Сәрсенбі, 02 Желтоқсан 2020 15:41

Аудан тұрғындарына ҮНДЕУ

Бүкіл әлемге жайылған індеттің күн санап өршіп бара жатқаны аян. Соған байланысты аудан тұрғындарына үндеу жасаймыз. Санитарлық талаптар мен карантиндік режимді қатаң сақтап, бір-біріміздің өмірімізге жауапкершілікпен қарайық, ағайын!

Коронавирустық инфекцияның алдын алуға, диагностикалауға және емдеуге, сондай-ақ Covid-19 таралуын болдырмау мақсатында эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуге Алматы облысы қорының филиалына 12,4 млрд теңге бөлінді.
2020 жылдың наурыз-қыркүйек айлары аралығында ӘМСҚ-12,4 млрд теңге төленді. Шығындардың басым бөлігін, яғни 4,7 млрд теңгені эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің жалақысына үстеме құрады.
«Алматы облысы қорының филиалы және медициналық мекемелермен бірігіп коронавирустың ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстарын жалғастыруда. Өз кезегінде Қор коронавирус пен пневмониямен ауыратын науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің уақтылы төлемін жүргізеді. Бұл ретте, осы аурулармен ауыратын пациенттерге медициналық көмек МӘМС жүйесіндегі сақтандырылу мәртебесіне қарамастан көрсетіледі» деп филиал қорының басшысы хабарлады.
Наурыздан қыркүйекке дейін провизорлық және карантиндік стационарларға емдеуге жатқызуды қаржыландыруға 3,4 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды.
Сол кезеңнен бастап мобильді бригадалар жұмысын бастады. Олардың қызметтерін төлеу үшін шілдеден қыркүйекке дейін филиал Қорынан 151,0 млн. теңгеден астам қаражат бағыттады. Емхананың әрбір шақыруы үшін 5400 теңгеден алады, осылайша үш айда 27 962 шығу орындалды. Мобильді бригаданың құрамына дәрігер және/немесе медбике, кейде бейінді маман кіреді. Мобильді бригадалар пациентті алғашқы қарап-тексеруді жүргізеді, оның жай-күйінің ауырлық дәрежесін бағалайды, Сovid-19 симптомдары болған кезде ПТР-тестке материал алады, пульсоксиметрия жүргізеді, көрсетілімдері кезінде рентгенографияға немесе компьютерлік томографияға жолдама бере алады, дәрілік заттарды тағайындай алады. Айта кету керек, өңірлерде осындай 3000-нан астам бригада құрылған.
ПТР диагностикасын жүргізуге 1,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.
Медициналық сақтандыру Қоры Қор төлейтін қызметтердің сапасын жоғарлату үшін пациенттер шағымдармен және ұсыныстармен 1406 байланыс орталығына жүгініп, сондай-ақ оларды Qoldau 24/7 мобильді қосымшасында қалдыра алады.



«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
​КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

Сәрсенбі, 02 Желтоқсан 2020 12:37

Заманның көшінде, өркенің жайнап өсуде

Сонау маңға  орда тіккен обалардың  қандай  жәдігерді жасырып, қарт алатаудың нендей сырды баурына басып жатқаны бәймәлім. Әйтеуір осы топырақты ежелгі тарихтың елесі кезіп жүргендей әсерде қаласың. Ғалымдар Рахат ауылдық округінің тереңде жатқан тарихының темір дәуірінен бастау алатындығын, оған аталған ауыл маңындағы көне қала жұртының қазба жұмыстары дәлел екендігін алға тартады. Аталған округ Кеңес кезінде Ильич атындағы сауыншылардың ұжымшары болып талай жұрттың аузын аққа жарытыпты. Қазір де округте шаруашылықты шалқытуға, шағын-орта бизнестің көсегесін көгертуге мүмкіндіктер жеткілікті. Оған округ аумағын  аралаған сапарымызда  көзіміз жетті.

Шаруашылықты дамытуға мүмкіндік зор

Аудан шекарасындағы ауылдық аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын таныстырмаққа сөз алған  округ әкімі Қуат Ақшабаев ең алдымен өңірдің демографиялық жағдайына тоқталды. Округ әкімінің  сөзінше, аумақтағы тұрғындардың саны жедел артып келеді. Құрамына Өрікті, Рахат, Қайназар, Азат ауылдары мен 54 саяжай кіретін округтің  халық саны 2018 жылы  24 мыңнан асса, өткен жылы  25650-ге жеткен.

Бүгінде ауылшаруашылығы округ экономикасының тірегі саналады. Қолда бар ақпаратқа негізделсек, округте 4461 гектар аумақ егіндікке, 83 гектар шабындыққа және 1003 гектар жер жайылым ретінде пайдалануға берілген. Биыл егіндік аумаққа жүгері, соя, картоп пен  өзге де көкөністер егіліп, оны өсіру мен баптауға 1500-ден  астам жұмыс күші тартылған. Қара жердің қасиетіне бас ұрып, қажырлы еңбегінің арқасында шаруашылығын дөңгелетіп отырғандардың бірі – Исмаил Тамазов. Еңбекқор шаруа 1994 жылдан бері жер өңдеумен айналысыпты. Биыл 140 гектарға жуық жерден 17 тонна картоп, 195 тонна соя алыпты. Сонымен қоса шаруа қожалық иесі  жаңа алма сорттарын өсіріп, өнім ала бастапты.

– Биылғы төтенше жағдай елімізге ауыл шаруашылығын өркендетудің қаншалықты маңызды екендігін ұғындырды. Біз жеміс-жидектер мен көкөністердің  көп бөлігін өзіміздің мүмкіндігіміз бола тұра шетелдерден аламыз. Енді бізге ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді қолға алудың сәті жетті. Бұдан бұрын бір гектар жер игермегендерге көрсетілген  қаржылық қолдаулар енді қара топыраққа ащы терін төгіп, адал еңбек еткендерге берілуі керек. Округ әкімдігінің ақпаратына негізделсек, ағымдағы жылдың қаңтарына дейін ірі қара саны 5573 басқа, ұсақ малдың саны 13 900 басқа жеткен. Округ тұрғындары  арасында соңғы жылдары мал өсірумен айналысатындардың қатары молайған.

 

Мәдениет үйінің табыстары толағай

Округтегі мәдениет үйінің іргетасы 1990 жылы қаланып, 2012 жылы күрделі жөндеуден өткен. Қайназар ауылындағы мәдениет ошағы бүгінде округ  руханиятының ордасына айналған. Мәдениет үйінің директоры Базарбек Сәтеннің айтуынша, жыл басы  толағай табыстармен  басталыпты. Айталық, Республикалық «Ел болашағы – жастар» байқауында Қайназар ауылынан «Айбегім» ансамблі «хореография» номинациясы бойынша бас жүлдені қанжығаласа, «Бахар» би тобы 1 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Жұлдызбын» атты халықаралық байқаудың Гран-приін жеңіп алыпты. Базарбек Сәтен жыл басында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген мәдени шаралардың жоспарланғанын, алайда еліміздегі төтенше жағдайға байланысты түрлі ойын-сауық кештерінің  өтпей қалғандығын айтады. Деседе,  «Көппен көрген ұлы тойды» көлденең тартпай, Ұлттық домбыра күні мен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған онлайн концерттер өткізіліпті. 

Асыға күткен көгілдір отынға қол жетті

Еліміздің әр өңіріндегі тоқырау жылдарының тозаңында қалып, шаң жолдардан шаршаған, тіршілік нәріне сусаған ауыл тұрғындарының үміт отын «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы қайта жаққандай. Соның нәтижесінде жылдардың тұғырында тұйықталып қалған мәселелер оң шешімін тапты. Аталған бағдарлама аясында инфрақұрылымдарды жақсарту жұмысы округ аумағында  қарқынды жүрілуде. Өңір әкімінің айтуынша, ағымдағы жылы жол жөндеу жұмысына 65 млн 200 мың теңге қарастырылған. Бөлінген қаржының 36 млн теңгесіне 1.2 шақырым аумаққа жөндеу жұмысы жүріліп, Ушурбакиев көшесіне асфальт жабындылары  төселген. Азат ауылындағы Ұлы тау  көшесі жөнделіп, оған  20 млн теңге  қаражат жұмсалған. Сонымен қоса 9 млн 800 мың теңгеге Өрікті ауылындағы Жас-қыран, Алатау, Алтын Орда, Хан Тәңірі көшелеріне асфальт төселген. Округ тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету осы күнге дейін қиындық тудырған мәселелердің бір еді. Әсіресе, саяжай тұрғындары тіршілік нәрінен таршылық көрді. Оның үстіне  тозығы жеткен су құбырларын жаңалау жұмысы  көп қаржыны қажет етті. Өткен жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша  36 млн теңге қаржы бөлініп, Өрікті мен Рахат ауылдарының су жүйесі  жөндеуден өткен. Деседе,округ тұрғындарын 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің мүмкіндігі болмады. Алайда, қазір қолға алынған Есік топтық су құбыры Қайназар, Рахат және Өрікті ауылдарын қамтып, су жүйесі толықтай жаңартылып, ондағы тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмек. Көпшілік асыға күткен көгілдір отынға қол жеткізудің де ауылы алыс емес. Қазір округ аумағына 36428 шаршы метр газ құбыры жүріліп, 300 отбасымен құбыр желісіне қосылуға келісім-шарт жасасып, 230 үй газдандырылған. 2022 жылға дейін округ  аумағын газдандыру жұмысы толығымен аяқталмақ.

 

Ойын алаңы ашылды

«Ауыл балаларына жаңа салынған шағын ойын  алаңы серік болды. Осы үшін шынайы қуанып жүрміз», – дейді ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Бақберген Әшімов.

Жақыннан бері  округ тұрғындары  селбесіп, құлыншақтарға қуаныш сыйлау үшін ойын алаңдарын сала бастапты. Ауыл азаматтарының айтуынша, олар ойын алаңына қажетті құрылғыларды Алматыдағы  жаңартылған нысан аумағынан тегін алыпты. Жұмыс күштерін де өздері ұйымдастырыпты. Біз балдырғандарға «базарлық» сыйламаққа тер төгіп жатқан ауыл азаматтарын көрдік. Қазір алғашқы ойын алаңы Өрікті ауылында бой көтеріпті. Алдағы уақытта өзге ауылдарда да ойын алаңы салынбақ. Ойын алаңдары дерлік салынып біткеннен кейін қара домалақтардың төрт қабырғаға қамалмай асыр салып алақайлауына мүмкіндік  берілмек.

 

Кезекші сыныптар санитарлық талапқа сай оқуда

Округтегі білім мәселесіне мән беріліп, білім беру ошақтарының көпшілігі  жаңартылған. Айталық, 2010 жылы Рахат ауылында 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілсе, Б.Майлин атындағы орта мектепке қосымша ғимарат салынған. Азат №1 орта мектебі 2016 жылы бой көтерген. Аталған мектептегі  заманауи зертханалар мен балаларды өнерге баулитын шеберханалар білім ордасының замана сұранысына сай ұрпақ тәрбиелеп жатқандығын аңғартады. Жаңа мектептер көшін 2017 жылы саяжай маңында салынған №1 Рахат орта мектебі аяқтады. Тек, Қайназар ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп пен Азат орталау мектебінің ғимараты ескірген. 1977 жылы қолданысқа берілген Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте бүгінде 990 оқушы екі ауысымда білім алады. Осы күнге дейін тек шатыры ауыстырылған білім ордасы күрделі жөндеуді қажет етеді. Ал 308 баланы білім нәрімен сусындатып отырған Азат орталау мектебінің қолданысқа берілгеніне бір ғасырға жуық уақыт болған. Қазір ескірген мектептің орнына жаңа мектеп салу жоспары қаралуда.

Рахат ауылындағы «Әдемі» балабақшасының ғимараты 1968 жылы салынған. 2010 жылға дейін орта мектеп болған нысанға сол жылы күрделі жөндеу жүргізіліп, 2011 жылы 100 бүлдіршінге арналған балабақша ашылған. Қазіргі уақытта 92 бала тәрбиеленуде. Мұнан өзге жеке меншіктегі  15 балабақшада 911 бүлдіршін болашағына бой созып келеді.

 

Инвестиция –  өңір әлеуетін арттырудың кепілі

Сарапшылар әр аймақтың экономикалық әлеуетін  арттыру үшін инвестиция тартудың маңызы зор екендігін айтады. Осы бағытта  округ әкімдігі дамуға мүмкіндігі зор салаларға инвестиция тарта бастапты.

– Қазір жылыжай шаруашылығын өркендету  округіміздің басты экономикалық бағыттарының бірі. Осы  бағытқа сай 2020-2022 жылдар аралығында  «Жами Агро» ЖШС-і 15 гектар жерге  жылыжай салуды жоспарлап отыр. Осы межеге  сай «Жами Агро» ЖШС-і округімізге 5 млрд теңге  инвестиция  салып,  30-дан артық адамды  жұмыспен қамтымақ. Сонымен қоса «Fresh Land» ЖШС-і 100 гектар жерге алма бағын отырғызуды  жоспарлауда. Аталған жобаның  инвестиция көлемі 1 млрд  286 мың теңгені құрап, 20 жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, «Алма Жер» ЖШС-і 49 гектар жерге алма бағын отырғызуға ниетті. Егер жоба  жүзеге асатын болса 47 млн теңге инвестиция құйылып, 3 адам  жұмысқа тартылмақ. Округ экономикасын әлеуеттендіру және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту бағытында өңірге инвестиция тарту жұмысы өз жалғасын табады, – дейді округ әкімі Қуат Ақшабаев.

Қазір  округтегі шағын және бизнес субьектілері 365 бірлікті құрап, 548 адамды жұмыспен қамтып отыр. Округ бойынша 4 ЖШС, 3 өндірістік кооператив, 358 жеке кәсіпкер тіркелген.Округ аумағында өндіріспен айналысатын ірі нысандар да бар. Соның бірі – Өрікті ауылына ірге тепкен «Дионис» шарап зауыты. Бүгінде шарап зауытында 55 адам тұрақты жұмыс істейді. Аталған кәсіпорынның 168 гектар жүзімдігі де бар. «Дионис» шарап зауыты Ркацители, Алиготе, Рислинг, Пино, Саперави сынды жүзім сорттарынан-ақ қызыл шараптарды  өндіреді.

Бүгінгі таңда  округ бюджетінің салмақты үлесі  шағын және орта бизнеске тәуелді. Айталық, 2019 жылы  округтің бюджет түсімі 92 млн теңгені құраса, соның ішінде шағын және орта бизнестен түскен салық түсімдері 49,4 млн теңгеден асқан. Алда бюджет түсімін арттыру үшін шағын және орта бизнеске барынша қолдау көрсетілмек.

 

Электр желілері мен амбулаториялар ескірген

Қазір округ бойынша 4 дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Азат ауылының амбулаториясы 2012 жылы салынса, Қайназар ауылындағы амбулаторияның қабырғасы 1990 жылы қаланған. Ал Рахат ауылындағы дәрігерлік амбулатория 1960 жылы, Өрікті ауылындағы 1970 жылы салынған. Екі ауылдағы ескірген амбулаториялардың қазіргі халі мүшкіл, олар осы заманғы медициналық қызмет көрсетуге жармайды. Сондықтан аталған амбулаториялар күрделі жөндеуді не жаңадан салуды қажет етеді. Сонымен қоса Қайназар ауылындағы  36 км электр желісінің  7,2 км жаңалау көзделуде. Қайназар ауылындағы полиция бөлімшесінің  ғимаратына да күрделі жөндеу күтілуде.

 

ТҮЙІН:

Тарихтың тегершігі қайта айналып, өз өрісіне соғады, – дейді екен ғұламалар.  Өркениеттің өшпес ізі қалған өлкеден заманалық құндылықтардың қайта бой көтеруі заңдылық емес пе? Біз соған сенгіміз келеді. Ырысың  арта берісін, құт мекен!                                                                                                       

Ерзат АСЫЛ

Сәрсенбі, 02 Желтоқсан 2020 10:32

Жемісті бағдарлама

Шағын және орта бизнесті дамыту, сол арқылы азаматтарды жұмыспен қамту – ел экономикасын арттырудағы басты бағыттардың бірі. Осыған орай Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ауданымызда 106 нысан жүзеге асып, бюджеттен 11,5 млрд теңге бөлінген. Қазіргі уақытта аталған жұмыстар мерзімінде аяқталып, соңғы нысандар жақын арада пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. 

Жақында Қостанай облысына жасаған сапарында ел Президенті аталған бағдарламаны өткен ғасырдың екінші ширегінде Америка Құрама Штаттарын тығырықтан шығарған Рузвельттің бағдарламасымен салыстыруға болатындығын айтқан еді:

«Объективті себептерге байланысты шешілмеген көптеген міндет қазір жұмыспен қамтудың жол картасы арқылы шешімін тауып жатыр. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік инфрақұрылым да солай. Яғни, мазмұны мен мақсаттары тұрғысынан Қазақстанның «Жұмыспен қамту жол картасын» Рузвельттің 30-40 жылдардағы АҚШ-ты дағдарыстан шығару бағдарламасымен салыстыруға болады, бірақ, әрине, Қазақстанның әлеуетіне, біздің мүмкіндігімізге бейім-деу қажет. Сондықтан біз бағдарламаның жүзеге асырылуын мұқият қадағалаймыз» – деді Қ.Тоқаев.

Бұдан бөлек елімізде жұмыссыз азаматтарды қайта оқыту және жұмыспен қамту, жаңадан ашылып жатқан бизнес субъектілеріне қолдау көрсету мақсатында «Еңбек» бағдарламасы қолға алынған. Бүгінде аталған бағдарлама өз жемісін беріп, жастарға үлкен қолдау білдіруде.

Халықты жұмыспен қамту орталығы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында биылға техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша 150 азаматты оқуға жіберу жоспарлаған. Қазіргі таңда 267 азамат оқуға жіберілген. Бұл – бірінші бағыт.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша кәсібін жаңадан бастаған азаматтар мемлекет қолдауына ие болды. «Бастау бизнес» жобасы аясында  ағымдағы жылы 310 азамат оқуға жіберіліп, оның ішінде 69 адам  қайтарымсыз қаражат алған. Сонымен қатар, 115 азамат 528 000 млн теңге көлемінде шағын несиеге қол жеткізген.

Үшінші бағыт – жастарды жұмыспен қамту. Бұл бойынша 2020 жылы жас-тар тәжірибесінен өтуге 130 азаматты жіберу жоспарланған. Жастар тәжірибесін аяқтаған азаматтар, келісім шарттың талаптарына сәйкес, сол мекемеге тұрақты жұмысқа орналастырылатын болады. Бүгінгі күні, 133 азамат жастар тәжірибесіне жолдама алған.

Сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарына ағымдағы жылы 122 азаматқа жолдама беру жоспарланып, меже артығымен орындалған. Яғни, бүгінгі күні 143 азамат жұмысқа жіберілген. Жыл соңында, әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алған азаматтар тұрақты жұмысқа орналасатын болады. 

Ақылы қоғамдық жұмысқа ағымдағы жылы 2288 адам тартылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды квота бойынша жұмысқа орналастыру бағыты назардан тыс қалған жоқ. Атап айтқанда, ағымдағы жыл басынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарды 6 мекемеге тұрақты жұмысқа орналастырылған. Қалған 4 мекемеге жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

«Жалпы алғанда, шағын және орта бизнес – бұл біздің басым бағытымыз. Мен бұл туралы өз Жолдауымда көп айтқанымды білесіздер. Пандемияға қарамастан, біз шағын және орта бизнеске айтарлықтай көмек көрсетеміз. Біздің өңірде шағын және орта бизнеске осындай үлкен қолдау көрсетіп жатқан Қазақстан» – деген еді Қ.Тоқаев өз сөзінде. Бүгінде жұмыссыздық мәселесін шешу дүние жүзі елдерінің күн тәртібінде тұр. Оған қоса, пандемия бүйірден қысқан кезеңде жұмыссыздардың саны күрт өсті. Еліміз бұл мәселені шешуде оңтайлы бағдарламаларды жүзеге асырып, жұмыссыздық проблемасын бизнесті дамыту арқылы шешуді қолға алды.

 

Сардарбек НҰРАДИН

Сейсенбі, 01 Желтоқсан 2020 10:07

Сайлау – маңызды саяси науқан

Аудандық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі Виталий Крылов ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін партия мүшелерімен онлайн кездесу өткізіп, ашық сұхбат алаңын құрды.

Кездесуде алда келе жатқан саяси науқан – сайлаудың маңыздылығы жайлы сөз қозғалып, екі жақ өзара пікір алмасты.

– Сайлау – еліміздің ертеңін айқындайтын қоғамдағы ауқымды шара. Ол – мемлекеттік жүйенің тиімділігін арттырады, үкімет пен басқарушы саяси партияның саясатын бағалайды және мемлекеттің қызметіне қоғамдық бақылау жасауына мүмкіндік береді. Мемлекеттің болашағына бей-жай қарамайтын әрбір азамат оның өтуіне өз үлесін қосып, қатысуы керек – деген мәслихат депутаты саяси науқанның қоғам үшін маңыздылығын түсіндірді. Қатысушылар да өздерінің сауалдарын қойып, пікірлерін ортаға салды.

С.НҰРАДИН

Сейсенбі, 01 Желтоқсан 2020 09:56

Елбасына жолданған ізгі тілектер

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетелдік мемлекет басшыларынан, экс-президенттерден, бұрынғы үкімет басшылары мен саяси қайраткерлерден, алыс-жақын шет елдердің бизнес өкілдерінен хаттар келіп түсті. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың ресми сайтында жарияланған бірқатар хаттар легімен бөлісуді жөн көрдік.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Елбасыға мықты денсаулық, бақыт және ел игілігі жолындағы қызметіне мол табыс, ал Қазақстан халқына тыныштық, бақ-береке, орнықты даму және бақуаттылық тіледі.

– Тұңғыш Президент күні – көпұлтты Қазақстан халқының тарихи таңдауы, бейбітшілік пен тұрақтылықтың, ұлт бірлігі мен келісімінің ерекше символы. Сіз ұзақ жыл бойы елдің көшбасшысы, барлық саладағы тиімді реформалардың және тәуелсіз Қазақстанның ғаламат жетістіктерінің негізін қалаушы, әлемдік қоғамдастық мойындаған жаһандық бастамалардың авторы, тәжірибелі әрі танымал саясаткер, халқына және туған жеріне қызмет етуді өзінің қастерлі парызы санайтын білікті басшы ретінде көпшілікке танылып, үлкен құрметке ие болдыңыз, – делінген жеделхатта.

Америка Құрама Штаттарының 66-шы Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс өз құттықтауында Қазақстанның қарқынды дамуындағы Елбасының ерекше рөлін атап өтті.

– Біздің Тұңғыш Президентіміз Джордж Вашингтон америкалық құндылықтарды болашақта атқаратын істеріміздің негізіне айналдыра білді. Сіз Қазақстан үшін де дәл осындай игі жұмыс атқардыңыз. Сіздің ядролық қарудан бас тарту және ғажап елорданы салудан бастап, бейбіт транзитті жүзеге асыру сияқты шешімдеріңіз сөзіме дәлел, – делінген жеделхатта.

Түркия Республикасының бұрынғы Президенті Абдулла Гүл өз құттықтауында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің жас мемлекетті қалыптастыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін атап өткен.

– Сізге зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін. Қазақ халқының жарқын болашағына сенімдімін. Қазақстанның түркі әлемінде алатын орны бөлек. Қазақ-түрік қатынасының өркендей беруіне тілектеспін, – делінген жеделхатта.

Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-министрі Тони Блэр Қазақстанның Тұңғыш Президентінің тәуелсіз ел тарихындағы маңызды рөлін атап өткен.

– Елдің табысы мен тұрақтылығы көбіне Президент Назарбаевтың басшылығымен байланысты. Қазақстанды күтіп тұрған барлық қиындықтар мен реформаларға қарамастан, қазіргі уақытта мемлекет болашаққа нық сеніммен қарай алады, – деді Т.Блэр.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы лебіздері мен қолдауын Эстония Республикасының экс-президенті Арнольд Рюйтель, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Атқару комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Станислав Зась, БҰҰ бұрынғы Бас хатшысы, Жасыл дамудың жаһандық институтының төрағасы Пан Ги Мун, Еуропа қайта құру және даму банкінің бірінші президенті Жак Аттали, Испания Үкіметінің бұрынғы басшысы Хосе Мария Аснар, Италияның экс-премьер-министрі Романо Проди, Италияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Франко Фраттини, АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл, басты иудей ұйымдары жетекшілері конференциясы төрағасының орынбасары Малькольм Хенлайнн, «Chevron Corporation» компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы және бас директоры Кен Дерр білдірді.

Сейсенбі, 01 Желтоқсан 2020 09:47

Важность психологической поддержки

 В средней школе имени А.Байтурсынова с.Саймасай педагогами-психологами Д.Мурадовой и Г.Мухитовой  для классных руководителей был проведен семинар-тренинг через платформу ZOOM.

Целью тренинга было сплочение педагогического коллектива, развитие коммуникативных навыков, эмоциональной устойчивости, уверенности в себе, создание доброжелательного отношения друг к другу.

В начале тренинга была создана коллаборативная ситуация: все улыбались, рисовали свое настроение, дарили друг другу комплименты. В «Тесте геометрических фигур» учителям предлагалось выбрать по одной геометрической фигуре, после чего нами была даны их интерпретации.

В упражнении «Корабль» предлагалось обратить внимание на рисунок корабля. Как известно, корабль- символ стремления к успеху. В море на его пути встречаются айсберги и ледяные глыбы –  в нашем случае это трудности, возникающие в учебном процессе. Каждый классный руководитель справился с заданием и увидел, где появляются проблемы.

Следующим этапом была  медитация «Встреча с ребенком внутри себя»: учителя закрыли глаза и представили себя в уютном месте. Затем предлагалось представить себя такими, какими  они были в детстве. В завершение тренинга была зачитана небольшая притча о колодце.

Цель семинара-тренинга была достигнута. Психологи школы поставили себе дальнейшую задачу: усилить работу с классными руководителями, развивать у них умение работать в команде, повышать настроенность педколлектива на  успех.

Д.МУРАДОВА, Г.МУХИТОВА,

педагоги-психологи СШ имени А.Байтурсынова

Сейсенбі, 01 Желтоқсан 2020 09:34

«100 жаңа оқулық»: жаңғырудың жарқын жолы

Бүгінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының маңызын бүкіл қоғам терең түсініп, оны еліміздің рухани тәуелсіздігін нығайтатын стратегиялық құжат ретінде қабылдайды. Жаһандану жағдайында өзіміздің мемлекеттілігімізді, тілімізді, дінімізді, ділімізді, салт-дәстүрімізді, жалпы ұлттық ерекшеліктерімізді қалай сақтап қаламыз деген сауал әрбір азаматты толғандыратыны сөзсіз. Қазір еліміз рухани жаңғыру аясында жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. ҚР Тұңғыш  Президенті Н.Назарбаев атап өткендей, жаңғыру тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрге сүйенуге тиіс. Бұл орайда ұлттық болмысымызды сақтап қана қоймай, одан әрі дамыта отырып әлемдік өркениет көшіне ілесу біз үшін өмірлік маңызы бар міндет саналмақ. Елбасының аталған  мақаласының «Таяу жылдардағы міндеттер» атты екінші бөлімінде қоғам алдына жақын келешекте атқарылуы тиіс бірнеше өзекті міндеттер қойылған. Соның ішінде жаңа гуманитарлық білім беру аясында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы да бар. Біз ұлттың сана көкжиегін кеңітіп, іргелі ғылымға арқау болған  аталмыш жоба жайлы аз-кем ой толғауды жөн көрдік.

Оқулық адамзат ақыл-парасатының алтын қазынасы. Сонау ертедегі  грек ойшылдары Аристотель, Сократ, Платоннан бастау алатын іргелі ілімдер әлем өркениетінің өрге жүзуіне, адам баласының үздіксіз жаңалыққа талпынуына  ықпал етіп келді. Қалай десекте, жаңару мен жаңғырудың оқулықсыз олқы соғатыны тағы бар. Кезінде  қазақты озық жұртпен теңестірудың жолын іздеген Алаш арыстары да осы түйінді ұлтты оятудың ең тиімді тәсілі деп білген жоқ па? Сондықтан ХХ ғасырдың басында ұлт зиялыларының күш салуымен, жігерлі жұмыстарының арқасында қазақ қауымына керек оқулықтар жедел әзірленді. Мәселен, Мағжан Жұмабаев «Педагогика», Жүсіпбек Аймауытов «Психология», Халел Досмұхамедов «Биология» пәнін аударса, жиырма жастағы Мұхтар Әуезов «Жеткіншек» деген оқулық жазды. Қаныш Сәтбаев – алғашқы «Математика» оқулығын жазған авторлардың бірі болды. Сол оқулықтардың арқасында ұлтымыздың қанша буынының санасына сәуле түсті. Ал кейін ұлтымыздың рухани түлеуі мен әлемдік өркениетке деген ұмтылысына Кеңес билігі бұғау салды. Еркін ойлауға ерік бермейтін Кеңестік жүйенің темір құрсауында жаңашылдыққа ұмтылғандар аз теперіш көрген жоқ. Ал тәуелсіздік алып «тас бұғаудан босағаннан» кейін ғана тарихымызды түгендейтін, кемелденуге керегімізді іздейтін күн туды. Міне солай, ұлттың жаңашылдық пен жаһандық өркениетке жол алған ұлы сапары басталды. Сол сапарға аттанған тоғанағы мол керуендердің бірі – «Рухани жаңғырудың» жүгін артып алға жылжып барады.  

Жаһандану үдерісіне ұлт болып ұйысу  мақсатында сол кездегі мемлекет басшысы Н.Назарбаев осыдан тура үш  жыл бұрын «Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға аламыз», – деп мәлімдеді. – Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Гуманитарлық зиялы қауым өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық кафедраларды қайта қалпына келтіру арқылы мемлекеттің қолдауына ие болады. Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет. Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз,– деген еді. Осы игі бастаманы жедел жүзеге асыру  үшін аудармамен айналысатын құрылымдар негізінде мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросы құрылды. Қазақ Үкіметі аудармашы мамандармен қамтамасыз ету ісін жолға қойды. Ұлттық аударма бюросы авторлық құқық негіздемесін жөнге келтірді.

Бүгінде Елбасы белгілеп берген бағдарлама мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім берудің өзегіне айналады. Білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау – мемлекеттік мәселе. Көп көңілінен шыққан бұл игі  қадам  кеңестік дүниетаным ыңғайында тәрбиеленген ұрпақты Тәуелсіз елдің жаңа буыны алмастырып жатыр. Осыған дейін дүниеге бір ғана көзқараспен қарап келдік. Қашан да   келешектің дидарын болжай білетін Елбасы «Әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-ақ жемісін бере бастайды. Сол себепті, уақыт ұттырмай, ең заманауи, таңдаулы үлгілерді алып, олар­дың қазақ тіліндегі аудармасын жасауымыз керек», – деп табанды талап қойған болатын.

Соңғы жылдары еліміз индустриалдық-инновациялық дамуға басымдық беруге байланысты жоғары оқу орындары гуманитарлық ғылымдарға жүрдім-бардым қарай бастаған болатын. Көптеген ЖОО-ларда тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану сияқты дербес гуманитарлық салалар «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасына» біріктіріліп, гуманитарлық пәндердің сағатын қысқарту, мәні мен маңызын төмендетуге жол берілген. Тіпті, «Қазақстан тарихы мектепте оқытылады, енді оны жоғары оқу орындарында қайталап оқытудың керегі жоқ» деген желеумен «Қазақстан тарихы» кафедралары жабылған  болатын. Ал «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қолға алынғаннан бері  қоғамдағы толғағы жеткен, шешімі табылмай келе жатқан түйіндер тарқатыла бастады.

Жастарымыздың әлемдік ғылыми стандартқа сай білім алуы үшін ғылыми оқулықтардың қазақ тіліне аударылып, қайта басылып шығарылуы үлкен құндылық. Қазір осы шара ойдағыдай атқарылып,  көптен күткен игі іс орындалуда. Мысалы, осыған дейін  Жоғары оқу орындарында ғалымдардың көптеген оқулықтары тек қана орыс тілінде басылып шығарылған. Ал, қазақ топтарында білім алатын студенттер үшін мұндай оқулықтарды өздері түсініп оқуына немесе аударуына тура келетін еді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған «100 жаңа оқулық» жобасы жастарымыздың  ана тіліміз арқылы әлемнің рухани уызына жаруына жол ашты.

Отандық оқымыстылардың айтуынша, «100 жаңа оқулық» жобасының қоғам жаңғыруына қосар үлесі телегей. Бұл жобаның басты мақсаты – жастардың санасына дүниежүзіндегі таңдаулы білімді сіңіру. Мысалы, бұл жоба аясында француз, италян, корей ғалымдарының еңбектерін де қазақ тіліне аудару жоспарланған. Бір ғана француз философы Реми Хемс еңбектерінде қаншама ілім-білім жатыр?! Әлемге танымал, еңбектері аңыз болып қалған ғалымдардың зерттеулерін  қазақ жастары өз тілінде түсініп оқыса, бұл олардың білім көкжиегін кеңейтері анық. Бұл ретте Еуразиялық интеграция институтының директоры Ғани Нығметов: «Мұндай жобаларды қолдау өте маңызды. Бұл біздің қазақ жастарының, қазақ қоғамының рухани дүниесінің толығуына өз әсерін береді. Елбасы саясатының барысында қазір қазақ жастары әлемнің түпкір-түпкірінде білім алып жатыр. Өз көкжиегін кеңейткісі келген адамға барлық мүмкіндіктер ашылған. Шетелде білім алып келген қазақ жастары қазір түрлі қызметтерде өздерін танытып жүр. Сондықтан, бұл арада 100 жаңа оқулық жобасына бейтарап қарауға болмайды. Мұның астарында сананы рухани жаңғырту мәселесі жатыр. Сана рухани жаңарып отырса, адам капиталы ешқашан тозбайды. Ал, мемлекетке тозбайтын, шаршамайтын, қажымайтын, білімді, жұмыс істей алатын адам капиталы әрқашан да керек. Мемлекетіміздің өсіп-өнуі үшін білімді, саналы ұрпақ тәрбиесі қашанда маңызды»  – дейді.

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасына қатысқан мамандардың сөзінше, бұл оқулықтар жайдан-жай таңдалмаған. Жоба қолға алынған кезде Президент жанынан құрылған Ұлттық комиссия арнайы  іріктеу жүргізіп, әр жоғары оқу орны  мамандарының   ұсыныстары қаралған. Ұлттық аударма бюросының әрбір оқулық әлемдегі ең мықты оқу орнында шыққан, кем дегенде, баспада үш рет басылым көрген, әрі таралымы да жоғары болуы керек деген шарттарды негізге  алған. Осы талаптар ескерілген жағдайда ғана оқулықты аудару процесі басталған.

2020 жылдың 30 қаңтарындағы мәлімет бойынша, таңдап алынған жүз кітаптың 47 оқулығы аударылып шықты. Ресми ақпаратқа сүйенсек, он мың данамен шыққан кітаптар Қазақстанның 132 оқу ордасына жолданды. Айта кетейік, қазақ тіліне аударылған кітаптардың негізгі түп-нұсқасы орыс, ағылшын, француз тілінде жарыққа шыққан.

Аударылған кітаптардың дені әлемдік үздік оқу орындарында оқытылатын  іргелі еңбектер саналады. Айталық, 2018 жылы А.Барнардтың  «Антропология тарихы мен теориясы» атты кітабында:  антропология ғылымының қалыптасу тарихын, ондағы эволюция теориясы туралы тұжырымдарды, диффузионистік және тарихи-мәдени аймақтар теорияларын, функционализм және құрылымды-функционализм, әрекетке негізделген теорияларды, процессуалдық және маркстік көзқарастағы зерттеулерді, сонымен бірге, релятивизм, структурализм мен постструктурализмнің түрлі салаларын және енді ғана қалыптасып жатқан интерпретациялық және постмодернистік көзқарастарға қатысты тақырыптарды кеңінен қамтыған. Айталық, қазақ тілінде аударылған Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы» атты еңбегінде философиялық ойдың даму тарихына айрықша үлес қосқан танымал 15 ойшылдың шығармашылығы топтастырылған. Аталған оқулықтың авторы Батыс дәстүріндегі көрнекті философтардың негізгі еңбектері мен теорияларын оқырмандарға кезең-кезеңмен таныстыруды көздейді. Кітап тарауларында философтардың өмір сүрген дәуіріне шолу жасалып, сөз болатын шығармалардың негізгі идеяларын талдауға басымдық берілген. Сондай-ақ, жинақта философтардың өмір деректері мен басты еңбектерінің тізімі, сол дәуірдегі ғылыми жаңалықтар мен тарихи оқиғалар, философиялық, әдеби және көркем туындылар да қамтылған. Әр шығармаға арналып оның түйінді идеясын білдіретін ықшам анықтама дайындалған. Тақырыптар хронологиялық ретпен баяндалса да, материал кез келген тараудан бастап түсініп оқи беруге лайықталып, әрқайсы  жеке бітіммен құрастырылған.

Eлбacы Нұрcұлтaн Нaзaрбaeвтың ocыдaн үш  жыл бұрын жaриялaнғaн «Бoлaшaққa бaғдaр: рухaни жaңғыру» мaқaлacынaн бacтaу aлғaн бұл жoбaның қaзaқ oқырмaнынa бeрeрi мoл. Өйткeнi, бұл – гумaнитaрлық бiлiм caлaлaрының eң тaңдaулы oқулықтaрын жәнe ғылыми eңбeктeрiн aнa тiлiмiзгe aудaрып, eлiмiздiң iргeлi жoғaры oқу oрындaрының кiтaпхaнa қoрлaрын шeтeлдiк кiтaптaрмeн тoлықтыруды мaқcaт eткeн бiрeгeй жoбa. Әринe, бұл ғылым тiлiн қaзaқшaлaндыру ғaнa eмec, қoғaмдaғы күрмeуi көп мәceлeлeрдi шeшудiң oңтaйлы әдici icпeттi. Бiрiншiдeн, жacтaрдың әлeмдiк белестерге қoл жeткiзiп, бiлiм дeңгeйлeрiн жeтiлдiругe жaғдaй жacaйды. Aл әлeмдiк мәдeниeтпeн тaныcқaн жac өcкiннiң oй-өрici жoғaры, тaнымы кeң aзaмaт бoлып қaлыптacaры aнық.Eкiншiдeн, қaзaқ тiлiнe аударылған oқулықтaр eшбiр идeoлoгиялық дoгмaттaрдaн aулaқ әрi oбьeктивтi ғылыми cтильдe жaзылуымeн құнды. Кiтaптaрдa дәcтүрлi жәнe жaңa зaмaнғы тұжырымдaр eшбiр қocпacыз, әciрeлeуciз жaзылғaн. Бұл oқырмaндaрдың кiтaпты oқи oтырып өзiншe oй қoрытып, cыни oйлaуынa мүмкiндiк жacaйды. Eң бacтыcы, ғылым caлacынaн мәлiмeт aлaды. Eлбacы aйтқaн «Caнaның aшықтығы» дeгeн ocы бoлca кeрeк. Бaғдaрлaмa шeңбeрiндe aудaрылғaн oқулықтaрдың көбici бeлгiлi бiр ғылым caлacындaғы тeрминoлoгияны қaлыптacтыруғa жoл aшудa. Бeдeлдi ғaлымдaр мeн бiлiктi филoлoгтaр құрaмы  жaңa тeрминдeрдi қaлыптacтырудa, кiтaптaрдың aудaрылуындa көп күш caлып жaтыр. Бұл жoбa бiрaз кiбiртiктeп қaлғaн ұлттық тeрмин жacaм прoцeciнe қoзғaу caлa aлca, бұл дa – ұлттың рухaни жaңғыруының бiр бeлгici дeугe бoлaды. Oқулықтaрдың үшiншi жaңaлығы – бұл жoбa жaлпы қaзaқ тiлiндeгi кiтaп индуcтрияcынa, ғылыми-көпшiлiк aудaрмa iciнe ceрпiн әкeлудe. Қaзiрдiң өзiндe түрлi ғылыми, ғылыми-көпшiлiк, әдeби жәнe мoтивaциялық кiтaптaр шығaруғa бeт түзeгeн ұйымдaр бoй көтeрiп жaтыр. Бұл дa бoлaшaқтa тiлдiк oртaның caпaлы, мaзмұнды бoлуынa, coл aрқылы жaлпы қaзaқ тiлiнiң мәртeбeciн көтeругe ceп бoлaды дeп үмiттeнeмiз.

Т ү й і н:

Зерттермендердің сөзінен байыптағанымыздай, «100 жаңа оқулық жобасы» танымды байытып, рухани жаңғыруды арттыра түспек. Ендеше, біз де өз тарапымыздан осы жобаның басы-қасында жүргендерге сәттілік тіледік. Кітаптың сарқылмайтын қазына екені бұған дейін де айтылып келді. Ғасыр мен ғасырды, қоғам мен қоғамды тоғыстыратын кітап және ондағы түйдектелген білім екенін ескерсек, бұл жобаның да қазаққа берері мол екені даусыз.

 

Ерзат  АСЫЛ

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мұндай елеулі күн Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына және мемлекетіне сіңірген орасан зор еңбегіне деген құрметінің айғағы. Әлбетте, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай «Тәуелсіздік алу қаншалықты қиын болса, оны ұстап тұру үшін де соншалықты қажыр-қайрат керек». Тәуелсіздік алған тұста халықтың тағдырын өз тағдырымен байланыстырып, ұлтымызды ұлы істерге жұмылдырған Елбасы еңбегі ерен. Осынау сындарлы саясаттың арқасында Тәуелсіз Қазақстан дамудың даңғыл жолына түсті. Бүгінде біз дербестігімізбен, татулығымызбен, еркін күнде өсіп-өркендеген жас ұрпақпен мақтанамыз.

Осынау мерекеде Елбасымызға мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан тарихи еңбегіне құрмет көрсетеміз.

Ендеше, үздіксіз даму мен өркендеудің белгісіндей болған Тұңғыш Президент күні құтты болсын! Еліміз аман, егемендігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырынан таймасын!

10 декабря 2011 года на пленарном заседании Парламента РК был принят Закон «О внесении дополнений в Закон РК «О праздниках в Республике Казахстан». В соответствии с ним  в нашей стране ежегодно отмечается   День Первого Президента РК  – Ельбасы Нурсултана Назарбаева, который  29 лет 8 месяцев и 7 дней  был первым лицом суверенного государства. Почти 30 лет он  представлял его на высшем международном уровне, выступал инициатором и  участником принятия судьбоносных решений планетарного масштаба.

Впервые этот государственный праздник в Казахстане отметили 1 декабря 2012 года. Именно первый зимний день  стал «точкой отсчета» в 1991 году, когда впервые состоялись всенародные выборы главы суверенного Казахстана. Тогда Президент Казахской ССР Нурсултан Назарбаев  получил 98,7% голосов избирателей. Одним из первых шагов Президента 10 декабря 1991 года было подписание Закона о переименовании Казахской ССР в Республику Казахстан. А 16 декабря 1991 года  Верховный Совет  РК провозгласил государственную независимость Казахстана.

 Президент Казахстана считается гарантом единства государственной власти и народа, прав и свобод граждан, незыблемости Конституции страны.  29 апреля 1995 года в Казахстане прошел референдум по продлению полномочий Президента Нурсултана Назарбаева до 1 декабря 2000 года. В пользу данного решения высказалось 95,46% граждан Казахстана.  10 января 1999 года и 4 декабря 2005 года Нурсултан Назарбаев вновь избирался на главный пост страны, набрав большую часть голосов  –  79,78%  и 91,15%  соответственно. Нурсултана Назарбаева также успешно переизбирали в  2011 и 2015 годах.

С 2010 года Первый Президент обладает статусом  Елбасы – Лидера нации. В июне 2018 года Конституционный суд страны закрепил за Нурсултаном Назарбаевым право пожизненно возглавлять Совет безопасности республики. Согласно принятым в 2012 году поправкам к Закону, Первый Президент РК – Ельбасы обладает званием «Халық қаһарманы» с вручением знака особого отличия – Золотой звезды и ордена «Отан».

Под руководством Первого Президента Казахстан преобразился  в стремительно развивающееся, современное государство. Нурсултан Абишевич – автор двух основополагающих Стратегий «Казахстан-2030» и «Казахстан-2050». Стратегия «Казахстан-2030», принятая в 1998 году,  позволила республике успешно преодолеть кризисный период и уже к 2012 году войти в число 50 конкурентоспособных стран мира.  «Стратегия «Казахстан-2050»  – Новый политический курс состоявшегося государства»   от 14 декабря 2012 года поставила главной целью вхождение Казахстана в тридцатку наиболее развитых стран. 1 марта 1995 года Ельбасы была учреждена Ассамблея народа Казахстана, получившая конституционное право выдвигать своих представителей в депутаты Парламента РК.

В феврале 2019 года Ельбасы обратился в Конституционный совет  РК с вопросом досрочном прекращении своих полномочий. 19 марта 2019 года  он выступил с обращением к народу Казахстана, в котором заявил о сложении полномочий главы государства.

«Я принял решение прекратить свои полномочия в качестве президента. В этом году исполняется 30 лет моего пребывания на посту высшего руководителя нашей страны. Я был удостоен великой чести моим великим народом стать Первым Президентом независимого Казахстана", – сказал Елбасы  в своем обращении.

Обязанности главы государства до внеочередных выборов были возложены на спикера Сената Парламента  РК  Касым-Жомарта Токаева, избранного на внеочередных выборах Президентом Республики Казахстан. В инагурационной речи новый Президент выразил сердечное признание Лидеру нации за его заслуги: «Благодаря Ельбасы мы построили успешное, авторитетное в мире государство. Казахстан занял достойное место в международном сообществе».

По предложению Президента РК Касым-Жомарта Токаева столица Казахстана Астана переименована в Нур-Султан (Нұр-Сұлтан) как олицетворение социально-экономических достижений страны за годы независимости.

Нурсултан Назарбаев по сей день является действующим политиком первого эшелона власти: лидером партии Nur Otan,  главой Совета безопасности РК, председателем Ассамблеи народа Казахстана.

Под водительством Ельбасы Казахстан признан международным сообществом как современное демократическое государство, которое успешно формирует институты гражданского общества, рыночную экономику, обладает огромным образовательным и культурным потенциалом. Стратегии развития, заложенные Нурсултаном Назарбаевым,  не теряют своей актуальности и служат основой дальнейшего государственного строительства Казахстана.

И.ВИКТОРОВ

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет