Жақында «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының ұйымдастырумен аудандық «Jas Otan» ЖҚ мүшелері қарттар мен аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік кызмет алуына тиімді жағдай жасау мақсатында оларға көмектесу ісін қолға алды.

Ұйым үшелерінің айтуынаша, қарттар мен аз қамтылған отбасылар көптеген әлеуметтік қызметтер мен көмектерге мұхтаж. Десе де, олардың басым бөлімі әлеуеттік қымет түрлерін дер кезінде ала алмай қиналады. Сондықтан «Jas Otan» ЖҚ мүшелері әлсіз топтар мен қарттардың аталған қызмет алудың жолын оңтайландыру үшін осы игі іске белсене кірісіпті. Ал қарттар мен аз қамтылған отбасылары жастардың игі қадамына дән риза екендіктерін айтуда.

Ерзат АСЫЛ

Сәрсенбі, 21 Қазан 2020 21:12

Президент жолдауы талқыланды

 

21 қазанда Акши ауылдық округінде «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Jas Otan» ЖҚ мүшелері мен аудандық мәдениет және өнер қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында жиналыс өтті.

Жиналысқа «Nur Otan» партиясы филиалдарының жауапты қызметкерлері, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, аудандық мәдениет және өнер қызметкерлері қатысты.

Жиналыста желілік кесте аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы бойынша «Jas Otan» ЖҚ мүшелері мен аудандық мәдениет және өнер қызметкерлері Президенттің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын әлеуметтік әділеттілік, тиімділік және бәсекеге қабілеттілік басымдықтарына негізделген сапалы жаңа вектор мен дамудың жаңа қағидаттарына шығару жөніндегі іс-қимылдың тұтас стратегиясын белгілегенддігін пайымдады. Соңында «Jas Otan» ЖҚ мүшелері мен аудандық мәдениет және өнер қызметкерлері жолдауда Қазақстанның тыныс-тіршілігінің негізгі салаларын реформалаудың барлық басты бағыттары бойынша нақты тапсырмалардың қамтылғандығын, өздерінің жолдау негізінде тың ізденістерге талпынатындығын білдірді.

Ерзат АСЫЛ

 

 

 

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Ақорда» резиденциясында Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысы өтті.

Жиында Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің мүшелері: ҚР Президентінің кеңесшісі – Реформалар жөніндегі жоғары кеңес Төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабарти, Премьер-Министр Асқар Мамин, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Келімбетов, сондай-ақ, шетелдік беделді сарапшылар – Андрес Веласко, лорд Френсис Мод және лорд Филлип Хаммонд баяндама жасады.

Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде ел азаматтарының тың тәсілдер мен тиімді шешімдер күтетінін, мұндай сәтте Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Президенттің айтуынша, Кеңес ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға байланысты аса күрделі мәселелер бойынша шешімдер қабылдайтын болады. 

Президент өз сөзінде Кеңес қызметі басқа консультативтік-кеңестік органдардан түбегейлі ерекшеленуі тиіс екенін, қоғамдағы өзекті мәселелерді немесе түйінді түйткілдерді жасырмай ашық айту қажет екенін атап өтті.

– Деректерді тізіп, қалыптасқан жағдайды сипаттаумен шектелуге болмайды. Бастысы – уақытылы шешім қабылдау. Кеңес іс жүзінде жүзеге аспайтын, алдын ала әзірленген ұсыныстарды құптап қана отырмауы тиіс. Кеңес мекемеаралық ұзақ дауларға нүкте қоюы керек. Ұлттық экономиканы басқаруда, қоғамдық дамуда, институционалдық реформалар жүргізуде жаңа бағыттар ұсынуға міндетті. Әрине, қазіргі жұмыстарды да бақылауы тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Кеңестің келесі отырысында мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі жаңа тәсілдерді қарастыруды және осы мәселе бойынша шешім қабылдауды ұсынды.

– Біз әрбір салада мемлекеттің мақсаттары мен даму кезеңдерін айқындайтын бағдарламалық құжаттардың икемді архитектурасын құруымыз керек. Жүйе бюджетті жоспарлаумен байланыстырылады және мемлекеттік органдар басшыларының жүктелген міндеттің орындалуына тікелей жауапты екенін бекітеді. Жоғары кеңестің шешімдерінің орындалуын, ұлттық жобалардың жүзеге асырылуын, реформаларды жобалық басқару қағидаттарының енгізілуін қамтамасыз ету маңызды. Қазіргі кезеңде бұл – Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің негізгі міндеті, – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев орта мерзімді перспективадағы іс-қимылдарға негіз болуға тиісті Ел дамуының 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына назар аударды. Аталған құжатта дамудың жаңа күн тәртібі жасалады.

Мемлекет басшысы Үкіметтің Стратегиялық жоспардың алғашқы нұсқасын әзірлегенін, енді оны Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікпен бірлесіп, соңына дейін жеткізу және Жоғары кеңес мүшелерімен талқылау, сондай-ақ, соңғы нұсқасын келесі жиында Премьер-Министрге ұсыну қажеттігін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев берілетін бастапқы мәліметтердің сапасында, әсіресе, ведомстволық статистикада түйткілді мәселелер барын айтты. Статистика  комитетін Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікке беру бұл проблеманы шешуге септігін тигізуі тиіс.

– Фактологиялық мәліметтердің шынайылығын және олардың сапалы түсіндірілуін қамтамасыз етуге бағытталған реформаларды әзірлеу керек. Экономикалық, демографиялық және басқа да үдерістерді дұрыс модельдеу, әзірленген шешімдерді қабылдау үшін дұрыс болжам жасау мақсатында үлкен деректерді өңдеудің тетіктерін пайдалану қажет, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікке Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, аталған мәселені мұқият пысықтауға және ахуалды жақсарту үшін нақты ұсыныстар енгізуге тапсырма берді.

Кездесуде Қазақстан Президенті «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жайында да айтты. Ол жұмыс барысында үкіметтік емес ұйымдар мен жекелеген азаматтардың бейтарап пікірлерін ескеру қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы Кеңес шеңберінде реформалаудың әрбір маңызды бағыты бойынша алты жұмыс тобын құруды ұсынды. Жұмыс топтарының құрамына Кеңес мүшелерінен бөлек, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, халықаралық және отандық тәуелсіз сарапшылардың кіру мүмкіндігі бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші топ ретінде Сума Чакрабартидің басшылығымен тиімді макроэкономикалық саясат тобын құруды ұсынды. Бұл топ ақша-несие және бюджет саясатының тиімділігі, салық жүйесі, қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету сияқты міндеттерді іске асыруды көздеуі керек.

Екінші топ, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошановтың жетекшілігімен сот және құқық қорғау жүйесін реформалаумен айналысуы қажет. Президент аталған бағытта ауқымды жұмыс атқару керек деп санайды. Сондықтан көзбояушылыққа жол берілмеуі тиіс.

Мемлекет басшысы әлеуметтік саланы қайта жаңғыртуға арнайы топ жұмылдырылатынын айтты. Ол өзінің тікелей тапсырмасымен Қазақстан үшін мүлде жаңа құжат, атап айтқанда, Әлеуметтік кодекстің әзірленіп жатқанына тоқталды.

– Шын мәнінде, бұл құжат жекелеген адам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты жүйелеуге, олардың өзара міндеттемелерін айқындауға, сондай-ақ, қазақстандықтарға берілетін төменгі әлеуметтік кепілдіктерді нақтылауға арналған. Яғни, құжатта азаматтардың балабақшаға барғаннан зейнетке шыққанға дейінгі өмірі толық қамтылған, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар экономиканы әртараптандыру бойынша да топ құрылады. Мемлекет басшысы еліміз үшін бұдан басқа жол жоқ екеніне сенімді. Дегенмен, оның пікірінше, нақты жұмыс істейтін тетіктер әлі де жеткіліксіз.

– Әзірге шикізат өндіру, алып-сатумен айналысу және мемлекеттік тапсырысқа «иек артып отыру» әлдеқайда тиімді, – деді Мемлекет басшысы.

Жоғарыда аталған екі топтың жұмысы Премьер-Министрдің басшылығымен ұйымдастырылады.

Бесінші топтағы Үкімет пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері бизнесті реттеу мәселелерімен айналысады.

Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов басқаратын алтыншы топ заманауи мемлекеттік басқару және тиімді мемлекеттік қызмет мәселелерін бақылауға алатын болады.

– Біздің алдымызда мемлекеттік аппаратты жаңа сапалы деңгейге көтеру мәселесі тұр. Ол нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін өзіне жауапкершілік алатын, қандай да бір шешім қабылдағанда мейлінше икемді әрі құзыретті болуы керек. Бұл жерде көп нәрсе заманауи цифрлық технологияларды енгізуге байланысты. Аталған мәселеде ешқандай кедергі болмауы тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Қазақстан Президенті ұзақ ойлануға уақыт жоқ екенін, жұмыс топтарының алдында мемлекеттік маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті.

– Келесі жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Бұл айтулы датаны мерекелік іс-шаралармен емес, нақты істермен қарсы алуымыз керек. Тәуелсіздігіміздің 30-жылына қуатты, өнімді еңбекпен жеткен абзал. Бұл жерде, ең алдымен, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тиімді реформалар жөнінде сөз болып отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Сәрсенбі, 21 Қазан 2020 19:50

Жәндіктер жайлы қызықты дерек

- Әлемде аралардың 20 мыңға жуық түрі бар. 500 гр бал жинау үшін аралар 2 миллионнан аса гүлден нектар жинайды.

- Әлемде құмырсқаның 8800-ге жуық түрі бар, сондай-ақ құмырсқалар - ешқашан ұйықтамайтын жәндіктер.

- Құмырсқа 2 апта бойы су астында өмір сүре алады. Сондай-ақ өз денесінен 50 есе ауыр салмақты көтере алады.

- Тарақанның ұрғашысы жылына 2 миллион жұмыртқа жұмыртқалайды. Тарақан 9 күн бойы өзінің басынсыз өмір сүре алады.

- Әлемде өрмекшінің 35 мың түрі бар.

- Қоңыздардың 400 мың түрі бар.

- Шыбынның жылдамдығы сағатына 8 км-ді құрайды.

- Шегірткелер өз денесінен 40 есеге дейін ұзаққа секіре алады. Қара шегірткенің құлақтары алдыңғы аяқтарында орналасқан.

- Шегірткенің қаны ақ болады.

- Ірі теңіз шаяндарының қаны көк болады.

- Көбелектер аяқтарымен дәм сезеді.

- Бүргелер өз денесінен 100 есе ұзын жерге секіре алады.

- Дәуіт - басын бұра алатын жалғыз жәндік. Аталық дәуіт аналық дәуітті 11-12 шақырымнан сезе алады.

- Масалардың еркегі өсімдіктердің суымен, ұрғашылары қанмен қоректенеді.

"Kelun-Kazpharm" фармацевтикалық зауыты 2014 жылдың шілде айында пайдалануға берілді және қазіргі уақытта еліміздегі фармацевтикалық өнімдердің ірі өндірушісі болып табылады.

Зауыттың қуаты ішкі нарықты толық көлемде дәрілік өніммен қамтамасыз ету үшін жеткілікті көлемде инъекциялық ерітінділер өндіруге мүмкіндік береді. Өнім өндірудің жылдық көлеміне жүз елуден астам атау енгізілген. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 90 млн. құты инъекциялық ерітіндіні құрайды. Полипропилен бөтелкелерінде жасалған өнімдер тасымалдау мен пайдалануда өте ыңғайлы.

Компания өз қызметінде импортты алмастыру саясатын басшылыққа алатынын атап өту қажет. Бұл ретте халықаралық талаптарға сай және құны бойынша қолжетімді дәрілік заттар шығарылады. Сонымен қатар, компания Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей сияқты елдерге өнім экспорттайды.

Қазіргі уақытта барша әлемді жайлаған дерт жеке қорғану құралдарымен және барлық қажетті дәрі-дәрмектермен жеткілікті қамтамасыз ету үшін жеке ресурстардың болуы қаншалықты маңызды екендігін көрсетті. Отандық фармацевтикалық өндірісті дамытуда мемлекеттің қолдауы және қазақстандық дәрілік заттарды өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар жасасу жөніндегі "СҚ-Фармация" ЖШС жобасын іске асыру шешуші рөл атқарды. Ынтымақтастықтың мұндай түрі отандық өндірушілер өндіретін дәрілік заттар номенклатурасының тізімін кеңейтуге мүмкіндік береді. Осындай компаниялардың бірі - Бірыңғай дистрибьютормен ұзақ мерзімді шарт жасасқан "Kelun-Kazpharm".

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Құрметті отандастар!

Бүгін мен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойдым. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалады.

Алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Барлық саяси партиялардың бұл сайлау науқанына қатысуға дайындалуына, сайлау алдындағы платформасын әзірлеуіне, партиялық инфрақұрылымдарды жетілдіруіне уақыты жеткілікті болды.

Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура сайлаудың заңдылығын, ашықтығын және әділдігін сақтау үшін тұрақты бақылау жүргізіп отырады.

Жаңа сайлау науқанына дейін саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси  өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабылданды.

Бірінші. «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық  заңға және «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңға түзетулер енгізу арқылы парламенттік оппозиция институтын құру мәселесін қарастыратын және оның қызметін регламенттейтін өзгерістер мен толықтырулар жасалды.

Енді Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің бір төрағасы мен екі хатшысы парламенттік оппозиция депутаттары арасынан сайланады.

Сонымен қатар, парламенттік оппозиция бір сессия кезінде кемінде бір рет парламенттік тыңдау өткізу жөнінде бастама көтеру құқығын иеленеді. Сондай-ақ бір сессия кезінде кемінде екі рет үкімет сағатының күн тәртібін айқындайтын болады.

Бұдан бөлек, саяси партиялар фракцияларының жетекшілеріне Парламент палаталарының бірлескен отырыстарында, Парламент Мәжілісінің пленарлық отырыстарында, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдауларда және басқа іс-шараларда сөз сөйлеуге кепілді құқық беріледі.

Екінші. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңда және «Саяси партиялар туралы» заңда қарастырылған ережелер бойынша парламенттік тәжірибемізде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Бұл норма Парламентке және жергілікті өкілді органдарға әйелдер мен жастарды тартудың тиімді жолы ретінде олардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына септігін тигізеді.

Үшінші. Алдағы мәслихаттар сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойынша өтеді. Пропорционалды модель әлемдік демократиялық тәжірибеге толық сай келеді, саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға ықпал етеді, саяси партиялардың жұмысын жандандырады.

Бұл жаңа бастамалар партияларға еліміздің саяси жүйесіндегі ұстанымын нығайту үшін қосымша мүмкіндіктер береді.

 

***

 

Коронавирус пандемиясы салдарынан туындаған күрделі экономикалық дағдарыс көптеген елді қамтыды, сондай-ақ, бүкіл әлемдік экономикаға кері әсер етті.

Қазіргі күрделі кезеңде Қазақстанның алдында дағдарысқа қарсы тиімді шаралар қабылдау, орнықты экономикалық дамуды және азаматтарымыздың әлеуметтік игілігін қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру міндеті тұр.

Осы басымдықтар жөнінде менің Қазақстан халқына арнаған Жолдауымда айтылды.

Парламенттің және жергілікті өкілді органдардың жаңартылған құрамы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық реформаларды сапалы әрі заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге баса мән береді.

Алдағы сайлау еліміздің саяси жүйесін жаңартуды қамтамасыз ететін саяси институттарды дәйекті түрде демократияландыруға және жаңғыртуға Қазақстанның аса ықыласты екенін тағы да бір дәлелдейтін болады.

Біздің ортақ миссиямыз – Қазақстанды өркендету, азаматтарымыздың игілігі үшін қызмет ету. Қазақстан халқы аса маңызды тарихи сындарлы сәттерде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білді. Халқымыз осы жолы да елімізді жан-жақты жаңғырту бағытындағы жаңа тарихи миссиясын лайықты атқарады деп сенемін. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында еліміз кемелдене түсіп, дамудың жаңа кезеңіне шығатынымыз анық.

Мемлекетіміздің барлық азаматтарын белсенді азаматтық ұстанымын танытуға, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың алдағы сайлауына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 03, 2024

Ерлан Барлыбаев: "Үкімет ұсынғандай…

Елімізде 6 қазан күні АЭС салу бойынша референдум өтеді. Осыған байланысты VIII сайланған…
Қаз 03, 2024

Международные стандарты в…

Строительство атомной электростанции – это масштабный и сложный проект, требующий…
Қаз 03, 2024

Алматы облысында референдумға…

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының…
Қаз 03, 2024

И след простыл: как современные…

Углеродный след человечества — тяжелый груз для планеты, который ей все труднее нести.…
Қаз 03, 2024

АЭС ел экономикасының өркендеуіне…

Ақтөбе облысындағы халықтық штаб мүшелері «Қамқор вагон» ЖШС-нің ұжымымен кездесу…
Қаз 03, 2024

Атомная энергетика не может быть…

Лэйла ТАСТАНОВА В преддверии референдума по вопросу строительства атомной электростанции…
Қаз 03, 2024

Имеем средство от рака в руках, но…

Более 200 тысяч человек в Казахстане состоят на учете как онкобольные. И 12 тысяч…
Қаз 03, 2024

Эксперт разобрал мифы и реальность о…

Директор департамента атомной энергетики и промышленности Министерства энергетики…
Қаз 03, 2024

Атом энергетикасын дамыту экологияға…

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның ғылыми орталығы бастығы, физика-математика ғылымдарының…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет