Жексенбі, 08 Қараша 2020 20:01

Айна мен әйнек

– Қызық, кедей-кепшікке барсаң, аңқылдап алдыңнан шығып, көмегін де аямайды. Ал байдың алдына барар болсаң, ол сені тіпті байқамайды да. Бәрі тек ақшаның буы болғаны ма сонда?

– Терезеге қарашы. Не көрдің?

– Бала жетектеген қария кетіп барады. Әне, бір көлік келіп тоқтады...

– Жақсы. Енді айнаға қарап көрші. Ол жақтан не көрдің?

– «Не көрдің?» дегенің не? Әрине, тек өзімді ғана көріп тұрмын.

– Терезе де әйнектен жасалған, айна да – әйнек. Тек айнаға аздап күміс қосқандықтан сен оған қарағанда өзіңді ғана көресің.

 

Аударған: Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Кредит төленбей қалған жағдайда банк қарыз алушының жұмыс орнына, туыстарына хабарласып, одан нәтиже шығара алмаса, қарызды жалақысынан ұстап қалып жатады. Бірақ бұл қаншалықты заңды? Қандай жағдайларда банк жалақыдан ұстап қалуға немесе жалақы картасын бұғаттауға құқылы? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына заңгер Гүлмира Батырханқызы жауап берді.

Заңгердің айтуынша, банк борышкердің жалақысынан ұстап қалуға құқылы. Бірақ еш жағдайда әлеуметтік көмек, алимент, балаларға берілетін жәрдемақы сияқты өтемақыларды ұстап қала алмайды дейді.

"Кредит алу алдында міндетті түрде банк пен борышкер арасында келісімшарт жасалады. Онда қарыздың уақтылы кешіктірілмей төлену керегі көрсетіледі. Алайда бірнеше ай бойы несие себепсізден төленбесе немесе кешіктіріле берсе, банк борышкерге қатысты мәліметті коллекторларға береді. Ал коллекторлар ол істі көп ұзатпай сотқа жолдауы мүмкін. Еңбек кодексінің 115-бабына сәйкес сот шешімі шыққан соң ғана банк қарызды жалақыдан ұстай алады. Бірақ банк бұл туралы міндетті түрде жазбаша хабарландыру жолдауы қажет", - деп түсіндірді заңгер.

Маманның айтуынша, банк жалақыдан көп болса 50 пайыз ұстап қала алады. Бұл Еңбек кодексінде көрсетілген дейді.

"Банк картасындағы барлық ақшаның көп болса, 50 пайызын ғана ұстай алады. Одан көп ақша ұсталған жағдайда клиенттің прокуратураға банктің заңсыз әрекетіне шағымданып, өтініш қалдыруға құқығы бар. Сондай-ақ, әлеуметтік төлемдер, алимент, жәрдемақы сияқты ақшаны ұстап қалуға еш құқығы жоқ. Бұл заңға қайшы", - деп ескертеді заңгер.

Маманның айтуынша, қаржы ұйымы кредит төленбесе, жалақыны ұстап қалудан басқа да шараларды қолдануы мүмкін. Мысалы, үйді немесе көлікті тартып алуы мүмкін дейді.

Ал кей жағдайда, заңгердің айтуынша, клиенттер өздері-ақ жалақысынан белгілі бір соманы ұстап отыруға өтініш жазып, рұқсатын беріп жатады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Жексенбі, 08 Қараша 2020 19:04

Үтіктің табаны күйсе...

Табаны күйген үтік киімді былғап, жағымсыз иіс те шығарады. Сондықтан оны уақытылы тазалап тұру керек. Ендеше, үтікті қалай тазалауға болады?

Үлкенірек қағаз майлыққа ірі тұздан себіңіз. Егер болса, теңіз тұзын қолданған дұрыс.

Үтіктің ең жоғары ыстық күйін қосып, бу шығаратынын мүлде өшіріңіз. Енді тұз себілген қағаз майлықты үтікке күш салмай (яғни қатты баспай), үтіктеңіз.

Тұз үтіктің табанын жылтыратып тазалайды.

 

Аударған: Құралай Мұратқызы

Дереккөз : takprosto.cc

1-раушан гүлі
Бұл классикалық таңдау – сіздің ерік-жігеріңіз бен мақсатыңыздың айқындылығын білдіреді. Сіз адал ниетті жансыз, өтірікке себеп болған мән-жайдың басын ашып, түйсік деңгейіңіздің жоғарылығын көрсетіп жүресіз. Болашаққа қойған жоспарларыңызды жүзеге асыру жолында аянып қалмайсыз. Тым талапшыл болмағаныңыз дұрыс.

2-раушан гүлі

Сіз қайырымды әрі жанашыр жансыз. Жақындарыңызға ерекше қолдау білдіріп отырудан танбайсыз. Оларды жақсылықпен, сыймен қамтамасыз етуді – өз парызыңыз санайсыз. Бұл жүрегіңіздің кеңдігін білдіреді. Десе де ішкі әлеміңізге құлақ асқаныңыз жөн. Өзгеріс енгізуден, тәуекел етуден қорықпаңыз!

3-раушан гүлі

Сіз тым сезімталсыз. Өз эмоцияларыңызды басқара алмайсыз. Сіздің бойыңызда әлі де ашылмаған талант бар, бірақ оған аса мән бермейсіз. Сол себепті де өзіңізді бағалау деңгейі төмен. Сенім – алпауыт күш. Сондықтан өзіңізге сеніңіз, айналаңызды қолдау білдіріп отыратын жандармен толықтырыңыз.

4-раушан гүлі

Сіз бақытты әрі шығармашыл тұлғасыз.Сізді ерекшелікпен толтырып тұрған қасиетіңіз – оптимистік. Бойыңыздағы қайтпас рух – жаңа нәрселерді ашуыңызға септігін тигізеді. Жаңа жоспарға кіріссеңіз, абай болғаныңыз жөн.

5-раушан гүлі

Сіз қырағы әрі түсінігі мол жансыз. Әрқашан қауіпсіздігіңізді ойлайсыз. Бұл-өзімшілдіктің емес, ақылдылықтың керемет көрінісі. Үнемі өз әлеміңізді таңғажайып етіп құруды қалайсыз. Алайда кейбір кемшіліктеріңізбен күрес жүргізгеніңіз жөн. Жоспарлау – жетістіктің кілті, ал қазіргі күнмен ғұмыр кешу-уақытша іс екенін есте тұтқаныңыз абзал!

6-раушан гүлі

Сіз өз ісіңізге шын жүрегіңізбен берілген жансыз. Мақсатыңызға жетіп қана қоймай, барлығының мінсіз орындалуын қадағалайсыз. Сіздің еңбексүйгіштік қасиетіңіз – мамандығыңыздың мақтанышы болуға үндейді. Ісіңізді тиянақты жүргізесіз және табысқа жетсеңіз, жақыныңызбен бөлісуді қалайсыз. Бірақ, сүйікті жұмысыңыз бен жеке өміріңізді шатастырмағаныңыз дұрыс!

Алматы облысының Алакөл ауданы мен ШҚО-ны түйістіріп тұрған тұсқа санитарлық бекет қойылды. Оның басты себебі, Шығыс Қазақстан облысындағы эпидемиологиялық жағдайдың қиындап кетуі. Бүгінде бұл қызыл аймақ ретінде танылған. Коронавирусты күнделікті жұқтырушылардың мөлшері 300-ден асты.

Алматы облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Сыдымановтың "Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын енгізу туралы" жаңа қаулысында "Алакөл ауданының әкімі, Алматы облысының полиция Департаменті, Денсаулық сақтау басқармасы және басқа да жұмылдырылған қызметтер қамтамасыз етсін:

  • Шығыс Қазақстан облысымен шекаралас облыс аумағына полиция, медицина қызметкерлері қатарынан Алматы облысына кіретін және шығатын азаматтарға байланыссыз термометрия және сауалнама жүргізу арқылы санитарлық бекет (601 км.) орнатылсын;
  • бекеттерге жұмылдырылған қызметкерлер жеке гигиенаны сақтау үшін қажетті жағдайлармен, жеке қорғану құралдарымен (бір рет қолданылатын бетперделер, қолғаптар, қорғаныш көзілдіріктер және/немесе экрандар), тамақтану және жылыту пунктімен қамтамасыз етілсін" делінген болатын.

Бүгінде тәртіп сақшылары мен санитарлар облысқа кірген, шыққан азаматтардың дене қызуын өлшеп, жеке мәліметін жазып алады. Сондай-ақ 6 қарашадан бастап өңірде санитария талаптары күшейтілді.

Облыстық бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, 2000 шаршы метрден асатын сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтады. Қоғамдық тамақтану орыны, мейрамхана мен дәмханалар да жабылды. 65 жастан асқандарға көшеге шығуға тыйым салынып, қоғамдық орындарда бетперде тағып жүру міндеттелді.

 

 

ҚР Премьер-Министрі және Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бастаған үкіметтік делегация COVID-19 ауруымен аймақтағы ағымдағы жағдайды жіті зерттеу үшін Шығыс Қазақстан облысында болды. Бұл туралы министрліктің ресми сайтында хабарланды.

Облысқа 7 қарашада келген Үкіметтік делегация өңірдегі эпидемиологиялық ахуал бойынша кеңес өткізді.

А.Цой 31 қазаннан бастап облыста аурушаңдық деңгейі күн сайын артып жатқанын еске салды. Өйткені, аймақта тәулігіне 200-ден астам жаңа жағдай анықталып отыр.

6 қарашада коронавирус инфекциясымен 250 науқас тіркелсе, 7 қарашада - 353 адам вирус жұқтырған. Сонымен қатар, 20-дан астам адам індет жұқтырған 2 ірі ошақ анықталған.

«28 қазаннан бастап R репродуктивті саны 1,2-ден асады, бұл аурудың өсу жылдамдығының жоғарылағанын көрсетеді. Бұл апта сайынғы аурушаңдық деңгейінің өсуінен көрінеді. Жоғарыда көрсетілген индикаторлар ШҚО эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасындағы «жасыл» аймақтан қазан айының басында «сары» аймаққа, содан кейін «қызыл» аймаққа көшуіне себеп болды», - деді министр.

Шығыс Қазақстан облысы ПТР тестілеу үшін 13 зертханалық лабораториямен қамтылған, тәуліктік сыйымдылығы 4048 құрайды.

«ПТР анализдерінің санын талдау және жаңа жағдайларды анықтау

Шығыс Қазақстан облысында аптасына 12000-15000 құрайды. ПТР-сынақтары науқастар үлесінің күрт өсіп жатқанын көрсетеді », - деді А.Цой.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында инфекциялық және карантиндік ауруханалар орналасқан 30 денсаулық сақтау мекемесі бар. Облыста барлығы 3017 жұқпалы және 220 карантиндік төсек орналастырылған, оның ішінде 5 қарашадағы мәліметтер бойынша 767 жұқпалы және 42 карантиндік төсек орналастырылған: жұқпалы төсек-орындардың пайызы - 21%, карантиндік орындардың толуы - 5,3%.

Бүгін жұмыс сапарының екінші күні. А.Цой Ана мен бала орталығына барудан бастады. Аталмыш нысан былтыр 24 желтоқсанда пайдалануға берілген. Бүгінгі күні мұнда 444 адам жұмыс істейді, оның ішінде 92-сі дәрігер. Орталық стационарлық және мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. 2020 жылдың бірінші тоқсанында бос орындар саны 331 құрады.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі облыстық мамандандырылған медициналық орталықта, дәрігерлік амбулаторияда және No4 қалалық аурухананың өкпе орталығында болды. Клиникада 136 төсектік инфекциялық аурухана бар, субинтенсивті терапия, анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімдері жұмыс істейді. Аурухана компьютерлік томографпен, ПТР-мен, клиникалық және жедел жәрдем зертханаларымен, операциялық бөліммен және рентген диагностикалық кабинетімен жабдықталған.

Бұдан соң А.Цой тәулігіне 115 орындық және стационарлық медициналық көмекке арналған 85 орындық Шығыс Қазақстан облыстық онкология және хирургия көпсалалы орталығының жұмысымен танысты. Орталықта 100 келушіге ауысымдық негізде қызмет көрсететін емхана бар, онда барлық қажетті қызмет түрлері көрсетіледі.

Сапар соңында үкіметтік делегация эпидемиологиялық жағдайдың ушығып тұрғанын және инфекциялық бақылау шараларын күшейту қажеттігін айтты, коронавирус инфекциясымен күресу бойынша кеңес өткізді.

Жексенбі, 08 Қараша 2020 18:24

Талабы таудай

Қамқорсыз қалған сәбилерге қорған болуға, отбасы жылуын сыйлап, бала асырап алуға бағыт-бағдар беруді көздеп, жетімдер үйін азайту мақсатында облыстық білім басқармасы 2016 жылы «Балалар үйінсіз Жетісу» атты жобаны қолға алған болатын.

Бүгінде сол отбасылық балалар үйі кез келген білім мекемелерінің назарынан тыс қалған емес. Жақында Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп пен Қарағанды қаласындағы «Шахтер» футбол командасы бірілесіп, отбасылық балалар үйіне бағытталған фотбул ойынын өткізді. Есік қаласындағы Ломоносов көшесіндегі№ 66  үйдегі Ирина Ершова жетекшілік ететін отбасылық үлгідегі балалар үйіндегі балдырғандар кәсіби ойыншылармен бірге доп тепті. «Шахтер» футбол командысы ойыншылары балақайлардың шеберлігін шыңдауға көмектесетіндігін айтып, балаларды қуантты. Бүгінде өздеріне тисті қара шаңырақтың жылуын сезген балалар, армандарының асақ екендігін жасырмады. Тартысты футбол ойынын тамашалаған аудандық білім бөлімінің маманы Алмагүл Дүйсебекова отбасылық үлгідегі балалар үйіне арнайы келген ала доп шеберлері  мен ұстаздарға алғыс айтты. Тағдыры тәлкек болса да, талабы таудай балалардың қадамына нұр жауғай!

Айгүль КУНТУНОВА,

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің

әлеуметтік  педагогі

Сенбі, 07 Қараша 2020 09:36

613 адам коронавирус жұқтырды

Елімізде 6 қарашада 613 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.

Коронавирусты жұқтырғандар жөнінен Шығыс Қазақстан облысы алды тұр. Одан кейін Нұр-Сұлтан, үшінші орында Алматы қаласы.

Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 45
Алматы қаласы - 32
Шымкент қаласы - 3
Ақмола облысы - 38
Ақтөбе облысы - 4
Алматы облысы - 9
Атырау облысы - 15
Шығыс Қазақстан облысы - 253
Жамбыл облысы - 5
Батыс Қазақстан облысы - 44
Қарағанды облысы - 16
Қостанай облысы - 55
Павлодар облысы - 64
Солтүстік Қазақстан облысы - 29
Түркістан облысы - 1

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 115 439.

 

Ал кешегі күні емделіп шыққандар – 191 адам. 

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 42
Ақмола облысы - 8
Ақтөбе облысы - 1
Атырау облысы - 31
Шығыс Қазақстан облысы - 56
Батыс Қазақстан облысы - 10
Қарағанды облысы - 7
Қызылорда облысы - 13
Павлодар облысы - 18
Түркістан облысы - 5

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 107 530.

Болған іске, жалғасып жатқан адами арды аяққа басып, заңды заң деп сыйламай, өзінен туған балаларын өзекке теуіп, ата-аналық міндетін атқаруға жарамай, кәмелетке толмаған шиеттей сәбилерін, оқу жасындағы балаларын тағдыр тәлкегіне салып қойған ата-аналардың әрекетсіздіктерін қарауға, кәмелетке толмағандар құқығын қорғау комиссиясының кезекті отырысы өтті қарашаның басында. Бірден айтып кететін жайт: бұл шолу мақалада сол балаларын асырап-бақпай, талапқа сай тәрбиелей алмай отырған ата-аналардың аты-жөні, тұрғылықты мекен-жайын да белгілі себептермен атамай, тек инициалын ғана көрсетіп отырғанымызды ескерте кетейік.

Азаматша Н-ның қарауындағы бес баланы қалай бағып-қағып жатқанын зерттеп-зерделеп қайтқан аудандық полиция басқармасының ювеналдық полиция тобының қызметкерлері бір бөлмелі үйде лас төсек орында, әбден кірлеген киіммен, кіші балалары тіпті жалаңаш күйімен уақытылы тамақтандырылмай жатқанын анықтап, ауылдық округ әкімдігінің басшыларының, амбулатория қызметкерлерінің қатысуымен анасы Н-ның агрессивті қарсылығына қарамай аудандық көпсалалы аурухананың балалар бөліміне орналастырылған екен. Бұл балалардың анасы өз перзенттерін адамға лайық күтіммен, тәрбиемен қамти ала ма деген сұраққа азаматша Н. мардымды жауап та бере алмады.

Комиссия отырысын жүргізіп отырған оның төрағасы аудан әкімінің бірінші орынбасары Айбек Бидаев көп балалы ананың мемлекеттен алып отырған әлеуметтік көмектері және отырысқа арнайы шақырылып, қатысып отырған бұрынғы күйеуі азамат Ғ-дан ортақ үлкен қызы үшін алимент төлемдері түсе ме деген сұрақтарына жауап ала отырып: - Өмірге келген бала неге осындай аянышты халге түсіп, қатарларынан кем қалу керек?! – деп күйіне сұрақ қойды Н-ға. Әрине жауап жоқ. Жауапсыздық жайлаған анада не жауап болуы мүмкін. Ең болмаса, кіші сәбилерін жуындырып, тамақтандырып, үстіне арзан да болса таза, бүтін киім әпере алмаған ананы ана деп атау да ыңғайсыз.

Адамның малдан, басқа да тірі мақұлықтардан айырмашылығы ақыл-ой мен сана иесі болуында. Өмірге әкелген ұрпақтарын асырап-бағу, тәрбиелеу – жазылмаған заң, сол сананың-ардың алдындағы міндеті. Мемлекетте «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 127-бабында «Ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру, олардың құқықтарын және мүдделерін қорғау жөніндегі, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерді орындамауы ... айыппұл салуға алып келеді» делінген. Айыппұл мөлшерінің орнына көп нүкте қойып кетуімнің себебі көп жылдар бойы осы комиссия құрамында болып келе жатып, айыппұл салынған, не әкімшілік қамаққа алынған ата-ананы көріп-білмеген екенмін. Бұл да гуманитарлық көзқарастан туындаған әрекет көрінісі. Ал бес баласын күтімсіз қалдырған азаматшаға да кеңшілік жасалып, жағдайды түзетуге уақыт берді комиссия. Бұдан кейін де балалар аш-жалаңаш күйде болса, азаматша Н. аналық құқығынан айырылып, балалар мемлекет қарауына беріледі.

Айта кетерлік бір мәселе комиссия отырысына арнайы шақырылып, қатысып отырған балалардың сегіз жастағы үлкенін Н. азаматшадан ажырасып кеткен Ғ. соттың шешімі өзгертілсе, өз қарауына алуға ниет білдірді. Заң да, мемлекет те әрқашан ананың жағында болатыны рас. Сол ананың аналық сезімі, ұмтылысы мен іс-әрекеті сәбилерінің заңды құқықтары мен мүддесіне сай келсе...

Комиссияның қарауына ұсынылған тағы бір мәселе кәмелетке толмаған 8-сынып оқушысы М-ның мәселесі. Бұдан бұрынғы отырыстарда да комиссия ата-анасымен келіспей, үйінен қашып, өз басын қауіп-қатерге байлаған «өтпелі жастағы» жасөспірімдерге «шамалары» келмей жатқан ата-аналардың, балалардың мәселелерін талқылап, шешімдер қабылдаған болатын.

Бұл да бір үлкен тақырып, өткір мәселе. Бала есейіп, сол «өтпелі» деген жасқа келгенде, оң-солын тани бастаған сәттекейбір үлкендердің өзі әділетсіз деп тапқан мінез-құлықтарына сай әрекет етіп оқудан, үйден қашып жататын жағдайлар да кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау комиссиясының назарында. Мысалы, сол М. атты оқушының «жоғалып» кету себебі – анасы мен өгей әкесінің арақатынасынан туған түсінбеушіліктер. Осындай ересек ер баласы «қашқындыққа» бой ұрған жұмысбасты болған бір әке ұлын мектеп-интернатқа алуды өтінгенінің де куәсі болды комиссия мүшелері.

Ал отбасындағы келеңсіздік салдарынан анасы қайтыс болған, әкесі сотты болып, бостандығынан айырылу алдында тұрған кәмелетке толмаған бес бала жетімдік күйге түскен жағдай қаралған болатын комиссия отырысында. Бір сәтте ата-анасыз қалған балаларды бағып-қағуды кімге тапсырамыз деген сұрақ туындағанда балалардың көрші аудандарда тұратын нағашылары, яғни қайтыс болған ананың әпкесі мен ағасы, біздің аудан тұрғыны сотты болған азаматтың шешесі, яғни балалардың әжесі шақырылып, комиссия отырысына қатысты. Нағашылар жағы өз бала-шағасы бар толыққанды отбасылар бола тұрса да өз үйлерін тастап, басқа аумақтардағы марқұм анасының туысқандарының үйлерін паналаған балалар.

Комиссия отырысында үлкендер мен балалардың үш ересектеуінен сұралды: кіммен тұрғысы келетіндерін. Бірауыздан қалағаны анасының туысқандары болды.

Комиссия балалардың қалауын құптап, шешім шығарды. Әже жағынан наразылық болғаны да рас. Аздап шу шығарып, балаларды өзіне бұрып алғысы келген әжеге «Баланы ақырып үйретпе, баланы ақырын үйрет» деген халық мақалын алға тартып уәж айтсақ та жеткіліті болар.

Х. Ахметжанов,

комиссия мүшесі

Соңғы жаңалықтар

Қаз 03, 2024

Ерлан Барлыбаев: "Үкімет ұсынғандай…

Елімізде 6 қазан күні АЭС салу бойынша референдум өтеді. Осыған байланысты VIII сайланған…
Қаз 03, 2024

Международные стандарты в…

Строительство атомной электростанции – это масштабный и сложный проект, требующий…
Қаз 03, 2024

Алматы облысында референдумға…

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының…
Қаз 03, 2024

И след простыл: как современные…

Углеродный след человечества — тяжелый груз для планеты, который ей все труднее нести.…
Қаз 03, 2024

АЭС ел экономикасының өркендеуіне…

Ақтөбе облысындағы халықтық штаб мүшелері «Қамқор вагон» ЖШС-нің ұжымымен кездесу…
Қаз 03, 2024

Атомная энергетика не может быть…

Лэйла ТАСТАНОВА В преддверии референдума по вопросу строительства атомной электростанции…
Қаз 03, 2024

Имеем средство от рака в руках, но…

Более 200 тысяч человек в Казахстане состоят на учете как онкобольные. И 12 тысяч…
Қаз 03, 2024

Эксперт разобрал мифы и реальность о…

Директор департамента атомной энергетики и промышленности Министерства энергетики…
Қаз 03, 2024

Атом энергетикасын дамыту экологияға…

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның ғылыми орталығы бастығы, физика-математика ғылымдарының…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет