Кескіндер галлереясы

Мемлекеттің басты байлығы халқы. Ұлттағы баға жетпес құндылық ұрпағының саулығы. «Дені сау ұрпақ- елінің болашағы» деген сөз бар. Кемел келешек иелеріне әсте кеселдің құрығына ілігуге болмайды. Осы ретте, билік медицина саласының дамуына бар күштісалды.

Ескелді аудандық орталық ауруханасы 1968 жылы салынған. О, баста 120 төсек-орынға арналған. Стационар 2019 жылы күрделі жөндеуден өтті.

«Тараз құрылыс Дизайн» ЖШС емханаға екінші тыныс сыйлауды өз қолдарына алған екен. Аталмыш мердігер компания 873 млн. 416 мың 231 теңгеге келісім- шарт жасасқан.

Аурухананы жөндеуге 72 адам, 5 техника ат салысты. Стационардың емдеу корпусында арматуралау үшін кірпіш қабырғалары мен қалқалардың  ескі сылағы түсіріліп, сыртқы және ішкі қабырғалар қайтадан сыланды. Сыртқы жылу трассасы салынып,кәріз жүйелері де жасалынған.  

Орталық аурухана негізінде 580 адам еңбек етеді. Алдағы уақытта да жас мамандар қатары толыға түспек.

Науқастар үшін керектінің бәрі бар. Барлық құрылғылар соңғы үлгіде. Емханада 15 өкпені жасанды желдету аппараты мен 39 оттегі концентраторы бар. Дәрі қорыда жеткілікті.

«Алғашқы көмек көрсету орныда жасақталды. Еңбек күші артты. Мемлекетімізге рақмет, аса ауыр да жауапты салаға қолдау көрсетіп келе жатқанына. Бұдан әрі ұлт денсаулығының сақшылары ретіндегі қызметімізді қалтқысыз атқаратын боламыз», – деді ШЖҚ МКК "Ескелді аудандық орталық ауруханасы" директоры Роза Ибраева.

Елімізде соңғы айларда эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанымен кей өңірлерде карантин талаптары күшейді. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да коронавирус пандемиясы аяқталмағанын ескертіп, күз мезгілінде екінші толқын жүруі мүмкін деген болжам жасаған болатын. Осыған орай, Маңғыстау облысының штаттан тыс бас эпидемиологы Марал Қадыр коронавирус немесе вирустық пневмониямен ауырған адамдардың өкпесіндегі қабыну толық айықпаса, күн салқындағанда өкпе қабынулары қайта асқынуы мүмкінекенін ескертті. ҚазАқпарат тілшісінің дәрігермен сұхбаты осы мәселені қаузайды.

Елімізде қараша, желтоқсанда коронавирустың екінші толқыны басталуы мүмкін деген болжам бар. Жаз мезгілінде қауіпті індетті жұқтырғандар күзде қайта ауыруы мүмкін бе?

- Нақты болжам жасау қиын. Дегенмен, өзіңіз білетіндей, коронавирустың бірінші толқыны биыл наурыз айынан шілде айының соңына дейін созылды. Мұнан соң тамыз-қыркүйек айлары үзіліс тапқан болатын. Шамамен қыркүйектен 20-сынан бастап аймақта зертханалық жолмен дәлелденген коронавирустық инфекциялар тіркеле бастады. Оның үстіне күзде респираторлық аурулар өршиді. Осы уақыттакоронавирус немесе вирустық пневмониямен ауырған адамдардың өкпесіндегі қабыну толық айықпаса, күн салқындағанда өкпе қабынулары қайта асқынуы мүмкін. Бұл науқастармен бұған дейін физиотерапия бөлімінің мамандары жұмыс жасады. Яғни, олар үйреткен тыныс алу жаттығуларын тұрақты жасап тұрулары қажет. Бүгінгі таңда орталық ауруханада 40 төсектік оңалту бөлімі жұмыс істеп тұр. Мүмкіндігінше емханалар арқылы порталмен сол бөлімге түсіп, емделуге де болады. Ол жерде емдік шаралардан бөлек тыныс алу жаттығуларын дұрыс жасау жолдары үйретіледі.

Жаз мезгілінде өзіңіз де вирус жұқтырып, емделіп шыққаныңызды білеміз. Қауіпті індетпен ауырып шыққан науқастар денсаулығын нығайту мақсатында не істеуі керек? Өзіңіз қалай иммунитетті көтеріп жүрсіз?

- Шіліңгір шілдеде нағыз эпидемиологиялық ошақта жүреміз деп, аты өшкір коронавирусты жұқтырып 2 айдан аса, оның ішінде 12 күн жансақтау бөлімінде ем алып, бірінші алла, сосын әріптестеріміздің тәулік бойы 24 сағат тікесінен тік тұрып атқарған қызметі, тілеулес ел жұрттың ізгі ниетінің арқасында қатарға қосылдым. Дәрі мен инеден шаршадық, Бурабай, Сарыағаш асып кетуге күзгі маусымнан сескендік. Сонымен «жақыннан дорбалайық» деп Ақтаудағы жаттығу залына жазылдым. Доктор Бубновский - егер қозғалыс болмаса, денең сені жерге жаншып жібереді. «Денсаулық - ол еркін қозғалыс», деп бекер айтпаған. Себебі салауатты өмір салтының негізі қозғалыста. Күн салқындағалы өкпедегі айықпаған қабыну аймағындағы (матовое стекло) қалдық сыр беріп, ентігу қайта басталуы мүмкін. Сондықтан өкпеге арналған тыныс алу гимнастикасын жасап тұру керек. Өкпені керіп, тазарту нәтижесі бірінші жаттығудан-ақ біліне бастады. Жалпы күніне жаяу жүрген дұрыс. Мәселен, таза ауада серуендеудің өзі ағзаға үлкен күш береді. Бұл жерде Маңғыстау тұрғындары үшін ең қолайлы Каспий теңізінің жағалауы. Күніне 1 сағат теңіз жағасында жүру иммунитетті күшейтеді.

- Дәрігерлер коронавирустан сақтанудың қарапайым қағидаларын айтып жүр. Маска кию, адам көп шоғырланатын жерлерге бармау секілді. Сіз дәрігер ретінде тағы қандай кеңес берер едіңіз?

- Біздің менталитеттің тамақ режимінде көбіне нан тағамдары мен майлы еттер жоғары орын алады. Біз ол әдеттен алыстауымыз керек. Тамаққа көбіне көкөніс өнімдерін, минералға бай дәнді-дақылдарды қосқан жөн. Әсіресе, балалардың дұрыс тамақтануына көңіл бөлген дұрыс. Сондай-ақ, күзгі маусымда жұқпалы аурулардың кең тарайтын мезгілінде қосымша витаминдер ішуге кеңес беремін. Күніне бірнеше рет үйді желдетіп, ауаны тазарту керек. Дұрыс тамақтануға көңіл бөлу. Күніне 1-1,5 литр су ішу. Витаминге бай құнарлы тамақ ішу. Маска тағудың да өз тәртібі бар - маска мұрынды, ауызды толық жауып тұруы керек. Бір рет қолданатын масканы 2 сағаттан соң ауыстырып тұрған жөн.

Масканы бірнеше күн қалтамызға немесе сумкамызға салып жүруге болмайды. Оны тек құлақ баулары арқылы ұстау керек. Пайдаланып болған соң полиэтилен пакетке салып, қоқысқа тастау қажет, ашық күйінде әр жерге тастауға болмайды. Тігілген, көп пайдаланатын масканы 4 сағат таққаннан соң жуып, кептіріп, үтіктеп қайта пайдалануға болады. Масканы ашық түсті матадан тіккен дұрыс, қара матадан тігіп, бірнеше күн киіп жүрген дұрыс емес. Көпшілік орында міндетті түрде маскамен жүру керек. Егер кез келгеніміз осы қарапайым қағидаларды сақтасақ, вирустан 70,80 пайыз қорғануға мүмкіндік бар.

Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет.

Автор Қаракөз Марат
inform.kz

23.10.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 782 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 211 бала бар. Стационарларда 2 205 науқас жатыр. 577 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 101 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 10 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.

Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады.

* КВИ+ (оң нәтижелі ПТР), КВИ- (теріс нәтижелі ПТР)

 

ДЕРЕККӨЗ: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

***



Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 23.10.2020г.

На данный момент лечение от коронавирусной инфекции продолжают получать 2 782 человека, среди которых 211 детей. В стационарах находится – 2 205 пациент, на амбулаторном уровне – 577. 101 человек находятся в тяжелом состоянии, 10 – крайней степени тяжести, 13 - на аппаратах ИВЛ.

Министерство здравоохранения сообщает о том, что информация о суточных данных и общем количестве заболевших и умерших от коронавирусной инфекции с положительным ПЦР-тестом, а также КВИ с отрицательным ПЦР -тестом будет публиковаться на официальном сайте и социальных страницах ведомства.

Информация по регионам будет предоставляться на еженедельной основе в ходе пресс-брифингов официального представителя Минздрава.

*КВИ- (ПЦР-тест отрицательный), КВИ+ (ПЦР-тест положительный)

 

ИСТОЧНИК: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстан Президентіне облыстың 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп берілді.

Облыс әкімінің айтуынша, экономикадағы өсім 105 пайызды құрады. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында да оң көрсеткіштер байқалады. Өңірге тартылған инвестиция көлемі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 66 пайызға жетіп, құрылыс қарқыны 65 пайызға артқан.

Өмірзақ Шөкеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа агроөнеркәсіп кешеніндегі бірқатар жобаның іске асырылу барысы, соның ішінде, жаңбырлатып суару технологиясын енгізу жөнінде баяндады.

Сонымен қатар облыс әкімі бөгеттің бұзылуынан кейінгі Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі Президенттің берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы айтты. Облыс әкімінің мәліметі бойынша, Мырзакент ауылында 386 тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл үйлердің жартысы бюджет есебінен, қалғаны демеушілердің қаражатына салынды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Түркістан облысы басшылығының жұмысына оң баға берді. Президент облыстағы эпидемиологиялық ахуалды бақылауды тапсырды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды науқанның ашық әрі заңды түрде жүргізілуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.  

 

Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде Ұлттық кеңестің билік пен қоғам арасында сындарлы диалог орната алатын тиімді институционалды құрылымға айналғанын және оның мүшелері еліміз үшін маңызды шешімдер әзірлеп, солардың жүзеге асуына күш салып келе жатқанын атап өтті.

Қазақстан Президенті Кеңесте пандемияға қарамастан елімізді дамытудың өзекті мәселелері тұрақты түрде талқыланатынын, бірнеше маңызды бастама жүзеге асырылғанын, сондай-ақ, қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың түрлі салаларын реформалауға қатысты жаңа ұсыныстар әзірленіп жатқанын айтты.  

– Азаматтарымыз жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың игілігін келешекте емес, қазірден бастап көріп, сезінуі керек. Халықаралық рейтингтер маңызды болғанымен, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалына оның айтарлықтай әсері жоқ екенін түсінген жөн, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөйлеген сөзінде ауыл әкімдерін сайлау мәселесіне қатысты елімізді одан әрі саяси жаңғыртудың, Парламентке және жергілікті өкілетті органдарға әйелдер мен жастарды тарту тетіктерін жетілдірудің маңызды екеніне тоқталды.

Мемлекет басшысы меншігінде мемлекеттің үлесі бар компанияларда басшылықтың 30 пайызы әйелдер болуын міндеттеу қажеттігі туралы Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсынысына назар аударды.  

– Біз бұл бастаманы біртіндеп жүзеге асыру жолдарын қарастыруымыз керек деп ойлаймын. Мұндай қадам әйелдердің бизнес саласына деген қызығушылығын арттырады, – деді Мемлекет басшысы.

Президент отандастарымыздың еңбек миграциясына қатысты мәселені де көтерді. Оның пікірінше, азаматтарымыз тіркелу кезінде, күнделікті тұрмыста және басқа да мәселелер бойынша әртүрлі қиындықтарға жиі ұшырайды.

– Мұның пайдалы қырлары да бар. Мысалы, бұл – біліктілікті арттыруға, жаңа іске машықтануға, өз кәсібін бастау үшін қажетті қор жинауға, жер көріп, ел тануға жақсы мүмкіндік. Сондықтан мемлекет өз азаматтарының, соның ішінде, шет елдерде жұмыс істеп жүрген адамдардың әлеуетін пайдалануға бар күшін салады. Үкімет осы мәселенің бәрін мұқият зерттеп, ұсыныс енгізуі керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент азаматтарымызды еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне көшіруге қатысты ахуалды жақсартудың, көшіп келушілерге барынша қолайлы жағдай жасаудың маңызды екенін айтты. Мысал ретінде, Солтүстік Қазақстан облысын атап өтті.

– Мұнда көшіп келушілер үшін жаңа тұрғын үйлер салынуда, коммуналдық инфрақұрылым дамып, әртүрлі әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Ынталандыратын қосымша шара ретінде оларға берілетін жәрдемақының мөлшерін екі есе,  яғни, 35 айлық есептік көрсеткіштен 70-ке дейін көбейткен жөн деп санаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Серпін» және «Дипломмен – ауылға» жобаларын  саралау қажеттігіне тоқталды. Бұл бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуы нәтижесінде солтүстік өңір жастар үшін мейлінше тартымды аймаққа айналады.   

Қазақстан Президенті білім беру жүйесіндегі мәселелерге арнайы тоқталды. Ол жоғары оқу орындарының ұйымдық құрылымын өзгерту жұмыстары бойынша тапсырма бергенін айтты.

– Көптеген жоғары оқу орны коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналды. Бұл ел ішінде әртүрлі әңгіме туғызуда. Сондай-ақ ірі мемлекеттік жоғары оқу орындары кейін жекеменшікке сатылуы мүмкін деген де күдік бар. Осыған орай ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындарының сатылмайтынын мәлімдеймін. Бұл мәселе айрықша назарда, – деді Мемлекет басшысы.

Президент мектептердегі цифрлық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ, оқушыларды пандемия кезінде компьютермен қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталып, мектептерде сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан барлық қажетті шаралардың біртіндеп қабылданып жатқанын айтты.

Осы ретте, Қасым-Жомарт Тоқаев мектепте білім берудің мазмұнына ерекше көңіл бөлді.

– Беделді халықаралық зерттеу қорытындылары біздің оқушылардың оқу сауаттылығы бойынша дағдылары жеткілікті деңгейде дамымағанын көрсетіп отыр. Сондықтан оқу мәдениетіне баулу, оқу сауаттылығын дамыту еліміздегі орта білім беру ісінің басым бағытына айналуға тиіс. Баланың оқуға деген қызығушылығы, қоршаған ортаны кітап арқылы тануы мектеп қабырғасында қалыптасу керек. Ал кітапхана оқушының сол ынтасын оятып, оны қызықты кітап әлеміне жетелеуі қажет, – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының айтуынша, отандық кітапханалар  өздерінің ағартушылық рөлін жоғалтпай, заманауи талаптарға сай болуы тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың құқығын қорғау мәселелеріне де назар аударды.  Президент 2022 жылдан бастап ұлттық мониторинг жүргізу механизмін – Балалардың амандығы индексін әзірлеп, енгізу қажеттігін айтты. Индексті енгізу өңірлер бойынша түрлі салада балалардың жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық саясаттың тиімділігін бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Президент ерекше мұқтаж жандарды қолдау мәселесіне де тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, мемлекет осындай адамдар үшін инклюзивті білім беруге, кедергісіз орта қалыптастыруға, сондай-ақ, қолжетімді инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге және жұмыспен қамту мүмкіндігін кеңейтуге баса мән беріп отыр. Дегенмен, аталған шаралар ерекше мұқтаждығы бар адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге әлі де жеткіліксіз.

Мемлекет басшысы адам саудасымен күрес мәселесін көтерді.

– Адам саудасына байланысты алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру және осы салаға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау жөнінде нақты шаралар қабылдау қажет. Адам саудасы мен мәжбүрлі еңбекке душар болған барлық адамға, соның ішінде, шетел азаматтарына көмек көрсету керек, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық туризмді дамытудың маңызы туралы да айта келе, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді дамытудың жоспарын үнемі жұртшылықтың талқысына салу үрдісін енгізу міндеттеді.

Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, алдағы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы саяси және экономикалық реформалар, цифрландыру, адам құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау және білім беруді дамыту, экологияны қорғау аясында өтуі керек екенін айтты. Бұл ретте, Президент Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – Тәуелсіздіктің мәні мен құндылығын сезінуге зор мүмкіндік беретінін атап өтті.

 

*** 

Анықтама үшін:

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылғаннан бері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес мүшелерімен 24 ( 2019 жылы – 16, 2020 жылы – 8) кездесу өткізді. Сонымен қатар Ұлттық кеңес аясында жарияланған саяси реформалар топтамасы толығымен жүзеге асырылып, 7 заң қабылданды. Министрлермен онлайн форматта 8 кездесу өткізілді. Бұл тәжірибе жалғасатын болады.

Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының  біріне жатады. Лайықты жұмыспен қамтамасыз  ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі.

22 қазанда «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының ұйымдастырумен «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы  бағадарламасына  бағытталған  дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге «Nur Otan» партиясының қызметкерлері мен «Jas Otan» ЖҚ мүшелері және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатысты. Бүгінде «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы шеңберінде жұмыссыздар тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдем жасалды. Дөңгелек үстелге қатысқан жетекші партияның мүшелері жұмысыздарға жаңа жұмыс орындарын ашу мен кәсіпкерлікке баулуға басымдылық берілетіндігін айтты.

Ерзат АСЫЛ

Биыл әлеуметтік аз қамтылған он мыңдаған отбасына «Nur Otan» партиясының «Biz birgemiz!» акциясы аясында көмек берілді. Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен қолға алынған шара әлі де жалғасуда. Өйткені жетекші партия түрлі қоғамдық мәселелерді назардан тыс қалдарған емес.

22 қазанда «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен көпбалалы және аз қамытлған отбасылардың мәселесі бойынша қоғамдық тыңдалым өтті. Аталған шараға көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.Тыңдалымда әлеуметтік әлсіз топтардың мәселелері талқыға салынды. Партия қызметкерлерінің айтуынша алдағы уақтта көп балалы және аз қамытлған отбасылардың мәселесін шешу жолдары жеткші пртияның өзекті қызыметі ретінде қарала бермек.

 

Ерзат АСЫЛ

22 қазанда «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Сұлтанұлы Шелек ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен кездесіп,«2020 өңірлерді дамыту» бағдарламасын талқылады.

Талқылуға «Nur Otan» партиясынң мүшелері мен өңір тұрғындары қатсты. Кездесуде сөз алған Қуат Сұлтанұлы: «Қазіргі кезеңде Қазақстанның өңірлік саясаты ұлттық экономиканың маңызды экономикалық өсу нүктелері саналады. Сондықтан экономикалық және демографиялық әлеуеті бар перспективалы елді мекендерді дамытуды және қолдауды қамтамасыз ету қажет. Бүгінде ауданымызда ауылдық округтердің орталықтарын және шалғай өңірлерді кешенді өркендетудің жаңа жобалары қолға алынды. Осы бағытты іске асыру үшін кәсіпорындарды қолдау және кеңейтіліп, орта және ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын құрылады. Сонымен қоса, шағын және орта бизнесті қолдау, ауылдық инфрақұрылымдар жаңартылады»,–дейді. Кездесуге қатысқан өңір тұрғындары бағдарлама аясында ауыл аумағында жұрт қуанатын жобалар қолға алынып, ифрақұрылымдардың жақсара түскендігін айтады. Бұл бағдарлама алда тағы талай игілікке жол салмақ.

Бейсенбі, 22 Қазан 2020 17:50

Жастарға мол мүмкіндік

ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемде алар өз орны бар қауқарлы мемлекет болуы қазіргі жастардың қолында. Осынау асыл мұратқа жету үшін жастардың білімді, жан-жақты, алғыр да, ізденімпаз болуы – жастарға жүктелген негізгі міндет. Осы орайда жастарға қолдау көрсетіп, жастар саясатына ден қоюдың орны бөлек.

22 қазанда аудандық  мәслихат депутаттары жас мамандарды қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды талқылады. Талқылауға «Nur Otan» партиясы филиалдарының жауапты қызметкерлері мен «Jas Otan» ЖҚ мүшелері қатсты. Талқылуда жастар саясатын әзірлеудің жинақтылығы мен жүзеге асырылуы, ресурстардың топтасу бағдары сөз болды. Ел дамуының әлеуметтік-экономикалық өркендеудің негізгі міндетіне арналған жастар саясатына бағытталған әлеуметтік бағыттардың айқындалуы ой талқысына салынды. Бұл ретте, депутат Айбек Ілебаев: «Қазір ауданымызда жастар арасында жетістік пен патриоттыққа ынталандыру мақсатында әлеуметтік саты тетіктері іске қосылды. Бұл тетік еріктілік, мәслихаттардағы шешімдер қабылдау процесі мен мемлекеттік қызметке кіруге кең мүмкіндік береді,»  –   дейді.

Ерзат АСЫЛ

Соңғы жаңалықтар

Қаз 03, 2024

Ерлан Барлыбаев: "Үкімет ұсынғандай…

Елімізде 6 қазан күні АЭС салу бойынша референдум өтеді. Осыған байланысты VIII сайланған…
Қаз 03, 2024

Международные стандарты в…

Строительство атомной электростанции – это масштабный и сложный проект, требующий…
Қаз 03, 2024

Алматы облысында референдумға…

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының…
Қаз 03, 2024

И след простыл: как современные…

Углеродный след человечества — тяжелый груз для планеты, который ей все труднее нести.…
Қаз 03, 2024

АЭС ел экономикасының өркендеуіне…

Ақтөбе облысындағы халықтық штаб мүшелері «Қамқор вагон» ЖШС-нің ұжымымен кездесу…
Қаз 03, 2024

Атомная энергетика не может быть…

Лэйла ТАСТАНОВА В преддверии референдума по вопросу строительства атомной электростанции…
Қаз 03, 2024

Имеем средство от рака в руках, но…

Более 200 тысяч человек в Казахстане состоят на учете как онкобольные. И 12 тысяч…
Қаз 03, 2024

Эксперт разобрал мифы и реальность о…

Директор департамента атомной энергетики и промышленности Министерства энергетики…
Қаз 03, 2024

Атом энергетикасын дамыту экологияға…

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның ғылыми орталығы бастығы, физика-математика ғылымдарының…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет