Бүгін аудандық мәслихат депутаты, "Nur Otan" партиясының фракция мүшесі Маруп Искаков "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында мониторинг жүргізді.
Әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауды көздейтін «Бақытты отбасы» жобасы тікелей көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған. Осы мақсатта мониторинг жасаған Маруп Искаков аталған отбасыларға ҚР заңнамасы аясында мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

С.НҰРАДИН

Сенбі, 05 Желтоқсан 2020 14:10

Сонар-2020

Тазы жүгіртіп, құс салған ата-баба дәстүрін жалғастырушы саятшылар бақ сынап жатыр.

Алматы облысында дәстүрлі түрде өтетін "Сонар" республикалық құсбегілер байқауы биыл еліміздің саятшыларын Еңбекшіқазақ ауданы Төле би ауылында жинады. Эпидахуалға байланысты байқауға әр өңірден тек екі бүркіт, бір сұңқар мен бір аңшылық ит - тазыдан қатыстыруға рұқсат етілген екен. Әрі қатысушылар: "Халықтың көп жиналмауын назарға алып, байқаудың болатынын күні бұрын жарияламадық" дегенімен, турнирді тамашалауға келгендердің қарасы аз емес. 

Байқаудың қорытындысы бүгін кешке дейін шығарылады.  Турнирге республиканың түпкір-түпкірінен 10 команда қатысып жатыр.

 

Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Әз Тәукенің «Жеті жарғысының» жалғасы болған тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы – егемендіктің айғағы, халқымыздың айбары. Оны қадірлеп, құрметтеу – баршамыздың азаматтық борышымыз. Ал Ата заңда жазылған заңдардың орындалуын қадағалау – прокуратура қызметкерлерінің міндеті. Осы абыройлы міндетті атқару жолында қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етуде талмай еңбек етіп жүрген прокурорлардың төл мерекесі қарсаңында аудан прокуроры Күренкей Азамат Жолдасбекұлымен тілдескен болатынбыз.

– Азаматтардың құқығын қорғауда прокуратура жетекші рөл атқарып, заңның орындалуын қадағалайды. Сол себепті прокуратураға түсетін арыз-шағымдардың саны көбеймесе, азаймасы анық. Осы орайда, биыл аудандық прокуратураның көмегіне қанша азамат жүгінді?

– Оныңыз рас, әділдік іздеген азаматтар прокуратураға жүгінеді. Сәйкесінше, арыз-шағым бойынша істің мән-жайы тексеріліп, заң бойынша іс-әрекет жасаймыз. Бүгінгі таңда аудандық прокуратураға түрлі бағыттағы 571 арыз түскен.

– Шағын және орта бизнес субъектілерінің құқығын қорғау бүгінгі таңда аса маңызды болып отыр. Осы бағытта мемлекеттік мекемелер тарапынан кәсіпкерлерді тексеру бойынша заң бұзушылықтар болды ма?

– Өкінішке қарай, мұндай фактілер ауданымызда бірнеше рет орын алды. Жақын арада кәсіпкерге заңсыз тексеру жүргізген мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкеріне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 175-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Қараша айының басында аудандық прокуратура жанынан құрылған кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау бойынша мобильді топтың сенім телефонына шағым түскен. Онда Есік қаласындағы дүкендердің біріне мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері келіп, құжаттарын тексеріп жатқандығы айтылған. Жедел әрекет еткен прокуратура қызметкерлері заңсыз тексерістің жолын кесіп, аталған мекеменің маманы жауапкершілікке тартылып, 55 560 теңге айыппұл арқалады. Айта кетейік, соңғы 5 жылда облысымызда алғаш рет ӘҚБтК-тің 175-бабы 1 тармағы бойынша іс қозғалып отыр.

– Мұндай оқиғалар жиі тіркеле ме?

– Жиі десек, артық айтқандық болар. Дей тұрғанмен де, кәсіпкерлердің құқығын қорғау біздің негізгі міндеттеріміз болғандықтан, құқық бұзушылыққа жол бермеуге тырысамыз. Жоғарыда аталған сенім телефоны осы мақсатта құрылып, жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

– Бизнес өкілдерін тексеруден бөлек, олардың құқығын шектейтіндер де бар шығар.

– Иә, биыл аудандық жұмыспен қамту орталығы тарапынан осындай заң бұзушылық орын алғандығы анықталды. Сенім телефонына түскен хабарламаға сәйкес, аталған орталық комиссияның оң қорытындысына қарамастан 23 жеке кәсіпкерге мемлекеттік грант ақысын аудару бойынша келісімшарт жасамаған. Аталған талаптарды өрескел бұзғаны үшін аудандық прокуратура тарапынан құқық бұзушылықты жою бойынша ұсыныс енгізілді. Нәтижесінде, 23 кәсіпкердің бизнес идеяларын жүзеге асыруға арналған қаражаттары толықтай төленіп, гранттары берілді. Ал мекеменің маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

– Еліміздегі карантиндік шаралар кезінде бірнеше мекемелермен бірлесіп қызмет көрсету орындарында жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде қандай құқық бұзушылықтар анықталды?

– Аудан аумағында коронавирус індетінің таралуын болдырмау мақсатында бірқатар шектеу шаралары қабылданып, оның орындалуы жүйелі түрде бақыланып отырды. Бірақ, кейбір кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтар санитарлық талаптарды сақтамай, әкімшілік жауапкершілікк тартылды. Бұл бойынша жалпы 123 хаттама толтырылып, 10 млн 667 мың 520 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, кәсіп иелеріне санитарлық қауіпсіздікті қатаң сақтау бойынша ескерту жасалып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

– Басқа тақырыпқа ойыссақ, ауданымыздағы қылмыстың көрсеткіші қандай?

– Биыл аудан аумағында 1206 қылмыстық оқиға тіркелді. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 44 пайызға азайған. Оның ішінде 20-сы аса ауыр қылмыстар, 353 ауыр қылмыс жасалған. Ағымдағы жылы 12 адам өлтіру фактісі орын алып, 50 пайызы ашылды. Айта кетерлігі, бөтеннің мүлкін жымқырушылардың саны едәуір азайып, бұл бағыттағы қылмыс көрсеткіші төмендеді. Айталық, былтыр аудан аумағында 637 пәтер тонау фактісі анықталса, биыл бұл көрсеткіш 207-ге төмендеген. Шаруалардың шамына тиген мал ұрлығы да айтарлықтай азайған, 13 оқиға орын алды. Былтыр төрт түлікті жымқыру бойынша 101 қылмыстық іс қозғалған болатын. «Алаяқтық» бабы бойынша 149 іс қолзғалған. Былтырмен салыстырғанда 24,4 пайызға төмендеген.

– Мереке қарсаңында әріптестеріңізге айтар тілегіңіз болса.

– Мемлекеттегі заңдылықты қадағалап, қоғамдағы тұрақтылықты қаматамасыз етіп, ел үшін жасаған еңбектеріңіз жана берсін. Әріптестеріме адалдық пен қырағылық, қажымас қайрат пен талмас қанат, жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық тілеймін.

– Сұхбатыңызға рақмет.

 

Сардарбек НҰРАДИН

Жұма, 04 Желтоқсан 2020 10:53

Әлеуметтік мәселелер талқыланды

Бүгін «Nur Otan» партиясының кадрлық резерв мүшелері әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.

Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланған жиында аудандық партия филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев іс-қимыл кезеңінің төртінші бағытына тоқталды:

– Ел Президенті маңызды құжатта азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты алдымен баспана мәселесіне байланысты екенін айтып, тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруды тапсырды. Оған қоса, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 700 мыңға жуық салымшыға өз қаржысының бір бөлігін белгілі мақсаттарға алуға мүмкіндік берілді. Бұл реформа келер жылы жүзеге асады. Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй инфрақұрылымын жасауды жеделдетуді тапсырды – деді Қуат Сұлтанұлы. Шара барысында қатысушылар әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бағдарламаларды талқылады.

С.НҰРАДИН

Прирост заболеваемости COVID-19 в Алматинской области составил 0.6 %, предает JETISY MEDIA.

Всего, в регионе зарегистрировано 5800 случаев COVID-19.86% пациентов из них выздоровели. По словам заместителя руководителя Департамента санитарно-эпидемиологического контроля Алматинскойобласти, с начала учебного года было выявлено 67 случаев, лабораторно-подтвержденных COVID-19 среди школьников.

«За последнюю неделю зарегистрировано более 200 случаев КВИ в 12 районах и городах, в частности это: Енбекшиказахский, Жамбылский, Каратальский, Коксуский, Панфиловский, Талгарский, Уйгурский и город Текели», – говорит Асхат Чарапиев.

Исходя из эпидемиологической ситуации, на данный момент установлены санитарные посты в Алакольском районе который граничит с ВКО, Каратальском, Уйгурском районах и в городе Текели. На постах дежурят медицинские работники и сотрудники полиций, которые проводят анкетирование и бесконтактную термометрию въезжающих и выезжающих граждан.

Бейсенбі, 03 Желтоқсан 2020 17:08

Білімді жастар – жарқын болашақ кепілі

Бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасы Қуат Байғоджаев, партияның белсенді мүшелері Асыл Байтулақов пен Тілеулес Ұзақов жастармен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауын түсіндіру мақсатында өткен жиында жастар мәселесі де талқыланды.

– Президентіміз Жолдауда бүгінгі ұрпақтың білімді болуы керектігін айтты. Сонымен қатар жас буынды ерінбей еңбек етуге баулу қажеттігін алға тартты. Сонда ғана еліміз жарқын болашаққа нық қадам баса алады. Саналы, тәрбиелі әрі еңбекқор жастар ғана Мәңгілік елдің іргетасын бекем етеді – деген Қуат Сұлтанұлы Жолдауда көрсетілген жаңа Қазақстанның іс-қимыл кезеңдеріне тоқталып өтті.

Шараға қатысушылар да өздерінің пікірлерін білдіріп, ұсныстарын ортаға салды.

С.НҰРАДИН

Бейсенбі, 03 Желтоқсан 2020 16:17

Жақсылық жасауға кешікпе

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей балалардың  жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы.

Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. Қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету ғана деп ұқпау керек. Сөзбен де, іспен де, басқа жолдармен де қайырымдылық жасау – борышымыз. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіндігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?

Осыған орай, 2020 жылдың 23  қараша күні дәстүрге айналған «Жақсылық жасауға кешікпе!» атты қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Саймасай ауылдық округі  Ветеринарлық пунктінің ұйымы А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің аз қамтылған және толық емес 10 отбасына 60 000 теңгеге азық-түлік себеттерін көмек ретінде ұсынды. Осындай қайырымды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын  табады.

 

Жазира Жакелбаева,

А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Бейсенбі, 03 Желтоқсан 2020 12:34

Қуатыңды алты мақсат жолына арна

 

Жастық шақ – қайтып келмейтін көктем, ағысы өзгермейтін өзен, сондай-ақ, аспанда тек бір рет қана жарқ етіп көрінетін жұлдыз. Осы бір құнарлы кезеңнің көктемінде жас топыраққа егін егіп үлгеріп қалмасаңыз, күзде мол өнім күтпей-ақ қойыңыз. Жастық шақтың ең айқын ерекшеліктерінің бірі – рухани жетілу мен кемелдікті қабылдауға дайын болуы.

Алла Тағала жастық шақты екі әлсіздіктің арасындағы кезең деп сипаттаған. Екі әлсіздік деп балалық шақ пен адамның кәрілік кезеңін меңзеуде. Адамның негізгі өмірі – осы орта кезеңді қамтиды. Сол себепті көбірек сұралатын өмір кезеңі де осы екі әлсіздіктің ортасындағы – қуатты кезең.

Қиямет күні адам баласының сұралатын негізгі төрт сұрағының бірі – жастық шақ. Бұл турасында Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) былай дейді: «Қиямет күні Алланың ешбір құлы өмірін қайтіп өткізгендігі, жастық шағын қалай өткізгендігі, дүние-мүлкін қандай жолдармен тауып, қайда жұмсағандығы және алған білімімен не істегендігі жайлы есепке тартылмайынша бір адам да орнынан тапжылмайды».

Құран аяттары мен Пайғамбар хадистерін жете түсінген Шәкәрім Құдайбердіұлы:

Yш-ақ түрлi өмiр бар: бәрi де – мас,

Бiр рәуiштi болады шал менен жас.

Ең керектi дегенiң – ортаншы өмiр,

Түгел қолың жетпейтiн бiр жанталас.

Қапы өткiзбе сол кездiң бiр сағатын,

Өкiнiшi қалмайды, кетсе ағатың.

Күнi-түнi дей көpмe, ғылым iзде,

Қалсын десең артыңда адам атың.

Өмiрдiң басы – бала, ортасы – адам,

Қартайып, шал болған соң кеттi шамаң.

Мақтап жүрген өмiрiң осы болса,

Үш-ақ ауыз өлеңмен болды тәмам.

Адамзаттың абзалы болған Мұхаммед жас кезінде замандастарымен салыстырғанда оқ бойы алда еді. Жақсы мінезі, адамдармен жақсы қарым-қатынас жасауы, байсалдылығы, әдептілігімен адамдарды баурап алатын. Адамдар оның осындай қасиеттеріне қарап таңданатын. Мекке халқы оның турашылдығы мен адалдығына байланысты Оны «әл-Әмин» («Сенімді») деп атады. Осылайша, ол жас кезінде осы атымен халық арасында танымал болды.

Оған иман келтірген, серіктес болған, исламның туын көкке көтеріп, ең алғашқы ауыртпалықтарды қабылдаған сахабалардың түгелге дерлігі жастар еді. Тіпті, Зубайр ибн Аууам, Әлилер он жасқа да толмаған бала болатын. Сол кездегі жасы үлкен сахабалардың бірі – Әбу Бәкір небәрі 38 жаста.

Қазақ даласында талай данышпандар жас кезінде-ақ өздерінің кемеңгерлігін көрсеткен. Айталық, Төле – Тəуке ханның жеті жарғы, бас биінің бірі он бес жасында халық арасында билік айтқан. Он алты жасында ақын атанып, 27 жыл ғана ғұмыр кешкен Сұлтанмахмұт Торайғыров осы қысқа ғұмырында сол кездегі жастарға үлгі-өнеге бола білді.

Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып, күн болам,

Қараңғылықтың кегіне,

Күн болмағанда, кім болам?! – деп, Сұлтанмахмұт жасынан-ақ алдына биік мақсат қоя білді.

Әрине, көш ілгері басқан сайын сын сағаттары соғатыны ақиқат. Бүгінгі таңда жас буын алдында рухани сананы жаңғырту мақсаты тұр. Ал рухани жаңғырудың бір баспалдағы – имандылыққа тәрбиелеу.

Пайғамбарымыздың жастайынан имандылыққа тәрбиеленген жастар жайында мынандай хадисі бар: «Көлеңке болмаған күні Алланың көлеңкесінде (мейірімінде) болатын жеті адам соның бірі – жастайынан құлшылыққа берілген жас». Әрине, имандылыққа бет бұру – қуантарлық іс. Өкініштісі, таяз ілім-білім салдарынан жат ағымның жетегіне еріп кеткен жастар қаншама. Ойласаң жаның түршігеді. Бұл жерде имандылық жайын айтқанда ең бірінші өскелең бойында дұрыс сенім қалыптастыру маңызды.Осы ретте еліміз бойынша 9 медресе, бір университет және бір институт жұмыс істеуде. Сонымен қатар әр мешіт жанынан сауат  ашу курстары ұйымдастырылуда.

Екіншіден, жас буын бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіру – заман талабы. «Отанды сүю – иманнан» деген қанатты сөз бар. Дінімізде отаншылдық шынайы мұсылманға тән қасиет. Үшіншіден, қазақта «Жігітке жеті өнер де аз» деген тәмсіл бар. Рас, қазіргі заман мұсылмандары тек діни біліммен шектелмей, заманауи технологияны меңгеріп, жан-жақты білімді болуы тиіс. Анастан жеткен хабарда Пайғамбарымыз: «Сендердің жақсыларың дүниесін ақыретке, ақыретін дүниеге тастап қойғандарың емес, бәлкім екі дүниенің арбасын бірдей ұстағандарың. Шын мәнінде дүние ақыретке жетелейді».

Үшіншіден, ерте жанұя құру. Үйленудің мұсылман қоғамы үшін де, жалпы үмбет үшін де көп пайдасы бар. Алғашқысы, адамзат ұрпағын сақтау. Үйлену – жалпы адамзаттың сақталуының бірден-бір кепілі. Үйлену арқылы адамзат тегі көбейіп, тұқымы жойылмай, толқын-толқын болып ұрпақ соңынан ұрпақ ауысып, көбейе береді. Екінші, қоғамдық ахлақты сақтау. Үйлену қоғам мүшелерін ахлақтық, адамгершілік ұстанымдар мен қағидаттардан шығып кетуден сақтайды. Яғни, адал жолмен бас қосып, отбасы болу арқылы Құдай Тағаланың қалауын іске асырып, ізгі мінез-құлыққа, мұсылмандық әдепке қалыптастырады. Үшінші, аурулардың алдын алу. Үйлену некесіз, харам қарым-қатынас пен зинақорлық салдарынан тарайтын сифилис, СПИД сияқты адамзаттың болашағына қатер төндіретін ауру түрлерінің алдын алады. Төртінші, рухани әрі психологиялық жай табу. Үйлену арқылы жұбайлардың арасында сүйіспеншілік пен мейірімділік қатынас орнайды. Бесінші, үйлену арқылы қоғам жанұя алдында, одан кейін қоғам алдында жауапкершілігі артады. Алтыншы, ата-аналық сезімнің қалыптасуы. Үйлену, балалы болу арқылы жұбайларда аталық, аналық ұлы сезім пайда болады.

Әр адамның тәрбиесіне байланысты есеюі де әртүрлі болар «Болар адам, он бесінде бас болар, болмас адам, отыз бесінде жас болар» демекші болар адам ерте жанұя құрып, бойдақтық сергелдеңнен өзін құтқарады.

Жастар үшін төртінші мақсат – жақсы жолдастар таңдай білу. Алла Тағала Құран Кәрімде:«Уа, мүміндер! Алладан қорқыңдар және шыншылдармен бірге болыңдар» деген екен.

Бесінші мақсат – денсаулыққа мән беру, спортпен шұғылдану. Ислам діні өз қоғамын қуатты да айбынды болуы үшін, спортқа ерекше көңіл аударып, онымен айналысуға шақырады. Қасиетті Құранның 42 жерінде «қуат» сөзі кездеседі. Әбу Һурайра жеткізген хадис-шәріпте хазреті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) осы мәселеге байланысты: «Екеуінде де өз қайыры болса да, қуатты мүмін Аллаға, әлсіз мүміннен жақынырақ және сүйіктірек», – деген.

Алтыншы мақсат – білім игеру. Сүннетке сәйкес, ғылым, даналық – мұсылманның жоғалтқаны, оны қайдан болса да табу қажет. Пайғамбарымыз өзінің бір хадисінде: «Білімді талап ету әрбір мұсылманға парыз», – деген.

Білімді игеру кез келген жаста рұқсат болғанымен жастық шақта алған ілімнің берекесі мол.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім,

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім, – депАбай атамыз айтқандай қолымызды кеш сермеп кешігіп қалмас үшін жас кезімізде ілімге мән берейік, талаптанайық, ізденейік, сонда ғана біздің болашаққа береріміз болады. Алла елімізде иманды жастардың санын арттырсын.

 

Сапархан ТӨРЕҚҰЛОВ,

Еңбекшіқазақ ауданының

бас имамы

Бейсенбі, 03 Желтоқсан 2020 12:00

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қасжауы» деген Әбу Насыр Әл-Фараби қай уақытта болсын бала тәрбиесі өте маңызды екенін айтқан. Ал бала тәрбиесінде жеңіске жетудің жолы – еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, мейірімділікке  үйрету.

Бақытты бала – бақытты отбасы – бақытты ел! Осы орайда «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық науқаны барысында Ы.Алтын-сарин атындағы орта мектепте және Қызылқазақ бастауыш мектебінде психолог Б.Кистауова мен әлеуметтік педагог А.Ерлан 10-11 сынып оқушыларымен онлайн форматта «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында конференция өткізді. Зорлық-зомбылықтың алдын алу, зорлық-зомбылыққа жол бермеу, оқушылар арасында заң мен жеке бас құқықтарын түсіндіруді мақсат еткен конференцияда оқушылар өз ойларын еркін айтып, пікірлерімен бөлісті. Мектеп психологі оқушыларға өз құқықтарын қорғау туралы кеңестер берді. Зорлық-зомбылықсыз әлемді  құруға талпынудың маңызы сөз болды.

 

Б.КИСТАУОВА,

Ы.Алтынсарин атындағы  орта мектеп психологі

Бүгін «Nur Otan» партиясының белсенді мүшелері жастармен кездесіп, алда келе жатқан сайлаудың ел болашағы үшін маңыздылығы турасында сөз қозғалды.

Партия белсендісі Бағдат Рахимов жастар қауымының сайлауға белсенді түрде қатысып, саяси науқаннан сырт қалмауы керектігін айтты. Себебі, жастар – қоғамның қозғаушы күші. Мемлекет үшін маңызды сәтте бейқам жүрмеуі тиіс. Сонымен қатар, кездесу барысында пандемия кезінде қоғамдық жұмыс атқарып, ақ халатты абзал жандарға қолғабыс еткен ерікті жастарға ризашылығын білдірді. Өз кезегінде жиынға қатысушылар да  пікірлерін білдіріп, саяси науқанға белсене қатысатындықтарын жеткізді.

С.НҰРАДИН

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет