Дүйсенбі, 30 Қараша 2020 15:28

Тәуелсіздік – бабалардың арманы

Келіп  қалды 16  желтоқсан!

Мерекеге ұласады ел тосқан.

Тәуелсіздік – бабалардың арманы,

Елдікпенен еркіндікті аңсатқан.

 

Мен есейем елін сүйген ұлан боп,

Тәуелсіздік, самға көкте қырын боп!

Қарашадайдан жүрегімде жатталдың,

Қасиетті ұран боп.

 

Өмір солай еркіндікпен жалғаспақ,

«Отаным» деп той тойлайын, ән бастап.

Мен тілеймін азат елдің байрағы

Желбіресін көгімізде мәңгі асқақ.

 

 

 

 

Балзура Бекдаулетқызы,

5«А» сынып оқушысы

«Б.Майлин атындағы ОМ» КММ

 

Сынып жетекшісі:

 Акыжанова Айжан Батырхановна

Дүйсенбі, 30 Қараша 2020 15:01

Партиялық билеттер табысталды

Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында партия қатарына жаңадан қабылданған ауданымыздың белсенді азаматтарына партиялық билеттер табысталды.

Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев салтанатты шарада қатысушыларды мерекемен құттықтады:

– Егемен еліміздің іргетасын қалап, тәуелсіздік тұғырының берік еткен Тұңғыш Президентіміз-Елбасы Н.Назарбаевтың әлем елдері санасатын Қазақстанды құрудағы еңбегі ұшан-теңіз. Тәуелсіздіктің 30 жылға жуық уақытында Қазақ елі талай кезеңдерді бастан өткерді. Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, еліміз көп биіктерді бағындырды. Мемлекетіміздің әлем елдері арасындағы абыройы уақыт санап артып келеді. Мұның барлығы да бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Елбасының еселі еңбегінің, көреген саясатының жемісі. Осынау халқымыздың бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мерекеде отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін – деді Қуат Сұлтанұлы. Сондай-ақ, партияның саясатын насихаттауда белсенділік танытып, табысты еңбек етіп жүрген партия мүшелерін алғыс хаттармен марапаттап, партия қатарына енген азаматтарға билеттерін табыстады.

С.НҰРАДИН

Еңбекшіқазақ ауданы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің № 30 Қаулысы бүгіннен бастап (30.11.2020) күшіне енді. Онда аудан аумағында карантин жалғастырылатыны және кейбір шектеу шаралары енгізілетіні айтылған.
Ол шектеу шаралары төмендегідей:
- 30-дан артық адам отыратын залдары бар қоғамдық тамақтану объектілері;
- ойын-сауық объектілері, оның ішінде түнгі клубтар, көрмелер, букмерлік кеңселер, бильярд, караоке, PS клубтар, квесттер, антикафе, боулинг орталықтары, лото-клубтар, компьютерлік клубтар, сауда объектілеріндегі ойын алаңдары, батуттар, жабық үй-жайларындағы аттракциондардың жұмыс істеуіне;
- 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуына;
- ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, тренингтерді, отбасылық салтанатты, естелік іс-шараларын үйде де өткізуге;
- бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан асатын топтармен жүріп-тұруға тыйым салынады.

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық және бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, келесі қызмет түрлеріне рұқсат:
– қоғамдық тамақтану объектілерінде (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) ашық ауада және залда 30-дан аспайтын қонақ қабылдауға болады. Бірақ ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады. Әрі қоғамдық тамақтану орындарында көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақталуы керек және бір үстелде 4 адамнан артық отыруға болмайды.
– азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың толтырылуы 30% - дан аспайды, үй-жайлардың ауданы 1 келушіге 4 м2 есебінен, жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін;
– косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін сұлулық салондары, шаштараздар (алдын ала жазылу бойынша, 1 келушіге 4 ш. м. есебінен, ауысым бойынша жұмыс) жұмыс кестесін сағат
10 :00 ден 18:00 ге дейін;
– алдын ала жазылу бойынша моншалар, сауналар, СПА орталықтары толымдылығы 50% - дан аспайтын, сондай-ақ 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес жағдайда, жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін.

 

Қаулының толық нұсқасы

 

mezet.kz

Дүйсенбі, 30 Қараша 2020 11:12

20 советов родителям от логопеда

Совет №1 — НАЧНЕМ С ВАС
Речь не возникает сама по себе, ей необходимо учиться, и возможно это только в процессе общения. Даже если вы молчаливы от природы – все равно говорите с ребенком. Ребенок легче понимает обращенную речь, если она объясняет то, что происходит с ним и вокруг него. Поэтому сопровождайте свои действия словами.

Совет №2 — ВСТРЕЧА ВЗГЛЯДОВ
Озвучивайте любую ситуацию – но только если вы видите, что ребенок слышит и видит вас. Не говорите в пустоту, смотрите ему в глаза. Это особенно важно, если ваш ребенок чрезмерно активный, постоянно двигается.
Если ваш малыш еще только лепечет или говорит мало слов, старайтесь, чтобы он видел вашу артикуляцию.

Совет №3 — ГОВОРИТЕ ЧЕТКО
Говорите просто, четко, внятно проговаривая каждое слово, фразу. Дети очень чутки к интонации — поэтому каждое слово, на которое падает логическое ударение, произносите как можно более выразительно.

Совет №4 — ТО ЖЕ, НО ПО-РАЗНОМУ
Повторяйте много раз одно и то же слово, фразу (меняя порядок слов). Чтобы ребенок усвоил новое слово, употребляйте его не единожды и в разных контекстах.

Совет №5 — НЕ ПЕРЕУСЕРДСТВУЙТЕ
Не употребляйте слишком длинных фраз. Не перегружайте ребенка, предъявляя ему сразу большое количество заведомо незнакомых слов.

Совет №6 — ХОРОШЕЕ НАСТРОЕНИЕ — ЗАЛОГ УСПЕХА
Произносите новое слово в эмоционально благоприятной ситуации. Психологи заметили: в таких условиях ребенок обучается в десять раз лучше.

Совет №7 — ВСЕ ЧУВСТВА В СОЮЗЕ С РЕЧЬЮ
Важно, чтобы ребенок имел возможность видеть, трогать, нюхать, то есть изучать предмет разными способами. Если увидите, что ребенок взял предмет, сразу же назовите его несколько раз – четко и выразительно.

Совет №8 — В ОСНОВЕ РЕЧИ — СТРЕМЛЕНИЕ К ОБЩЕНИЮ
Всегда одобряйте желание ребенка вступить с вами в контакт. Поддерживайте его стремление общаться!

Совет №9 — СТРЕМИМСЯ К РАЗНООБРАЗИЮ
Если лепет малыша однообразен, старайтесь обогатить его, предлагая цепочку слов с другими согласными и гласными (дя-дя-дя, ма-ма-ма, ка-ко-ку).

Совет №10 — УВАЖАЙТЕ ПОПЫТКИ РЕБЕНКА ГОВОРИТЬ
Речь развивается на основе подражания и самоподражания. Когда ребенок говорит один или вместе с вами, выключайте громкую музыку, телевизор и старайтесь дать ему возможность слышать себя и вас. Не сюсюкайте с ребенком, ведь вы не хотите потом переучивать его общаться нормально.

Совет №11 — УЧИТЕ В ИГРЕ
Создавайте такие ситуации в игре, где ребенку понадобится звукоподражание. Побуждаете вы, а не ситуация.

Совет №12 — НЕ ПРЕДУПРЕЖДАЙТЕ ЖЕЛАНИЙ РЕБЕНКА
Родители пытаются угадать желания своего ребенка. У малыша не возникает необходимости произносить что-либо. Есть опасность задержать ребенка на стадии жестового общения.

Совет №13 — РАСШИРЯЙТЕ СЛОВАРЬ
Ребенок владеет словом на двух уровнях:
понимает его – пассивный словарь,
говорит – активный.
Если вы пополняете ресурс понимания, это обязательно приведет к лексическому взрыву.

Совет №14 — ВЕДИТЕ ДНЕВНИК
Фиксируйте его речевые достижения, записывайте, сколько слов он понимает, какие произносит.

Совет №15 — РАЗВИВАЙТЕ ФОНЕМАТИЧЕСКИЙ ЗВУК
Побуждайте различать близкие звуки, слова, отличающиеся 1 звуком (крыса-крыша).

Совет №16 — НЕ ПРЕНЕБРЕГАЙТЕ ЗВУКОПОДРАЖАНИЕМ
Используйте слова типа «бух», «ням-ням», «ав-ав». Создайте основу для полноценной речи.

Совет №17 — ЧИТАЙТЕ …
Читайте короткие сказки, стихи по несколько раз – дети лучше воспринимают тексты, которые они уже слышали.

Совет №18 — ПАЛЬЧИКИ НА ПОМОЩЬ РЕЧИ
Развивайте мелкую моторику – точные движения пальцев руки. Она тесно связана с развитием речи.

Совет №19 — БУДЬТЕ ТЕРПЕЛИВЫ, СНИСХОДИТЕЛЬНЫ И … ОСТОРОЖНЫ
Если ребенок неверно произносит звуки, не смейтесь, не повторяйте неправильное произношение. Побуждайте ребенка послушать правильное произнесение и попытаться его повторить.

Совет №20 — ТОЛЬКО ВЫ!
Помните: только вы способны помочь ребенку развиваться гармонично. Не забывайте активно радоваться его успехам, чаще хвалите своего малыша.

 

Р.Умарова,

педагог-логопед первой категории "КППК" № 14

Бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев этно-мәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.

Еліміздегі ұлттар арасындағы бірлік пен ынтымақтастық дамуға бастайтындығын тілге тиек еткен Қуат Сұлтанұлы партия төрағасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы жемісті еңбек етіп жатқандығын айтты. Ассамблея қазақстандықтарды бір шаңырақтың астына біріктіріп, қуатты мемлекет құруға бастайды.

Сонымен қатар кездесу барысында мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың еліміздің жаңа жағдайдағы іс-қимыл кезеңін айқындайтын биылғы Жолдауы талқыланды.

С.НҰРАДИН

Сенбі, 28 Қараша 2020 13:08

Инкюзивті білім беруді дамыту

«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғап, оларға жағдай жасауды жүзеге асырады. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың да сапалы әрі кедергісіз білім алуын қамтамасыз етеді.

Аталған жоба аясында бүгін аудандық мәслихат депутаты Қуат Байғоджаев білім саласының қызметкерлерімен кездесу өткізіп, ауданымыздағы инклюзивті білім беруді дамыту мәселесін талқылады.

– Тағдыр тауқіметін тартқан балаларымыз басқа оқушыларымен тең дәрежеде білім алуы тиіс. Олар да – толыққанды мүшесі, басқалармен тең құқылы. Сондықтан да аудандағы білім ошақтарында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық жағдай жасалған. Пандус, көмекке шақыру тетігі, арнайы тұрақтар. Сонымен қатар мектепке баруға мүмкіндігі жоқ оқушылар үйден оқытылады – деп, аудан аумағында оқушыларға жасалып жатқан жағдайды баяндады.

Білім саласының қызметкерлері де өздерінің ой-пікірлерін жеткізіп, ұсыныстарын айтты.

С.НҰРАДИН

Жұма, 27 Қараша 2020 16:29

Қарақатты қолдайық!

29 қараша күні онлайн форматта «Junior Eurovision» танымал музыкалық байқауы өтеді. Онда Қазақстан атынан Қарақат Башанова өнер көрсетеді. «Junior Eurovision» байқауын «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады. Басталуы – сағат 22.00-де.

12 елдің өнерпаздары бақ сынайтын бұл байқау пандемияға байланысты онлайн өткізіледі. Виртуалды сахнаға Қарақат екінші болып шығып, белгілі сазгер Хамит Шанғалиевтің «Forever» әнін орындайды.

Жарыстың ережесі бойынша, жеңімпаз әділ қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беруі және 2 кезеңде өтетін онлайн-дауыс беру арқылы анықталады. junioreurovision.tv сайтында кішкентай жерлесімізге дауыс беріп, қолдау көрсетіңіздер, ағайын. Дауыс беру 28-29 қараша аралығында конкурстың финалы басталғанға дейін жалғасады. Финал аяқталғаннан кейін, көрермендердің өздерінің сүйікті әншілері үшін дауыс беруі үшін тағы 15 минут уақыт беріледі.

Дауыс беру және байқау туралы толығырақ ақпаратты сілтеме бойынша білуге болады.

Жұма, 27 Қараша 2020 16:13

Елбасы және Қазақстан ғылымы

Кеңес дәуірінде де қазақ ғылымы сала-сала бойынша дамыды. Кедергілер мен қиыншылықтар да болды. Соған қарамастан қазақтың талантты ұл-қыздары Мәскеу асып, Еуропа елдеріне де шығып, қазақ ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Алайда еліміз тәуелсіздік алған соң ғылымға жаңаша көзқарас қажет болды. Мұны Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы дәл бағамдай білді.

1991 жыл еліміздің ұлттық же­тіс­тігі есебіндегі отандық ғы­лым дамуының жаңа кезеңі бас­­тал­ғандығымен ерек­шеленді. Қазақ­станның құқықтық мен­шігіне 100-ден астам жалпы одақ­тық мемлекеттік ғылыми-тех­ни­калық мекеме өткендіктен ғылымды мемлекеттік қолдаудың маңыздылығы күрт өсті. Жаңа жағдайларға байланысты қыс­қа мерзім ішінде мемлекеттік ғылы­ми-техника­лық саясатты айқын­дау қажеттілігі туындады, елдің ғылыми-техникалық күш-қуатын сақтап қалу мен одан әрі дамыту үшін ғылыми-техникалық саланы мемлекеттік басқарудың тиімді құрылымын қалыптастыру мәселесі туындады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жыл­ғы 15 қаңтардағы қаулысы­мен «Қазақстан Республика­сы­ның ғылым және ғылыми-тех­ника саясаты туралы» заң қа­был­данды. Осы жылы Елбасы­ның «Эко­но­микалық реформа­лар жағ­дайында Қазақстан Респуб­ли­касы мемлекеттік басқару органдарының іс-қимылдары мен ұйымдастыруын жетілдіру» туралы Жарлығымен Қазақстан Респуб­ликасының Ғылым және жаңа технология министрлігі құрылды.

Министрлікке мынадай мін­деттер жүктелді: республи­ка­ның ғылыми-техника саласының дамуы жолында мемлекеттік саясат жүргізу; ғылыми және ғы­лыми-педагогикалық кадрлар даяр­лау жұмыстарын үйлестіру; ғылыми-технологиялық салада халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру.

Тәуелсіз Қазақстан ырғақты да тұ­рақ­­ты даму үстіндегі ел. Ал ғылым са­ла­сындағы өзгерістер – мемлекеттік сая­сат пен басқару, адам капиталы, қар­жы­лан­дыру мен заңнамалық бекем­деу, материал­дық-техникалық жаб­дық­тау – эволюциялық сипаттан гөрі ре­волю­циялық сілкініс­тер­ге көп ұқсас. Бұл орайда зерт­теушілердің қиялы мен қала­мына қанат бітірген бірнеше ішкі және сыртқы факторды баса көрсеткен ләзім.

Кеңес Одағының ыдырауымен ше­кара­­дағы темір тор ысырылып, Қазақ­стан – әлемнің, әлем – Қазақстанның интеллектуалдық әлеуетімен кешенді танысу мүм­кіндігі ашылды. Бұл орайда Қазақ­станның БҰҰ-ға мүшелікке қабылданғанының мәні ерекше. Шешім 1992 жылғы 2 наурызда қабылданды. Іле, яғни 1993 жылдың мамырында еліміз БҰҰ-ның Білім, ғылым және мә­дениет мәселелері жөніндегі ЮНЕСКО құрамына 164-ші мемлекет болып кірді.

Маңызды сыртқы фактор қатарына тарихшы ғалым­дары­мыздың Еуропа мен Амери­кадағы, Азия мен Африкадағы маңызды жиындарға қатыса бастауын айтсақ болады. Шетел­дік әріптестер де Қазақ­станға көп­теп келетін күн туды. Кітап­тармен, идеялармен, жұмыс тә­жі­рибелерімен алмасу, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру – бәрі отандық тарих ғылымын кешенді байытқаны күмәнсіз.

Міне, осылайша елімізде ғылым­ды дамыту жүйелі жүр­гізіле бастады. Елбасымыз шет­ел­дерде жүрген көптеген ғалым­­дарды елге қызмет етуге ша­қыр­­ды. Солардың бірі еліміз­ден шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқ­тар Әубәкіров. Ресейде қыз­мет етіп жүрген жерінен елге ша­қы­ры­п ғарышқа ұшуына мүм­кін­дік жасаған Нұрсұлтан Әбішұ­лы екенін ел біледі. Бұл оқиға бүгінде тарихтан лайықты орнын алған. Ал осы сапарында Тоқтар Әубәкіров қазақ ғылымын ға­рыш­пен байланыстырды.

Қазақ Ұлттық аграрлық уни­вер­ситетінің ректоры, ҰҒА академигі Тілектес Есполовтың «Назарбаев фено­мені» және жастар» атты мақала­сында «Қазақ­стан – тарихи қысқа мерзім ішінде ғасырға татитын жолдан өтті, ұлы табыстарға қол жет­кізді. Тәуелсіз мемлекет құру – ар­ман­нан шындыққа айналды. Елд­ікті сақтау, азат ел болудың бақы­тын сезіну және елім деп емі­ре­нетін ұрпақ тәрбиелеу баршамыздың борышымыз. Ұлт Көшбасшысы қалыптастырған қазақстандық модель – патриотизм рухының қайнар көзі. Еге­мен еліміз­дің іргесі қаланып, өс­ке­лең елдердің қатарынан орын алуымыз, ол ең алдымен халықты кемел келешекке бастаған Тұң­ғыш Президентіміздің дана­лық саясатының нәтижесі. Елбасы­ның батыл қадамдары ел эконо­мика­сының қарыштап дамуына, тәуелсіздігіміздің қауіпсіздігін нығайтуға негіз болды. Еңсесін тіктеген еліміз Елбасымыз­дың ұйытқы болуымен, бүгінде Рухани жаңғыруға бет бұрып, Ұлы даланың тарихи қырларын та­нып-білуге ұмтылуда. «Тарих­ты тұлғалар жасайды» деген қағи­даға сүйенсек, мемле­кеті­міздің жаңа тарихы Елбасы есімімен тығыз байланысты. Уақыт өткен сайын еліміз өркениетті мемлекеттер қатарына кіріп, жаңа даму стратегиясын іске асыруда. Адал еңбек, рухани тәрбие, терең білім, жаңашыл ғылым ең ал­дымен әрбір азаматты адам­гер­шілікке үйретеді. Бұл ретте Пр­езиденттің жасампаздық және жаңашыл тұлғасы әрбір қазақ­стандыққа үлгі-өнеге. Олай болса, Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін атап өту, оны халықтық мерекеге айналдыру объективті құбылыс», деп жазды.

Үкіметтің 1993 жылғы 22 қаңтар­дағы «Қазақстан Республи­касында ғылым мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыру және жоспарлауды жетiлдiру шаралары туралы» Қаулысы бойынша ғылы­ми-техникалық және тәжiрибе­лiк-конструкторлық жұмыс­тар (ҒТТКЖ) мен ғылыми-техника­лық бағдар­ламаларды республи­калық бюд­жет­тен қаржыландыру тәртiбi айқын­далды. 1993 жылдан бастап мемлекет бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды мемлекет тарапынан ғылыми-техникалық сарап­тау енгi­зiлдi. Республикада өт­кi­зiлетiн ашық тәжi­рибелiк-конс­трукторлық және жоба­­лық-технологиялық жұмыстар мен олар бойынша есеп беру құжат­тарын мемлекеттік тiркеу­дiң бiрыңғай тәртiбi бекiтiлдi. Осы­лайша, ҒТТКЖ-дi қар­жылан­дыруды бағдарламалық-мақ­сатты әдiске көшiрудiң норма­тивтiк-құқықтық негiзi жасалды.

Елде машина жасау, атом өнеркәсiбi мен энергетиканы дамыту жөнiнде мем­ле­кеттік бағдарламалардың жоба­лары жасал­ды. Республика тау-кен метал­лур­гиясы кешенiн дамытудың тұжы­рым­­дамасы бекітілді. Түрлi мақсат­та­ғы жоғары тиiмдi катализаторлар, қоңыр және тас көмiр, тақта тасты сұйыл­тып қайта өңдеу кезiнде алынатын синте­ти­ка­лық мұнай мен оны өңдейтiн шағын зауыттар жоба­лары жасалды. Шағын кәсiпорын мен өндiрiстер ұйым­дас­тырылды. Каспий теңізінiң құқық­тық мәр­тебесi айқындалып, аймақ­тар­дың өн­дiрiстiк күштер құрылы­мын оңтай­лан­дыру мен ха­лықты тiршiлiктiк қам­тамасыз ету жүйесi, М.Әуезов шығар­ма­лары­ның 50 томдық академиялық то­лық жинағын дайындау мақ­сатында көптеген ғылыми-зерт­теу жұмыстары атқарылды.

Үкiмет жанынан iргелi және қол­дан­балы ғылым мен техниканы дамытудың мемлекеттік басымдықтарына және болжам жасауға жауапты консультативтi-кеңес органы болып саналатын Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (ЖҒТК) құрылды. Ел Үкiметiнiң 1998 жылғы 14 сәуiрдегi «Академик Қ.И.Сәт­баев­ты мәңгi есте қалдыру туралы» Қаулысына сәйкес 1999 жылы бiрқатар мерейтойлық шаралар өткiзiлдi. 1999 жылы 15-23 сәуiр аралығында Париждегi ЮНЕСКО бас пәтерiнде аса көр­нектi ғалым, академик Қ.И.Сәт­­баевтың 100 жылдығына арнал­ған халықаралық ғылыми симпозиум өттi.

2000 жылы Үкiметтiң қау­лы­сы­мен ғылыми-техни­ка­­лық саланың тұрақ­ты да­м­уын қамтамасыз етуге және ғылыми-техникалық потен­циал­дың қа­лыптасуына бағытталған, экономика мен оның қорларының қазiргi заманғы инновациялық талаптарына жауап беретiн Қазақстанның ғылым және ғы­лы­ми-техникалық саясатының тұжы­рымдамасы мақұлданды.

Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентi мен Үкiметiнiң қол­дауымен, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның бiрлесуi арқылы елорда мен Алматы қаласында 2000 жылы 11-14 мамыр аралығында «Үшiншi мыңжылдық ғылымы» атты халықаралық конферен­ция өткiзiлдi. Түркiстан қаласы­ның 1500 жылдығын той­лау шең­берiнде 20-21 қазанда «Қазақ­стан мен Түркi әлемi­нiң руха­н­и тарихындағы Түркi­стан және Қожа Ахмет Ясауи» халық­­ара­лық ғылыми-практикалық кон­ференциясы өткiзiлiп, оның жұ­­мы­сына Қазақстан мен таяу және алыс шетелдерден келген 200-ден астам ғалымдар мен мамандар қатысты.

2001 жылы 2 ақпанда Алматы қаласында бiлiм және ғылым қызмет­кер­­лерiнiң съезi өтiп, онда Елбасы Н.Ә.Назарбаев баян­дама жасады. Елбасы баян­дамасында Қазақстан үшiн елдiң әлеуметік-экономикалық рухани дамуы факторында отандық ғылымды қайта құрудың өмiрлiк маңызы бар екендiгiн мәлім­деді. 2001 жылы 12 шiлдеде қабыл­данған «Ғылым туралы» заңы ғылымды басқаруды одан әрi жетiлдiрудiң, инновация мен зерттеу процестерiн ұйым­дас­тырудың, кадрлар даярлау­дың, отандық ғылымды әлем­дiк ғылыми қауымдастыққа инте­грациялаудың негiзiн қалаушы құжат болды. Ғылы­ми-зерттеу институттарының материал­дық-техникалық базасын нығайту мақ­сатында, ғылыми зерттеулер үшiн бiре­гей құрал-жабдықтар сатып алуға, ғылыми мекемелердi қазiргi заман­ғы компьютерлiк техникамен жарақ­тан­­дыруға бағытталған «Ғылыми меке­ме­лерге құрал-жабдықтар сатып алуды республикалық деңгейде қаржы­лан­дыру» туралы жаңа бюджеттiк бағдар­ламаға сәйкес алғаш рет қаржы бөлiндi.

Қазiргi уақытта ғылыммен тығыз бай­ланысты өндiрiстерге арналған конс­трукторлық-жоба­лық және техни­калық-құжат­тық жұмыстар баршылық. Отан­дық технологияны пайдалану негiзiнде көп өнiм беретiн деңгейге жетуге мүмкiндiгi бар елдегi химия және мұнай-химия өнiдiрiстерi мен мұнай, газ және көмiр өңдеу бойынша бәсекеге қабiлеттi және тиiмдi құ­ры­лыстарды кеңейту мен жаңарту көзделуде. Тәуелсiздiк жыл­дарындағы кезең ғылымды ұйым­дастыру мен ғы­лыми шы­ғар­машылық процестi бас­­қару­дың жаңа тәсiлдерiн енгiзу, ғалым­дар iс-әрекетiне қолайлы жағдай туғызу, ғылы­ми кадрлар­дың жаңа буы­нын даяр­лау, бiлiм мен ғылымды ин­те­гра­ция­лаудың барынша оңтайлы жү­йесiн iздестiрумен сипатталады.

2009 жылы Қазақстан Дүние­жүзілік экономикалық форумы халықаралық үкіметтік емес ұйымы жүргізген ғалам­дық бәсекеге қабілеттілік индексі рей­тингінде 67-орынды иеленді.

2010 жылдың 11 наурызынан Қазақ­стан Орталық Азия мемлекеттері ішінде бірінші болып еуропалық білім беру кеңістігінің толыққанды мүше­лігіне енді. Бұл білім жүйесі Болон процесі деп аталады.

2011 жылғы 18 ақпанда «Ғы­лым туралы» заң қабылдан­ған­нан кейін бұл салада үлкен өзгерістер болды. Аталған заң аясында қазіргі қолданыстағы заң бап­тарының шамамен 60 па­йызы өзгертілді немесе толық­тырылды. Білім беру мен ғылым саласы үшін басты мәселенің бірі – қызметкерлер үшін жалақы көлемін арттыру мақсаты қойылды.

Қазақ ғылымы дамуының негізгі күші – ғылыми-зерттеу инс­ти­тут­тары мен жоғары оқу орындары. Бүгінде Қазақ­станда ғылыми-зерттеу жұмыс­тарымен айналысатын 383 ұйым бар. Білім және ғылым ми­нистр­лігінің же­тек­­шілігімен елі­міздегі оқу орындары жаны­­нан ғылыми-зерттеу орталық­тары­ның құрылуы да отандық ғылымның ілге­рілеуіне өзіндік үлес қосуда. Елі­мізде білім беру­ді және ғылымды дамыту үшін түрлі шаралар кешенді іске асы­­рылуда. Осыған орай қазақ­­стан­дық білім мен ғы­лым­­­ның жаһандық бәсе­кеге қабі­­лет­тілігін кеңейту, елдің әлеу­­мет­тік-экономикалық дамуына ғылым­­ның үлесін арттыру мақ­сатында Үкі­мет 2019 жылдың желтоқ­санында Қазақ­стан Рес­пуб­ликасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жыл­дарға арналған мемлекет­тік бағ­дар­ламасын қабылдады. Аталған бес жыл­дықта бағдар­ламаны іске асыру үшін 11,5 млрд теңге қаржы бөлу көзделді.

Ғұлама ғалым әл-Фараби «Ғылымы жоқ елдің – болашағы жоқ» деген екен. Сол сияқты Елбасының жүргізген сындарлы саясатын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде лайықты жалғастырып келеді. Мемлекет басшысы «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында: «Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, ең­бектің дәуірі» деген болатын. Мем­лекет басшысы айтпақшы, біздің заманымыз – ғылым мен білімнің дамуы­на білек түріп белсене кірісетін кезең.

Білім беруді және ғылым­ды дамы­тудың 2016-2019 жыл­дарға арнал­ған мем­лекет­тік ба­ғдар­ла­масының қоры­тын­­­ды­лары қойылған мақсаттар мен мін­­­дет­тер­дің 93,4%-ға орын­дал­­ға­нын көр­се­теді. Ендігі кезекте бекі­­тілген Қазақ­­стан Рес­пуб­ли­­ка­­сында білім беру­ді және ғылым­­ды дамытудың 2020-2025 жыл­­­дарға арналған мемлекет­тік бағ­­дар­­ламасы бойынша орын­далғ­ан мін­дет­тердің пайыздық үлесі жоғары болатын­дығына сенім мол.

Біз жоғарыда сөз еткен ғылым сала­сындағы жетістіктер Елбасы жүр­гізген салиқалы сая­саттың же­місі. Олай болса, Нұрсұ­лтан Әбіш­ұлының еліне сіңір­ген еңбегі­нен жас ұрпақ, жас көш­бас­шылар үлгі алуы тиіс деп есептеймін.

 

Рахымжан ЕЛЕШОВ,

ҰҒА академигі, Қазақстан Республикасының ғылымына еңбегі сіңген қайраткер

Дереккөз: egemen.kz 

Жұма, 27 Қараша 2020 15:15

Сақтансаң, сақтайды

Биылғы жылыту маусымында аудан аумағында 26 өрт оқиғасы тіркелген. Осылай деген төтеншеліктер үйді жылыту кезінде қауіпсіздік техникаларын қатаң сақтауды ескертеді.

Өрт – тілсіз жау. Әсіресе, қыс мезгілінде тұрғын үйлерде болатын төтенше жағдай бүгінгі күнде тыйылмай тұр. Негізгі себеп – пештің дұрыс тазаланбауы және қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы. Тұрғындардың немқұрайлығы кейде қайғылы оқиғамен аяқталып жатады. Осының алдын алу мақсатында 15 қазаннан бастап аудандық төтенше жағдайлар бөлімі Есік қаласындағы №6 өрт сөндіру бөлімінің және Шелек ауылындағы №25 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлерімен бірлесе бекітілген кесте бойынша аптаның әр күні ауданымызда орналасқан тұрғын үйлерді аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратуда. Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы азаматтық қорғау майоры Рахман Кәрімжанның сөзінше, бөлім қызметкерлері 12 мың 600 үйге барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар, адамдар көп шоғырланатын сауда орындарында, базарларда, мектеп оқушылары арасында өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау бойынша түрлі акциялар ұйымдастырылуда.

Биыл облыс аумағында 1220 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 5,6 пайызға төмен. Оқыс оқиғадан келген шығын көлемі 73 миллион теңгені құрайды. Өкінішке қарай, 26 адам қайтыс болған. Жоғарыда тіркелген фактінің 20 пайыздан астамы пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздігінің сақталмауынан орын алған. Айта кетейік, облыс аумағында 386 мың 870 тұрғын үй тіркелсе, оның 65 пайызы қатты отынмен жылынады. Тексеру кезінде 11 мың 203 қауіпсіздік ережелерін бұзған тұрын үй анықталған. Осыған орай, облыс бойынша түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бүгінгі күні аудан орталығымен қатар бірнеше ауыл көгілдір отынға қосылып, тұрғындардың тұрмысы жеңілдей түсуде. Бұл орайда, пештен келетін қауіп пен иіс тиіп улану фактілері де айтарлықтай азаюы мүмкін. Бұл сұраққа Рахман Кәрімжанұлы өз ойын білдірді:

– Негізінен, сұйық отынмен де, қатты отынмен де жанатын пештер адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. «Өрт – тілсіз жау» – деген мақал бекер айтылмаса керек. Алайда, салыстырмалы түрде сұйық отынмен жанатын пеш қауіпсіз болып саналады. Өйткені, аталған пештерді арнайы мамандандырылған қызметкелер орналастырып береді әрбір тұрғынға. Қауіпсіздік техникалары қатаң сақталып, ережелері түсіндіріледі. Сонымен қатар, ол пештерді іс қосу мен қызмет көрсету арнайы маман тарапынан жүзеге асады. Ал көмірмен жылынатын пештерді тұрғындар өздері қойып, тіпті, стандартқа сай келмесе де пайдаланып жатады. Сондықтан, мұндай тұрғын үйлерден келетін қауіп жоғары. Дей тұрғанмен де, барлығы өзіміздің қолымызда. Қауіпсіздік техникаларын қатаң сақтап, пешті үнемі тазалап тұруымыз керек – дейді Рахман Кәрімжан.

Рас, қазіргі таңда азаматтардың немқұрайдылығынан оқыс оқиғалар орын алып жатыр. Үйде от жағу кезінде жеке сектордың тұрғындары пеш жабдықтарын пайдалануда ерекше мұқият және тиянақты болуы керек. Жылыту маусымының алдында пештердің өртке қарсы жай-күйін тексеру, улы газбен улану жағдайларын болдырмау үшін жарықтарды бітеу және мұржаларды күйеден тазарту қажет. Және де жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмау керек. Осылай деп ескерткен төтеншеліктер «Сақтансаң, сақтайды» – деген халық даналығын естен шығармауды сұрайды.

Сардарбек НҰРАДИН

Жұма, 27 Қараша 2020 14:27

Елін сүйген Елбасы

1 желтоқсан – тұңғыш Президент күніне орай М.Ломоносов орта мектебінде тәрбие сағаты өтті. Оқушыларды елі мен жерін сүйер патриот, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетер адамгершілігі мол азамат ретінде тәрбиелеуді мақсат еткен сабақтың өскелең ұрпаққа берері мол.

Тәрбие сағаты барысында еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып-білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат бере отырып, оқушы бойындағы болашаққа ұмтылыс пен ерік-жігерді, білімге деген құштарлық пен ынтаны оятуды көздедік.

Жоғары сыныптар арасында «Бір ел, бip тағдыр» тақырыбында мемлекеттік және орыс тілдерінде эссе байқауы өтті. Әлеуметтік желілерде «Бірлік туралы әндер» челленджі ұйымдастырылды. Балалар бұл шараларда  ерекше белсенділік танытты. «Болашаққа бастар жол» деректі фильмі бойынша 5-11 сыныптар арасында викторина өткізілді. Жоғары сынып оқушылары арасында Елбасының рөлі» конференциясы қашықтан ұйымдастырылып, қатысушылар пікірлерімен алмасты. Ал бастауыш сынып оқушылары «Менің Қазақстаным!», «Менің Тұңғыш Президентім» тақырыбында сурет байқауында атсалысты. Үздіктер дипломдармен марапатталды.

А.Жанатова,

«М.Ломоносов орта мектебі»  КММ

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет