Сәрсенбі, 21 Қазан 2020 12:56

Мемлекеттік қызметте туыстық қатынасқа орын жоқ

Жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа тосқауыл қоюға бысым назар аударылған. Құзырлы органдар бұл ретте заңнамалық тұрғыдан өзгерістер енгізуде. Құқықтық негіздегі бір қатар қабылданған қатаң шаралар «бармақ басты, көз қыстылықты» жоюдың тетігі болмақ.

Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында Агенттік әзірлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңға мемлекет басшысы 6 қазан күні қол қойған еді. Бас құжаттағы   3 кодекс пен 10 заңға түзетулер енгізілді.

Заң Мемлекет басшысының жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың арандатушылық әрекеттері үшін қатаң жауапкершілік белгілеу туралы тапсырмасын іске асыруға бағытталған.

Ең әуелгі заңдағы өзгеріс, мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық беруге және аталған тұлғаларға сыйлық алуға тыйым салынып отыр.

Сыйлық алуға тыйым салынған тұлғалар қатарына депутаттар, судьялар, саяси қызметшілер, "А" корпусының мемлекеттік қызметшілері, квазимемлекеттік сектор басшылары және олардың отбасы мүшелері жатқызылған.

Сонымен қатар,  квазимемлекеттік сектор ұйымдарында корпоративтік адалдық стандарттары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы  арнайы қызметтер институтын енгізілді. Бұл өз кезегінде жемқорлық әрекеттерінің алдын алады дейді мамандар.

Бұдан былай, заңдағы өзгерістерге сәйкес мемлекеттік қызметте туыстық қатынасқа орын жоқ.  Нақытласақ, бір отбасының мүшелері бірі басшы, екіншісі соған бағынышты қызметті атқара алмайды.

Ендігіде, жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқық бұзушылыққа итермелегені анықталса,  қылмыстық жауапқа тартылады.

Айта кетерлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне квазимемлекеттік сектор субъектілерінен ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер, аудит және бағалау жүргізуді талап ету құқығы беріледі.

« Басқарманы бақылауға алу, бюджет қаражатын тиімді пайдаланудағы негізгі фактор болып табылады.  Мемлекетке тиесілі қаржыны тиімсіз пайдалану қазынаға қол сұғуға алып келуі мүмкін»,- дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы  Ернар Мақажанов.

Оқылды 1385 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 30, 2026

Қаланың дамуы – тұрақты өсім мен…

Әкімдердің халықпен тығыз байланыста болуы үкіметіміздің бас-ты талаптарының бірі екені…
Қаң 30, 2026

Газет-журнал, кітап қоры – қазақтың…

Мемлекет басшысы «Оқитын ұлт болайық» дегенде, тек ұран тастап қана қоймай, биліктің ұшар…
Қаң 30, 2026

Әлеуметтік нысандарды аралады

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданынымызға жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандарды…
Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет