Дүйсенбі, 07 Желтоқсан 2020 17:08

Дамуға бастайтын маңызды құжат

«Nur Otan» партиясы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Бүгін аудандық партия филиалында кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен кездесу өтті.

Кездесуде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар жайында айтылып, Президенттің биылғы жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауы талқыланды. Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев ел дамуына бастайтын маңызды құжаттағы іс-қимыл кезеңіне тоқталып, талқылады.

С.НҰРАДИН

Дүйсенбі, 07 Желтоқсан 2020 17:06

Сайлауалды бағдарлама түсіндірілді

Бүгін аудандағы этно-мәдени бірлестік төрағаларының қатысуымен жиын өтіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді.

– «Ұлтаралық татулық біздің басты байлығымыз болуы керек» – деген еді Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде. Рас, ынтымақтастық пен бірлік арқылы ғана біз әлемдегі озық елдің қатарынан көріне аламыз. «Nur Otan» партиясының жүргізіп отырған саясаты да сол, еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, дамуға бет бұру – деді аудандық мәслихат депутаты, аудандық күрд этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Надо Надыров. Жиында түрлі этно-мәдени бірлестік өкілдері де өздерінің пікірлерін ортаға салды.

С.НҰРАДИН

Дүйсенбі, 07 Желтоқсан 2020 17:03

Жас спортшылармен кездесу

Спорт – денсаулық кепілі. Спортпен шұғылданып қана қоймай, оны жастар арасында насихаттауға үлес қосып жүрген азаматтарымыз ауданымызда жеткілікті. Кеше «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Қуат Байғоджаев осы бағытта жұмыс атқарып жүрген жастармен кездесті.

Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазастан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын түсіндіріп өткен Қуат Сұлтанұлы ауданымыздағы бұқаралық спорттың дамуына тоқталды. Айтуынша, спортты дамытуға барлық жағдай жасалуда. Спорт кешендері, спорт мектептері жүйелі жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, кешкі уақыттарда мектептердің спортзалдары жастарға есігін айқара ашады. Ал жастардың міндеті – спортпен шұғылданып, «Саламатты Қазақстанның» іргетасын берік ету. Жиын соңында спортшы жастар мәслихат депутатына өздерінің пікірлерін айтып, ұсыныстарын жеткізді.

С.НҰРАДИН

По поручению министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК Багдата Мусина в центрах обслуживания населения возобновлена работа секторов самообслуживания. Напомним, ранее работа данных секторов, предназначенных для самостоятельного получения электронных госуслуг, в ЦОНах крупных городов и областных центров, была приостановлена в связи с введением карантинных мер.
С апреля месяца казахстанцы могли получать е-услуги самостоятельно на портале egov.kz, в мобильном приложении egovmobile и телеграм-боте eGovKzBot2.0. Кроме того, по всей республике для удаленного получения государственных услуг было открыто более 700 уголков egov.kz. Они функционируют в зданиях акиматов, торгово-развлекательных центрах, библиотеках, учреждениях образования и здравоохранения и т.д.
При этом электронные госуслуги в ЦОНах могли получить лица с ограниченными возможностями, пенсионеры и члены многодетных семей. Для них в каждом отделе функционировали льготные окна.
С возвращением секторов самообслуживания любой гражданин может получить электронные госуслуги в здании ЦОН самостоятельно без бронирования очереди. Сохраняется требование по соблюдению масочного режима и социальной дистанции. В настоящее время возобновлена работа секторов в 137 ЦОНах Казахстана. В них уже организовано более тысячи ста рабочих мест. Для консультирования граждан выделено около трехсот специалистов госкорпорации. При этом продолжат работать уголки egov.kz вне зданий ЦОН.
Напомним, самыми востребованными е-услугами среди казахстанцев являются: получение электронно-цифровой подписи, выдача справок о наличии/отсутствии судимости, справок из психо/-нарко диспансеров, онлайн регистрация по месту жительства, прикрепление к медицинской организации и т.д.
Госкорпорация «Правительство для граждан» дополнительно сообщает, что ТОО и ИП, предлагающие помощь в получении электронных государственных услуг за денежное вознаграждение, никакого отношения к деятельности госкорпорации не имеют и являются субъектами частного предпринимательства. Передавая им свою электронно-цифровую подпись, вы рискуете оказаться жертвой мошенников.
Будьте бдительны! Соблюдайте правила хранения ЭЦП и получайте услуги самостоятельно у себя дома либо в секторах самообслуживания в ЦОН.

 

Дополнительная информация:
Айна Файзулдина PR-менеджер филиала по Алматинской области
+77474628702

Дүйсенбі, 07 Желтоқсан 2020 16:31

ЖОЛДАУ БАСЫМДЫҚТАРЫ – ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына биылғы Жолдауының мән-мағынасы өзгеше. Бұл – дағдарыс кезінде халықты біріктіретін, қиындықтан шығудың бағыт-бағдарын көрсететін құжат деп қабылдаймыз.

 

Президенттің – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғары Басқолбасшысының Жолдауын әскери қызметшілер мұқият тыңдады.

Жолдауды тыңдап болған соң, ондағы айтылған сөздерді ұжым болып талқылау және егжей-тегжейлі зерделеу, жыл сайынғы әдетімізге айналғаны рас. Әрбір Жолдаудың өзіндік ерекшелігі мен әскери қызметшілерге беретін әсері бар және тыңдаушы қауымның өз болашағы мен ел келешегіне деген сенімін арттыратынын атап өткен де жөн болар. Жолдау барысында көптеген мәселелер көтерілді. Соның бірі, яғни біздің әскери қызметке қатысы бар, Үкіметпен бизнес бірлесіп,агроөнеркәсіптің бесжылдық дамуы жөніндегі сапалы жаңа ұлттық жобаның әзірленіп жатқаны.

Мемлекет басшысы Жолдауында: «Біздің негізгі міндетіміз – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өзіндік қамтамасыз ету» - деді. Мұны, Қазақстанның басқа елдерге тәуелді болмай, Отандық өнімді дамыту деп түсіндім. Сүт, май, нан және басқа да өнімдеріміздіелімізде өндіріп, оны өндірушілерге мемлекет тарапынан қолдау тапса, қандай жақсы! Бүгінгі таңда, мерзімдік қызметтегі сарбаздардың тамақтануы тендерлік жүйе арқылы өткізілетін мемлекеттік сатып алумен тікелей байланысты екені баршамызға мәлім. Тендерге түсуші фирманың азық-түлік және басқа да өнімдері өзінен болғаны, әсіресе олардың бағаларының төмен болуы оларға әлдеқайда тиімді. Ал, біз үшін әрбір тауардың сапалы болғаны және оның сарбаз көңілінен шыққаны керек.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаевтың медицина саласы бойынша айтқан шешімдері мен тапсырмалары халық көңілінен шығары сөзсіз деп ойлаймын. Оған дәлел ретінде мына сөздерді алуға болады: «Тағы бір мәселе – медициналық инфрақұрылымды дамыту. Жыл соңына дейін ел аумағында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады. Ал 2025 жылға қарай Денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы  нысан пайдалануға беріледі. Бұл осы мақсатқа орай 1,5 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылады деген сөз.  Елбасының бастамасымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі көпсалалы медициналық орталық салынады. Бұл орталық — еліміздің бетке ұстар салалық мекемелеріне айналып, инновациялық өсімге және қолданбалы медицинаның дамуына тың серпін береді.

2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғары болады. Мазмұндалған ақпаратқа сәйкес, мемлекетіміздің медицина саласына көп көңіл бөлгенінтолығымен құптаймын. Әрине, дәрігерлердің еңбегі өлшеусіз. Пандемия кезінде бастарын қауіпке тікті. Осы ретте, індеттің жауынгерлер арасына таралмауына тосқауыл қоюмен тәулік бойы арпалысып жүріп, қаза болған Ұлттық ұланның екі жас сардарын айтып өтпеу мүмкін емес. Олардың, өмірде ешқашан болмаған індетпен күресу бойынша тәжірибесінің аздығына қарамастан, Отан алдындағы борышын ерекше ынта-жігерімен орындауы, ерен еңбегі есімізде мәңгі қалатынына күмәнім жоқ.

Негізінде, пандемия уақытында біздің Ұлттық ұланда жеке құрамды медициналық қамтамасыз ету бойынша сұрақтар туындаған жоқ және ақ халатты абзал жандар әрқашан өз міндеттерін абыроймен атқаруда. Ел халқының арасына жаппай індет таралған уақытта,біздің әскери бөлімнің жауынгерлерінің де еңбектерін атап өтсек артық етпес. Олар Президенттің шешімімен төтенше жағдай жарияланған уақытта Алматы қаласы мен облысының кейбір аудан орталықтарында ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздіктісақтау бойынша қызметтік-жауынгерлік тапсырманы орындап, ауырған жандарға көмектесті.

Жалпы, Президенттің Жолдауын түсінген әрбір Қазақстан азаматы өз тарапынан білгенінше, шамасына қарай адал еңбек етіп, аянбай үлесін қосатын болса, жоспарда көрсетілген шараларды жүзеге асыруымызға ештеңе кедергі бола алмайды. Мен бұл тұжырымды әскери-патриоттық тәрбие беретін ортадағы басшылардың бірі ретінде айтып отырмын және Ұлттық ұлан жауынгерлеріалдағы уақытта да еліміздің тыныштығын күзету жолында талмай еңбек етіп, міндеттеріне адал болады деп сенемін.

 

Еркен Жанабергенов,

 6654 әскери бөлім командирі

полкковник

Елімізде жарияланған төтенше жағдайдан кейін жұмысын бастаған қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтарында коронавирус пандемиясына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының жұмысы шектелген болатын. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің тапсырмасымен бұл аймақтардың жұмысы 30 қарашадан бастап қайта жанданды.
Бүгінде республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда 137 өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы іске қосылды. Онда азаматтарға кеңес беру үшін мыңнан астам қызметкер тартылды. Келушілер ондағы компьютерлер арқылы керекті анықтамалар мен электронды қызметтерді өз беттерінше ала алады. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторындағы ең көп алынатын қызметтерге ЭЦҚ рәсімдеу, соттылықтың болуы/болмауы туралы, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлердің есебінде болмау туралы анықтамалар алу, тұрғылықты жер бойынша тіркелу және емханаға тіркелу кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, карантин уақыты барысында электронды қызметтерді алу үшін қалалардағы сауда орындары, жоғары оқу орындары, қала әкімдігі сияқты азаматтар көп баратын жерлерде 700-ден астам egov бұрыштары іске қосылған болатын. Онда компьютері немесе интернет байланысы жоқ азаматтар қажетті анықтамалар мен қызметтерді рәсімдейтін. Аталған бұрыштар әлі де қызметін жалғастыратын болады.
Бұған дейін тегін алуға болатын электронды қызметтерді ақылы түрде ұсынатын мекемелердің жұмысына байланысты азаматтардың шағымы көбейген болатын. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы олардың жұмысына еш қатысы жоқтығын және анықтамаларды алу үшін бөгде азаматтарға жеке мәліметтерді ұсыну қауіпті екенін ескертеді.
Мемлекеттік корпорация қайта жанданған өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында барлық санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ өздігінен қызмет алушыларға бетперде тағып, арақашықтықты сақтау қажеттігін еске салады.

Қосымша ақпарат алу үшін:
Айна Файзулдина

Алматы облысы бойынша филиалының PR менеджері
87474628702

Еңбекшіқазақ ауданы әкім аппаратының АХАТ бөлімі, Сіздерге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті балалардың туу туралы куәліктерін беруге қатысты 18.11.2020 жылғы №1-9-/5562-И хатына сәйкес, келесіні хабарлайды:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы Заңына сәйкес бала асырап алуды және әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу туралы баптарды алып тастағанын хабарлайды.

Бала асырап алу және әке болуды анықтау оқиғалары мен фактілері тиісті өзгерістер, толықтырулар енгізу арқылы тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасында көрсетеді.

Осылайша, жоғарыда аталған өтініштер келіп түскенде, тек туу туралы куәлік беріледі.

Сонымен қатар, «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жаз-балардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 21 бұйрығына сәйкес, бала асырап алу және әке болуды анықтау акт жазбалары мен  куәліктердің нысандары алып тасталды.

Демек, аталған түрлер бойынша куәліктер қайта берілмейді. Растайтын құжат алу қажет болған жағдайда, бекітілген үлгіге сәйкес енгізілген өзгерістің негіздемесі көрсетілген  туу туралы анықтама беріледі.

Азаматтардың негізделген шағымдарын және әлеуметтік шиеленісті болдырмау мақсатында, тіркеуші органдар туу туралы анықтамаларды берген жағдайда, мұндай анықтамалардың туу туралы куәлікке тең екендігін және куәліктерге ақысыз айырбастау мүмкіндігі туралы ақпаратты назарларыңызға жеткізеді.          

Еңбекшіқазақ ауданы тұрғындарының назарына туу туралы, некеге отыру, некені бұзу,қайтыс болғандығы туралы куәлік алу және азаматтық хал атілеріне өзгеріс енгізу туралы мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz арқылы бере алатындығы туралы хабардар етеміз.

Байланыс тел.:7-21-10.

   Г.К.Кульжабаева,

АХАТ бөлімінің басшысы

Дүйсенбі, 07 Желтоқсан 2020 09:57

«Ақ кимешек астынан сені көрем...»

Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарамаған. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», − деп отбасындағы  қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөледі. Тал шыбықтың басын қалай бұрсаң солай иілетіні сияқты жас жеткіншектің де діңгегінің берік болмағына ата-анасы берер тәлімінің орны бөлек. Соның ішінде, әжелер академиясының өнегелі болашақ қалыптастырудағы үлес салмағы зор екені анық. Оған әже мейіріне бөленіп өскен, бүгінде тұлға ретінде қалыптасып үлгерген жандардың өзі куә. Мәселен, кейіпкеріміз Әлім Әсел «Әжем менің адам болып қалыптасуыма айрықша ықпал етті» дейді. Әлім Әсел – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінде оқытушы. Болашақ БАҚ саласының мамандарын даярлауда өзіндік тәлімін беріп, тәжірибесімен бөлісіп отырған ұстаз.

«Әже тәрбиесі немере үшін ғана емес, келін және отбасының өзге де мүшелері үшін маңызды. Ол – ақылшы. Әкем мен анам бала күнімде өздері жұмыс істеп, қызметтерін атқару үшін әжеме апарып тастаған екен. Әжемнің қасында еркелеп өстім. Бақытты бал балалық шақтың иесі болдым», – деп сағынышын жеткізе сөйледі. Кейіпкеріміз «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» дей келе, сол қазыналарды бағалай білуге шақырды. «Себебі, тап осы сәт қайталанып келмейтіні анық. Сол секілді, ақ жаулықтыларымыздың жанында өткен әрбір уақыттың қадірін білмек керек», − дейді Әлім Әсел.

«Әжеме ілесіп жүретінмін. Үлкендердің арасында болып, әңгімелерін тыңдап өстім. Осының пайдасын көп көрдім. Ақсақалдардың өмір тәжірбиесінен сабақ алдым. Батасына да ие болдым. Мен үшін мұның барлығы үлкен мектеп болды. Әрине, базарлықсыз әжені елестетуге бола ма? Той-томалақтан құрт, кәмпитін міндетті түрде ала келетін. Оған біз де әдеттенгенбіз. Соның барлығы үйден табылып тұрса да, әжем қалтасына салып алып келген алманың дәмі бөлек еді. Бала-шаға болып, таласа-тармаса бөлісетінбіз. Ұлмекен әжем қазақ фольклорына қанық. Мақал-мәтел жаттатып, аңыз-әфсаналарды құлағыма сіңіріп өсірді. Одан бөлек, бүгінгі қоғам көп елей бермейтін ырым-тыйымдардың өзі сайып келгенде бала психологиясына өте пайдалы болады. Әже тәрбиесіне берілген бала міне, осының бәрін алып жетілер еді», − дейді Ә.Әлім.

«Қайтыс боларының алдында әжемнің  көзі көрмей кетті. Бала көңілім соған қатты қапаланатын» − деп әңгімесін көзіне жас ала түйіндеді. Соңында «Қарияларымыздың жасы ұзақ болсын!» деп тілегін айта келе, Мұқағали Мақатаевтың өлеңімен тәмамдады:

Әже, сен бірге жүрсің меніменен,

Өліге мен өзіңді телімегем.

Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем,

Ақ кимешек астынан сені көрем.

Өңі-түсі өзіңнен бір аумайды,

Немересін ертпесе жүре алмайды.

Таныс дауыс, таныс сөз, таныс мәсі,

Көзіме оттай басылып, алаулайды...

 

Ілия СҰЛТАН

Дүйсенбі, 07 Желтоқсан 2020 09:50

Саналы ұрпақ – жемқорлықсыз болашақ

жемқорлықты болдырмаудың негізгі бастауы – жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады. Жоғарыда аталған мәселелер бойын-ша біздің Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп – мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі тәрбиелік іс-шаралар жоспары бекітіліп жүйелі түрде жүргізілуде.

Жақында  аудан  әкімдігі мен  ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырған  жемқорлыққа қарсы еркін форматтағы «Саналы ұрпақ» эссе байқауында мектебіміздің жас мамандары кітапханашы  Туйтебаева Айгерім І орын, бастауыш сынып мұғалімі Боранбаева Айгерім ІІІ орын иегерлері атанды. Мұнымен айтпағымыз мектеп ұжымы ішінде жемқорлыққа «төзбеушілік» ұғымын қалыптастыру. Мұндай іс-шаралар тек биылғы оқу жылында ғана емес, бірнеше жылдар бойы атқарылып келеді. Әрине, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті  қалыптастыру жолында мектептің атқаратын рөлі, жауапкершілігі жоғары деп санаймыз. Яғни жас ұрпақтың ауыр жүгін көтеруде біз мұғалімдер аянбай тер төгуіміз қажет.

 

Лейла ИТЕМИРОВА,

мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары

Дүйсенбі, 07 Желтоқсан 2020 09:42

Тәлімді ұстаз тағылымы

Тұлғасы білім мен мейірімнен қаланған ұлағат иесі ұстаз болу – асқан жауапкершілік. Себебі, сары ауыз балапандай алдына келген баланың қанатын қатайтып, өмір айдынына бейімдеу – атанға артарлық жүк. Мұны қазіргі карантин жағдайында жақсы біліп отырмыз. Әлбетте, әр істің бір қайыры бар. Осынау ел басына төнген сын сағат бір-біріміздің қадірімізді ұғынуға, еңбегімізді бағалауға мүмкіндік берген сыңайлы. Мектеп – ұстаз – ата-ана... Арасындағы жіпсіз байланыс нәтижесі – тәрбиелі, білімді жас ұрпақ. Осы орайда Б.Майлин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Гүлнұр Жұмаханова жайлы әңгіме болмақ.

Әрине, мұғалім көп. Әйткенмен, бала бойындағы қабілетті көре білу, әрбірімен жеке жұмыс жүргізу, тұлғалық қасиетін дамыту екінің бірінің қолынан келмейді. Ақиқатында, біліксіз маман, жауапсыз ата-ана бар, ал жаман оқушы жоқ. Осыны жіті ұғынған Гүлнұр Абдвалиқызы 30 жылға жуық шәкірт тәрбиелеумен айналысуда. Жуырда еңбегі еленіп, аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Аудандық «Ұстаздар әулеті» байқауында үздық шығып, облысқа жолдама алды. Әке-шешесі осынау ұлы қызмет жолына ғұмырын арнаған ұстаздар әулетінен шыққан Гүлнұр Абдвалиқызы пайым-парасатымен оқушылары алдында абыройлы.

Бүгінгі жас буын – желкілдеп өскен жас шыбық іспетті. Оны қалай бұрсаң, тамыры солай бекиді. Біздің қуанатымыз – Гүлнұр Жұмаханова секілді білікті ұстаз қолында балапандарымыз тәрбиеленіп жатқандығы. Әрине, осындай ұстаздар саны еселеп өссе деген тілекпен

 

Б.Майлин атындағы

мектептің 3 «ә» сынып ата-аналары

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет