Жұма, 30 Қазан 2020 16:45

С дәрумені

С дәрумені – суда еритін дәрумен.

Ол көбіне жемістер мен көкөністерде кездеседі.

Ол – күшті антиоксидант.

Ол тері мен иммунды жүйенің жұмысын жақсартады.

Ол коллагенді синтездеу үшін, сондай-ақ тіндерді, сүйектерді, тістерді және ұсақ қан тамырларын нығайту үшін керек.

Адам ағзасы С дәруменін өздігінен өндіре немесе сақтай алмайды. Сондықтан С дәруменіне бай тағамды тұтынған жөн

Адамның С дәруменіне деген тәуліктік қажеттілігі 90 мг құрайды.

Денедегі бұл элементтің жетіспеушілігі кезінде қызыл иектің қанауы, жиі көгеру және иммунитеттің төмендеуі, жараның баяу жазылуы сияқты белгілерді байқауға болады.

С дәруменінің жетіспеушілігі анемияны тудырады.

Сдәруменіне бай жеміс-жидектер мен көкөністер төмендегідей:

Қара өрік

Шие

Итмұрын

Чили бұрышы

Қарақат

Аскөк

Саумалдық

Орамжапырақ

Киви

Брокколи

Лимон

Құлпынай

Апельсин

1. Әлемдегі ең ірі материк-Еуразия (54 млн км²)
2. Әлемдегі ең үлкен шөл-Сахара (7 млн км²)
3. Әлемдегі ең ірі дүние бөлік-Азия (44 млн км²)
4. Әлемдегі халық ең тығыз қоныстанған континент-Еуропа (700 млн)
5. Әлемдегі ең суық жер-Антарктида (83°С)
6. Әлемдегі ең биік тау-Гималай (Джомолунга, 8848 м)
7. Әлемдегі ең ұзын тау-Анд (9000 км)
8. АҚШ-тағы ең биік сарқырама-Йосемитск (739 м)
9. Солтүстік Америкадағы ең ыстық жер-Ажал алқабы (57°С)
10. Солт. Америкадағы ең үлкен ел-Канада (9млн 970 мың км²)
11. Солт. Америкадағы ең үлкен көл-Жоғарғы көл (82103 км²)
12. Әлемдегі ең үлкен көл-Каспий (390 мың км²)
13. Әлемдегі ең терең көл-Байкал (1620 м)
14. Әлемдегі теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер-Гхор ойысы (403 м)
15. Әлемдегі ең үлкен түбек-Арабия (3 млн км²)
16. Солт. жарты шардағы ең суық жер-Оймякон (-71°С)
17. Әлемдегі жауын-шашынның ең көп түсетін жері-Черапунджи (жылына 12000мм)
18. Әлемдегі ең ұзын әрі енді тау жүйесі-Кордилера (ұзындығы 9000 км, енді бөлігі 1600 км)
19. Әлемдегі ең үлкен арал-Гренландия (2 млн 176 мың км²)
20. Әлемдегі ең ұзын жер асты үңгірі–Флинт-Мамонт (500 км)
21. Әлемдегі ең үлкен тау мұздығы-Хабборт (145 км)
22. Әлемдегі ең биік ағаш-Секвойя (100 м)
23. Солтүстік Америкадағы теңіз деңгеңінен ең биік орналасқан нүктесі-Мак-Кенли шыңы (6193 м)
24. Солтүстік Америкадағы ең ыстық жер-Өлім аңғары (+57°C)
25. Солтүстік Америкадағы теңіз деңгеңінен ең төмен орналасқан нүктесі-Өлім аңғары (86 м төмен)
26. Әлемдегі ең суы мол өзен-Амазонка (6400 км)
27. Әлемдегі ең биік сарқырама-Анхель (1054 м)
28. Әлемдегі ең ылғалды ж/е ең жасыл материк-Оңтүстік Америка
29. Әлемдегі ең ірі эстуарийлық өзен сағасы–Ла-Плата (ені 220 км)
30. Оңт. Америкадағы теңіз деңгеңінен ең төмен орналасқан нүктесі-Валдес түбегі (-40 м)
31. Оңт.Америкадағы теңіз деңгеңінен ең биік орналасқан нүктесі-Аконкагуа (6960 м)
32. Жер шарындағы ең жоғарғы температура-Африкада тіркелген (+58°C)
33. Құрлықтағы ең ірі жануар-Африка пілі (7,5 тонна)
34. Африкадағы ең ірі көл-Виктория (68 мың км²)
35. Африкадағы ең терең көл-Танганьика (1470 м)
36. Африкадағы ең ірі сарқырама-Тугела (933 м)
37. Әлемдегі ең аласа материк-Аустралия (биіктігі 215 м)
38. Әлемдегі ең құрғақ материк-Аустралия (2/3 бөлігі шөлден тұрады)
39. Аустралияның теңіз деңгеңінен ең төмен орналасқан нүктесі-Эйр көлі (-16 м)
40. Аустралияның теңіз деңгеңінен ең биік орналасқан нүктесі-Косцюшко (2228 м)
41. Әлемдегі ең терең мұхит-Тынық мұхиты (11022 м)
42. Әлемдегі ең ірі мұхит-Тынық мұхиты (179 млн км²)
43. Әлемдегі ең ыстық планета-Шолпан (462°C)
44. Әлемдегі ең суық планета-Плутон (-235°C)
45. Әлемдегі ең жылдам планета-Меркурий (172 мың км/сағ)
46. Әлемдегі ең тығыз планета-Жер (судан 5 есе тығызырақ)
47. Әлемдегі ең үлкен жанартау-Гавайядағы Мауна-Лао (ені10 км, тереңдігі180 км)
48. Әлемдегі ең биік сөнбеген жанартау–Охос-дель-Саладо (Оңт. Америкада, 6887 м)
49. Әлемдегі ең кішкентай құс-Колибри (5 см)
50. Әлемдегі ең жылдам қозғалатын құс-Ителгі (200 км/с)
51. Әлемдегі ең күшті циклон-1991ж, Бангладештегі циклон (138 мың адам қаза тапты)
52. Әлемдегі ең дүлей су тасқыны-1888ж, Аустралиядағы Жаңа Оңт. Уэльс (биіктігі 1500 м)
53. Әлемдегі ең үлкен бұршақ-1970 ж, Канзасқа жауған (шеңбері 44,5 см, салмағы 1кг)
54. Әлемдегі ең қатты бұршақ жауу-1888 жылы Үндістанда (246 адамның өмірін қиған)
55. Әлемдегі ең ірі жапырақ-Рафия пальмасы (20 м)
56. Әлемдегі ең ірі тұқым-Кокос пальмасы (20 кг)
57. Әлемдегі ең ежелгі өсімдік-Каучик ағашы, антарктикалық қына (12 мың жыл)
58. Әлемдегі ең ауыр жыртқыш-Касатка (салмағы 9000 кг, ұзындығы 9 м)
59. Әлемдегі ең ұзын құрт-Солт. теңіз немертині (55 м)
60. Әлемдегі ең үлкен өрмекші-Құс жейтін өрмекші (228 см)
61. Әлемдегі ең үлкен шаян-Өрмекші-шаян (ені 2 м)
62. Әлемдегі ең ауыр жәндік–Голиаф-қоңыз (70-100 г)
63. Әлемдегі ең биік сүтқоректі-Керік (6 м)
64. Әлемдегі ең үлкен тропикалық орман-Оңт. Америкада орналасқан (6 млн км )
65. Әлемдегі жерінің аумағы жағынан ең үлкен ел-Ресей
67. Әлемдегі ең ұзын ел-Чили (4300 км)
68. Әлемдегі ең құрғақ жер-Атакама шөлі (жылына 1 тамшы жаңбыр жаумайды)
69. Әлемдегі ең ауыр жылан-Анаконда (200 кг)
70. Әлемдегі ең жылдам ұшатын бунақденелілер-Инеліктер (9км/сағ)
71. Әлемдегі ең биік шөп-Бамбук (25 м)
72. Әлемдегі ең тез өсетін шөп-Бамбук (күніне 1м өседі)
73. Әлемдегі ең қауіпті саңырауқұлақ-Боз арамқұлақ
74. Әлемдегі ең ежелгі, тірі ағаш-Қылқанды қарағайлар (5000 жыл бойы тіршілік етіп келеді)
75. Құрлықтағы ең жылдам жануар-Қабылан (100 км/сағ)
76. Әлемдегі ең ұзын бұғаз-Мозамбик (1670 км)
77. Әлемдегі ең ұзын тұщы көл-Танганьика (1470 м)
78. Әлемдегі ең ір құс-Африка түйеқұсы
79. Әлемдегі ең ескі тау-Орал таулары (ұзындығы 2,5 мың км)
80. Әлемдегі ең кіші мұхит-Солтүстік Мұзды мұхит
81. Әлемдегі ең терең бұғаз-Дрейк бұғазы (5248 м)
82. Әлемдегі ең жылы қуатты ағыс-Гольфстрим
83. Әлемдегі ең суық қуатты ағыс-Батыс желдер ағысы
84. Әлемдегі ең ірі сарқырама-Игуасу (ені 270 м, биіктігі 72 м)
85. Әлемдегі теңіз дейгейінен ең төмен орналасқан нүктесі-Өлі теңіз 
86. Әлемдегі ең тұзды теңіз-Қызыл теңіз
87. Әлемдегі ең үлкен және ең терең каньон-Колорадо
88. Солтүстік Американың суы ең мол өзені-Миссисипи (3268 мың км²)
89. Әлемдегі ең ірі және тұңғыш ашылған ұлттық парк-Йеллоустан 
90. Батыс жарты шардың ең биік шыңы-Аконкагуа (6960 м) 
91. Оңтүстік Америкадағы ең ірі аралы-Отты Жер (18 мың км²)
92. Әлемдегі ең ірі ойпат-Амазонка
93. Әлемдегі ең биік таулы астана – Ла-Пас (3630 м)
94. Әлемдегі ең ірі маржандық құрылым-Үлкен Тосқауыл
95. Аустралияның суы ең мол өзені-Муррей (1057 мың км )
96. Аустралияның ең ірі көлі-Эйр
97. Антарктида материгінің ең биік нүктесі-Винсон (5140 м)
98. Антарктида материгінің ең төмен нүктесі-Бентли ойысы (-2555)
99. Әлемдегі ең ірі сейсмикалық белдеулер-Альпі-Гималай, Тынық мұхиты
100. Әлемдегі ең биік толысу толқыны-Фанди шығанағында тіркелген (18 м) әлем

Дереккөзі: surak.szh.kz

Жұма, 30 Қазан 2020 15:56

«Бұрымды қыз» байқауы өтті

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын...

 – деп, Абай атамыз жырлағандай, қыз бұрымы қашан да сұлулықтың символы мен әсемдік белгісі ретінде сипатталып келген. Бұл күнде халқымыздың дәстүрінің бір бөлшегі болған бұрымды қыздар арамызда жоқ емес. Десе де, жаһандану заманында әртүрлі бағытқа еліктеудің әсерінен шашты жинақы ұстап, күтім жасап өсіруге мән бермейміз.

Қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі болған қолаң шашты, бұрымды қыздарымызды тәрбиелілікке,инабаттылыққа баулу мақсатында төтенше жағдайға байланысты 5-11 сынып қыздары арасында онлайн форматта «Бұрымды қыз» байқауы өтті. Сайыстың аты айтып тұрғандай, қатысушылар өзін таныстыру, шаш ұзындығы, күтімі, сәнді өрімдер, видеороликтер бойынша жарысты. Қыздардың шаш ұзындығы 55 см-ден 111 см-ге дейін жетті. Соның ішінде 11 «А» сынып оқушысы Ниязбек Айсұлудың шашының ұзындығы 111 см және 11 «Ә» сынып оқушысы Стамова Айнур 109 сантиметрге жетіп, бас жүлдеге ие болды. І орын Тоқтасын Аружан, Вали Аяжан 90 см. ІІ орын Тынышбаева Томирис 79 см, ІІІ орын Совет Ақбілек 70 см. ие болды. Ал Серік Меруерт, Алжамақат Алтынай, Амангелді Анель, Сағатбек Аяла, Ерханова Асыл қыздарымыз әр түрлі номинацияға иеленді. Бұрымы ұзын қыздарымыз бағалы сыйлықтар, мақтау қағаздарымен марапатталды. Болашақта қазақ қыздарының бойында инабаттылық, киім киісі, жүріс-тұрысы ,шаш күтімі мен ұзын шашқа, соның ішінде бұрымға деген көзқарастарына бағыт-бағдар беру – біздің міндетіміз деп ойлаймын.

 

Н.Джилгельдиева,

«О.Жандосов атындағы орта мектеп» КММ

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

Аудандық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастырумен Есік медициналық колледжінде «Еңбек» бағдарламысы аясында жас мамандарды жұмыспен қамту туралы кездесу өтті. Кездесуде Алматы облысына жұмыс сапарымен келген Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Балтабай Қаппасов колледж ұжымына аталған бағдарламадағы мүмкіндіктерді таныстырды.

Оның айтуынша, «Еңбек» бағдарламысы аясында елміздің оңтүстік өңірлерінен Ақсу қаласына жұмысқа тартылған жас мамандарға мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетіледі. Онда өзінің кәсіби шеберлігін шыңдағысы келетін жастарға жақсы жалақымен қоса баспанаман қамту жағы да қарастырылады. Балтабай Қаппасовтың сөзінше, Ақсу қаласында денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шарауашылығы сынды салалалардың мамандарына сұраныс жоғары. Шараға қатысқан Есік медициналық колледжінің директоры Айманкуль Усунова өздерінің жас шәкірттерін аталаған бағдарлама аясында жұыс істеуге насихаттайтынын айтты.


Ерзат АСЫЛ

Бүгінгі таңда жастарымыздың жат ағымға бой алдыруы – қоғамның, мемлекеттің ең өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Қоғамда ел арасына іріткі салып, қатыгездік пен келіспеушілікті туғызатын әр түрлі діни экстремистік топтар бар. Мектеп қабырғасында білім алып жүрген өскелең ұрпаққа олардың кері әсері тимеуі үшін оқушылардың діни экстремизм турасында сауатын арттыру маңызды.

Осындай  мақсатпен Түрген ауылында орналасқан М.Ломоносов атындағы орта мектеп оқушыларына қашықтан «Достық» бейнебаяны көрсетілді. Балалар фильмнен алған әсерлерімен бөлісіп, достық, дос болу, шынайы дос жайлы өз ойларын ортаға салды. Шынайы достың жолдасына қас қылмайтынын, күмәнді іске бас сұқпайтынын түсінді.

А. С. Жанатова,

Ломоносов орта мектебі

Жұма, 30 Қазан 2020 11:33

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Тәуелсіз қоғамның басты байлығы – адам және оның босандығы. Бұл туралы еліміздегі ең маңызды құжат – Конституцияда да жазылған. Дегенмен, әлсіздерге күш көрсету мен отбасындағы зорлық-зомбылықтың бар екені де рас. Осыған байланысты «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында дөңгелек үстел өткіздік.

1-11сынып ата-аналары арасында қашықтан ZOOM бағдарламасымен өткен бұл жиынға Райымбек батыр атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Эльдар Ерболов, мектеп инспекторы, ювеналды полиция тобының капитаны Айгерім Акимжанова қатысты. Бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу туралы сөз қозғаған спикерлер: «Отбасындағы ата-ананың мінез-құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. Баланың бүгін көріп-білгені – оның болашағының негізі, ертеңге күнге алған бағыт-бағдары», – дей келе бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі жайында сөз қозғады.  Мақсатымыз «Ата-аналарға зорлық-зомбылықтың адам жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлық-зомбылыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін жеткізу» болды.

Г.Ахметжанова,

Райымбек батыр атындағы орта мектеп психологі

Жұма, 30 Қазан 2020 10:54

Дамудың даңғыл жолында

Бағзы  заманнан бері батыс пен шығысты тоғыстыратын керуен жолдың бойына орнығып, шартарапқа өркениеттің шам-шырағын жаққан шаһарлар қаншама. Өйткені жол – халық қажет ететін тауар тасымалының тамыры. Өркениет ағысының өзені. Бүгінде әлемдік нарықтың айналысы теңіз жиегіндегі порттардың экономикасына тебін берумен бірге құрлықтағы күре жолдың да маңызын күн санап арттырып келеді. «Жол жағалаған жоғын табады» демекші жақында жол жиегіне ірге тепкен, ауданымыздың батысындағы Бәйтерек ауылдық  округінің  бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып  қайтқан едік.
Бүгінде Алматы мен ауданымызды жалғайтын күре жол Бәйтерек  ауылдық округ экономикасының күре тамырына айналған. Ертелі-кеш толас таппайтын көлік керуені  жол бойын жағалай мекендеген  бәйтеректіктердің тіршілік қамына тыңнан серпін беруде. Дамылсыз жөңкіген  жүргіншілерге қызмет көрсететін  сауда нысандары мен дәмханалар бұл округте  шағын-орта  бизнестің  қарқынды дамып келе жатқандығын аңғартады.  Осыған орай  ауылдық округтің  тұрақты тұрғын  саны да  артуда. Округ әкімі аппаратының мәліметіне қарағанда, өткен жылы Бәйтерекке қоныстанғандар  саны17893 болса, биыл бұл көрсеткіш 18245-ке  жеткен. Өткен жылы округтің салық түсімі 111 млн. 600 мың теңгені құраса, биыл салық түсімі 124 млн  564 мыңға жетеді деп жоспарлануда. Осыған сәйкес өткен жылы округ бюджеті 37 млн 652 мың теңгені құраса, биыл бюджетке 94 млн 947 мың теңге қарастырылған. Еліміздің  әр аймағына өң берген «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы бәйтеректіктердің де баяшат өміріне өз шапағатын шашыпты. Биыл  бағдарлама шеңберінде Бәйтерек ауылдық округіне 15 млн теңге бөлінген. Аталған қаржы Қойшыбек  ауылындағы су құбырын жөндеуге жұмсалыпты.

– Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамдау округіміздегі ең өзекті мәселелердің бірі. Біз бұл түйінді кезең-кезеңімен қолға алып шешуге тырыстық. Екі жыл бұрын Бәйтерек ауылындағы, былтыр Алға ауылындағы, ал биыл Қойшыбек ауылындағы суға сусаған жұртшылықтың  қиындығын шештік, – дейді округ әкімі Айбек Нұрланов.

Округ басшысының айтуынша, ауылдағы тазалық пен абаттандыру жұмыстары да күн тәртібінен түскен емес. Биыл бюджеттен көшелерді жөндеуге 10 млн. теңге  бөлінген. Бұл бағытта Садов атындағы көшеге, Талғар тұйық көшесіне, Строительный көшесіне, Алға ауылындағы  Нүрпейісов атындағы көшеге асфальт төселген. Биыл бюджеттен санитарлық тазалыққа 2 млн. 700 мың теңге, ал жарықтандыруға 5 млн. 600 мың теңге қарастырылған. Қазір орталық көшелерді жарықтандыру жұмысы қолға алынған. Ал қалған көшелерді  жарықтандыру  алдағы уақытта  өз шешімін таппақ.

Қазір ауылдық округтегі өнеркәсіптік нысандар өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруда. Бүгінде округте тас өңдейтін  және асфальт жасайтын «Кентас» ЖШС, «Асфальтобетон» ЖШС,«АДСК» ЖШС, «Альфа Пласт» ЖШС сынды кәсіпорындар 450-ден  астам адамды жұмыспен қамтып  отыр. Әкімдік мамандары өңірге ірге тепкен кей компаниялардың ауылды абаттандыру мен санитарлық тазалықты сақтауға өзіндік көмек көрсетіп келе жатқандығын айтады. Осы ретте, «АДСК» ЖШС-ның  техникалық маманы Ерлан Рсақов: «Кәсіпорнымызда 90-ға жуық адам жұмыс істейді. Бізде өндіріс  желілері автоматтандырылған. Осыған сай күніне 1000 тонна асфальт  өңдеуге қауқарымыз жетеді. Біз тек пайда  табуды ғана емес, өзіміз  қоныстанған  Бәйтерек ауылдық округінің гүлденіп-көркеюіне үлес қосқымыз келеді. Осы мақсатта ауылды абаттандыру мен санитарлық тазалықты  сақтауға тегін техникалық көмек көрсетіп келеміз», – дейді.

Округ аумағында осыған дейін ескірген әлеуметтік нысандар  күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғырған болатын. Бұл игі шара биыл да жалғасын тапқан. Бәйтеректегі «Жұлдыз» балабақшасының ағымдағы жөндеу жұмыстарына бюджеттен 42 млн. теңге бөлінген. Қазір  қарастырылған қаржыға сай балабақша қайта жөнделді.

Қазір де ауыл шаруашылығы Бәйтерек ауылдық округінің тірегі саналады. Өйткені ырысты мекеннің климаттық жағдайы мал өсіруге де, егін шарушылығымен айналысуға да бап келеді. Сондықтан округ тұрғындары арасында мал шаруашылығын кәсіп еткендер мен қара жерден рыздығын іздейтіндер көп. Айталық, округтегі ірі қара саны былтыр 2019 бас болса, биыл 2559-ға, ал ұсақ мал басы өткен жылы 2676 болса, биыл 3500-ге жеткен. Округтегі мал саны алда тағы артуы мүмкін. Өйткені мұндағы  шаруалардың ет пен сүт өнімдерін алып мегаполистің базарына жөнелтуге мүмкіндігі  жеткілікті. Оның үстіне алдағы уақытта округ аумағында сүт пен ет өнімдерін өңдейтін жаңа кәсіпорындар бой көтермек. Құтты мекеннің құнарлы топырағы түйір дәннің көктеуіне көп қуат беретіні тағы бар. Ағымдағы жылы округ көлемінде 3900 гектардан астам жерге арпа, жүгері, соя, түрлі көкөністер егілген. Төккен терін еккен дәннен табатын шаруалар биылғы қуаңшылықтың салдарынан түрлі дақыл түсімінің аз болғандығын айтады.

– Биылғы төтенше жағдай еліміздің көктемгі егіс науқанына өзіндік қиындық тудырды. Алайда біздің округ республикалық маңызы бар жасыл дәліздің бойында болғандықтан шаруаларды  жанармаймен, техникалық жабдықтармен қамту қиын болмады. Оның үстіне әкімдік тарапынан шаруа қожалықтарына барынша қолдау білдірілді. Биыл егіс өнімдеріне су тапшылығы қатты сезілді. Сондықтан алда су ұңғымаларын көбейтуді қолға алмақпыз, – дейді округ  әкімінің  орынбасыр Дулат Қасымшалов.

Қазіргі індет жағдайына байланысты округтегі барлық мемлекеттік мекемелер, мектептер, балабақшалар, сауда орталықтары, кәсіпорындар мен қызмет көрсету нысандары санитарлық талапқа сай жұмыс жүргізу тәртібіне  көшкен. Округ әкімі аппараты мәліметіне сүйенсек, қазір санитарлық талапты сақтау мәселесі қатаң қадағаланады. Ал санитарлық талапқа сай жұмыс жүргізбеген кей сауда орындары мен дәмханаларға ескерту жасалып, кейбіріне айыппұл салынған. Әсіресе, мектептердегі кезекші сыныптардың санитарлық тәртібі қатаң қаралуда. Бұл ретте, әл-Фараби атындағы орта мектеп директорының міндетін атқарушы Гүлмира Нұрбаеваның сөзіне қарағанда, қазір мектептегі кезекші сыныпқа келетін оқушылар түгел дерлік дезинфекцияланып, дене температурасы өлшенгеннен кейін ғана сыныпқа кіргізіледі. Ал сынып кабинеттерінде де санитарлық талаптар үнемі тексеріледі. Өсер ұрпақтың  өзегіне руханияттың уызын құятын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мектеп қабырғасында өз жалғасын табуда. Ұлт санасына жаңа бұрылыс сыйлаған бұл бағдарлама аясында аталған орта мектепте «Жүз кітап және жүз ән» атты игі жоба  үш жылдан бері қолға алынып келеді. Биыл аталған жобада ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ақынның әндері мен қара сөзін жаттауға басымдық беріліпті. Гүльмира Нұрбаеваның айтуына қарағанда өзге этнос өкілдері Абай әндерін айтуға аса қызығушылық танытқан. Мұндай рухани  бірлік  елдімекеннің ертеңгі жарасымдылығына жол салмақ.

Статистикалық деректерге үңілер болсақ, округте 27 ұлт пен ұлыс өкілі өмір сүруде. Мұндағы тұрғындардың 44,3% қазақ, 43.3% орыс, ал қалған 11,9% өзге ұлт өкілдерін құрайды. Бәйтерек  көпэтносты  округ болғандықтан әр этнос өкілдері  тығыз тұратын жерлерде шиеленіс ошағының алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қоса әр этнос белсенділерімен өңірдің тұрақты дамуына мүмкіндік  беретін түрлі мәселелер талқыға салынады  екен. Осы түсіністіктің арқасында  этносаралық қақтығыстарға жол берілмей келеді. Бүгінде округте Бәйтерек ауылдық мешіті, Қойшыбек ауылдық мешіті, Алға ауылдық мешіті, «Әулие Алексей қауымы» жергілікті православиялық діни бірлестігі, «Өмір бұлағы» христиандық Інжілдік шіркеуі жергілікті діни бірлестігі, «Хоба куәгерлерінің мәсіхшілік қауымы» жергілікті діни бірлестігі сынды 6 діни бірлестік бар. Бүгінде  аталған діни бірлестіктер  аудандық, облыстық іс-шараларға үнемі қатысып, округтің  дамуына өз үлестерін қосуда.

Бәйтерек ауылдық округ топырағында түтін түтеткендерді саясына алған мәуелі бәйтеректей бұтағын кеңге жайып, тамырын тереңге тартып келеді. Өңір жұртшылығын жыл сайын артып келе жатқан экономикалық және демографиялық өсім қуантады. Әрине, халық бар жерде қажетсіну бар. Қоғамдасқан өмірде қордаланған мәселелердің болатыны шындық. Осындай шешімін күткен түйткілдің түйініне округ басшысы арнайы тоқталды.

– Қазір округіміздегі Қойшыбек ауылына жаңа мектеп пен дәрігерлік амбулатория салу жоспары күн тәртібінде тұр. Өйткені Қойшыбек ауылындағы ескі балабақша мектепке өзгертілген. Қазір онда оқитын оқушылардың саны  тым көп. Сондықтан балалардың қалыпты оқуына  ескі мектептің мүмкіндігі жетпей отыр. Сонымен бірге округ орталығына өрттен қорғайтын арнайы бөлім салуды да жоспарлап отырмыз  – дейді округ әкімі Айбек Нұрланов.

Шығыс халықтарында «Байығың келсе жол сал», – дейтін дана сөз бар. Жол жиегіндегі жұрттың жоғы табылып, ондағы ел бақуатты өмір сүрсін деген тілектеміз.

 

Ерзат АСЫЛ

XXI ғасыр – технологияның дамуы мен ақпарат-тандыру ғасыры. Заман талабына сай әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, педагогикалық технологияларды  күнделікті сабақтарына пайдаланса, әр сабағы тиімді де  нәтижелі болмақ. Сондықтан, қазіргі білім беру жүйесінің ең негізгі мақсаты – болашақ ұрпақты бәсекеге қабілетті тұлға етіп  дайындау. Мектеп осы жаңашылдықты енгізетін негізгі орта. Ал мұғалім – оның жүрегі.

Биылғы оқу жылының білім саласында түрлі өзгерістердің болуымен ерекшеленуде. Атап айтсақ, еліміздегі  төтенше жағдайға байланыс-ты  білім беру қашықтан жүзеге асырылуда. Осы орайда, ұстаздардың білімін жетілдірілуі де онлай жүзеге асуда. Жақында «Өрлеу» БАҰО АҚ Алматы қаласы бойынша филиалы ПҚБАИ Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде «География» және «Жаратылыстану» пәні бойынша ZOOM бағдарламасымен қашықтан 2 апталық сабақ оқыдық. Курсты тренер Лаззат Адыбаева жүргізді. Лаззат Дүнгенбайқызы өзінің терең білімі мен оқу-әдістемелік шеберлігін ұштастыра отырып, курсқа қатысқан мұғалімдерге бағдарлама аясында жан-жақты талдап, түсіндірді. Курс барысында жаңартылған білім мазмұны негізінде оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, СМАРТ форматта қысқамерзімді жоспар жасауды үйрендік. Курстың ең басты ерекшелігі – бұрынғы білімнің жаңа біліммен  ұштастыра  берілуі. Тәжірибесі мол тренеріміздің арқасында теориялық білімімізді практикалық тұрғыда жүзеге асыра алдық. Бірге қатысқан әріптестеріміздің іс-тәжірибелерімен танысып, ой-пікірлерімізді талқылап, сабақ берудің  жаңа тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалануды үйрендік.

Бегзат ДИГАЙ,

Д.Қонаев атындағы орта  мектептің

география пәнінің мұғалімі

Жұма, 30 Қазан 2020 10:32

Жолдау дамуға жол ашады

Бүгін аудандық мәслихат депутаты Гүлсара Егенбаева «Есік Сәулет» ЖШС-нің ұжымымен кездесіп, Президент Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын түсіндірді.

– Елбасы Н.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында 30 жылда ел экономикасының іргетасы берік қаланып, әлем сахнасынан ойып тұрып орнымызды алдық. Әлемнің алпауыттары санасатын мемлекетке айналдық, абырой-беделге ие болдық. Алдағы уақытта да осындай жүйелі жұмыстарды жалғастырып, жаңа реформаларды жүзеге асыруымыз керек. Сонда ғана қазіргідей дағдарыс жағдайында экономикамыз тұраламай, халықтың әлеуеті арта түспек. Осындай жетістіктерге жету жолдары Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауында айтылған – деген Гүлсара Қалиқызы Жолдаудағы іс-қимыл жоспарына тоқталып өтті. Сөз кезегін алған  «Есік Сәулет» ЖШС-нің директоры Ерік Абитов ел ертеңінің айқын бағдары болатын маңызды құжатты талқылай келе барлық реформаның негізгі элементі – цифрландыру мәселесіне тоқталды.

– Президент тапсырмасымен осы жылдың соңына дейін 250-ден астам тұрғыны бар барлық ауылдар сапалы интернет желісімен қамтамасыз етіледі. Бұл барлық салалар үшін аса маңызды. Әсіресе, оқушылардың сапалы білім алуына, азаматтардың мемлекеттік қызметке үйден шықпай-ақ жылдым қол жеткізуіне жол ашады. Осылайша, адамдар өз уақытын үнемдеп қана қоймай, қоғам індеті – жемқорлықтың белең алмауына септігін тигізеді – деді Ерік Абитов.

Жиын барысында қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауы бойынша өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.

С.НҰРАДИН

Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік экономикалық ынтымақтастық – 2020 Халықаралық форумында бейне үндеу жасады. «COVID-19-дан кейінгі жаһандық өзгерістер және солтүстік экономикалық ынтымақтастықтың келешегі» тақырыбындағы шара бүгін Сеул қаласында басталды. Бұл туралы ресми Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мун Чжэ Ин бастамашы болған және соңғы үш жылдың ішінде өзінің өзектілігі мен өміршеңдігін дәлелдеген «Жаңа Солтүстік саясат» стратегиясын жоғары бағалап, Оңтүстік Корея басшысының өркендеген, өзара байланысы мығым және тұрақты Еуразия құру көреген идеясын құптады.

Қазақстан Президентінің пікірінше, қазіргідей әлем коронавирус пандемиясының теңдессіз тегеуріндеріне тап болған кезде саяси жігер мен экономикалық сана синергиясы ерекше мәнге ие.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың ортақ құндылықтарға, өзара қолдау мен тығыз байланыстарға негізделгенін айта келе, елімізде өмір сүріп жатқан, достықтың «алтын көпірі» саналатын жүз мың корей қауымдастығының екі ел арасындағы қарым-қатынасқа қосқан үлесін атап өтті.

– Кореяның Қазақстан экономикасына жасаған инвестициясы 7 миллиард доллардан асты. Жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан, екіжақты тауар айналымы артты. Орталық Азияның барлық бес елінің ортақ жалпы ішкі өнімнің 70 пайызы Қазақстанның үлесіне тиесілі. Корей мемлекеті жетекші инвесторлардың арасындағы 10-орынға ие. Бұл ретте, өзара тиімді ынтымақтастықты одан ары жалғастырудың әлі де пайдаланылмаған үлкен әлеуеті бар, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті 2019 жылдың сәуір айында Мун Чжэ Иннің елімізге жасаған тарихи сапары екіжақты өзара іс-қимылдың жаңа белесін ашты деп санайды. Сапар аясында қол қойылған «Самал жел» бағдарламасы қазақ-корей экономикалық, сауда және мәдени жан-жақты байланыстарды жандандыруға бағытталған.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал жел» бағдарламасы мен «Жаңа Солтүстік саясат» стратегиясы «Цифрлы Қазақстан», «Нұрлы жол» секілді ұлттық бағдарламаларда белгіленген стратегиялық міндеттерге сәйкес келетінін айтты.

Мемлекет басшысы әлемдегі ұзаққа созылған мұнай дәуірінің аяқталып келе жатқанын айтып, Қазақстан үшін әртараптандырылған және тұрақты экономика құрудың ерекше маңызды екенін атап өтті.

– Осыған байланысты мен Жаңа экономикалық бағыттың бастамашысы болдым. Бұл бағыт құрылымдық реформалармен ғана емес, сондай-ақ барынша қарқынды әрі мықты мемлекет құрумен байланысты. Қазақстан корей инвесторлары үшін арнайы әзірленген құралдарды ұсынуға әзір. Бұл ретте, салық және кеден артықшылықтары, жобаларды қоса қаржыландыру, экспортты қолдаудың ішінара кепілдіктері мен тетіктерін айтуға болады, –  деді Президент.

Мемлекет басшысы ағылшын құқығы бойынша қызмет көрсететін «Астана» халықаралық қаржы орталығының әлеуетін де сөз етті. Президент бұл орталықтың шетелдік бизнеске арналған экожүйесінің бірегейлігін ерекше атап өтті.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларына жұмыстың табысты, ал Оңтүстік Корея Президенті мен Үкіметінің игі бастамаларының сәтті болуына тілектестік білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 03, 2024

Ерлан Барлыбаев: "Үкімет ұсынғандай…

Елімізде 6 қазан күні АЭС салу бойынша референдум өтеді. Осыған байланысты VIII сайланған…
Қаз 03, 2024

Международные стандарты в…

Строительство атомной электростанции – это масштабный и сложный проект, требующий…
Қаз 03, 2024

Алматы облысында референдумға…

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының…
Қаз 03, 2024

И след простыл: как современные…

Углеродный след человечества — тяжелый груз для планеты, который ей все труднее нести.…
Қаз 03, 2024

АЭС ел экономикасының өркендеуіне…

Ақтөбе облысындағы халықтық штаб мүшелері «Қамқор вагон» ЖШС-нің ұжымымен кездесу…
Қаз 03, 2024

Атомная энергетика не может быть…

Лэйла ТАСТАНОВА В преддверии референдума по вопросу строительства атомной электростанции…
Қаз 03, 2024

Имеем средство от рака в руках, но…

Более 200 тысяч человек в Казахстане состоят на учете как онкобольные. И 12 тысяч…
Қаз 03, 2024

Эксперт разобрал мифы и реальность о…

Директор департамента атомной энергетики и промышленности Министерства энергетики…
Қаз 03, 2024

Атом энергетикасын дамыту экологияға…

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның ғылыми орталығы бастығы, физика-математика ғылымдарының…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет