Талдықорғанда көптен сағындырған жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеге Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ арнайы келіп, жұртпен жүздесіп, игілікті іске табыс пен сәттілік тіледі.

– Осындай қиын-қыстау жағдайда тұрғындардың талабын ескеру – басты міндетіміз. Жәрмеңкеге жеткізілген тауарлардың сапасы жақсы, бағасының да қолжетімді екендігі көрініп тұр. Жан-жақтан ағылып келіп жатқан тұтынушылардың да қарасы көп. Осы ретте бұл жәрмеңкені ұйымдастырған облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы, аудан, қала әкімдіктеріне ризашылық білдіремін. Әрі алдағы уақытта да жоспарлы түрде өткізуді ұсынамын. Өйткені, өндірушіге де, тұтынушыға да тиімді шара қолдау тапқаны жөн, – деді Амандық Баталов.

Десе де, Қадырғали Жалайыр көшесінің бойындағы жәрмеңке өткен аумақтың тарлығы облыс басшысының  көңілінен шықпады. Алдағы уақытта жәрмеңкені Д.Қонаев көшесінің бойындағы тынысы кең жерге орналастыруды тапсырды. Өйткені, жәрмеңкеге өнімдерін шығарған сатушылар мен келушілерге қойылған басты талап – санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы.

Жәрмеңке орналасқан жерге кіретіндерге облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары қорғаныш құралдарын, яғни, бетперде тағу, қолғап кию, санитайзердің болуын және әлеуметтік арақашықтықтың сақталуын қадағалап отырды. Еріктілер тегін бетперде таратып жүрді.

Осындай жақсы дайындықпен өткен күзгі жәрмеңкеге облыстың 17 ауданы мен 3 қаласынан және «Жетісу» ӘКК-ден жалпы салмағы 259,5 тоннаны құрайтын 50-ден астам ауылшаруашылық өнімі жеткізіліп, нарықтағы бағадан 15 пайызға арзан сатылды. Атап айтсақ, жәрмеңкеде 41,7 тонна ет, 21 тонна сүт, 5,4 тонна балық өнімдері, 77,7 тонна көкөніс, 16,1 тонна жеміс-жидек, 33,5 тонна картоп, 69,3 тонна өзге де ауылшарушылық өнімі саудаланды.

– Биылғы жағдайда өнімін сата алмай қиналып қалған шаруаларға ауылшаруашылық жәрмеңкелері көп қолдау болды. Нұр-Сұлтан қаласында Алматы облысының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп, 400 тоннадан астам өнім жеткізіліп, 360 млн.теңгенің өнімі сатылды. Алматы қаласында өткен ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесіне 270 тоннадан өнім жеткізіліп, 160 млн.теңгенің өнімі саудаланды. Бүгін үшінші рет облыс орталығындағы жәрмеңкеде 260 мың тоннаны құрайтын 50-ден аса өнім саудалануда. Жәрмеңке алдағы уақытта да өтеді, – деді облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Мақсұт Жапаров.

Қала тұрғындарының айтуынша, маусымдық жәрмеңкелерді өткізу – жақсы үрдіс, әсіресе, азық-түлік түрлерінің көптігі және олардың төменгі бағада сатылып жатқандығы тұрғындардың көңілінен шығады.

– Бүгінгі ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі көңілімнен шықты. Өнімдер экологиялық таза болғандығымен қызықтырды. Оның үстіне бағасы да базардағы бағадан әлдеқайда арзан. Бұл қала тұрғындары үшін көп көмек болып тұр, – дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Әтіргүл Көңшебайқызы.

Жәрмеңкенің басты мақсаты – шаһар тұрғындарына табиғи әрі сапалы өнім түрлерін төмен бағада ұсыну және ауылшаруашылығы тауар өндірушілері мен шаруаларды қолдау. Аталмыш жәрмеңке осы мақсат үдесінен шықты деп айта аламыз. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша келесі сенбі күні де ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі Талдықорған қаласында өтетін болды.

Дереккөз

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 795 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 306 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 337 науқас жатыр. 1 458 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 128 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 11 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 20 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.

Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады.

* КВИ+ (оң нәтижелі ПТР), КВИ- (теріс нәтижелі ПТР)

***

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 31.10.2020г.

На данный момент лечение от коронавирусной инфекции продолжают получать 3 795 человека, среди которых 306 детей. В стационарах находится –2 337 пациент, на амбулаторном уровне – 1 458. 128 человек находятся в тяжелом состоянии, 11 – крайней степени тяжести, 20 - на аппаратах ИВЛ.

Министерство здравоохранения сообщает о том, что информация о суточных данных и общем количестве заболевших и умерших от коронавирусной инфекции с положительным ПЦР-тестом, а также КВИ с отрицательным ПЦР -тестом будет публиковаться на официальном сайте и социальных страницах ведомства.

Информация по регионам будет предоставляться на еженедельной основе в ходе пресс-брифингов официального представителя Минздрава.

*КВИ- (ПЦР-тест отрицательный), КВИ+ (ПЦР-тест положительный)

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Измир провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан қайтыс болған және зардап шеккен азаматтар туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды. Бұл туралы Ақорда ресми сайты хабарлады.

– Сізге және осы табиғи апатта жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасамын. Жарақат алған адамдардың тез арада отбасыларына қайта оралуларына дұға етеміз. Бауырлас түрік халқына шынайы тілекші ел ретінде, қажеттілік туындаған жағдайда, қазақ халқы мен Үкіметі тиісті көмек көрсетуге дайын, – делінген жеделхатта.

Адамның есте сақтау қабілеті тұрақты бола бермейді. Уақыт өте келе нашарлап, ұмытшақтыққа әкеліп соқтыруы да мүмкін. Ол үшін есте сақтау қабілетін тұрақтандыратын түрлі әдіс-тәсілдер мен қарапайым қағидаларды ұстанған дұрыс. 

Есте сақтау қабілетін жақсарту туралы пайдалы кеңестер жетерлік. Дегенмен жақында ғалымдар есте сақтауды жақсартудың тағы бірнеше жолдары бар екенін мәлімдеді.

Сурет салу 

Бос уақытта, болмаса хобби ретінде сурет салу есте сақтауды жақсартады екен. Ғалымдардың айтуынша, суреттің сапасы мен көркемдігі маңызды емес. «Бастысы – сурет ойды тынықтырады» — дейді. Ойдың тынығуы – есте сақтау қабілетін жоғарылатады.

Көзге арналған жаттығулар 

Егер күнде таңертең 30 секунд бойы көзіңізге жаттығу жасап тұрсаңыз, есте сақтау қабілеті 10%-ға жақсарады. Мұны да ғалымдар дәлелдеген. Сондай-ақ көзді жұмып, өткенді еске түсіру де пайдалы екен.

Ой жаттығулары 

Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін түрлі жаттығулар жасап тұрған дұрыс. Әсіресе, сөзжұмбақтар, ойша санау, логикалық сұрақтарды шешу, өлеңдерді жаттау, шет тілдерін меңгеру – миды жұмыс істетуге арналған ең тиімді әдістер болып саналады.

Жалаң аяқ жүгіру 

Жалаң аяқ жүгірудің өзі есте сақтау қабілетіңді жақсартады екен. Ғалымдардың айтуы бойынша, жалаң аяқ жүгірген адам аяғын жарақаттап алмас үшін айналасына барлай қарап жүгіреді. Мұндай сәтте ми да белгілі бір қызмет атқарады. Ол қызметтер есте сақтауды жақсартуға көмектеседі екен.

 

Жазу 

Бүгінде қолмен жазу қалып барады. Көбіміз пернетақта көмегімен жұмыс жасап жүрміз. Дегенмен есте сақтау қабілетіңізді жақсарту үшін бір ауық қолыңызға қалам алып, жазу жазып та тұрыңыз. Мұның да көп көмегі бары анық.

Салмағы ауыр заттарды көтеру 

Жаңа зерттеулер дәлелдегендей, жаттығу кезінде салмағы ауыр кір тастарын көтеру де есте сақтауды 20 %-ға жақсартады екен.

Биікке өрмелеу 

«Шыңға шығу мен ағашқа өрмелеу де есте сақтау қабілеті үшін пайдалы» — дейді ғалымдар. Себебі тепе-теңдікті сақтау арқылы жад жұмысы жақсара түседі екен.

Бір сөзбен айтқанда, миды үнемі жұмыс істетіп тұрсаңыз, есте сақтау қабілетіңіз де жақсара түсетін болады.

Дереккөз: Sabaqtar.kz

Ричард Брэнсонға таңдана және сүйсіне қарамау қиын. Ол – бизнес әлеміндегі ең беделді тұлға, арманшыл әрі жеңімпаз адам.

Оның өзі және кәсіпкерлік қызметі жайлы пікірлеріне құлақ салып көрейік.

Өзіндік ерекшелігі жайлы:

– Мен үшін бизнеспен айналысу дегеніміз – костюм киіп, стейкхолдерлерге жағымпаздану емес. Ең бастысы, өз-өзіңе, идеяларыңа адал болу және басты мәселелерді назарда ұстау.

Позитивті көзқарас жайлы:

– Менің өмірлік ұстанымым – әр минуттан ләззат алу. Мен «Бүгін мен қалайда мынаны жасауым керек» деген оймен ешқашан ештеңе істемеймін. Бизнесмен өз ісін үлкен қызығушылықпен істеу керек, оған бәрі ұнау керек. Бұл шығармашылық қабілетті арттырады.

Кәсіпкерлік жайлы:

– Кәсіпкерліктің бар мәні – сені толғандыратынның бәрін қаржыға айналдыру, сол салада жетістікке жету және алға ілгерілеу. Менің ойымша, бір сарынды жұмыс пен сағаттап бір жерде отыру – бұл жалпы кәсіпкерлік рухқа жасалған қиянат.

Адамдар жайлы:

 

– Адамдарға шынайы қамқор болу өте маңызды. Сіз егер адамдарды жақсы көрмейтін болсаңыз, жақсы көшбасшы бола алмайсыз. Оларды жақсы көргенде ғана жақсы қасиеттерін байқай аласыз. Бизнес – адамдардың өмірін жақсарту үшін ойлап табылған жай ғана идея.

Сын-тегеурін жайлы:

– Менің өмірге деген қызығушылығым өзіме ақылға сыймайтын сынақтар ұйымдастырып, соларды бағындыруымнан туындаған.

– Маған жігер беретін не? Ол – әрі қарай да өзіме сын-сынақтар жасау. Мен өз өмірімді университеттегі шексіз оқу деп есептеймін: күн сайын жаңа нәрсе үйренемін.

Жалпы барлығы жайлы:

– Өзің мақтан тұтатын бір нәрсе жасап шығару. Бұл менің бизнестегі пәлсапам десем болады. Шындығын айтсам, мен ешқашан көп қаржы табу үшін бизнеспен айналысқан емеспін. Егер бұл басты себеп болса, онда ештеңе істеудің қажеті жоқ. Мен жұмысты жұмыс деп, ал көңіл көтеруді көңіл көтеру деп қабылдамаймын. Мұның бәрі – өмір.

Дереккөз

Теріден жасалған құлаққап

15 жастағы америкалық Честер Гринвуд 1873 жылы суықта қолдануға болатын құлаққап ойлап тапты. Әжесі бұл құлаққаптың сыртын кәмшат терісінен, ішкі жағын барқыттан тігіп берді. 1877 жылдың 13 наурызында Честер өз өнертабысын патенттеу мүмкіндігіне ие болды. Ол өмірінің соңына дейін құлақты сыртқы шудан, суықтан қорғайтын жаңа  заттар шығарумен айналысты.  1977 жылдан бастап Мэн штатында өнертапқыштың құрметіне «Честер Гринвуд» (21 желтоқсан) күні атап өтіледі.

Қалың қарда жүруге арналған көлік

Канадалық Жозеф-Арман Бомбардье 15 жасында, яғни 1922 жылы бір аптаның ішінде ескі «Форд» автокөлігінің бөліктерінен қалың қарда жүруге арналған көлік жасап
шығарды. Құрылғы шамамен бір миль жерді жүріп өткен.  Ағасы Леопольд табанына байланған екі арқан арқылы құрылғыны жүргізсе, Жозеф-Арманның өзі қолдан отын салып  отырды. Кейін өнертапқыш басқа техникаларды жасаумен айналысып, тек 1957 жылы ғана баяғы қарда жүретін көлігіне оралды. Көлікті «Ski-Doo» деп атап, бірнеше данасын  шығарды. Қазір бұл көлік қарда жүретін көліктердің ішіндегі ең
танымалы болып саналады.

Жемісті мұз

Жемісті мұзды (таяқшадағы мұздатылған шырын, сусын) ең алғаш 1905 жылы 11 жасар америкалық Фрэнк Эпперсон ойлап тапқан. Ол өз өнімін кинотеатрдың жанында тұрып
сатумен айналысқан. Бірақ өсе келе балмұздақтан гөрі жылжымайтын мүлікті сатуды дұрыс деп ойласа керек. Фрэнк 20 жылдан кейін ғана ойлап тапқан өніміне патент алып,  сериялы өндіріске кірісті. АҚШ-тағы дағдарыс кезінде екінші  адаммен бөлісіп жеуге арналып, балмұздақ екі таяқшамен шығарылды.

Брайль қарпі

Көзі көрмейтін жандардың оқи алу мүмкіндігіне жол ашқан рельеф жолды жазуды 1824 жылы 15 жастағы француз Луи Брайль ойлап тапқан. Ол әкесінің шеберханасында
етік тігуге арналған бізбен көзін жарақаттап алған соң, 3 жасында көру мүмкіндігінен айырылған еді. Осы қаріппен  басылған алғашқы кітап «Франция тарихы» 1837 жылы
жарыққа шықты.

Ермексаз

Ермексазды ойлап табуға «Kutol» компаниясының қожайыны Клео Маквикердің немересі себепкер болған. «Kutol»  Америкада тұсқағазды көмір шаңынан тазарту материалын  шығарған. Маквикердің немересі осы жабысқақ, созылмалы  өніммен ойнағанды, одан түрлі фигуралар жасағанды ұнатқан. Оның құрамынан химиялық бөліктері алынып тасталып,  түрлі түсті бояу қосылып, бүгінде мектептерде көркем еңбек  сабақтарында қолданылатын ермексаз пайда болды.

Батут

1930 жылы гимнастика мектебінде оқитын 16 жастағы Джордж Ниссен алғашқы батутын жасап шығарды. Ол бұл  құралды акробаттық жаттығуларына қажет болады деп  ойлады. Кейінірек жазғы балалар лагерінде көңіл көтеру  құралы ретінде пайдаланған. Өнертапқыш бұл өнімін «трамплин» (испан. trampoline) деп атап, оны халықаралық спорт  түріне айналдырды.

Дереккөз

Мұсылмандар жайлы біржақты пікірлер мен жақтырмаушылық қарым-қатынасқа қарамастан, олар әлемге көп нәрсе берді. Бүгінде кофе ішіп отырғанымыз және мейрамханада үш түрлі тағамнан түскі ас ішіп, кейін ғана чек арқылы төлем жасайтынымыз дәл осы мұсылмандардың арқасы. Өнертапқыш ислам әлемі бізге тағы не сыйлады?

1. "Кофе"
Аңызға сәйкес, араб Халид оңтүстік Эфиопия аймағындағы Қаффада қойларын бағып жүріп, қойларының нақты бір жидектерді жегенде белсенді болып кететінін байқаған.  Соларды жинап алып, Халид алғашқы кофені қайнатады.
Дәндерді сыртқа шығару жайлы ақпараттар кофені Эфиопиядан Йеменге экспорттауға қатысты болды. 15 ғасырдың өзінде оны Меккеге және Түркияға апарған, сол жақтан кофе 1645 жылы Венецияға жеткен. Англияға дәндерді түрік Паскуа Роси (Pasqua Rosee) 1650 жылы әкелген және лондондық Ломбард көшесінде алғашқы кофейняны ашады. «Кофе» сөзінің жолы біршама ұзын: арабша “qahwa” түрікше “kahve”-ге айналды. Итальяндықтар оны “caff?” деп қабылдап, ағылшындарда “coffee” сөзі пайда болды, ал орысша — “кофе” болды.

2. "Камера"
Ежелгі гректер көздердің жарық бөлетініне және адамдар сол арқылы көре алатынына сенген. Шын мәнінде, жарықтың көзге түсетіні жайлы 10 ғасырда өмір сүрген мұсылман математик, астроном және физик Ибн әл-Хайсам (Ibn al-Haitham) айтқан. Қақпақ саңылаулары арқылы жарықтың енуін бақылаған ол, саңылау кіші болған сайын сурет барынша жақсы көрінетінін байқаған, осылайша алғашқы обскур-камерасын ойлап тапты (“qamara” арабшадан аударғанда “қараңғы немесе бөлек бөлме” дегенді білдіреді). Сонымен қатар әл-Хайсам бірінші болып физиканы философия ғылымынан тәжірибеге ауыстырған деп есептеледі.

3. "Шахматтар"
Шахматты сонау ежелгі үнділер ойнаған, бірақ ойын бүгінгі біз білетін ойыннан әлдеқайда өзгеше болған. Заманауи нұсқасы Парсыда пайда болып, сол жақтан Еуропаның батысына таралған: 10 ғасырда Испанияға ойын маврлармен келген.

4. "Парашют"
Ағайынды Райттарға дейін мыңдаған жылдар бұрын ұшатын аппарат ойлап табу идеясы мұсылман ақыны, астроном және инженері Аббас ибн Фирнастың (Abbas ibn Firnas) басына келеді. 852 жылы ол мешіттің төбесінен еркін желбірейтін плащқа ағаш тақтайшаларды жабыстырып секіреді. Фирнас құс сияқты қалықтап ұшамын деп ойлағанымен бұл ойы іске аспайды. Плащ ғалымның құлауын біршама баяулатқаны болмаса, толыққанды парашюттің міндетін атқара алмады. Осылайша ғалым кішкене қорқыныш пен болмашы жарақатпен құтылды. 70 жасында аппаратын жетілдірген Фирнас бұл жолы таудан секіруді жөн көреді. Ол ауада 10 минут қалықтап тұрады, бірақ нәтижесінде сәтсіз құлап, бақилық болады: бар мәселе аппаратқа құйрық жасамауында еді.

5. "Сабын мен су сабын"
Күнделікті жуыну – исламның басты шарттарының бірі. Сондықтан болар мұсылмандар сабынды барынша жетілдіруге тырысты. Сабынға ұқсас жуу құралдары ежелгі мысырлықтарда, римдіктерде болғаны мәлім, бірақ дәл арабтар өсімдік майларын натрий гидроксиді және иістендіргіш заттармен араластыруды ойлап тапқан. Брайтонда бір мұсылман монша ашып, осылайша Англияда 1759 жылы сусабын пайда болды.

6. "Заманауи химия"
Жабир ибн Хайян (Jabir ibn Hayyan) – алхимияны химияға айналдырған ғалым. 9 ғасырда ол заманауи ғылымда әлі күнге дейін пайдаланылып келе жатқан процесстерді ашты: дистилдендіру, кристаллизациялау, еріту, рафинадтау, тотықтандыру, буландыру және фильтрлеу. Хайян күкірт қышқылы мен азот қышқылын ашты, және айыру аппаратын ойлап тапты. Соның арқасында әлемде алкогольдік ішімдіктер мен иіссуларға пайдаланылатын иістендіргіштер пайда болды.

7. "Иінді білік"
Ротациялық қимыл-қозғалысты сызықтыққа ауыстыратын құрылғы иінді білік деп аталады. Оны мұсылман инженері әл-Джазари (al-Jazari) ойлап тапты. Бұл механиканың ең маңызды өнертабыстарының бірі болып саналады. Бастапқыда суландыруда пайдаланылған бұл құрылғы бүгінде заманауи көліктердің негізгі жасаушы бөлігі саналады. Инженердің кітабынан оның вентильдер мен клапандарды ойлап тапқаны немесе жетілдіргені анық байқалады, алғаш болып механикалық сағатты жасаған. Әл -Джазариді робототехниканың әкесі деуге болады. Кодталатын құлып та оның өнертабысы.

8. "Сүйір арка"
Сүйір арка –еуропа готикалық соборларына тән сипат, бірақ мұндай аркалар идеясы мұсылман архитектурасынан алынған. Ол римдіктер мен нормандар пайдаланатын жарты шеңбер аркадан мықтырақ болған, және сәйкесінше, одан да биік, құрылысы күрделі ғимараттар салуға мүмкіндік берген. Сонымен қатар еуропалықтар мұсылмандардан ойлы-қырлы күмбездер мен дөңгелек терезе-розеткалар құрылысының идеясын алған. Еуропалық қамалдар атыс ойығымен, жақтауларымен, барбакан және төртбұрыш мұнараларымен мұсылман қамалдарына ұқсап қалды. Мысалы, Генрих V қамалының архитекторы мұсылман болған.

9. "Хирургиялық құралдар"
Скальпельдерді қосқанда, медициналық аралар, қысқаштар, жіңішке қайшылар, жалпы көптеген заманауи хирургиялық құралдар мұсылман хирург әз-Захрави (al-Zahrawi) ойлап тапқан қалпын әлі күнге дейін сақтауда. Сонымен қатар ол ішкі тігіске пайдаланылатын кетгут ағзада табиғи түрде сорылып кететінін және медициналық капсулаларда пайдалануға болатынын байқаған. 13 ғасырда, Уильям Гарвейге (William Harvey) дейін 300 жыл бұрын, мұсылман дәрігері Ибн Нафис (Ibn Nafis) қан айналу процесін сипаттап берген. Мұсылман дәрігерлері анестетиктер мен катарактаны экстракциялауға арналған қуыс инені ойлап тапқан.

10. "Жел диірмені"
Жел диірменін арабтар 634 жылы ойлап тапқан және жүгеріні ұнтақтау мен сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланған. Араб шөлдерінде жалғыз қуат көзі айлар бойы бір бағытта соғып тұратын жел болатын, және сол қайнаркөздің бар күшін пайдаланатын. Жел диірмендерінде матамен және пальма жапырақтарымен жабылған 6 немесе 12 қанат болатын. Еуропада алғашқы жел диірмендері тек 500 жылдан кейін пайда болды.

11. "Екпе"
Екпе жасату жайлы идеяны алғаш болып ұсынған Дженнер де, Пастер де емес, мұсылмандар. Еуропаға бұл техника Түркиядан 1724 жылы келген, осылайша Стамбұлда осы процедураға ағылшын елшісінің әйелі назар аударады. Түркияда балаларға шешекке қарсы екпені еуропалықтардан 50 жыл бұрын жасайтын болған.

12. "Автоқалам"
Алғашқы автоқаламды сұлтан үшін 953 жылы ойлап тапқан: басшы оның киімі мен қолын ластамайтын қалам талап еткен. Ол кездері сияның қаламұшына бару жүйесі дәл қазіргідей еді.

13. "Белгілеу жүйесі"
Әлемде қолданылып жүрген белгілеу жүйесі Үндістаннан шыққан болар, бірақ сандар пішіні – арабтікі, және ең алғаш жазба түрде мұсылман математиктері әл-Хоризми (al-Khwarizmi) мен әл-Киндидің (al-Kindi) жұмыстарында 825 жылы жарыққа шықты. «Алгебра» сөзінің түп атасыаль- Хоризмидің “Al-Jabr wa-al-Muqabilah” кітабының атауынан шыққан, сонымен қатар онда жазылған қағидаттар әлі күнге дейін пайдаланылып келеді. Алгоритмдер мен тригонометрияның кейбір теорияларымен қоса мұсылман математиктері жұмысының нәтижелері Еуропаға 300 жылдан кейін жетті. Әл -Кинди ашқан жиілік анализ заманауи криптографияның дамуына негіз болды.

14. "Үш тағамнан тұратын түскі ас"
Үш тағамнан тұратын түскі ас – сорпа, одан кейін желінетін ет немесе балық, оның артынан берілетін жемістер мен жаңғақтар концепциясын 9 ғасырда Кордобадан Иракқа әкелген Әли ибн Нафи (Ali ibn Nafi) болатын. Ол сонымен қатар тұрмыста хрусталь стақандарды пайдалануды енгізді (оны аталып өткен Аббас ибн Фирнас ойлап тапқан).

15. "Кілемдер"
Кілем ортағасырлық мұсылмандарда үйдің ажырамас бөлігі саналатын. Тоқымашылық техникасы жақсы дамыған еді, әрдайым жаңа бояулар пайда болып тұратын, тоқымашылардың өнері де соңғы орында емес етін. Еуропада еденді тоқыма төсенішпен жапқан, алайда үй жинаған кезде астына қоқым жиналып қала беретін. Сол себепті араб және парсы кілемдері әлі күнге дейін үлкен сұраныста.

16. "Чек"
Мұсылмандар болмаса чек дегеннің не екенін білмей өтетін едік. «Чек» сөзінің өзі арабтың «Саққ» сөзінен шыққан. Оның мағынасы тауарды жеткізген уақытта міндетті түрде төлеймін деген қолжазба. Чекке деген сұраныс ақшаны алыс қашықтыққа алып жүру қауіпті болғаннан туған. 9 ғасырдың өзінде мұсылман кәсіпкерлері бағдад банкілеріне жазылған чектерді Қытайда ақшаға ауыстырып ала алған.

17. "Жер – дөңгелек"
9 ғасырда көптеген мұсылман ғалымдары Жердің дөңгелек формада екеніне сенімді болған. Астроном Ибн Хазмның (IbnHazm) пікірі бойынша, «Күннің Жердің нақты бір нүктесіне әрқашан тік орналасуы»бұған дәлел бола алады. Бұл Галилей жаңалық ашқанға дейін 500 жыл бұрын айтылған. Мұсылман астрономдарының есептеуі нақты болғаны сонша, олар экватордың ұзындығын 40253,4 километр деп есептеп, 200 км-ге ғана қателесті.

18. "Торпедалар мен ракеталар"
Қытайлар селитрадан дәрі жасап, отшашу үшін пайдаланғанымен, арабтар оны калий селитрасымен тазалап әскери мақсатта қолдануды ойлап тапты. Мұсылмандар осы қарумен кресшілерді қорқыта алды. 15 ғасырға дейін олар «өздігімен қозғалатын және жанатын жұмыртқа» деп атаған ракеталарын, торпедоны және өздігімен қозғалатын ұшында садағы бар алмұрт тәріздес бомбаны жасап шығарды. Соңғысын олар жау кемелерін жару үшін пайдаланды.

19. "Бақтар"
Ортағасарлық Еуропада бақша болғанымен, арабтар бақты демалыс және тәфәккүр үшін қарастырды. Алғашқы корольдік бақтар 11 ғасырда мұсылмандық Испанияда пайда болды. Қалампыр мен қызғалдақтардың отаны да мұсылман елдері.

Дереккөз

Елбасы Түркияның Измир провинциясында жер сілкінісі салдарынан тұрғындардың зардап шегіп, қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Қайғыларыңызға ортақтасып, марқұм болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігімді білдіре отырып, бауырлас түрік халқының осы ауыртпалықты сабырмен еңсеретініне сенімдімін", делінген жеделхатта.

 

"2020 жылғы ІІI тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 204330 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 106,9%, ал нақты жалақы индексі 99,9% болды" деп хабарлады stat.gov.kz.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 448,5 мың теңге(орташа республикалық деңгейден 2,2 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде – 381 мың теңге (1,9 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 314,8 мың теңге (1,5 есеге асты),ақпарат және байланыс саласында – 276,1 мың теңге (1,4 есеге асты), көлік және жинақтау саласында – 249,9 мың теңге (1,2 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде белгіленді – 142,6 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 30,2 %-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 350,8 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есеге асады. Түркістан облысында мұның шамасы 148,6 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 27,3%-ға төмен.

Ескерту. Халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтар мен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындар есепке алынбады.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 03, 2024

Ерлан Барлыбаев: "Үкімет ұсынғандай…

Елімізде 6 қазан күні АЭС салу бойынша референдум өтеді. Осыған байланысты VIII сайланған…
Қаз 03, 2024

Международные стандарты в…

Строительство атомной электростанции – это масштабный и сложный проект, требующий…
Қаз 03, 2024

Алматы облысында референдумға…

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының…
Қаз 03, 2024

И след простыл: как современные…

Углеродный след человечества — тяжелый груз для планеты, который ей все труднее нести.…
Қаз 03, 2024

АЭС ел экономикасының өркендеуіне…

Ақтөбе облысындағы халықтық штаб мүшелері «Қамқор вагон» ЖШС-нің ұжымымен кездесу…
Қаз 03, 2024

Атомная энергетика не может быть…

Лэйла ТАСТАНОВА В преддверии референдума по вопросу строительства атомной электростанции…
Қаз 03, 2024

Имеем средство от рака в руках, но…

Более 200 тысяч человек в Казахстане состоят на учете как онкобольные. И 12 тысяч…
Қаз 03, 2024

Эксперт разобрал мифы и реальность о…

Директор департамента атомной энергетики и промышленности Министерства энергетики…
Қаз 03, 2024

Атом энергетикасын дамыту экологияға…

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның ғылыми орталығы бастығы, физика-математика ғылымдарының…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет