Бүгінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының маңызын бүкіл қоғам терең түсініп, оны еліміздің рухани тәуелсіздігін нығайтатын стратегиялық құжат ретінде қабылдайды. Жаһандану жағдайында өзіміздің мемлекеттілігімізді, тілімізді, дінімізді, ділімізді, салт-дәстүрімізді, жалпы ұлттық ерекшеліктерімізді қалай сақтап қаламыз деген сауал әрбір азаматты толғандыратыны сөзсіз. Қазір еліміз рухани жаңғыру аясында жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атап өткендей, жаңғыру тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрге сүйенуге тиіс. Бұл орайда ұлттық болмысымызды сақтап қана қоймай, одан әрі дамыта отырып әлемдік өркениет көшіне ілесу біз үшін өмірлік маңызы бар міндет саналмақ. Елбасының аталған мақаласының «Таяу жылдардағы міндеттер» атты екінші бөлімінде қоғам алдына жақын келешекте атқарылуы тиіс бірнеше өзекті міндеттер қойылған. Соның ішінде жаңа гуманитарлық білім беру аясында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы да бар. Біз ұлттың сана көкжиегін кеңітіп, іргелі ғылымға арқау болған аталмыш жоба жайлы аз-кем ой толғауды жөн көрдік.
Оқулық адамзат ақыл-парасатының алтын қазынасы. Сонау ертедегі грек ойшылдары Аристотель, Сократ, Платоннан бастау алатын іргелі ілімдер әлем өркениетінің өрге жүзуіне, адам баласының үздіксіз жаңалыққа талпынуына ықпал етіп келді. Қалай десекте, жаңару мен жаңғырудың оқулықсыз олқы соғатыны тағы бар. Кезінде қазақты озық жұртпен теңестірудың жолын іздеген Алаш арыстары да осы түйінді ұлтты оятудың ең тиімді тәсілі деп білген жоқ па? Сондықтан ХХ ғасырдың басында ұлт зиялыларының күш салуымен, жігерлі жұмыстарының арқасында қазақ қауымына керек оқулықтар жедел әзірленді. Мәселен, Мағжан Жұмабаев «Педагогика», Жүсіпбек Аймауытов «Психология», Халел Досмұхамедов «Биология» пәнін аударса, жиырма жастағы Мұхтар Әуезов «Жеткіншек» деген оқулық жазды. Қаныш Сәтбаев – алғашқы «Математика» оқулығын жазған авторлардың бірі болды. Сол оқулықтардың арқасында ұлтымыздың қанша буынының санасына сәуле түсті. Ал кейін ұлтымыздың рухани түлеуі мен әлемдік өркениетке деген ұмтылысына Кеңес билігі бұғау салды. Еркін ойлауға ерік бермейтін Кеңестік жүйенің темір құрсауында жаңашылдыққа ұмтылғандар аз теперіш көрген жоқ. Ал тәуелсіздік алып «тас бұғаудан босағаннан» кейін ғана тарихымызды түгендейтін, кемелденуге керегімізді іздейтін күн туды. Міне солай, ұлттың жаңашылдық пен жаһандық өркениетке жол алған ұлы сапары басталды. Сол сапарға аттанған тоғанағы мол керуендердің бірі – «Рухани жаңғырудың» жүгін артып алға жылжып барады.
Жаһандану үдерісіне ұлт болып ұйысу мақсатында сол кездегі мемлекет басшысы Н.Назарбаев осыдан тура үш жыл бұрын «Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға аламыз», – деп мәлімдеді. – Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Гуманитарлық зиялы қауым өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық кафедраларды қайта қалпына келтіру арқылы мемлекеттің қолдауына ие болады. Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет. Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз,– деген еді. Осы игі бастаманы жедел жүзеге асыру үшін аудармамен айналысатын құрылымдар негізінде мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросы құрылды. Қазақ Үкіметі аудармашы мамандармен қамтамасыз ету ісін жолға қойды. Ұлттық аударма бюросы авторлық құқық негіздемесін жөнге келтірді.
Бүгінде Елбасы белгілеп берген бағдарлама мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім берудің өзегіне айналады. Білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау – мемлекеттік мәселе. Көп көңілінен шыққан бұл игі қадам кеңестік дүниетаным ыңғайында тәрбиеленген ұрпақты Тәуелсіз елдің жаңа буыны алмастырып жатыр. Осыған дейін дүниеге бір ғана көзқараспен қарап келдік. Қашан да келешектің дидарын болжай білетін Елбасы «Әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-ақ жемісін бере бастайды. Сол себепті, уақыт ұттырмай, ең заманауи, таңдаулы үлгілерді алып, олардың қазақ тіліндегі аудармасын жасауымыз керек», – деп табанды талап қойған болатын.
Соңғы жылдары еліміз индустриалдық-инновациялық дамуға басымдық беруге байланысты жоғары оқу орындары гуманитарлық ғылымдарға жүрдім-бардым қарай бастаған болатын. Көптеген ЖОО-ларда тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану сияқты дербес гуманитарлық салалар «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасына» біріктіріліп, гуманитарлық пәндердің сағатын қысқарту, мәні мен маңызын төмендетуге жол берілген. Тіпті, «Қазақстан тарихы мектепте оқытылады, енді оны жоғары оқу орындарында қайталап оқытудың керегі жоқ» деген желеумен «Қазақстан тарихы» кафедралары жабылған болатын. Ал «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қолға алынғаннан бері қоғамдағы толғағы жеткен, шешімі табылмай келе жатқан түйіндер тарқатыла бастады.
Жастарымыздың әлемдік ғылыми стандартқа сай білім алуы үшін ғылыми оқулықтардың қазақ тіліне аударылып, қайта басылып шығарылуы үлкен құндылық. Қазір осы шара ойдағыдай атқарылып, көптен күткен игі іс орындалуда. Мысалы, осыған дейін Жоғары оқу орындарында ғалымдардың көптеген оқулықтары тек қана орыс тілінде басылып шығарылған. Ал, қазақ топтарында білім алатын студенттер үшін мұндай оқулықтарды өздері түсініп оқуына немесе аударуына тура келетін еді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған «100 жаңа оқулық» жобасы жастарымыздың ана тіліміз арқылы әлемнің рухани уызына жаруына жол ашты.
Отандық оқымыстылардың айтуынша, «100 жаңа оқулық» жобасының қоғам жаңғыруына қосар үлесі телегей. Бұл жобаның басты мақсаты – жастардың санасына дүниежүзіндегі таңдаулы білімді сіңіру. Мысалы, бұл жоба аясында француз, италян, корей ғалымдарының еңбектерін де қазақ тіліне аудару жоспарланған. Бір ғана француз философы Реми Хемс еңбектерінде қаншама ілім-білім жатыр?! Әлемге танымал, еңбектері аңыз болып қалған ғалымдардың зерттеулерін қазақ жастары өз тілінде түсініп оқыса, бұл олардың білім көкжиегін кеңейтері анық. Бұл ретте Еуразиялық интеграция институтының директоры Ғани Нығметов: «Мұндай жобаларды қолдау өте маңызды. Бұл біздің қазақ жастарының, қазақ қоғамының рухани дүниесінің толығуына өз әсерін береді. Елбасы саясатының барысында қазір қазақ жастары әлемнің түпкір-түпкірінде білім алып жатыр. Өз көкжиегін кеңейткісі келген адамға барлық мүмкіндіктер ашылған. Шетелде білім алып келген қазақ жастары қазір түрлі қызметтерде өздерін танытып жүр. Сондықтан, бұл арада 100 жаңа оқулық жобасына бейтарап қарауға болмайды. Мұның астарында сананы рухани жаңғырту мәселесі жатыр. Сана рухани жаңарып отырса, адам капиталы ешқашан тозбайды. Ал, мемлекетке тозбайтын, шаршамайтын, қажымайтын, білімді, жұмыс істей алатын адам капиталы әрқашан да керек. Мемлекетіміздің өсіп-өнуі үшін білімді, саналы ұрпақ тәрбиесі қашанда маңызды» – дейді.
«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасына қатысқан мамандардың сөзінше, бұл оқулықтар жайдан-жай таңдалмаған. Жоба қолға алынған кезде Президент жанынан құрылған Ұлттық комиссия арнайы іріктеу жүргізіп, әр жоғары оқу орны мамандарының ұсыныстары қаралған. Ұлттық аударма бюросының әрбір оқулық әлемдегі ең мықты оқу орнында шыққан, кем дегенде, баспада үш рет басылым көрген, әрі таралымы да жоғары болуы керек деген шарттарды негізге алған. Осы талаптар ескерілген жағдайда ғана оқулықты аудару процесі басталған.
2020 жылдың 30 қаңтарындағы мәлімет бойынша, таңдап алынған жүз кітаптың 47 оқулығы аударылып шықты. Ресми ақпаратқа сүйенсек, он мың данамен шыққан кітаптар Қазақстанның 132 оқу ордасына жолданды. Айта кетейік, қазақ тіліне аударылған кітаптардың негізгі түп-нұсқасы орыс, ағылшын, француз тілінде жарыққа шыққан.
Аударылған кітаптардың дені әлемдік үздік оқу орындарында оқытылатын іргелі еңбектер саналады. Айталық, 2018 жылы А.Барнардтың «Антропология тарихы мен теориясы» атты кітабында: антропология ғылымының қалыптасу тарихын, ондағы эволюция теориясы туралы тұжырымдарды, диффузионистік және тарихи-мәдени аймақтар теорияларын, функционализм және құрылымды-функционализм, әрекетке негізделген теорияларды, процессуалдық және маркстік көзқарастағы зерттеулерді, сонымен бірге, релятивизм, структурализм мен постструктурализмнің түрлі салаларын және енді ғана қалыптасып жатқан интерпретациялық және постмодернистік көзқарастарға қатысты тақырыптарды кеңінен қамтыған. Айталық, қазақ тілінде аударылған Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы» атты еңбегінде философиялық ойдың даму тарихына айрықша үлес қосқан танымал 15 ойшылдың шығармашылығы топтастырылған. Аталған оқулықтың авторы Батыс дәстүріндегі көрнекті философтардың негізгі еңбектері мен теорияларын оқырмандарға кезең-кезеңмен таныстыруды көздейді. Кітап тарауларында философтардың өмір сүрген дәуіріне шолу жасалып, сөз болатын шығармалардың негізгі идеяларын талдауға басымдық берілген. Сондай-ақ, жинақта философтардың өмір деректері мен басты еңбектерінің тізімі, сол дәуірдегі ғылыми жаңалықтар мен тарихи оқиғалар, философиялық, әдеби және көркем туындылар да қамтылған. Әр шығармаға арналып оның түйінді идеясын білдіретін ықшам анықтама дайындалған. Тақырыптар хронологиялық ретпен баяндалса да, материал кез келген тараудан бастап түсініп оқи беруге лайықталып, әрқайсы жеке бітіммен құрастырылған.
Eлбacы Нұрcұлтaн Нaзaрбaeвтың ocыдaн үш жыл бұрын жaриялaнғaн «Бoлaшaққa бaғдaр: рухaни жaңғыру» мaқaлacынaн бacтaу aлғaн бұл жoбaның қaзaқ oқырмaнынa бeрeрi мoл. Өйткeнi, бұл – гумaнитaрлық бiлiм caлaлaрының eң тaңдaулы oқулықтaрын жәнe ғылыми eңбeктeрiн aнa тiлiмiзгe aудaрып, eлiмiздiң iргeлi жoғaры oқу oрындaрының кiтaпхaнa қoрлaрын шeтeлдiк кiтaптaрмeн тoлықтыруды мaқcaт eткeн бiрeгeй жoбa. Әринe, бұл ғылым тiлiн қaзaқшaлaндыру ғaнa eмec, қoғaмдaғы күрмeуi көп мәceлeлeрдi шeшудiң oңтaйлы әдici icпeттi. Бiрiншiдeн, жacтaрдың әлeмдiк белестерге қoл жeткiзiп, бiлiм дeңгeйлeрiн жeтiлдiругe жaғдaй жacaйды. Aл әлeмдiк мәдeниeтпeн тaныcқaн жac өcкiннiң oй-өрici жoғaры, тaнымы кeң aзaмaт бoлып қaлыптacaры aнық.Eкiншiдeн, қaзaқ тiлiнe аударылған oқулықтaр eшбiр идeoлoгиялық дoгмaттaрдaн aулaқ әрi oбьeктивтi ғылыми cтильдe жaзылуымeн құнды. Кiтaптaрдa дәcтүрлi жәнe жaңa зaмaнғы тұжырымдaр eшбiр қocпacыз, әciрeлeуciз жaзылғaн. Бұл oқырмaндaрдың кiтaпты oқи oтырып өзiншe oй қoрытып, cыни oйлaуынa мүмкiндiк жacaйды. Eң бacтыcы, ғылым caлacынaн мәлiмeт aлaды. Eлбacы aйтқaн «Caнaның aшықтығы» дeгeн ocы бoлca кeрeк. Бaғдaрлaмa шeңбeрiндe aудaрылғaн oқулықтaрдың көбici бeлгiлi бiр ғылым caлacындaғы тeрминoлoгияны қaлыптacтыруғa жoл aшудa. Бeдeлдi ғaлымдaр мeн бiлiктi филoлoгтaр құрaмы жaңa тeрминдeрдi қaлыптacтырудa, кiтaптaрдың aудaрылуындa көп күш caлып жaтыр. Бұл жoбa бiрaз кiбiртiктeп қaлғaн ұлттық тeрмин жacaм прoцeciнe қoзғaу caлa aлca, бұл дa – ұлттың рухaни жaңғыруының бiр бeлгici дeугe бoлaды. Oқулықтaрдың үшiншi жaңaлығы – бұл жoбa жaлпы қaзaқ тiлiндeгi кiтaп индуcтрияcынa, ғылыми-көпшiлiк aудaрмa iciнe ceрпiн әкeлудe. Қaзiрдiң өзiндe түрлi ғылыми, ғылыми-көпшiлiк, әдeби жәнe мoтивaциялық кiтaптaр шығaруғa бeт түзeгeн ұйымдaр бoй көтeрiп жaтыр. Бұл дa бoлaшaқтa тiлдiк oртaның caпaлы, мaзмұнды бoлуынa, coл aрқылы жaлпы қaзaқ тiлiнiң мәртeбeciн көтeругe ceп бoлaды дeп үмiттeнeмiз.
Т ү й і н:
Зерттермендердің сөзінен байыптағанымыздай, «100 жаңа оқулық жобасы» танымды байытып, рухани жаңғыруды арттыра түспек. Ендеше, біз де өз тарапымыздан осы жобаның басы-қасында жүргендерге сәттілік тіледік. Кітаптың сарқылмайтын қазына екені бұған дейін де айтылып келді. Ғасыр мен ғасырды, қоғам мен қоғамды тоғыстыратын кітап және ондағы түйдектелген білім екенін ескерсек, бұл жобаның да қазаққа берері мол екені даусыз.
Ерзат АСЫЛ