Внештатный советник министра труда и социальной защиты населения РК АйжаниНурлановас рабочим визитом посетила Алматинскую область. Доверенное лицо министра ознакомилось с реализацией в регионе программы «Еңбек» и «Дорожная карта занятости-2020», результатами которых поделилась на площадке «JetisyMedia».

Так, по словам спикера, Алматинская область занимает лидирующие позиции по осуществлению двух государственно- важных программ.

Прошло уже три года с момента запуска "Еңбека". Первоначально было направлено 16 млрд тенге. На эту сумму в 14 учебных центрах более 2500 человек получили азы бизнеса и смогли открыть свое дело. 2046 имеют постоянные рабочие места. Из числа лиц, прошедших обучение по второму этапу, 1094 человек получилимикрокредиты в размере 4791,3 млнтенге.

Стоит также отметить, что были выделены почти 2500 грантов на сумму 1328,5 млн тенге. Что касается третьего направления, благодаря программе в настоящее время 1375 граждан  являются социальными работниками, 1932 человека являются выпускниками программы «Молодежная практика». 19 958 из них направлены на координацию общественных работ. Показатель неплохой, отметила АйжаниНурланова.

«Что касается  «Дорожной карты занятости-2020», вАлматинской области завершены 898 проектов, на реализацию которых было выделено 105,6 млрд тенге. В планах создание порядка 21 тысяч рабочих мест. Алматинская область идет к намеченному рубежу. Так, трудоустроено 19 240 жителей, из них через центр занятости трудоустроено 9 471 человек. Средняя заработная плата трудоустроенных по программе составила 89 242 тенге, что очень даже не плохо. Особо хочу отметить работу, которая проделывается в районах и сельских местностях Семиречья. Строятся новые важные для населения объекты, которых нет ни во всех уголках страны. Конечно, все это благодаря поддержке вашего акимаАмандыка Баталова. Если все будет продолжаться в этом духе, то регион станет еще комфортнее и краше»,- подытожилаВнештатный советник министра труда и социальной защиты населения РК АйжаниНурланова.

Сейсенбі, 22 Желтоқсан 2020 10:23

Мектеп – білім айдынындағы үлкен кеме

Мектепті білім айдынындағы үлкен кемеге теңегім келеді. Осы кемеде бала он бір жыл уақытын өткізеді. Бұл кемеде небір дарынды тұлғалар да, әлемді бас идірген ағаларымыз да, сіз де, біз де отырдық.
Мектеп, шәкірт. Осы екі сөзге жан бітіретін – ұстаз. «Мектеп – білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі» деген нақылдың мәнін ұқтырғандай. Мен ұстазды ақылдың бейнесі деп білем. Ұстаз жылы сөзімен-ақ, айтқан ақылымен-ақ қаншама жанның жүрегінен орын алды. Бар білген-жиғанын шәкіртіне тосып беріп, шексіз қайырымдылық жасайды.
Ұстаз – басқа сала мамандықтарына қарағанда, ең қиын, ең ізгілікті мамандықтардың бірі. Себебі басты міндет, ең құнды әрі маңызды мәселе – еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпаққа терең білім мен сапалы тәрбие беру. Бауыржан Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» дегеніндей, ертеңгі ел тұтқасы болатын жас буынды тәрбиелеу міндеті бүгінгі ұстаздар қауымның мойнында. Мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Қиын да маңызды міндеттерді жүзеге асыра алатын, тек ұлағатты ұстаз. Осындай ауыр жүкті алып жүріп, шәкірттерімізді терең біліммен қаруландырып, үлкен өмірге дайындау тек білікті ұстаздарымыздың қолынан келмек. Бұл жолда тынымсыз еңбек етіп, толассыз ізденістен жалықпайтын жандар ғана жетістікке жете алады.Осы орайда, біздің Көктөбе орта мектебінде дәл осындай қабілет пен қасиеттерді бойына сіңіре білген ұстаздар жетерлік.

Өткен оқу жылдары мектеп ұжымы үшін жеңіс пен жетістіктерге толы жылдар болды. Себебі, мектебіміздің білікті ұстаздары еліміздің қиын қыстау кезінде де көптеген байқаулар мен конкурстарға, олимпиада, т.б сайыстарға қатынасып, ұжым абройын асқақтата білді. Мектеп басшысы Талқамбаева Айжан Жақыпбекқызы үнемі ұстаздарға «Ұлттық тәрбие – ел болашағының діңгегі» рухани сенімі мол ұрпақты тәрбиелеу келешектің бізге артқан міндеті екенін айтып, ұдайы ескертіп отырады. Мектеп – бұл тек білім беру ұйымы ғана емес, сонымен қатар мәдени орталық, онда қоғамдық өмірі қалыптасады, сонымен бірге «Оқушылардың бойында тәрбие кеңістігінде өмірге деген құнды көзқарас қалыптастырудың» жобасы мектептен бастау алатынын ұстаздар қауымына ескертеді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»,- дейді дана халқымыз. Иә, "Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады" демекші, білікті басшы, шығармашыл тұлға, ұжым мақтанышы. Біздің сынып оқушыларының біраз жетістіктері бар. Атап өтсек М.Орақбай «Абай ұлы тұлға» атты Республикалық шығармашылық байқауына қатысып дипломмен марапатталды. А.Асқарқызы Республикалық конкурсқа қатысып «Менің сүйікті қалам»атты тақырыбында материал дайындаған үшін 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.Тұрғын .Ш «Абай салған дара жол» халықаралық өнер және білім байқауына қатысып бас жүлде иеленді. А.Аманбай, Ж.Ескермес, Б.Нұрғазы ADEBI.KZ жалпы республикалық байқауына қатысып, дипломдармен марапатталды.

Гүлшат АЙДАРБЕК,
Көктөбе орта мектебінің
ағылшын пәнінің мұғалімі

Елімізде төртінші жыл қатарынан жастар корпусын дамыту жобасы – «Zhasproject» жұмыс істеп келеді. Жоба мақсаты – осал топтағы жастардың әлеуметтік жобасына қайтарымсыз грант беріп, іске асыру барысында қолдау көрсету.

Биыл «Zhasproject» жобасы еліміздің екі өңірде іске асырылды. Олар: Қарағанды және Алматы облысы. Қазіргі таңда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында 65 781  жас бар. Жастар корпусын дамыту жобасынан 58 әлеуметтік жобаға жастарымыз қол жеткізді. Жобалар көбінесе наубайхана, сұлулық салондары, тігін шеберханалары саласында ашылды. Өзіміздің ауданның С.Мұрал, А.Оспанбаева, А.Мүнкебаев, Ж.Елеулова, Ә.Мағжан сынды жастары әрқайсысы 1 млн. теңге көлемінде грантқа ие болып, түрлі салада әлеуметтік жобасын жасап жүр.

Сая Мұрал, «Сұлулық территориясы» Нұр сұлу әлеуметтік жобасының лидері:

- Ауылымызда керемет салон ашылды. Ауыл тұрғындары енді шаш алдыру үшін орталыққа барып қиналмайтын болды. Алғашқы транш түскенде заттарымыз толық алынбады. Екінші транш түскен бетте толыққанды жұмысымызды бастай алдық. Ауылдағы ақсақалдар мен зейнеткерлер тегін қызметке дән ризашылығын білдірді. Үйде отырған аналарымыз тырнағын тегін боятып, шаштарын әрлете алды. Жобамызда алғашында адамдар аз еді. Уақыт өте келе айына 50-ден аса адамға шаштараз қызметін ұсынатын болдық. Болашақта жұмысымызды одан әрі жалғастырамыз деген ойдамын.

Гүлжайна Рахманова, «Кәсіби шаштараз оқыту орталығы» жобасының лидері:

- Жобамның негізгі мақсаты – жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін азайту. Осы бағытта менің жобам жүзеге асатын Есік қаласында қазіргі уақытта 169 жұмыссыз жас болса, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі 48 азамат бар.  Біздің жобамыздың ішінде арнайы оқыту курсынан өтіп, тиісті дипломын алған мастер Асылхан Мункебаев бар. Осы жігіттің көмегімен жоба аясында Есік қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға, көпбалалы отбасынан шыққан, толық емес және жұмыссыз жастарға, шартты жазасын өтеп келген азаматтарға шаш қиюдың қыр-сырын үйретті. Жоба аяқталғанға дейін қызметті толық үйретіп, тұрақты жұмыс табуына көмегімізді тигіземіз деп сенемін. 

Ә.Мағжан, әлеуметтік сұлулық салоны:

- Біздің жобамыз мүмкіндігі шектеулі, жартылай жетім және жұмыссыз жастарға сұлулық салонының қыр-сырын үйрету мақсатында ашылды. Біз тұратын Бөлек ауылында 1206 жас бар. Онын ішінде жұмыссыздар – 213, мүмкіндігі шектеулі жандар – 17, сонымен қатар жетім, 15жартылай жетім жас бар. Жобаны іске асыру барысында студенттер тегін бет әрлеуді, тырнақ, кірпік жалғауды, шаш әрлеуді, тағы басқа да сұлулық  салоны қызметтерін үйренді. Менің мақсатым – қолынан іс келетін әрбір азамат еңбекке араласып, болашақта өз кәсібін ашса деймін.

Салтанат ӘШІРБАЙ,

«Zhasproject» жобасының баспасөз хашысы

Дүйсенбі, 21 Желтоқсан 2020 15:57

Жаза күшейтілді

2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру жəне жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Заңы (бұдан əрі Заң) қолданысқа енгізілді.
Қандай да бір кез болмасын қылмыс біздің қоғамымыз бен әрқайсымыздың өміріміз үшін өте қауіпті құбылыс екенін ескерсек, оның ішінде заңсыз бөтен мүлікті ұрлау әр уақытта да қоғамның мүдделеріне, зиян келтіретін қауіп және дерт, яғни жәбірленуші ғана емес, жалпы қоғамымызға да өте қауіпті құбылыс деп бағаланады. Ұрлық және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері Зорлау (ҚК 120-бабының 1-бөлігі) жəне сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық əрекеттері (ҚК 121-бабының 1-бөлігі), сондай-ақ тұрғын үй, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға немесе көлік құралына заңсыз кіру арқылы ұрлау ауыр қылмыстар санатына ауыстырылды, яғни олар бойынша тараптардың татуласуына жол берілмейді.
Осыған орай, өзгерген Қылмыстық Кодекстің 188 бабына сәйкес, бірнеше рет және тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық бойынша санкциясы мүлкiн тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Бұл ҚР ҚК-нің 121 бабы, яғни, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша қылмыстар жауапкершілігі бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 73-1 денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
Яғни, бұл жағдайда құқық бұзушымен татуласу құқығы алынып тасталған. Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу ҚР ҚК-нің 296 бабы, қоғамдық орындарда есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес тұтыну – сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
ҚК-нің 297, 299 жəне 301-баптары бойынша оларды жасаудың жеке саралау белгісі енгізілді – «электрондық ресурстарды пайдалану арқылы», ал ҚК – нің 297-бабында «қоғамдық орында». Масаң күйде көлік құралдарын жүргізгені үшін жауаптылық яғни, көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік жəне (немесе) уытқұмарлық масаң күйде жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы (ҚК 345- 1-бабы) санкциясы, адам денсаулығына орташа зиян келтірсе, бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, ауыр немесе адам өліміне әкеп соқтырған іс әрекет үшін жауаптылық үш жылдан жеті жылға дейіні мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Бұл ретте осы бапта аталған адамдарға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған адамдар жатпайды. Олардың жауаптылығы ҚК-нің 346-бабы бойынша туындайды; Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы; ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 517-бабына сәйкес, шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.


 
Еңбекшіқазақ ауданының
прокуратурасы

Напомним, с ноября прошлого года такая возможность была только у жителей столицы и г. Шымкент. Теперь же госкорпорация «Правительство для граждан» совместно с АО «Национальные информационные технологии» реализовала данную госуслугу на портале электронного правительства egov.kz для жителей всех регионов Казахстана. Новая услуга позволит казахстанцам получать техпаспорт на недвижимость онлайн, не посещая ЦОН.
Чтобы получить электронный техпаспорт на портале электронного правительства необходимо войти в раздел «Недвижимость» и выбрать услугу «Подача электронного заявления на получение технического паспорта объекта недвижимости». Сделав онлайн запрос правообладателям квартир, комнат в общежитиях, индивидуальных гаражей и дачных строений нужно прикрепить документы, указанные в перечне.
Срок изготовления документа зависит от вида строения. По итогам проведенного технического обследования техпаспорт квартиры, комнаты в общежитиях выдается на третий рабочий день, на индивидуальные гаражи и дачные строения - на 5 рабочий день.
Электронные техпаспорта на квартиры, комнаты в общежитии, индивидуальные гаражи и дачные строения будут содержать те же данные, что выдаются в ЦОНах с печатями и подписью. Электронные аналоги будут подтверждаться электронной-цифровой подписью работников, которые были задействованы при оказании госуслуги.
К слову, за время действия пилотного проекта в г. Нур-Султан и Шымкент новые электронные техпаспорта получили более 12 тысяч граждан.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айынан бастап мұндай мүмкіндік тек астана мен Шымкент қаласының тұрғындарында болған. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, аталған мемлекеттік қызметті Қазақстанның барлық өңірінің тұрғындары egov.kz электрондық үкімет порталынан ала алатындай етті. Жаңа қызмет қазақстандықтарға ХҚО-ға бармай-ақ, жылжымайтын мүлік техпаспортын онлайн алуға мүмкіндік береді.
Электрондық техпаспортты электронды үкімет порталында алу үшін «Жылжымайтын мүлік» бөліміне кіріп, «Жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын алуға электронды өтініш беру» қызметін таңдау қажет. Пәтерлердің, жатақхана бөлмелерінің, жеке гараждардың және саяжай құрылыстарының құқық иелері онлайн сұрау салғаннан кейін тізімде көрсетілген құжаттарды тіркеуі қажет.
Құжатты дайындау мерзімі жылжымайтын мүлік түріне байланысты. Техникалық тексеру қорытындысы бойынша пәтердің, жатақханалардағы бөлменің техпаспорты үш жұмыс күні, жеке гараждар мен саяжай құрылыстарына бес жұмыс күні өткен соң беріледі.
Пәтер, жатақхана бөлмесі, жеке гараждар мен саяжай құрылыстарына рәсімделетін электронды техпаспорт ХҚО-да қолтаңбамен расталып, мөр басылып берілетін құжаттағыдай бірдей деректерді қамтиды. Техпаспорттың электронды баламасы Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге тартылған қызметкерлердің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен расталатын болады.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында жүзеге асырылған пилоттық жоба аясында 12 мыңнан астам қазақстандық жаңа техпаспортты электронды тәсілмен алған.

Дүйсенбі, 21 Желтоқсан 2020 09:27

Коронавирустың алдын алу үшін

Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасы емханасының дәрігер-эпидемиологы Айдана Дарбекова коронавирус инфекциясының өсуіне не себеп болуы мүмкін екенін түсіндіріп, вирустың алдын алуға көмектесетін ақыл-кеңесін айтты.

– Коронавирус кенеттен пайда болғандай дәл солай жоғалып кетуі мүмкін бе?

– Шамасы, COVID-19 вирусы келесі жылы да мүлдем жойылмайды және ЖРВИ тудыратын микроағзалардың үлкен тобындағы вирустардың біріне айналады. Аурудың өршуі әр адамның жеке ерекшеліктеріне байланысты. Инфекция ауруындағы микроағзалардың қарсыласу факторларынан және аурудың түрлі дәрежесінен бөлек, қоздырғыштың вируленттілігі және оның адам ағзасына түсетін мөлшері маңызды. Бұл барлық жұқпалы ауруларға, соның ішінде COVID-19-ға да қатысты.

– Коронавирус пен тұмау қатар келіп қалса, күшейе түсе ме?

– Мұндай гипотезалар бар, бірақ аурудың мұндай расталған жағдайлары болған жоқ. Себебі, бағымызға қарай тұмау эпидемиясы әлі болған жоқ. Коронавирус пен тұмау вирусының ықтимал «қабаттасып келуін» болдырмау үшін халықты алдын ала вакцинациялау жүргізілді. Бұл әсіресе ең осал санаттарға қатысты. Тұмау вирусы мен COVID-19 бір аймақта жұмыс істейтін пневмотропты инфекциялардың екі қоздырғышы деп нақты айта аламыз. Егер біреуі қабынуға ықпал етсе, екіншісі жою үшін жұмыс істей алмайды. Олар бір-бірін күшейтеді.

Тұмау вирусы жылына екі рет – күздің аяғында және ерте көктемде, суық және ылғалды болған кезде белсенді түрде жүреді. Бұл екі кезең эпидемиялық болып саналады. Эпидемия аралық кезеңде ол жасырын инфекция түрінде сақталады.

– Ылғал деңгейі СOVID-19-дың берілу қарқынына қалай әсер етуі мүмкін?

– Ғимараттардағы, пәтерлердегі және басқа бөлмелердегі микроклимат, дәлірек айтқанда, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы әсер етеді. Біз өміріміздің көп бөлігін үй-жайларда, бір-бірімізге жақын жерде өткіземіз. Адамның иммундық жүйесінің қоздырғыштарға жауап беру қабілеті құрғақ ауада басылады.

Салыстырмалы ылғалдылығы 40-тан 60 пайызға дейінгі ортада адамдар вирустарды басқаларға беру қабілетінің төмендігін көрсетті. Сонымен қатар салыстырмалы ылғалдылығы жоғары бөлмеде респираторлы вирустың таралуына қолайлы жағдай жасалды және беткі қабаттарға орнады.

Тұрғындар беткі қабаттарды дезинфекциялаудың және жеке гигиенаның маңыздылығын, сондай-ақ коронавирус жұқтырған адаммен тығыз байланыс арқылы берілетінін ұмытпауы керек. Үйлердегі салыстырмалы ылғалдылықты 50 пайыз деңгейінде сақтау ұсынылады.

– Коронавирус пандемиясы кезінде қандай өнімдер қауіпті?

– Суық тию мен вирус инфекциялары кезінде иммунитет өте маңызды, сондықтан оны сақтау үшін дұрыс тамақтану керек. Тамаққа дәрумендер мен минералдары бар көкөністер мен аскөкті қосыңыз.

Дегенмен, қолданыстан мүлде шығарып тастайтын өнімдер бар. Бұл санатқа тағамдық құндылығының болмауына байланысты консервілер кіреді. Қант қан тамырларының қабырғаларына теріс әсер етеді, сондықтан оны да қолданбаған дұрыс. Қуырылған тағамдар мен фаст-фудты тұтынуды азайту керек.

– Карантин шараларын сақтаумен қатар, коронавирустан қорғанудың белгілі бір ережелері бар ма?

– Бүгінгі таңда пандемияны карантин шаралары мен әлеуметтік арақашықтық қана жеңе алмайды. Тамақтану режимі де назар аударатын жалғыз нәрсе емес. Жалпы, респираторлық инфекциялардың алдын алу үшін күйзелістен аулақ болу керек, көбірек қозғалып, таза ауамен тыныстаған жөн. Мүмкіндігінше барлық сақтық шараларын және иммунитетті сақтау қажет. Біздің денсаулығымыз өз қолымызда.

– Сұхбатыңызға рақмет!

Дереккөз

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысын өткізді. Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой, дәрі-дәрмектерге баға саясатын мониторингтеу жұмысы туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы С. Жұманғарин, карантиндік шаралардың сақталуын бақылау туралы ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев, өңірлердегі жағдай туралы Атырау облысының әкімі М. Досмұхамбетов, Павлодар облысының әкімі Ә. Сқақов, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов баяндады. ҚР-да коронавирус инфекциясының таралуы бақыланатын деңгейде тұр.

Коронавирус инфекциясымен жаңадан сырқаттанғандардың тәуліктік өсімі 0,4%-ды, репродуктивтік көрсеткіші 0,9-ды құрайды. Инфекциялық төсек орындарының толымдылығы – 28%, реанимациялық төсек орындарының толымдылығы – 20%. 5 өңір жоғары және орташа тәуекел аймақтарында орналасқан, атап айтсақ: Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары. Келесі жылғы қаңтар-ақпан айларында ЖРВИ мен тұмаудың өсуі аясында коронавирус инфекциясымен сырқаттану деңгейінің арту қаупі бар.
Осыған байланысты ВАК бірқатар шешім қабылдады: 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоративтерді өткізуге тыйым салынады. Эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін «Теңіз» кен орнында шектеу шаралары күшейтіледі. Бөлшек сауда желісінде антиковидті дәрілік заттардың бағасын орта есеппен 24%-ға төмендету бойынша шаралар қабылдау. Сонымен қатар білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында, Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша, сондай-ақ қоғамның пікірін ескере отырып, келесі шешімдер қабылданды:  оқу жылының III тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар үшін (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту (пәндердің 70%-ын – дәстүрлі форматта, 30%-ын – қашықтан) қарастырылсын; оқу жылының III тоқсанынан бастап мектеп оқушыларының біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультация ұйымдастырылсын; II семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттерін аралас оқыту қайта басталсын.  Үкімет басшысы әкімдерге өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жағдайды тұрақтандыру мақсатында қажетті шектеу шараларын қабылдауды тапсырды. Премьер-Министр әкімдердің назарын қоғамдық орындарды, мектептер мен балабақшаларды сапалы санитарлық өңдеу, сондай-ақ егу пункттерін вакцинациялауға дайындау қажеттігіне аударды. Ішкі істер министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, мереке алдындағы және мереке күндері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Дереккөз


Жексенбі, 20 Желтоқсан 2020 14:48

Тәуелсіздік туын тіккен күн

Еліміздің тәуелсіздігі – ата-бабамыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Міне, ежелден еркіндік аңсаған азат халқымыз тәуелсіздіктің жиырма тоғыз жылдығына табалдырық аттады. Тәуелсіздік! Қасиетті де құдіретті осы бір ұғымның тереңіне зер салып, ой жіберейік.

Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығында ата-бабамыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай-талай боздақтардың ұрпаққа қалдырған аманаты жатыр. Қазақ ұлтының бүгінге дейінгі қат-қабат тарихының басты мазмұны – азаттық үшін күрес. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. Қазақ халқы қиын-қыстау кезеңдерде салғырттыққа салынбай, елі үшін, елінің келешегі, бостандығы үшін бастарын бәйгеге тікті. Олардың арманы қазақ халқының азаттығы, тәуелсіздігі еді. Сол үшін қандай қауіп-қатер болса да, жасымады. Сөйтіп, жерімізді аман-есен қорғап, бізге аманат етіп тапсырды. Міне, бүгінгі таңда ата-бабаларымыз аңсаған бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел атанғанымызға 29 жыл болды.

Мұхтар Шаханов:

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың, – деп жырлағандай,

еліміздің өрімдей ұл-қыздары 1986 жылы алаңға шықты. Тарихта алтын әріптермен жазылған Желтоқсан оқиғасы кеңестік империяның шаңырағын шайқалтты. Мұз құрсанған желтоқсан ызғарын еріткен жастық жалын иелері сол күні тәуелсіздік жолында мерт болған арыстарымыздың аңсаған арманын ту етіп, халқымыздың намысын кеудесін тосып қорғады. Тәуелсіздік деген қасиетті ұғым – тек қазақтарға ғана емес, қазақ жерін мекендеген, оған кіндік қаны тамып, бірге қайнап-бітіскен, туған топырағым деп егілген басқа ұлттар мен ұлыстардың да ортақ игілігі. Ғасырлар бойы аңсатып жеткен азаттықпен, тәуелсіздікпен келген халық рухының асқақтығы мәңгілік болғай! Көк туымыз көкте желбіреп, тұғырымыз биік болсын!

 

 Майгүл Сатымбай, 

Н.Островский атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жексенбі, 20 Желтоқсан 2020 11:49

СПОРТ: жетістік пен кемшін тұс

Әлемдік сарапшылар спортты ел дамуындағы ең маңызды көрсеткіштердің бірі ретінде бағалайды. Өйткені спорт – халық  денсаулығының  кепілі. Бүгінде ауданымызда спорттың дамуына мол мүмкіндіктер жасалуда. Дей тұрғанмен, өңірде кенжелеп қалған спорт түрлері де жоқ емес. «Түлеуі мен түрленуіне түрлі факторлар кедергі болған  спорт түрлерін дамытудың қандай ұтымды жолдары бар?» деген сауал төңірегінде спорт сарапшыларымен ой бөліскен едік.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламасында халықты саламатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсеткен болатын. Қазіргі таңда ауданымызда бұқаралық спорт жарыстарын ұйымдастыруға, тұрғындардың  қалаған спорт түрімен  айналысуға мүмкіндік беретін  395 спорттық нысан жұмыс істейді.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ақпаратына негізделсек, бүгінде өңір  тұрғындары тегін спорттық секцияларға бара алады. Атап айтқанда, баскетболдан, волейболдан, футболдан, гандболдан, үстел теннисінен, регби, сол секілді 85-ке жуық секция өз жұмысын атқарып келеді. Сонымен қоса дзюдодан, бокстан, самбодан, еркін күрестен, гір спорты, семсемсерлесуден, дартс, жеңіл атлетикадан, шахмат, дойбыдан – 40-қа  жуық секцияның  қызығушыларға есігі айқара ашық. Қазақша күрес, көкпар, тоғызқұмалақ, теңге ілу, асық ату сынды  ұлттық спорт түрлерінен – 40-қа жуық секция өңір спортының дамуына үлес қосып келеді.

Жоғарыдағы секциялар аудан спортын алға сүйреуге өзіндік серпін беруде. Дегенмен, ауданымызда кері кеткен немесе кенжелеп қалған спорт түрлері де жоқ емес. Спорт бөлімінің мәліметіне қарағанда, ауданымызда гандбол, жүзу, қысқы спорт ойындардың дамуы тежеліп отыр. Бұл ретте,  бөлім басшысы Ерболат Сарабеков: «Ауданымызда қысқы спорт түрлеріне және жүзу спортына арналған ғимараттар мен алаңдар жоқ. Арнайы орындармен, жабдықтармен қамтылмаған. Осыған байланысты, алдағы уақытта бассейндер мен қысқы спорт түрлеріне арналған спорттық  базаларға бюджеттен сұраныс қарастырылады. Әсіресе, гандболдан жаттықтырушылар құрамы жетіспейді. 300 мыңнан астам тұрғын өмір сүретін ауданда небәрі 6 гандбол жаттықтырушы бар. Сол себепті алдағы уақытта басқа аумақтардан гандбол жаттықтырушыларын тарту жұмыстарын қолға аламыз. Өйткені гандбол мен жүзу түріне сұраныс көп. Аталған спорт түрлеріне жастардың қызығушылығы аса жоғары. Бірақ біз бапкерлердің аздығы мен  бассейндердің жоқтығынан  жұрт сұранысына жауап бере  алмай отырмыз», – дейді.

Дене шынықтыру және спорт бөлімінің дерегінше, облысымызда гандбол спорты қарқынды дамып келеді. Әсіресе, іргелес жатқан Іле ауданының гандбол командасы халықаралық деңгейде де жеңіс тұғырынан көріне бастаған. Бүгінгі таңда Алматы облысының Алакөл, Панфилов, Райымбек, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында гандболдан бөлімшелер ашылған. Ол гандбол филиалдары жалпы білім беретін мектептердің базасында жұмыс істеп келеді. Ауданымызда да жасөспірімдердің гандбол спортына қызығушылығы арта түсуде. Өйткені қол добы спорты нағыз тер төгіп, шеберлікті паш ететін олимпиадалық спорт ойыны. Бөлім мамандары  көршілес ауданның көрнекті  нәтижесі бізге де әсер  ететіндігін, қазір олардың үздік тәжірибесін үйреніп жатқандығын айтады.

Шыны керек, ауданымызда қысқы спорт түрлерінің де тұралап тұрған жайы бар. Сарапшылар базаның жоқтығы, бапкердің тапшылығы және ке-ректі ресурстардың жетіспеушілігі аталмыш спорттың аяғына тұсау салып отырғанын растайды. Десе де, қысқы спорт  әлеуетінің артуына мұрындық болатын қажеттіліктер де керек. Талай байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған спорт саңлағы, КСРО спорт шебері Алпыс Ермағанбетов қысқы спорттың тамырына қан жүгірту үшін оны бұқаралық спорт түріне айналдыру қажет деп санайды. Спорт шеберінің сөзінше, қысқы спорты дамыған Канада, Ресей сияқты елдерде қысқы ойындар бұқаралық спорт ретінде қаралады. Аталған елдерде миллиондаған адам қысқы ойындарға әуестенеді. Мысалы, бізде бокс бұқаралық спорт түріне айналған. Сондықтан екінің бірі бокс залына барады. Сол мыңдаған әуесқой арасынан жүздеген үздік боксшы жетіліп шығады. Сондықтан да Қазақстан әлемдік әуесқой бокста ең мықты елдердің бірі саналады. Спорт шебері ауданымыздағы мектептер мен мекемелерде қысқы спортты насихаттау қажеттігін, сонымен бірге аудан көлемінде қысқы спорттан түрлі жарыстар жиі өткізілуі керек екендігін тіліне тиек етті. Өйткені  чемпионатта шеберлік шыңдалып, жүлдеге таласта жүйріктер сараланбақ. Бұл ретте Алпыс Ермағанбетов: «Қай-қай саланы дамыту үшін ең бастысы мықты база керек. Сосын барып нәтиже сұрауға болады. Қысқы спортты қолға алу үшін жүйелі жұмыстар жасалуы тиіс. Ең әуелі әр ауылдық округтен шағын болса да, мұз айдындарын салған жөн. Сосын аудан орталығынан қысы-жазы жұмыс жасайтын мұз сарайы болған дұрыс. Сонда қыс бойы өз ауылдарында коньки теуіп шыныққан балалар қар еріген соң аудан орталығында жаттығуын жалғастыра алады. Ең бастысы, қысқы спортты мектеп қабырғасынан бастап қолға алу қажет. Ол үшін мектептерде қысқы спортқа бағытталған оқу бағдарламасы әзірленіп, белгілі деңгейде базалық мүмкіндіктер жасалуы тиіс. Яғни, дене тәрбиесі пәні мұғалімдерін курстан өткізіп, қысқы спортты дамытуға мүмкіндік туғызу керек. Кезінде балаларды талай жарысқа апардық. Сонда байқағаным, балалар өздері айналысып көрмеген спорт түрлеріне қызығады. Баланың сол мінезін пайдаланып, қысқы спорт түрін дамытқанымыз дұрыс. Өйткені бұрын шаңғы теуіп көрмеген бала аса қызығушылықпен тез меңгеріп алады. Сондай-ақ осы спорт түрімен  айналысатындардың шеберлігін шыңдау мәселесі де назардан тыс қалмауы керек. Мен 60-тан асқан ша-ғымда шаңғышылардың чемпионатына қатысып, республикалық спорт шебері атанған талай жасты жолда қалдырдым. Бұл біздегі қысқы спорт шеберлерінің қай деңгейде екендігін көрсетеді. Сондықтан жоғары деңгейдегі спортшыларды тәрбиелеу үшін оқу орындарында іргелі теориялық және тәжірибелік әдістемелер жасалуы шарт. Қысқы спорт  түрлерін дамыту үшін нәтиже де аса маңызды. Қазір бізде облыстық чемпионатта топ жарып жүрген шаңғышылар бар. Бұл біздің ауданда қысқы спорт шеберлерінің жетіліп келе жатқанын көрсетеді. Егер олар республикалық және халықаралық жарыстарда  топ жарса, біздің өңірде қысқы спорттың дамуына  жаңа мүмкіндіктер туады», –  дейді.

Кей ауыл тұрғындары балаларды қысқы спортқа қызықтыру үшін әдемі етіп мұз қалашықтар салу керектігін, қазір қыстың уақытында балалар сыртқа шығып ойнамай, үйде смартфон мен компьютердің алдында отыратындығын айтады. Олардың сөзінше, егер ауданымызда бала қызығатындай сырғанақтар мен мұздан жасалған түрлі мүсіндер қойса, бала біткен сол маңнан табылады.

Қанатын кеңге жая алмаған спорт түрлерінің бойына қан жүгірту үшін жас спорт шеберлері мен мамандарды дайындаудың да  маңызы зор. Ол үшін болашақ спорт шеберлерін оқытуға мүмкіндіктер қарастырылуы тиіс. Осы ретте, ауданымыздағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының міндетін атқарушы Мубарак Маметов: «Кенжелеп қалаған спорт түрлеріне серпін беру үшін оларды өнімді оқытуды қолға алу керек. Бізде гандбол, жүзуді оқыту бағдарламасына енгізу қиындық туғызып отыр. Өйткені аталған спорт түрін оқытуға базалық негізіміз  жоқ. Оның үстіне маман тапшылығы тағы бар. Себебі, біздегі төмен жалақыға жас мамандар жұмыс істегісі келмейді. Сондықтан жас мамандарды ауыл спортын дамытуға шақыратын кешенді бағдарлама керек», – дейді. Кей спорт мамандары: «Ауылға баратын спорт мамандарына жолақысын беру, пәтермен қамтамасыз ету, дұрыс еңбекақы төлеу секілді шараларды жүзеге асыру керек.  Кеңес заманында осы мәселе жақсы жолға қойылған еді. Соны жандандырған жөн. Өйткені жас маманды ынталандыру керек», – дейді. Ал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі өңір спортын өркендетуге жас мамандарды шақыруға құлшыныс жасап жатқандығын, ағымдағы жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы жас мамандардың жұмысқа алынғанын айтады. Олар бұл үдеріс алда жалғасын табатынын, десе де, осы мәселе жергілікті әкімдік тарапынан қолдауға мұқтаж  екенін  де жасырмайды.

Адамды ұтқыр шешімге, ұтымды ойға тәрбиелейтін спорт түрінің бірі – шахмат. Қазір қазақ елінде әлемдік белестерді бағындырған үздік шахмат шеберлері бар. Олардың халықаралық додаларда жеңіс тұғырында салтанат құруы шахматқа құмар әр жеткіншектің көкірегіне арман ұялататыны шындық. Бірақ сол шахматқұмар жалынды жастың шеберлігін шыңдауға жағдайдың жар бермейтіні тағы бар. Бұл сөзімізді шахмат шеберлерінің өзі растайды. №1 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шахмат шебері Диларам Ходжаниязованың айтуынша, қазір көптеген мектепте шахмат үйірмесін ұйымдастыратын кабинеттер жоқтың қасы. Сонымен қоса шахмат үйретуге арналған  кұрал-жабдықтар мен арнайы бапкерлер жетіспейді. Бұл жайт мектептердегі шахмат үйірмелерін ұйымдастыруға мүмкіндік бермей отыр. Бұл ретте Диларам Ходжаниязова: «Шахмат ақыл-парасаттың толысуына жол ашатын ойын. Ол тіпті жасөспірімдерді рухани дағдарыстан құтқарады. Ғалымдар шахмат арқылы суицидтің алдын алуға болатындығын айтады. Қазір елімізде өз-өзіне қол салатын оқушылардың қатары көбейіп барады. Сондықтан да мектептерде шахмат үйірмесін ұйымдастырудың маңызы зор. Алайда,  кей мектептер шахмат үйірмесін ұйымдастыруға селқос қарайды. Жақында №1 Рахат орта мектебінде шахмат үйі ашылды. Онда шахмат үйретуге жақсы жағдай жасалған. Сондықтан өзге  мектеп ұжымдары да   шахмат үйірмелерін ұйымдастыруға көңіл  бөлуі қажет», – дейді.

Белгілі спорт шебері Елмұрат Қайыпжанов аудан көлемінде қысқы спорт түрлерінің тым кенжелеп қалғандығын айтады. Оның сөзінше, спорттың бұл түрін дамытудың маңызы зор. Өйткені аталған спорт түрлерінің дамуына мүмкіндік берілсе, ауданымыздың спорттық әлеуетін арттырумен бірге қысқы туризмнің аяқ алысына да серпін беруге болады. Оның сөзінше, аудан аумағында қысқы спорт пен туризмді дамытудың мүмкіндіктері жеткілікті. Спорт шебері кенжелеп қалған спорт түрлерін дамытуды тек бюджет қаржысына сүйеніп шешу қиындық тудыратындығын, тұралап қалған спорт түрінің бойына қан жүгіртуге қаржылық әлеуеті бар азаматтардың демеушілік  жасауы керек екендігін айтады. Спорт саңлағының айтуына қарағанда, дамыған елдерде спортты бизнес ретінде қолға алып, оның әлеуеттенуіне арнайы жұмыс істейтін компаниялар  бар. Ол кез келген спортқа мүмкіндік жасаумен бірге өздері де пайда табады. Сондықтан да бізге де нарықтық сұранысқа сай спорт түрлерін дамытудың жолын іздеген жөн. Ал аудандық спорт бөлімі қазірге кенжелеп қалған спорт түрлерін дамытуға қаржы салғысы келетін кәсіпкерлердің  жоқ екендігін айтады.

 

ТҮЙІН:

Біз сөз етіп отырған спорт түрлеріне байланысты базаны жаңарту, әлемдік жарыстарға шығу, мәселесі ең өзекті. Осы түйінді  аудан басшылығы мен кәсіпкерлер басты назарға алып, жүйелі жұмыстар жасалса, қазірге тұралап қалған  спорттан да олжа  аларымыз хақ.

 

                                               Ерзат АСЫЛ

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет