Сәрсенбі, 15 Шілде 2020 14:44

Баға бақылауда, бірақ уақыт та қымбат

Қысылтаяң уақытта айналасындағыларға қолын созып, көмек көрсеткеннің орнына бас пайдасын бірінші кезекке қоятындар, өкінішке қарай, жоқ емес. «Біреуге жан қайғы, біреуге мал қайғы» демекші, елдің аласұрып іздеген дәрі-дәрмегін 5-10 есе қымбатқа сатып, дәрі тапшылығын қолдан жасап отырған алыпсатарлар қаптап кетті. Олардың жолын кесуді президенттің өзі үкімет пен құқық қорғау органдарына тікелей тапсырды. Жер-жерде тексеру жұмыстары басталды.

Өткен аптада «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Байғоджаев, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі А.Байтулақов, партия кеңесшісі Б.Рахимов, Еңбекшіқазақ аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Д.Бейсембай бастаған топ Есік қаласындағы дәріханаларды аралап, ондағы жағдаймен таныстық. Бағаны негізсіз көтеру фактісі еш жерде тіркелмеді. Белгіленген шектік баға ескерілген. Дегенмен, дәрі-дәрмек жетіспеушілігі – дәріханалардың бәрінде бар мәселе. Қазіргі індетке байланысты негізгі сұраныстағы дәрілердің 40-50 %-ы сатылымда жоқ немесе «Дәріханаға түскен бойда халық дереу алып кетіп жатыр», – дейді фармацевт. Сондай-ақ күні бұрын жіберіп қойған тапсырыстарын дәрі-дәрмек тасымалдаумен айналысатын кейбір компаниялардың әлі күнге жеткізіп бермей отырғанын айтады. Бұның себебі – дәрінің жоқтығы ма, әлде баға өсірудің амалы ма, анығын білмедік. Тексеріс кезінде қаладағы тек бір дәріханада ғана («Рауза» дәріханасы) Парацетамол сатылымда болды. Ал қазір сұраныстағы антибиотиктер мен көк тамырға құятын препараттардың көпшілігі жоқ.

«Алты дәріхананы аралап мына дәріні таппай келемін», – деген тұрғынның қолындағы қағазда «Левофлоксацин» деген дәрі атауы жазылған. Дәл осыны іздеп жүрген тағы екі адам «Мұнда да жоқ», – деп шықты дәріханадан. Кезектегі көпшілік «Күні бойы кезек күтіп, іздегенің болмай, бекер уақыт өтіп жатыр», – деп шағымданды. Әрине, ауру дендеп тұрғанда әр минуттың маңызы зор.

Бәйдібек би ауылындағы тұрғындардан шағым түсіп жатыр деген хабар келген соң онда бардық. 15 мыңға жуық халық тұратын бұл ауылда тек төрт дәріхана бар. Сондықтан да кезек мәселесі мұнда да жоқ емес. Шағым түсірушілер «сағаттап дәріхана алдында тұрмау үшін іздеген дәрілерінің сатылымда бар-жоғы есіктің сыртында жазылып тұрса» деген тілектерін білдірді. «Сонда халық көп жиналып, бір-біріне вирус жұқтыру қаупі де азаяр еді, әрі уақытқа да үнем», – дейді. Дәріхана басшылығы елдің тілегін ескеретінін жеткізді.

Бұл тілекті бүкіл дәріхана қожайындары қаперіне алса дейміз. Әрине, онсыз да қарбалас уақытта фармацевтер үшін бұл – «артық жұмыс». Дегенмен, қазіргі халықтың жай-күйін ескере отырып, бір-бірімізді қалай да қолдау амалын тапсақ екен.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Оқылды 1386 рет

Соңғы жаңалықтар

Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Когулов Аскар Турсбекович 1983 жылы 26 маусымда Еңбекшіқазақ ауданында Бижанов…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Шынғожа Айбарұлы Тикельдиев, 1991 жылы 28 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Қазатком…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен, Сарсембеков Нұрбек Жұматайұлы 1 қыркүйек 1977 жылы Алматы облысы, Шелек ауданы,…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен, Мухадиев Құдайберген Әкімханұлы 1982 жылы 21 тамыз күні дүниеге келгенмін. 2000-2004…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Сөгеті ауылдық округінің тұрғындары. Мен Дулатов Арман Бакытович, 1971 жылы 14…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Асимахынов Дастан Сайлаубайұлы, 21 қаңтар 1990 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Кеген…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Асимахынов Дастан Сайлаубайұлы, 21 қаңтар 1990 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Кеген…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Байтилеуов Айдын Сарсенбаевич, 1992 жылы 27 мамырда Еңбекшіқазақ ауданы, Есік…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет