Сәрсенбі, 21 Қазан 2020 09:54

Мониторинг жалғасуда

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ «ЖЕТІСУ АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАР МЕН ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ЖЕТКІЗУ МОНИТОРИНГІН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Облыс әкімдігінің мәліметінше, өңірде пандемиямен күреске жергілікті бюджеттен 13 млрд. теңге, оның ішінде екінші толқынға дайындалуға 8,1 млрд. теңге бөлінді.

Облыстың медициналық мекемелерінде жеке қорғану құралдарының үш айлық қоры және дәрілік заттардың екі айлық қоры бар.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, өңірдің медициналық мекемелерінде жеке қорғану құралдарының үш айлық қоры, оның ішінде 6,2 млн. медициналық маска, 2,5 млн.. жұп қолғап, 74,6 мың бір реттік қорғаныш костюмдерінің жиынтығы, сондай-ақ дәрілік заттардың екі айлық қоры бар. Атап айтқанда, стационарларда 1,4 млрд. теңгеге 204 дәрі атауы, амбулаторияларда - 101 млн. теңгеге 5 атау бар.

Сондай-ақ, "СК Фармация" арқылы дәріханаларға 63 млн. теңге сомасына дәрі-дәрмектердің 33 атауына өтінім қалыптастырылды, 1 млн. қорғаныш маскаларын жеткізу жүзеге асырылды. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 92 млн. теңгеге вирусқа қарсы препараттар сатып алынды.

Мониторингтік топтар облыс дәріханаларындағы бағаларды негізсіз көтеру мәніне бақылауды жалғастыруда.

Сонымен қатар, біздің облысқа достас елдерден гуманитарлық көмек келіп түсуде. Ағымдағы аптада Сингапурдан 20 өкпені жасанды желдету аппараты келеді деп күтілуде.

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осы бағыттағы мониторингті жалғастырады.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

Алматы облысы бойынша департаментінің

Превенция және парасаттылық басқармасы

 

Сәрсенбі, 21 Қазан 2020 09:53

Жаман туыс – бір масыл

Жаман туыс – бір масыл,

Арқалаған құммен тең.

Жақсылығың істеген

Елекке құйған сумен тең.

Келіннің зекіп айтқаны –

Езіп құйған умен тең.

Жаман болса әйелің –

Көрген күнің түнмен тең.

Атадан жаман ұл туса –

Елестеген жынмен ең.

ҚҰЛТУМА

Сәрсенбі, 21 Қазан 2020 08:17

Ырыс жайлы аңыз

Баяғыда бір жолаушы жолаушылап келе жатып шағын бір ауылға түсіпті. Ауылдың сыйлы кісінің үйіне дәл түскен екен. Ол да жолынан жығылмай қонағын жік-жапар болып күтіп алыпты. Түннің бір уағында қонақ иттің ұлығанынан оянып кетіпті. Бұл қонақ жәй қонақ емес еді. Жер бетіндегі жан-жануардың тілін меңгерген ғалым адам болатын. 

Ауыл сыртынан:

– Қонақтың атын жеймін! –  деп ұлыған қасқырға үй иесінің иті:

– Қонағымның атын жер болсаң, сені адамдарға ұстап беремін, – деп жауап қатып тұр екен. Қасқыр болса:

– Бұл ауылды таң ата жау шабады, – деп тайып тұрыпты.

Қонақ үй иесін оятып, дереу ауылдың көшуін сұрапты. Ауылды көшіріп болған соң, ертесіне ескі жұртқа келсе, көнбей қалып қойған екі үйдің шаңырағы ортасына түсіп жатыр екен.

Жаңа қоныста түстеніп отырған қонақ:

– Бұл үйдің ырысы итінде екен-ау, бұйымтай ретінде осы итті сұрармын, – деп ойлапты. Сол мезетте ит киіз үйдің туырлығын иіскепті. Қонақ:

– Ырыс туырлыққа ауды, туырлықты қалаймын, – деп ойлап отыра беріпті. Сол оймен отырғанда маңайда жайылып жүрген жетім тоқты келіп, сол туырлыққа сүйкеніп өтіпті. Бұйымтайын сұраған үй иесіне: 

– Маған анау қара тоқтыны сойып, етін түгелдей асып беріңіздер. Тек бір шартым бар – еттен менен бұрын ешкім ауыз тимесін, – депті. 

Ауылдың бір жігіті тоқтыны әп-сәтте сойып тастайды. Бәйбіше етті толығымен қазанға салып асып енді әкеле бергенде үй иесінің ерке ұлы жүгіріп өтіп бара жатып, бастың құйқасынан жұлып жеп үлгеріпті. Ет үстінде ауыл иесі: 

– Қадірлі қонағым, сен кеше ауылды ажалдан аман алып қалдың, сырыңды айтшы, – депті. Сонда қонақ: 

– Сізге ырыс қонған екен, сол ырысыңыз ауылды асырап отыр. Ырысыңыздың иесі итіңіз екенін сездім, соны қалаймын-ау деп ойлағаным сол еді, итіңіз туырлықты иіскеп ырыс туырлыққа ауысты. Туырлықты қалайын деп отырғанымда, оған тоқты сүйкенді. Сол тоқтының етін жеп ырысты болайын деп ойлаған едім, етті мына балаңыз бірінші жеп үлгерді.  Ырыс енді осы балада. Құдайдың оң назары түскен пендесі екенсіз, – деп сөзін аяқтапты қонақ.

Сейсенбі, 20 Қазан 2020 21:06

Место для вашей рекламы

Сейсенбі, 20 Қазан 2020 21:04

Жарнама орны

Ендеше, төмендегі маскаларды жасап көріңіз. Тырнағыңыз тез өсіп және бұрынғыдан қатая түспек.

 

1. Қызыл бұрыш

Қолға арналған кез келген кремнен 1 шай қасық және сондай мөлшерде ащы қызыл бұрышты (ұнтақ) араластырыңыз. Тырнағыңыздағы лакты тазалап, оның орнына жаңа дайындаған қоспаңызды аздап ысытып, тырнағыңызға жағыңыз. 15 минуттан соң тынрақтарыңызды сабын қолданбай жуып, қолыңызға крем жағыңыз. Тырнаққа арналған бұл масканы он күнде бір рет жасасаңыз болады. Әдетте, екі масканың өзі жеткілікті.

 

2. Йод

Жарты литр суды жылытып, оған 2 ас қасық тұз, 10 тамшы йод тамызып араластырыңыз. Осы суға қолыңызды 15 минут салып отырыңыз. Бұл процесс тырнағыңызды қатайтып, өсуін жылдамдатады.

 

3. Лимон шырыны

 

Лимон шырынына саусақтарыңыздың ұшын, яғни тырнақтарыңызды салып, бірнеше минут ұстаңыз. Сондай-ақ лимонды ортасынан бөліп, саусағыңызды ішіне салып, бірнеше минут отырыңыз. Лимон шырыны – тырнаққа таптырмас ем.

 

4. Алоэ шырыны

30 мл алоэ шырыны, 2 ас қасық қаймақ, ошаған, шырғанақ, қырмызы майларынан 40 тамшыдан қосып араластырыңыз. Дайын қоспаны тырнағыңызға жағыңыз.

 

5. Ас содасы

1 ас қасық ас содасын 1 стакан жылы суда ерітіп, бірнеше тамшы йод тамызыңыз. Саусақтарыңызды осы суға салып, 10-15 минут отырыңыз. Одан кейін қолыңызды құрғатып сүртіп, крем жағыңыз. Мұндай әдісті аптасына бірнеше рет қайталауыңызға болады.

Дүйсенбі, 19 Қазан 2020 20:18

Асқабақпен арықтаңыз

Қытайда асқабақ пен оның дәнін күйзелістің таптырмас емі деп есептесе, Испания мен Италияда ерте кезден асқабақтың өзін ғана емес, гүлін де тамаққа қолданады. Асқабақтың емдік қасиетімен қатар, арықтатып, артық майдан арылтатын күші де бар.

Бар болғаны 100 гр асқабақ ағзаға қажетті темірдің үштен бір бөлігін, Е дәруменінің 15%, С дәруменінің 70% тәуліктік мөлшерімен қамтамасыз етеді. Ал калориясы 100 грамда – 23 ккал. Асқабақ диетасын ұстағанда, орта есеппен, күніне 500 гр салмақтан арылуға болады.

Диета ұзақтығы: 12 күн

Ерекшелігі: тұтынатын барлық тағамның негізгі компоненті – асқабақ болуы керек.

Күтілетін нәтиже: 12 күнде, шамамен, 6-7 кг.

Диета ұстау жиілігі: жылына бір реттен артық емес.

Қосымша эффект: асқорыту жүйесін жақсартады, тері мен шашқа оң әсерін тигізеді.

Кімдерге бұл диетаны ұстауға болмайды: кез келген созылмалы ауруы бар адамдар, жүкті және емшекте баласы бар әйелдер.

12 күннен тұратын диетаны 4 тәуліктен қайталанатын 3 кезеңге бөлеміз. Демек, төрт күннен кейін қайтадан бірінші күннің ас мәзірінен бастайсыз. Асқабақтан дайындалған тағамнан кейін ашырқау сезімі әдеттегідей жиі болмайды. 

Асқабақ диетасында тағамның көлеміне шектеу қойылмайды. Яғни рұқсат етілетін тағамды үш уақыт қалауыңызша жеуіңізге болады, бірақ бұл үш уақыттан басқа кезде ешқандай тіскебасарға да рұқсат жоқ. Сондай-ақ сұйықтықтан тек газсыз су (1,5 литрден кем емес) және көкшай (3-4 кесе) ішу керек.

 

Бірінші күн

Таңғы ас: миндаль қосылған асқабақ салаты (жаңғақ орнына асқабақ дәнін де пайдалануға болады) немесе майлылығы төмен сүт не суға пісірілген асқабақ ботқасы.

Түскі ас: асқабақ езбе сорпасы

Кешкі ас: түрлі дәмдеуіштермен бұқтырылған асқабақ.

 

Екінші күн

Таңғы ас: миндаль қосылған асқабақ салаты (жаңғақ орнына асқабақ дәнін де пайдалануға болады) немесе майлылығы төмен сүт не суға пісірілген асқабақ ботқасы.

Түскі ас: көкөніс сорпасы мен асқабақ пен жұмыртқаның ағынан немесе сұлы жармасынан дайындалған котлет.

Кешкі ас: алма (пешке пісірілген алмалармен алмастыруға болады).

 

Үшінші күн

Таңғы ас: миндаль қосылған асқабақ салаты (жаңғақ орнына асқабақ дәнін де пайдалануға болады) немесе майлылығы төмен сүт не суға пісірілген асқабақ ботқасы.

Түскі ас: тауық етімен көкөніс сорпасы

Кешкі ас: ананас пен асқабақтан дайындалған салат.

 

Төртінші күн

Таңғы ас: миндаль қосылған асқабақ салаты (жаңғақ орнына асқабақ дәнін де пайдалануға болады) немесе майлылығы төмен сүт не суға пісірілген асқабақ ботқасы.

Түскі ас: көкөніс сорпасы немесе борщ және буда пісірілген көкөністер

Кешкі ас: асқабақ пен өзге де көкөністер (картоптан басқасы) қосылған бұқтырылған рагу.

 

Диетада берілген тағамдардың дайындалу жолдары:

Жаңғақ қосылған асқабақ салаты

Қабы мен дәнінен тазартылған 100 гр шикі асқабақты жіңішкелеп тураңыз. 2 шай қасық ұсақталған жаңғақ қосып, аздаған бал, зәйтүн майы немесе қоспасыз йогуртпен араластырыңыз. Салат дайын!

 

Асқабақ ботқасы

500 гр тазартылған асқабақты төртбұрыштап турап, 1 л су құйып жұмсарғанша қайнату керек. Алдын ала суға бұқтырылған қоңыр күріштен 7 ас қасық салып, күріш піскенше тағы қайнатыңыз. Одан кейін бір стакан майлылығы төмен сүттен аз-аздан құйып, араластыра отырып, тағы 5 минут қайнасын. Біраз тұрғаннан кейін жылы күйінде де, салқындай да ішуіңізге болады.

 

Асқабақтан дайындалған котлет

Шағын асқабақты тазалап, көзі үлкен үккіштен өткізіңіз. Отта бұқтырып, суытып алғаннан кейін 1 стакан сұлы жармасын, аздаған тұз бен екі жұмыртқаның ағын қосыңыз. Әбден араластырып, шағын котлеттер дайындаңыз. Табаға аздаған сұйық май құйып, пісіріп алыңыз. 

Дайындаған: Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Дүйсенбі, 19 Қазан 2020 20:14

Қызыл бұрыш – шашқа ем

Шаштың түсуіне қарсы ең тиімді маскалардың бірі – қызыл бұрыш тұнбасынан дайындалған маскалар. Қызыл бұрыш шаштың түсуін тоқтатып қана қоймай, оның өсуін де жылдамдатады.

Бұрыш тұнбасын кез келген дәріханадан табуға болады. Бірақ бұл тұнбаны жеке өзін қолданбаңыз. Ол аллергия туғызуы, тіпті теріні күйдіріп жіберуі мүмкін. Сондай-ақ тері мен шашты тым құрғатып, қайызғақтың пайда болуына себепкер болуы да ғажап емес. Сондықтан бұрыш тұнбасынан маска жасаған кезде абай болыңыз. Оны қандай да бір маймен бірге немесе өзге ингредиенттермен масканың құрамына қосқаныңыз жөн.

 Бұрыш тұнбасын зәйтүн, жүгері, бадам, өрік, т.б. майларының бірімен араластырып қолданыңыз. Ал маска жасағанда маска құрамына аздаған бал, жұмыртқаның сарысын, сүт, құрғақ ашытқы, т.б. қосуға болады. Сонда масканың тиімділігі де артып, шашты түбінен емдей аласыз.

 

Шаштың өсуін арттыратын маскалар:

1. Ошаған майы, пияз шырыны, жұмыртқаның сарысы, бұрыш тұнбасы мен балды бірдей мөлшерде араластырып, дайын болған қоспаны массажды қимылмен шаштың түбіне жағыңыз. Басыңызды жылылап орап, 1 сағаттан соң (одан асыруға болмайды!) жуыңыз.

 

2. Бұрыш тұнбасы мен үпілмәлік майын бірдей мөлшерде алып, жақсылап араластырыңыз. Қоспаны массажды қимылмен шаштың түбіне жағыңыз. Басыңызды жылылап орап, 1 сағаттан соң (одан асыруға болмайды!) жуыңыз. Үпілмәлік майын алдын ала ыстық суға құтысымен салып, жылытып алу керек.

 

3. Үпілмәлік майын, пияз шырынын, бұрыш тұнбасын, қырмызыгүл тұнбасын, коньяк пен жұмыртқаның сарысын бірдей мөлшерде алып, жақсылап араластырыңыз. Қоспаны массажды қимылмен шаштың түбіне жағыңыз. Басыңызды жылылап орап, 1 сағаттан соң жуыңыз.

4. Бұрыш тұнбасын, жұмыртқаның сарысын, айранды бірдей мөлшерде алып, араластырыңыз. Қоспаны массажды қимылмен шаштың түбіне жағыңыз. Басыңызды жылылап орап, 1 сағаттан соң жуыңыз. 

 

Дайындаған: Құралай Мұратқызы

Соңғы жаңалықтар

Қаз 03, 2024

Ерлан Барлыбаев: "Үкімет ұсынғандай…

Елімізде 6 қазан күні АЭС салу бойынша референдум өтеді. Осыған байланысты VIII сайланған…
Қаз 03, 2024

Международные стандарты в…

Строительство атомной электростанции – это масштабный и сложный проект, требующий…
Қаз 03, 2024

Алматы облысында референдумға…

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының…
Қаз 03, 2024

И след простыл: как современные…

Углеродный след человечества — тяжелый груз для планеты, который ей все труднее нести.…
Қаз 03, 2024

АЭС ел экономикасының өркендеуіне…

Ақтөбе облысындағы халықтық штаб мүшелері «Қамқор вагон» ЖШС-нің ұжымымен кездесу…
Қаз 03, 2024

Атомная энергетика не может быть…

Лэйла ТАСТАНОВА В преддверии референдума по вопросу строительства атомной электростанции…
Қаз 03, 2024

Имеем средство от рака в руках, но…

Более 200 тысяч человек в Казахстане состоят на учете как онкобольные. И 12 тысяч…
Қаз 03, 2024

Эксперт разобрал мифы и реальность о…

Директор департамента атомной энергетики и промышленности Министерства энергетики…
Қаз 03, 2024

Атом энергетикасын дамыту экологияға…

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның ғылыми орталығы бастығы, физика-математика ғылымдарының…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет