қабыршақтанған теріні тамаша кетіреді. 7 таблетка аспиринді ұнтақтап, 1 ас қасық лимон шырынымен араластырыңыз. Қоспаны табаныңызға жағып, 10 минутқа жылыда ұстаңыз. Одан кейін қиындық тудыратын жерлерді кеуектаспен ысқылаңыз.

  1. Зақымдалған шаштарды қалпына келтіреді

Аспирин шашңызға да пайдасын тигізеді. Ол шашыңызды тегіс әрі жарқыраған етеді. Оған қоса бояғаннан кейін түсін сақтауға көмектеседі. Бір шыны жылы суда аспирин блистерін ерітіңіз. Шашыңызды жуған соң дайындалған масканы жағыңыз. 15 минутқа қалдырып, жуып тастаңыз.

  1. Киімдегі терден қалған дақты кетіреді

Терден қалған дақтар себепті жарамсыз күйге түскен киіміңізге аспирин екінші өмір сыйлайды. Аспириннің бір таблеткасын жылы сумен араластырып, дақтарға жағып, бір түнге қалдырыңыз. Мұнан соң киіміңізді жуыңыз. Нәтижесінің қуантары анық.

  1. Жуыну бөлмесіндегі сабын дақтарын ерітеді

Сабын дақтарын ысқылаудан шаршағандар үшін тамаша әдіс бар: 5 таблетка аспиринді ұнтақтап, тазартуға арналған құралмен араластырыңыз. Қоспаны сабын дақтарына жағып, жарты сағатқа қалдырыңыз. Мұнан кейін оларды ысқышпен оңай сүртіп аласыз.

  1. Кесілген гүлдердің өмірін ұзартады

Құмырадағы суға аспириннің 1 таблеткасын қоссаңыз, гүл шоғы ұзақ жайқалып тұрады. Ол дәрінің судағы pH-ты өзгертіп, бактериялардың көбеюін баяулатуымен байланысты. Бұл әдіс, әсіресе, раушан гүлі үшін тиімді.

Ұсынылған кеңестерді қолданар алдында терапевт немесе дерматолог маманмен ақылдасуға кеңес береміз.

Бейсенбі, 22 Қазан 2020 11:00

Сүйекті сүт нығайтады

Денсаулықтың жақсы болуын жас кезден бастап-ақ қолға алған дұрыс. Сүйек – адамның қимыл-қозғалысына ең қажетті ағзаның бірі. Оның құрамында 50% су, 12,5% оссеин (жұмсақ, серпінді органикалық зат), 21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), ал 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпінді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде органикалық заттардың мөлшері көп болса, адам жасы ұлғайған сайын сүйектегі органикалық заттар азайып, минералды заттар көбейеді. Ал мұның салдары сүйектің иілгіштік қасиетінен айырылып, морт сынғыш болуына алып келеді. Назарларыңызға сүйекті нығайтатын амал-тәсілдерді ұсынамыз. 

 Сүйектер тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпалардан түзіледі. Сырты тығыз ұлпа, ішкі бөлімі борпылдақ ұлпадан құралады, сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен сүйек қабы болады. Сүйек сынғанда біртіндеп бітіп, қайта қалпына келуі де сүйек қабына тікелей байланысты. Осы қабында қантамырлары мен жүйкелер болатындықтан, сүйекке ұдайы қоректік заттар жеткізіледі. Екі шетіндегі шеміршекті қабаттағы жасушалардың бөлінуінен сүйек ұзарып өседі. Қаңқаның толық сүйектенуі 20-25 жасқа дейін жалғасады. Ересек адам сүйегінің 2/3 бөлігін бейорганикалық, ал қалғанын органикалық заттар құрайды. 

 Сүйекті нығайтуда, оны қоректендіруде кальций қажет. Дегенмен, бұл элементтен препараттар түрлі жолмен дайындалады. Мәселен, ең қолжетімді кальций корбанаты бәріне белгілі. Алайда оның зиянды тұстары да баршылық. Препарат бүйрекке тас жиналуды арттырады, артрит пайда болады. Осы орайда мұндай дәрмектерді пайдаланғанда дәрігермен кеңесіп барып қабылдаған жөн. 

• 10-20 жас аралығында адамдарға сүйекті нығайтуда тағаммен бірге 300 мг кальций қажет. Керекті микорэлементтер қорын ағарған мен көкөністердің құрамынан алады. Ол үшін күніне 3 стақан сүт ішуге болады. 

• 20-30 жас аралығындағы жандарға керекті кальций күн сайын 1000 мг құрауы тиіс. Сонымен қатар, қосымша жаяу жүру мен жүгіруді қолға алған пайдалы. 

• 35-50 жас аралығындағы адамдарға да күн сайын 1000 мг кальцийді тұтынуға кеңес береді. Бұл жаста сүйек құрамындағы пайдалы заттардан айырылады. Оны толықтыруда маманмен кеңесіп, ем алудың артықтығы жоқ. 

• 50 жастан асқанда 1000 мг кальций күн сайын ас құрамымен ағзаға түскені дұрыс. Аптасына 3 рет 20 минуттық спортпен айналысу артықтық етпейді. 
 

Сүйекті нығайтуда мынадай тағам түрлерін тұтынуға болады. 

1. Кемінде бір күнде 1 литр сүт ішу арқылы сүйекті нығайта аласыз. 

2. Қырыққабат жапырақтарын жиі тұтыну жадыңызда жүрсін. 

3. Өрік немесе кептірілген өрік те пайдалы. Оның құрамында магний, фосфор, мырыш пен калий бар. Түнде кептірілген өрікті термосқа салып, үстіне су құйып, жібітеді. Таңертең жібітілген өрікті жеңіз. Пайдасы керемет. 

4. Асқабақ дәні мен майы да шипасын тигізеді. 

5. Жұмыртқаның қабығы кальций қорына өте бай. Алдымен жұмыртқаны суға қайнатып, қабығын аршиды. Жақсылап кептіріп (пешке кептіруге де болады), майдалап үгітіп, ұнтақ дайындайды. Оны 8-10 күн тоңазытқышта сақтауға болады. 1 ас қасықтан күніне 1 рет үстіне бірнеше лимон сөлін тамызып жейді. Емделу уақыты 20-30 күн.

Бейсенбі, 22 Қазан 2020 10:58

Жақсы болса әйелің

Жақсы болса әйелің –

Үйіңдегі ырысың.

Жақсы болса ұл балаң –

Қайрап қойған қылышың.

Жақсы болса келінің –

Басып қойған күрішің.

Жақсы болса қыз балаң –

Жайлы қоныс, тынысың.

Құлтума

Ер сүрінбей, ел танымас,

Ат сүрінбей, жер танымас.

 

Малы жоқ деп,

Ерден түңілме.

Егіні жоқ деп,

Жерден түңілме.

 

Нар тәуекел – ер ісі

 

Ел үмітін ер ақтар,

Ер атағын ел сақтар.

 

Ер – намысының құлы.

 

Сойылды соға білмеген өзіне тигізеді.

 

Айлалы батыр алдырмас.

 

Бөрі азығы мен ер азығы жолында.

 

Оқ жетпес жерге қылыш суырма.

 

Ылдисыз өр болмайды,

Табыссыз ер болмайды.

 

Ер қартайса, қазаншы болады.

Бүркіт қартайса, тышқаншы болады.

 

Шын орақшы орақ таңдамайды,

Шын батыр құрал таңдамайды.

 

Әлі келген алып та жығады,

Шалып та жығады.

 

Жүк ауырын нар көтереді,

Ел ауырын ер көтереді.

 

Қашпақ, қумақ – ерге сын,

Көшпек, қонбақ – жерге сын.

 

Шын ер жеңсе, тасымас.

Жеңілсе, жасымас.

 

Ер – елдің ық жағының қаласы,

Жел жағының панасы.

 

Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені,

Еменнің иілгені – сынғаны.

 

Батыр мақтанса,

Жауға шапқанын айтар.

Қу мақтанса,

Алдап қаққанын айтар.

 

Үйіңе келгенде үйдей өкпеңді айтпа.

 

Тымырсық болса, ер оңбас.

Тоңға жатса, мал оңбас.

 

Ерді қорласаң, састырар.

Асты қорласаң, құстырар.

 

Жігіт жолдасынан белгілі,

Сарбаз қолбасынан белгілі.

 

Ердің атын не аты шығарар,

Не қатыны шығарар.

 

Қасында қара көп болса,

Нөкер емес немене?

Шөлдегенде ішкен су

Шекер емей немене?

Ат жалынан тапқан мал

Бекер емей немене?

 

Тоқсанымыз жиылып,

Тоқты жыққан батырмыз.

Сексеніміз жиылып,

Серке жыққан батырмыз.

 

Ердің малы – елдің малы.

 

Ерді жаяулық емес,

Қаяулық аздырады.

 

Ел – ырыстың орманы,

Ер – ырыстың қорғаны.

 

Жоқшылық жомарт ердің қолын байлар.

 

Тәуекел тау жығар.

 

Батыр ортақ,

Бақ жалқы.

 

Су жетпейін демейді,

Жар жеткізбейді.

Ер жетпейін демейді,

Мал жеткізбейді.

 

Жаман жігіт

Жолдасын жауға алғызар,

Өзін ұятқа қалғызар.

 

 

Өз басыңды дауға берсең де,

Жолдасыңды жауға берме.

 

Қыз құшпаған ер арманда,

Қызғалдақ жемеген қозы арманда.

 

Отызыңда орда бұзбасаң,

Қырқыңда қыр аса алмассың.

 

Ер сасқанда белгілі,

Ат шапқанда белгілі.

 

Қорыққан бұрын жұдырықтар,

Шабан үйрек бұрын ұшар.

 

Қорқақтың көзі үлкен,

Ақымақтың сөзі үлкен.

 

Қорқақты көп қусаң, батыр болады.

 

Бақ келді деп таспа,

Жау келді деп саспа.

 

Тәуекел ет те, тас жұт.

Ажал жетпей, өлмек жоқ.

 

Алпыс күн атан болғанша,

Алты күн бура бол.

 

Арманы жоқ жігіттің

Пәрмені жоқ.

 

Арғымақ аттың құйрығы –

Әрі жібек, әрі қыл.

Ер жігіттің белгісі –

Әрі мырза, әрі құл.

 

Жау жеңетін жігіттің

Жарағынан танимын.

Дау жеңетін жігіттің

Талабынан танимын.

 

Қорлық өмірден,

Ерлік өлім артық.

 

Алыс жол атты сынайды,

Ауыр жол ерді сыйлайды.

 

Ерге лайық ат туар,

Жерге лайық шөп шығар.

 

Тайынбаған тауды жығады,

Тайсалмаған жауды жығады.

 

Жау жоқта батыр көп,

Дау жоқта ақыл көп.

 

Орақшы орақ таңдамайды,

Батыр жарақ таңдамайды.

 

Қылышынан қан тамған батырды

Тілінен бал тамған ақын алады.

 

Пенде көресісін көрмей,

Көрге кірмейді.

Тозған қазды

Топтанған қарға алады.

 

Теңге – тиыннан,

Ынтымақ – ұйымнан.

 

Екі құзғын таласса,

Бір қарғаға жем болар.

 

Көнектен шошынған бие оңбас,

Көптен бөлінген үй оңбас.

 

Қырық кісі – бір жақ,

Қыңыр кісі – бір жақ.

 

Көптеген жау алады,

Көмектескен дау алады.

 

Күшенген жеңбейді,

Күші көп жеңеді.

 

Ынтымақ – бұзылмайтын қорған,

Қосылып еккен ағаш – орман.

 

Аздың азаншысы болғанша,

Көптің қазаншысы бол.

 

Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.

 

Тоқтығында жараспаған,

Аштығында қараспайды.

 

Қосылғанның қол ұзын,

Қос керуеннің жолы ұзын.

 

Ынтымақ жүрген жерде

Ырыс бірге жүреді.

 

Ынтымақсыз елді ұрысы билейді,

Ынтымақты елді дұрысы билейді.

 

Бір кісінікі – мақұл,

Екі кісінікі – ақыл.

Тірлік басқа болса да,

Тілек бір.

Саусақ басқа болса да,

Білек бір.

 

Ит пен ит ырылдасса,

Тамағының тоқтығы.

Жігіт пен жігіт қырындасса,

Ынтымағының жоқтығын.

 

Жері азған елді тоқшылық болмайды,

Ері ынтымақты елде жоқшылық болмайды.

 

Берекені көктен тілеме,

Бірлігі мол көптен тіле.

 

Бірікке бітіреді,

Ұйымдасқан ұтады.

 

Саусақ ашылса – қылдырық,

Жұмылса – жұдырық.

 

Бас жарылса, бөрік ішінде.

Қол сынса, жең ішінде.

 

Бірлігі күшті ел азбайды,

Пішуі кең көйлек тозбайды.

 

Көңілің тарпаған іске қол ұрма.

Отан – елдің анасы,

Ел – ердің анасы.

 

Бақа көлін сүйеді,

Бұлдырық шөлін сүйеді,

Ер жігіт елін сүйеді.

 

Құлан қағын қорғайды,

Киік лағын қорғайды.

 

Мал қонысын іздейді,

Ер жігіт туысын іздейді.

 

Есі бүтін елден шықпайды,

Елінің қырын жықпайды.

 

Ел-елдің бәрі жақсы,

Өз елің бәрінен жақсы.

 

Отан үшін күрес –

Ерге тиген үлес.

 

Іргесі берік елді

Жау ала алмас,

Ауызы бір елді

Дау ала алмас.

 

Сұңқар қиясын сағынады,

Торғай ұясын сағынады.

 

Туған үйдің түтіні жылы,

Туған ананың күтімі жылы.

 

Ұлтарақтай болса да,

Ата қонысы жер зқымбат.

Ат төбеліндей болса да,

Туып-өскен ел қымбат.

 

Жат елдің жақсысы болғанша,

Өз еліңнің сақшысы бол.

 

Отанға опасыздық еткенің –

Өз түбіңе өзің жеткенің.

 

Отанға опасыздық еткенің –

Өмірден қаралы болып өткенің.

 

Туған жердің торғайы

Тұрымтайдай көрінер.

Құлыны тайдай көрінер,

Қыздары айдай көрінер.

 

Туған елің болмаса,

Тумай-ақ қойсын Күн мен Ай.

 

Есі бар жігіт елін табар,

Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.

 

Жат жердің қаршығасынан

Өз жеріңнің қарғасы артық.

 

Тұлпар тегін табар,

Ер жігіт елін табар.

 

Бақыр қазан қайнаса –

Бәріміздің бағымыз.

Туған жердің әр тасы –

Біздің алтын тағымыз.

 

Өз інінде көртышқан да батыр.

 

Адам отанын іздейді,

Қой қотанын іздейді.

 

Арша өскен жерінде,

Адамзат өскен елінде.

 

Атамекен – анаң екен,

Қысылғанда панаң екен.

 

Егілмеген жер – жетім,

Елінен айырылған ер – жетім.

 

Тұғырына саңғыған сұңқар оңбас,

Үйірінен айырылған тұлпар оңбас.

 

Ат үйірін сағынса,

Артқы аяғын қағынар.

Ер үйірін сағынса,

Ер-тұрманын тағынар.

Бейсенбі, 22 Қазан 2020 10:18

"Уақыт патшалығы" ертегісі

Ерте, ерте, ертеде Уақыт патшалығын Жыл атты патша билепті. Жыл патшаның мінездері әр түрлі төрт ұлы болыпты. Олар: Көктем, Жаз, Күз және Қыс. Осы төрт ұлының әрқайсысында үш баладан болған екен. Көктем ұлынан Наурыз, Сәуір және Мамыр атты үш немересі бар екен патшаның. Ал Жаз ұлынан Маусым, Шілде, Тамыз атты немерелері, Күз ұлынан Қыркүйек, Қазан, Қараша атты немерелері тараса, ал Қыс ұлынан Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан атты немерелері тараған екен.
Патша өз тағына мұрагер етіп ұлдарын емес, немерелерін тағайындауды жөн көріпті. Содан ол өзінің тағына немерелерінің арасынан біреуін тағайындайтынын жария етеді. Сонымен қатар, ол мұрагері білімді, өнерлі, халыққа қызмет етуі керектігін де айтады. Барлық немерелері Жыл патшаның алдына келіп, білімдерін, талантын көрсетеді. Барлығы бірінен-бірі асып түседі. Немерелерінің бұл өнері мұрагерді таңдауда патшаға қиыншылық тудырады. Әрі ойланып, бері ойланған патша мынадай жарлық шығарады:
— Менің мына «Уақыт» патшалығым тұрғанда менің немерелерімнің барлығы да патша болады. Олардың барлығы халық үшін өздерінің жайлылығын, еңбектерін ұсынып отыр. Сондықтан немерелерімнің әрқайсысы отыз күннен патшалық етсін!
Міне, осы жарлықтан кейін патшалықта әр отыз күн сайын халыққа Жыл патшаның он екі немересі үлкенінен кішісіне қарай заңдылықпен патшалық етіп отырыпты деседі.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 03, 2024

Ерлан Барлыбаев: "Үкімет ұсынғандай…

Елімізде 6 қазан күні АЭС салу бойынша референдум өтеді. Осыған байланысты VIII сайланған…
Қаз 03, 2024

Международные стандарты в…

Строительство атомной электростанции – это масштабный и сложный проект, требующий…
Қаз 03, 2024

Алматы облысында референдумға…

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының…
Қаз 03, 2024

И след простыл: как современные…

Углеродный след человечества — тяжелый груз для планеты, который ей все труднее нести.…
Қаз 03, 2024

АЭС ел экономикасының өркендеуіне…

Ақтөбе облысындағы халықтық штаб мүшелері «Қамқор вагон» ЖШС-нің ұжымымен кездесу…
Қаз 03, 2024

Атомная энергетика не может быть…

Лэйла ТАСТАНОВА В преддверии референдума по вопросу строительства атомной электростанции…
Қаз 03, 2024

Имеем средство от рака в руках, но…

Более 200 тысяч человек в Казахстане состоят на учете как онкобольные. И 12 тысяч…
Қаз 03, 2024

Эксперт разобрал мифы и реальность о…

Директор департамента атомной энергетики и промышленности Министерства энергетики…
Қаз 03, 2024

Атом энергетикасын дамыту экологияға…

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның ғылыми орталығы бастығы, физика-математика ғылымдарының…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет