Бейсенбі, 22 Қазан 2020 16:18

Ерлікке қойылған ескерткіш

Тәуелсіздікке  тәу етіп, қазақ даласының қасиетін сезген әрбір алаш баласы кешегі ел қорғаған ер  баһадүрлердің  рухына тағзым ететіні ақиқат. Өйткені олар – ерлікке толы көшпенділер тарихының ескерткіші.

Қызылжар  ауылында Асыл-Кеней батырдың мемориалдық кешені ашылды. Шараға Асыл Кеней батырдың ұрпақтары мен зиялы қауым өкілдері және ауыл ақсақалдары қатысты. Ең алдымен ауыл ақсақалдары мемориалдық кешеннің лентасын қиып, ақ жаулықты аналар шашу шашты. Одан кейін Асыл-Кеней батырдың тікелей ұрпағы генерал-майор, Қазақстан Республикасы Генаралдар одағының төрағасы Сағынжан Байболұлы батырдың Маңғыстаудағы Қожа Есмамбет қорындағы зират топырағын мемориалдық кешенге жерледі. Соңында батыр рухына құран бағышталды.

Жазушы, журналист Асқанбай Ерғожаевтың сөзінше, Асыл-Кеней батыр 1570 жылы Жамбыл тауының оңтүстігінде дүниеге келген. Ол қаршадайынан ағаларынан қару өнерін үйренген. Жастайынан Алатау мен Тарбағатай өңіріндегі қалмақтарға  қарсы ірі шайқастарға қатысып, ерлігімен көзге түсіп, даңқты батыр атанған. Асқанбай Ерғожаев: «Тарихи деректерде 1627 жылы батыстағы қалмақтар елге күн көрсетпей жатыр деген хабар Жетісу жеріне жетеді. Сол кезде батыстағы елді қорғау үшін Үйсін тайпасынан аттанған қолбасылардың арасында Шапырашты Асыл-Кеней батыр да бар еді. Сол жолы Хазар (Каспий) теңізінің шығыс-солтүстік жағаларында Маңғыстау өңірінде үш ай кескілескен ұрыс болады. Сондағы қанды шайқастардағы жекпе-жектерде Асыл-Кеней батыр жау батырларын жайратып, ерен ерлігімен көзге түседі. Асыл-Кеней батыр бір ұрыста жараланып, 1629 жылы сол жерде шейіт болады. Өзімен бірге барған жасақтар батырдың есімін болашаққа мәңгі қалдыру үшін Маңғыстау өңіріне мазар салып жерлейді», – дейді.

Бүгінде Асыл-Кеней батыр-дың ұрпақтары жетісу жерінде өсіп-өніп еліне елеулі қызмет етуде. Ел қорғаны болған ерлердің есімдері мәңгі ұлықтала бергей!

 

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 1727 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…
Қаң 28, 2026

Халық кеңесі және азаматтық қоғам

Халық кеңесінің құрылуы жаңа консультативтік орган ретінде халық мүддесін қорғайтын заң…
Қаң 28, 2026

Заң шығару процесін жаңарту

Кұрұлтай мен Парламенттің өкілеттіктерін жаңарту, заң шығару бастамасын кеңейту және…
Қаң 28, 2026

Сот билігінің тәуелсіздігі

Сот билігінің тәуелсіздігін күшейту, сот өндірісін әртараптандыру және адвокатураның…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет