Сейсенбі, 03 Қараша 2020 10:35

Медициналық транспорт таратылды

192 арнайы автокөліктің кілтін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов медицина қызметкерлеріне табыстады. Жаңа технологиямен жан-жақты жабдықталған бұл көліктердің 12-сі – жылжымалы медициналық кешен, ал 180-і – жедел жәрдем көлігі. Осылайша, облыстағы медициналық транспорт 80%-ке жаңарды. Жедел жәрдем бригадасы 165-тен 205-ке артты.

Аталған көліктердің екеуі Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасына, біреуі Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға бұйырды. Сондай-ақ 20 жедел жәрдем көлігі ауданның жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. Оның он төрті жаңадан қосымша берілсе, алтауымен ескі көліктерді алмастырған. 

«Өңірде халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша барлық шара қабылданып жатыр. Пандемия басталған кезде вируспен алғаш бетпе-бет келу қиын болды. Ең алдымен не істеу керек екенін, қалай емдеу қажет екенін білмедік. Алайда қазір инфекцияның екінші кезеңіне дайындық барысында бұған дейін жіберілген қателіктер ескерілді», – деді облыс әкімі Амандық Баталов.

Алматы облысына пандемиямен күреске 13 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Оның 8,8 миллиарды коронавирустың екінші кезеңіне дайындыққа бағытталған. Талдықорғанда 200 науқасқа арналған жаңа аурухана салынды, ПТР зерттеу саны артты. Облыстағы 13 аурухана оттегі станцияларымен қамтамасыз етілді. Жылжымалы шағын емханалар түріндегі арнайы автокөліктер сатып алынды.

«Арнайы жылжымалы көліктің арқасында шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары сапалы медициналық қызметке қол жеткізе алады. Әрбір жедел жәрдем көлігі қазіргі талаптарға сай жабдықталған, оның ішінде жасанды тыныс алу аппараты да бар», – дейді өңір басшысы.

Жылжымалы медициналық кешендер ішінде жалпы қабылдау, акушер-гинеколог, сәулелі диагностика, жалпы тәжірибелік дәрігер аймағы, дәріхана, талдау қабылдайтын аймақ, УДЗ кабинеті бар. Сонымен қатар арнайы автокөлікте флюорография мен рентген түсіруге болады. Мүгедектігі бар адамдар үшін көлікте пандус-лифт те қарастырылған. 

Облыс медицинасын тек техникамен ғана емес, білікті мамандармен де қамтуды көздейтінін айтқан облыс әкімі: "Біз қазірдің өзінде Алматыдан, Нұр-Сұлтан қаласынан 300-ден астам тәжірибелі мамандарды шақырдық. Тұрғын үймен қамтамасыз еттік. Оған қоса жаңа коттедж қалашығынан да үй бөлеміз. Сонымен бірге Талдықорған қаласында 60 пәтерлік үйдің жобасы дайындалуда. Осының бәрі медицина мамандарын баспанамен қамту үшін жасалып жатыр. Олар халықтың денсаулығын сақтауда, әсіресе, індетпен күрес кезінде алдыңғы шепте жүреді. Сондықтан әрқашан оларды қолдауымыз керек", – деді.

Жалпы, биыл Алматы облысында 12,9 млрд. теңгеге 17 медициналық нысан салынуда, олардың қатарында амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер бар. 7 нысанның күрделі жөндеуіне 3,0 млрд. теңге бөлінген. Мұның барлығы да –  ел игілігі үшін жасалып жатқан шаруа.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Оқылды 1340 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет