Дүйсенбі, 07 Желтоқсан 2020 09:57

«Ақ кимешек астынан сені көрем...»

Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарамаған. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», − деп отбасындағы  қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөледі. Тал шыбықтың басын қалай бұрсаң солай иілетіні сияқты жас жеткіншектің де діңгегінің берік болмағына ата-анасы берер тәлімінің орны бөлек. Соның ішінде, әжелер академиясының өнегелі болашақ қалыптастырудағы үлес салмағы зор екені анық. Оған әже мейіріне бөленіп өскен, бүгінде тұлға ретінде қалыптасып үлгерген жандардың өзі куә. Мәселен, кейіпкеріміз Әлім Әсел «Әжем менің адам болып қалыптасуыма айрықша ықпал етті» дейді. Әлім Әсел – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінде оқытушы. Болашақ БАҚ саласының мамандарын даярлауда өзіндік тәлімін беріп, тәжірибесімен бөлісіп отырған ұстаз.

«Әже тәрбиесі немере үшін ғана емес, келін және отбасының өзге де мүшелері үшін маңызды. Ол – ақылшы. Әкем мен анам бала күнімде өздері жұмыс істеп, қызметтерін атқару үшін әжеме апарып тастаған екен. Әжемнің қасында еркелеп өстім. Бақытты бал балалық шақтың иесі болдым», – деп сағынышын жеткізе сөйледі. Кейіпкеріміз «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» дей келе, сол қазыналарды бағалай білуге шақырды. «Себебі, тап осы сәт қайталанып келмейтіні анық. Сол секілді, ақ жаулықтыларымыздың жанында өткен әрбір уақыттың қадірін білмек керек», − дейді Әлім Әсел.

«Әжеме ілесіп жүретінмін. Үлкендердің арасында болып, әңгімелерін тыңдап өстім. Осының пайдасын көп көрдім. Ақсақалдардың өмір тәжірбиесінен сабақ алдым. Батасына да ие болдым. Мен үшін мұның барлығы үлкен мектеп болды. Әрине, базарлықсыз әжені елестетуге бола ма? Той-томалақтан құрт, кәмпитін міндетті түрде ала келетін. Оған біз де әдеттенгенбіз. Соның барлығы үйден табылып тұрса да, әжем қалтасына салып алып келген алманың дәмі бөлек еді. Бала-шаға болып, таласа-тармаса бөлісетінбіз. Ұлмекен әжем қазақ фольклорына қанық. Мақал-мәтел жаттатып, аңыз-әфсаналарды құлағыма сіңіріп өсірді. Одан бөлек, бүгінгі қоғам көп елей бермейтін ырым-тыйымдардың өзі сайып келгенде бала психологиясына өте пайдалы болады. Әже тәрбиесіне берілген бала міне, осының бәрін алып жетілер еді», − дейді Ә.Әлім.

«Қайтыс боларының алдында әжемнің  көзі көрмей кетті. Бала көңілім соған қатты қапаланатын» − деп әңгімесін көзіне жас ала түйіндеді. Соңында «Қарияларымыздың жасы ұзақ болсын!» деп тілегін айта келе, Мұқағали Мақатаевтың өлеңімен тәмамдады:

Әже, сен бірге жүрсің меніменен,

Өліге мен өзіңді телімегем.

Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем,

Ақ кимешек астынан сені көрем.

Өңі-түсі өзіңнен бір аумайды,

Немересін ертпесе жүре алмайды.

Таныс дауыс, таныс сөз, таныс мәсі,

Көзіме оттай басылып, алаулайды...

 

Ілия СҰЛТАН

Оқылды 2498 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…
Қаң 28, 2026

Халық кеңесі және азаматтық қоғам

Халық кеңесінің құрылуы жаңа консультативтік орган ретінде халық мүддесін қорғайтын заң…
Қаң 28, 2026

Заң шығару процесін жаңарту

Кұрұлтай мен Парламенттің өкілеттіктерін жаңарту, заң шығару бастамасын кеңейту және…
Қаң 28, 2026

Сот билігінің тәуелсіздігі

Сот билігінің тәуелсіздігін күшейту, сот өндірісін әртараптандыру және адвокатураның…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет