Дүйсенбі, 14 Желтоқсан 2020 14:41

Партия бағдарламасымен таныстырды

Бүгін «Nur Otan» партиясынан мәжіліс депутаттығына үміткерлер Жанна Телпекбаева, Данияр Алимбаев және Алматы облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ерік Абитов облысымызға белгілі азамат, партия ардагері Елеусіз Сұлтанғазиевпен кездесіп, ақсақалдан ақ бата алды.

Кездесуде саяси ұйымның жүзеге асырылатын бағдарламаның негізгі басымдықтарын атап өткен кандидаттар өзінің сайлауалды бағдарламаларын да таныстырды. Үміткерлерге сәттілік тілеген Елеусіз Сұлтанғазиев батасын беріп, жетекші партияның саяси науқанда басым түсуіне тілеулестік білдірді.

С.НҰРАДИН

Дүйсенбі, 14 Желтоқсан 2020 12:44

Сыйлықтардың төресі не?

Сыйлық алу ғана емес, сыйлау да адамдардың көңіл күйін көтеріп, ерекше сезімге бөлейді. Ендеше, «Берсең, балаға бер» демекші, балалар үшін сыйлықтардың ең үздігі не? Осы жайында айтсақ...

Сіз ойлағандай, балалар үшін ең қымбат, керемет сыйлық ешкімде жоқ ойыншық көлік те, әдемі көйлегі бар үлкен қуыршақ та емес! Бүгінгінің балаларында мұндайлардың түр-түрі бар және оларды ойыншықпен таңғалдыра, айтарлықтай қуанта да алмайсыз. Есесіне, балалар төмендегілерге зәру және сізден тек соны күтеді!

  • Бірер минут уақыт тауып, балаңызды тізеңізге отырғызып, оның бүгінгі күні қалай өткенін сұраңыз. Өзіңіз де қызық оқиғаларыңызбен бөлісіңіз.
  • Балаға демеу көрсетіп, оны әрдайым алға талпындырып отырудың маңызы мол. Ата-анасының «Қолыңнан келеді, сен мықтысың!» деген сөздері бала үшін кез келген сыйлықтан да қымбат, әрі бағалы.
  • Екі жаста, мейлі, жиырма жаста болсын, бала үшін әке-шешенің махаббаты мен жылуы бөлек. Қыз бой жетіп, ұл ер жетіп, ересектер қатарына қосылғанымен, олар әрдайым ата-ананың махаббатын аңсайды. Сондықтан балаларыңызды құшағыңызға алып, аналық, әкелік махаббатыңызды сездіру, еркелетіп, беттерінен сүю ешқашан кеш те, ерсі де емес.
  • Бірге отырып тамақтану да өте маңызды. Балаңызды дастархан басында жалғыз қалдырып кетсеңіз, пісірген тағамыңыз қандай дәмді болмасын, оның дәмі отбасымен бірге отырып жеген қара нандай болмайтынын ескеріңіз.
  • Тәртіп пен тәрбие де – ата-ананың балаларына жасаған үлкен сыйларының бірі. Тәрбие көріп, тәртіппен өскен баланың болашағы зор болмақ.
  • Ештеңе істемеген адам ғана еш қателеспейтінін ескеріңіздер. Сондықтан балаларыңызға өз қателіктерінен сабақ алуына мүмкіндік беріңіздер
  • Балаларыңыздың айналасындағыларды танығысы, білгісі келіп қоятын сұрақтарын ешқашан жауапсыз қалдырмаңыздар.
  • Әрдайым балаңыздың қабілетін байқап, оны дамытуына жағдай жасап, қолдау көрсетіңіздер.
  • Балаңыз оны сағынатындарыңызды, күтетіндеріңізді, іздейтіндеріңізді, ол үшін уайымдайтындарыңызды, оның қамқоршысы, тілеушісі екендеріңізді біліп өссін.
  • Балаларыңыз сіздерге – әке-шешесіне қарап өсетінін естен шығармаңыздар. Демек, олардың болашағының іргетасы да – сіздер. Сондықтан қамқор әке, үлгілі шеше, мықты отбасы болу – балаларыңызға жасайтын ең үлкен сыйлықтарыңыз болмақ.

 

Дайындаған: Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Алматы облысында 3000 астам жас көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуға дайын. Олар қиналғандрға демеу боп, көмек көрсетіп келеді. Еріктілердің бұл еңбегі елеусіз қалмады. Бүгін Алматы облысы әкімінің сыйлығы «Asyl Júrek» жеңімпаздары марапатталды. 
Биыл аймақтағы еріктілердің еңбегі ерен екені айқын көрінгендей болды. Елімізде төтенше жағдай жарияланған күннен бастап,  еріктілер азық-түлік тасып, дәріханалардан қажет дәрі-дәрмекті іздеп, көмекке зәру отбасыларға тамақ жеткізді. Осылайша, көмектің барлық түріне атсалысты. Коронавирус пандемиясы еріктілердің дайындығы мен бірлігін көрсетті. 
Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Елдар Сапаров құттықтау сөзінде еріктілердің қайрат күші, ерік жігері жастарғағ әр азаматқа үлгі екенін атап өтті. 
«2020 жыл бүкіл әлем үшін оңай болмады. Алайда, Қазақстан ғана осы жыл – еріктілер жылына арналды. Мейірімділік әлемді құтқарады деп бекер айтылмаған. Мемлекет басшысы: Еріктілер – жаны таза адамдар. Олар – елдің шынайы патриоты, сол үшін де құрметім шексіз. Белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз мемлекеттің дамуына айтарлықтай септігін тигізетіні сөзсіз деп атап өтті. Біреуге қол ұшын созып, көмек көрсету біздің қанымызда бар. Ата-бабамыз ежелден жесірін қаңғыртпай, жетімін жылатпай өсірген халық. Сол үрдіс бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатыр. Еріктілер, әсіресе, пандемия кезінде ерлік көрсете білді. Сондықтан дәл осы бағыттан таймай, еңбек ете беріңіздер.»,- деді басқарма басшысы. 
Алматы облысында жыл басында 1000 аса ерікті болса, қазір олардың саны 3000 асқан. Арасында табиғат, жануар жанашырлары , құтқару қызметі мен медицина саласындағы батырлар бар. 
Айта кету керек, бұл шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған еріктілер жылының ресми жабылуына орай ұйымдастырылып отыр. Бұл мақсатта, ұйымдастырушылар 1 ай бұрын байқау жариялаған болатын. Нәтижесінде, облыстың әр-аудан қаласынан 100-ден аса өтінім келіп түскен. 
Салтанатты шарада ерікітілер: Asyl Júrek: мұрагер, жан жылуы табиғат сүйер, жануарлар қорғаушысы, көзсіз ерлік , ТЖ волонтерлік, білгенімен бөліскен, шипагер сынды 8 номинация бойынша марапатталып, 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық, диплом мен сертификаттармен марапатталды.  
«Asyl Júrek: Жан жылуы» номинациясы  «Харекет» қайырымдылық қорының Талдықорған қаласы бойынша жетекшісі Амангелді Толемисовқа бұйырды.  Айта кету керек, биыл бұл қордың жұмысын Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жоғары бағалап, алғыс хатпен марапаттаған болатын.
«Қазақ халқы ешқашан жетімі мен жесірін жылатпаған. Қазақта жылу деген болған. Қиналған отбасыға міндетті түрде сол ауыл жылу жинап, көмектескен. Қазақта асар деген бар. Үй салуға да көмектескен. Сондықтан бұл біздің қанымызда бар. Қашан да жанымызда жүргендерге көмектесіп, қолдап жүрейік.»,- деді Амангелді Толамисов. 
Жүректі елжіреткен «Asyl Júrek» шарасында көпбалалы, жалғыз басты ана Ақмарал Наурызбековаға көптен күткен баспананың кілті табыстылды. Бұндай сыйлықты республикалық «Харекет» қайырымдылық қоры жасады. 
Қайырымдылық шара «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі мен эстарада әншісі Қуандық Рахымның қатысумен мерекелік  концертке ұласты.

Дүйсенбі, 14 Желтоқсан 2020 09:38

«Мектепке жол» – рука помощи

 

В период дистанционного обучения, как и во всех школах Енбекшиказахского района, в средней школе имени Садыра с.Амангельды  Саймасайского округа с начала учебного года  проводится акция «Мектепке жол». В  ней активное участие принимают не только коллектив школы во главе с директором К.Таировым, но и жители села, которые оказывают   спонсорскую помощь детям из малообеспеченных семей   и  детям с ограниченными возможностями.

Администрация школы  говорит огромное человеческое «СПАСИБО» за ежегодное участие в жизни школы, акции «Мектепке жол» всем неравнодушным землякам. Выражаем сердечную признательность нашим постоянным спонсорам  Алимжану Садыкову, главе  к/х «Садыков», Леме Исаеву, главе КХ «Исаев», Денису Шапошникову, главе КХ «Шапошников», Асимжану Садырову, главе КХ «Садыров», Сергею Шишковскому, главе КХ «Шишковский», Ляйле Айтбакиевой  (ИП «Бакыт»), Абдусаттару Садыкову (ИП«Гульназ»), Шадиевой Макпал, Бахтияру Садирову (ИП«Малика»), Муратжану Зубаршаеву (кафе«Таштыкара»).

 

Г.САПАРОВА,

заместитель директора

по воспитательной работе

СШ имени Садыра

Дүйсенбі, 14 Желтоқсан 2020 09:32

Індетті жою – міндет

Азаматтардың көпшілігі нығайған билікті жемқорлық ауруына қарсы рецепт ретінде қарастырып, саяси ерік-жігері болған жағдайда бұл құбылысты бірден жеңуге қабілетті деп санайтынын атап өтуге болады. Бұл ретте, мықты мемлекетке үміттене отырып, көбі азаматтық қоғам институттары арқылы жағдайға әсер ете алатынына сенбей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысу мүмкіндігін қарастырмайды.

Әлемдік ауқымдағы осы қылмыстық құқық мәселесінің айқын мысалы 1999 жылғы 27 қаңтарда қабылданған «Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы» Еуропа кеңесінің конвенциясын қабылдау болып табылады. Республикамызда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы бар.

Қазақстан Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әлемдегі жетекші орындардың бірінде екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол соңғы уақытта Қазақстан сыбайлас жемқорлық үшін тым жоғары лауазымдарды атқарған адамдар жазаға тартылғанын атап өтті.

Ақпараттық деректердің пайымынша, Қазақстан рейтингте Габон, Непал, Қырғыстан және Ливан сияқты елдермен бір орында тұрып, 180-нен 124 орынды иеленген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жақсарту мақсатында елімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы құрылды. Оның басты міндеттері сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау, болдырмау, жолын кесу, ашу және тергеу болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық дамуға, нарықтық эканомика құруға, инвестиция тартуға кедергі келтіреді, демократиялық мемлекеттің саяси һәм қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашағына елеулі қатер төндіреді. 

 

Е.Әбдрахпан,

Еңбекшіқазақ аудандық №2  аудандық сотының

аға сот приставы

Дүйсенбі, 14 Желтоқсан 2020 09:32

Спорт — мой лучший друг!

Занятие спортом благотворно влияет на здоровье и настроение человека. Каждое регулярное упражнение помогает развивать те или иные группы мышц и приносит колоссальную пользу человеческому организму в любом возрасте. И, несмотря на то, что некоторые люди не видят в занятии спортом какого либо смысла, каждому из нас следует понимать особую важность и необходимость физической активности в нашей жизни. Важно только желание и способность найти в себе силы сделать первый шаг навстречу спорту.

А мы с нашей командой предлагаем нашим жителям прийти и бесплатно позаниматься фитнес-тренировками. Благодаря проекту развития молодёжного корпуса Zhasproject  мы осуществляем свой социальный проект.

Дүйсенбі, 14 Желтоқсан 2020 09:29

Білімді шәкірт — ұстаз айнасы

Бүгінде мектеп табал-дырығын жаңа аттаған бүлдіршіндеріміздің аз ғана уақытта жеткен жетістік-тері бәрімізді тәнті қылды. Бұл сөзіме «Мейірімді періш-те» жекеменшік мектеп-гим-назиясының 1 «А» сынып оқушыларының ІV-Республи-калық  «Самғау»  балалар мен жасөспірімдер байқауын-да  топ жарғаны  дәлел.

Балалар бақ сынаған рес-публикалық додада Аңсар Құдай-берген   «Қол өнер»  номианциясы бойынша бас жүлдені ешіледі. Әсіресе, көркемсөз оқуда гимназия шәкірттері өз дарындарын көрсетті. Айталық, «Көркемсөз» номинациясы бойынша Мұхтар Акбар, Жанерке Жолдыбай, Балнұр Полатбек, Алдияр Сейтжан  сынды бала шәкірттеріміз 1-орындармен марапатталды. Ал аталған  номинация бойынша Томирис Ардаққызы мен Айзере Жонибек 2-орынды   иелесе, Света Оразбай  3-орынды місе тұтты. Сонымен қоса, Айдана  Көптілеу  «Вокал» номианциясы бойынша  3-орынды  еншіледі.

Гимназиямыздың ашыл-ғанына аз ғана уақыт болса да бұл жерде оқып жатқан оқушы-лар да, өз шәкірттерін  білім нәрімен сусындатып отырған ұстаздар қауымының  да еңбек-тері  орасан. Аталмыш байқауға қатысып жүлделі орын алған  оқушыларымды да, ата-аналарымды да шын жүректен құттықтаймын, алар асуларыңыз  биік болсын!

Ақырын жүріп, анық бас

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық қылған жалықпас

Үйретуден балаға – деп, Абай атамыз айтқандай әр  шәкірттің   жеткен жетістігін көріп, қуанып отыру – ұстаз   еңбегінің жемісі деп білемін.

Әсем Кемел,

«Мейірімді періште» жекеменшік мектеп гимназиясының 

1 «А» сынып жетекшісі

86-ның желтоқсаны көпшіліктің жүрегінде өшпес із қалдырды. Талайдың тағдырын тәлкек етіп, өмірін ойран қылды. Дегенмен, әміршіл-әкімшіл жүйенің таяғын жеп, тіпті жазықсыз сотталып, көптеген қиындықты бастан өткізсе де, 86-ның жастары сол күні алаңға шыққандарына еш өкінбейді. Өйткені олар – Тәуелсіздік таңының арайлап атуына себепші болған батырлар. Олардың арасында жерлесіміз – Абайдулла Абдуллаұлы Рузиев те бар.

– Сіз үшін 1986-ның 17 желтоқсаны қалай басталды? Сол күнді суреттеп берсеңіз.

– Ол кезде мен – Киров атындағы машина жасау зауытында жұмысшымын. Жатақханада тұрамын. 16 желтоқсан күні кешкі уақытта жатақханада кішігірім жиын өтті. Онда Қонаевтың орнына Колбинді қойғанына жастардың қарсылық білдіріп, алаңға шыққаны айтылды. Біз де бәріміз бірауыздан шешім қабылдап, келесі күні бейбіт шеруге баратын болдық. 17 желтоқсан таңертең алаңға жиналдық. Жер-жерде топ-топ болып патриоттық әндер орындап, өз талаптарын тайсалмай айтып тұрған қыз-жігіттерді көргенде рухтанып кеттік. Сол кездегі сезім, бойымыздағы ерік-жігер ерекше еді. Алаңға жиналғандардың көңіл күйі көтеріңкі болатын. Бұл атмосфераны суық қаруланып, сау ете қалған әскерилер бұзды. Олар бізді қоршауға алып, ұл-қыз демей, төпештеп, тепкілеп жатыр. Өрт сөндіруші көліктен қыстың күні суық су шашып, жиналғандардың қарсылығын тудырды. Әскерилердің бұл әрекетіне, әрине, жастар қарап тұра алмады. Қарсылық көрсетті. Алаңдағы жастарды шетінен ұстап, қамап жатты. Мен де кеш қарая қамауға алындым. Алматыдағы қазіргі Қарасай батыр мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы АІІБ-сына апарды. Сол жерде күнделікті күн-түн демей, ұрып-соғып, «Сендерді алаңға кім бастап барды?», «Жетекшілерің кім?» деген сұрақты қайталап қояды. Содан «Әсерилерге күш көрсеттім, ұрдым-соқтым» дегізіп, бізді бұзақы қылып көрсетуге тырысты. Ақыры, істемегенді «істедім» деп мойындатып, 15 күннен кейін мені босатты. Онда да қамауда отырған әр күнімізге 1 сомнан төлеп шықтық.

 

– Қамаудан шыққан соң алдымен қайда бардыңыз?

– Жатақханаға бардым. Бұрынғы біз тұратын жатақханадан түк жоқ. Құдды бір соғыс жүріп өткендей. Есік-терезесі сынған, қаңырап қалыпты. Онда тұратындардың ауылға кететіні кеткен, қамаудан шықпағандары бар, жатақханада бірлі-жарым ғана адам жүр.

– Жатақхананы талқандап кеткен кім сонда?

– «Алаңға неге шығасыңдар?» деп тұрғылықты орыстардан құралған ерікті жасақшылардың істеп жүргені екен. Оны кейін білдім. Мен жатақханада қалмай, бірден ауылға кеттім. Ауылға келсем, мені үйдегілер іздеп таппай, «Аман болса, келер» деп анам жылап отыр екен. Анамның сол кездегі күйі әлі есімде. Бір айдан соң Алматыға қайта бардым. Үйдің үлкенімін. Ақша тауып, әке-шешеме көмектесуім керек. Сол баяғы Киров зауытында жұмысымды істеп жүргенмін. Бір күні қарапайым киінген екі адам келді. «Рузиев Абайдулла деген кім?» – дейді. Еш артық ой жоқ «Менмін» дедім. «Онда соңымыздан еріңіз. Алдымен жуынып, тамақтанып алыңыз», – деді. Жуынып, тамақтанып алып, олармен жатақханаға бардық. Сөйтсем, тергеушілер екен. Бөлемді тінтіп, ештеңе таппаған соң «17 желтоқсан қайда, кіммен, қалай бардың? Жүрген жолыңды көрсет» деп сұрақтың астына алды. Менің сөздерімнің бәрін камераға жазып алды. Сонымен, 5 күн таңертең сол тергеушілерге барып, кешке жатақханама кетіп жүрдім. 6-күні барғанымда мені қамап қойды. Одан кейін сот болып, бес жылға бас бостандығымнан айырды.

– Алаңға шыққандардың негізінен, қазақ жастарын қамауға алып, көтеріліске ұлтшылдық сипат беруге тырысты ғой. Ал сіз ұйғыр азаматысыз. Сізге қандай жаза тағылды? Олай сұрауымның себебі, алаңға шыққан өзге ұлт өкілдерін не босатып жіберіп, не 17 желтоқсанға қатысы жоқ жеңіл-желпі айыппен қамады емес пе?

– Иә, сөзіңіздің жаны бар. Алаңға негізінен, қазақ жастары шықты. Дегенмен, өзге ұлт өкілдерінің де Орталықтың саясатына қарсылық білдіріп, 17 желтоқсанда алаңға шыққанын өз көзіммен көрдім. Тіпті тергеу кезінде 15 күн қамауда отырғанымда өзіміздің ауылда тұратын ұйғыр азаматын да кездестіріп едім. Бірақ сотталғандардың ішінде өзге ұлт өкілдерінен Талдықорған жақтан бір дүңген азаматын ғана білемін. Және мен. Желтоқсан көтерілісіне ұлтшылдық сипат беру үшін де осындай саяси астардың болғаны рас. Ал мен алаңға шыққаным үшін сотталып келгеніме еш өкінбеймін. Қаным қазақ болмаса да, жаным – қазақ. Жазамды өтеп, Ақмола облысында жүргенімде ақталып, бостандыққа шығуыма да қазақ жігіті себепкер болып еді.

– Тарқатып айтсаңыз...

– Сотталғанда алдымен Маңғыстаудағы түрмеде 1 жыл 8 ай отырдым. Одан кейін Ресейдің Кемеров облысында жазамды өтедім. Одақ ыдырап жатқанда Қазақстаннан барған бізді Ақмола облысына жіберді. Сол жерде басқа қылмыспен жазасын өтеп жүрген Абай Қасимов деген көкшетаулық бір қазақ азаматы: «Радиодан естідім. Мұхтар Шаханов комиссия құрып, желтоқсанға қатысқандарды ақтап, шығарып жатыр екен. Сені қай соттың соттағанын айт. Біз де бірауыз жазып көрейік» деді. Сөйтіп, әлгі азамат хат жазып жіберген соң, бір аптадан кейін жауап келді. Абай қатты қуанып, «Енді сені шығарады» деді. Айтқанындай-ақ түрме басшылығы келесі күні Алматыға кететінімді жеткізді. Түрмеде бірге отырғандар жолыма, тамағыма деп ақша беріп, біреуі киімін, енді біреуі сағатын беріп, мені жолға шығарып салды. Осылайша Алматыға келдім де, 3 күннен кейін мені босатты. Жаңағы Абай деген жігітті әлі ұмытпаймын. Денелі, бойы ұзын, бір жақсы жігіт еді. Ақталып шығуым соның арқасы. Түрмеден шыққан соң көшедегі күліп-ойнап жүрген адамдарды, арлы-берлі өтіп жатқан көліктерді көріп, көз жасымды бір төгіп алдық. Өйткені бұл көрініс – еркіндіктің, тәуелсіздіктің көрінісі еді.

Сұхбаттасқан

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Сенбі, 12 Желтоқсан 2020 11:06

Кәсіподақ – қоғамның тірегі

Мемлекеттің жүргізіп отырған саясаты елді бірлік пен берекеге, білім мен биікке бастайды. «Алматы облысы білім беру мекемелер қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қамқорлық бірлестігінің Еңбекшіқазақ аудандық комитеті филиалының төрағасы тәжірибесі мол білікті де білімді төраға Надырбаев Серік Дүйсебайұлын аудандағы ұстаздар қауымы ерекше сыйлайды, құрметтейді.

Себебі Серік Дүйсебайұлы 8 мыңнан аса білім қызметкерлері бар, облыс деңгейіндегі үлкен ауданда мектеп директоры, аудандық оқу бөлімінде алғашқы әскери дайындық, дене тәрбиесі пәнінің методисі болса, кейінгі алты  жылдан аса төраға қызметін абыроймен атқарып келеді. Аудандағы барлық кәсіподақ мүшелері – ерікті түрде кірген азамат пен азаматшалар. Өйткені кәсіподақ ұйымы ұстаздардың құқықтары мен мүдделерін қорғау барысында аянбай қызмет  етеді. Атқарылған  іс-шараларды сауатты түрде жүргізіп, іскерлік таныту көпшіліктің көңілінен шығуда. Сол себепті аудан ұстаздары кәсіподақты ардақ тұтады, құрметтейді.                    

 Кәсіподақ азаматық қоғамның негізгі тірегі десек, артық айтқандық емес. Білім саласы қызметкерлерінің  құқығын қорғап талай ұстаздың алғысын алып, сенімін  арқалаған кәсіподақ бүкіл әлемді алаңдатқан індеттің кесірінен білім саласы қызметкерлері де қиын кезеңді бастан өткерді. Барлық білім ордалары қашықтықтан оқытуға көшті. Ауданымыздың ұстаздары да бар қажыр-қайратын қашықтықтан оқытуға арнап, оның қыры мен сырын меңгеріп, оқушыларға сапалы білім беруді жалғастырып жатыр. Жастарымыз үшін жасалып жатқан, ұлағатты жұмыс өз нәтижесін берді. Ақпараттандырылған ғасырда дамыған елдер қатарлы озық технологияның үздік жемістерін пайдалану уақыт талабына айналды. Оқытудың бұл жүйесі – сын сағатта халқымыздың ертеңгі сенімін арттырып, дүрбелең кездегі президентіміздің қабылдаған дұрыс шешімі деп білеміз. Бұл жағдайды оқушыларымыз бен ата-аналарымыз да дұрыс қабылдап, заманауи білім алуға жауапкершілікпен, түсіністікпен қарауға күш салды. Аудандық кәсіподақ тарапынан ауданымызда жарияланған төтенше жағдай режимі кезінде кәсіподақ мүшелерінің жалақысы толық көлемде сақталып, құқықтарының қорғалуын қадағалап, қарқынды жұмыстар атқарылды. Төтенше жағдай кезінде филиал почтасы мен әлеуметтік желілер арқылы аудандағы кәсіподақ мүшелеріне  құқықтық кеңестер берілді.  Кейбір мектепке дейінгі ұйымдарында балабақша басшылары қызметкерлерді жалақы сақтайтын ақысыз демалыстарға жіберген. Орын алған жағдай кәсіподақтың ықпал етуімен қызметкерлердің тиісті еңбекақылары төленіп, оңтайлы шешілді.      

Еңбек адам өмірінің ажырамас бір бөлігі болатын болса, сол еселі еңбектің құқығы сақталуы тиіс. Тәуелсіз еліміздің әрбір азаматы еңбек етуге, оқуға, пайдалы іс-әрекет жасауға, денсаулығын жақсартуға құқылы.  Еңбекшіқазақ аудандық кәсіподақтың төрағасы Серік Дүйсебайұлы аудан ұстаздарына қолдау мақсатында үндеу жолдап, аудандағы короновируспен және пневманиямен ауырған 55 білім саласының қызметкерлеріне 1 100 000 тенге ақшалай көмек көрсетсе, 200- ден аса аудандағы ұстаз, балабақша қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетті. 164 білім саласының қызметкерлеріне жеңілдікпен демалатын орындарға жолдама  берілді. Аудандағы 127 мекемеде істейтін қызметкерлерден түскен 100 ден астам ауызша арыздар мен өтініштерге заңға сәйкес көмек көрсетілді. 20-дан аса жазбаша өтініштер мен арыздар түсіп, олар  дұрыс шешілді. Салауатты өмір  салтын ұстана отырып, жыл сайын аудан көлемінде ұстаздар, балабақша қызметкерлеріне жыл сайын шаңғы, волейбол, шағын футбол, шахматтан жарыс пен көркемөнерпаздар сайысын өткізіп, білім қызметкерлер қауымының жеңімпаздарына бағалы және ақшалай сыйлықтар тапсырып, алғысқа бөленіп жүрген Серік Дүйсебайұлына, ұйымдастыру жөніндегі маман Алишев Нұрғисаға, бухгалтер  Жумагелдина Толқынға, кассир Далденбаева Гүлнұрға  аудандағы білім қызметкерлері қауымының алғыстан басқа айтары жоқ. Кәсіподақ біздің қамқоршы, сенімді серігіміз деп білемін.

 

    Әсет Алжанбай,

ардагер ұстаз, «Білім беру ісінің үздігі», «Еңбек үздігі»

Өңір спортының әлеуетін арттырып, болашақ спорт жеңімпаздарын тұғырынан түлетіп келе жатқан іргелі оқу орындарының бірі – аудандық № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі. Бүгінде аталған оқу орнының түлектері республикалық додаларда топ жарып жүр.

Айталық, Абдугани Исмаилов жаттықтыратын мектебіміздің түлегі Айнур Ашимова 23 қарашада өткен әйелдер арасындағы республикалық чемпионатта 55 кг салмақ дәрежесінің қола жүлдегері атанды. Аудандық  2 балалар мен жас өспірімдер спорт мектебі ұлттық спорттың кеңінен қанат жаюына да өзіндік үлес қосып келеді. Оның дәлелі ретінде жақында ауданымызда өткен «Сонар-2020» республикалық турниріндегі жетістігімізді алға тартуға болады. Төле би даласын дүбірге бөлеген додада Сейтжан Бексұлтан, Жамбыл Досымжан сынды шәкірттеріміз «Қаршыға» мен «Құмай тазы» жарысынан 3-орын олжалады. Біз келер күнде жаңа белестерді бағындыра береміз деген ойдамын. Өйткені мектебімізде сан аламанда топ жаратын саңлақтар өсіп келеді.

Сонымен бірге кәсіпқой бокста жеңісті қадамдар жасап жатқан Ринат Баққожаұлы жаттықтыратын Баққожа Еркебұланға да сәттілік тілейміз. Желтоқсан айында 10 оқушымыз бокстан республика чемпионатының іріктеуіне қатысты. 

Мектебімізде алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда шәкірттеріміз жүлделі болады деп сенеміз. 

Мубарак МАМЕТОВ, 
директордың міндетін уақытша атқарушы

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет