Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сайтында Металлургтерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Құрметті металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен құттықтаймын!

Осы атаулы күні біз металлургтарға – ерлік пен зор қайрат-жігерді талап ететін мамандық иелеріне, өздерінің  абыройлы да ауыр жұмысына берілген еңбексүйгіш жандарға сый-құрмет көрсетеміз.

Менің өзім де домна пеші басындағы еңбекте шыңдалып, тәжірибе жинақтадым. Жұмылған жұдырықтай ұйымшылдықтың, өзара көмек пен нағыз достықтың шын бағасын білдім.

Металлургия – қазақстандық өнеркәсіптің жетекші саласының бірі, онда мыңдаған жоғары білікті мамандар мен басқарушылар еңбек етеді. Олардың қажырлы еңбегі мен асқан шеберлігі еліміздің экономикалық әл-ауқатының берік негізінің бірі болып отыр.    

Сіздер алдағы уақытта да Қазақстанның игілігі жолындағы өз жұмыстарыңыздың барысында кәсіби жаңа биіктерді бағындыра бересіздер деп сенемін.

Баршаңызға мықты денсаулық, табыс, бақ-береке тілеймін!

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіруді міндеттеді.

Президент Twitter-дегі парақшасында «Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіру міндеттелді. Азаматтардың денсаулығы мен өміріне коронавирустан бөлек, өкпе қабынуы да үлкен зардабын тигізіп отыр.

Пандемия ахуалы туралы барлық ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс. Жариялылық пен өзара сенім болғанда ғана, біз бірлесе отырып бұл індетті тезірек жеңеміз» деп жазды.

Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің таяудағы кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындауға бағытталған шаралар легі қаралды.

 

Коронавируспен күрес рейтингі іске қосылды

Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты елдегі жағдай туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндама жасады. Оның айтуынша, қазіргі таңда республика бойынша 61 755 науқас тіркелген. Оның ішінде 25 448 адам ем алуда, 35 911 адам емделіп шық­ты, 396 адам көз жұмды. Тәулігіне 1700-1800 адам COVID-19 вирусын жұқтыруда.

Жағдайды тұрақтандыру үшін өңірлерде жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігінің 17 көрсеткішіне күн сайын мониторинг жүргі­зіледі. Қосымша тағы 4 индикаторды қосу туралы шешім қабылданды, оның 2-еуі БАҚ-пен жұмыс арқылы әлеуметтік ширығуды азайту және тұрғындардың шағымдарын уақтылы қарастыруға арналған. Дәрі-дәрмектің жеткі­лікті болуына мониторинг жүргізу жұмыстары мен медицина ұйымдарының өтінімдеріне Бірыңғай дистрибьютордың жұмысын көр­сететін тағы 2 индикатор бар. Оған қоса ай­мақ әкімдіктерінің жұмысын бағалау рей­тингі әзірленді.

«Рейтингке сәйкес, 1-орынды 2 облыс – Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыс­тары алып отыр, бұл өңірлерде 17 инди­катордың 9-ы бойынша көзделген инди­каторға қол жеткізілді. Рейтингте 2-орын­ды 5 облыс және Шымкент қаласы алды – 8 индикаторға қол жеткізілді, 3-орында – 3 облыс және Алматы қаласы иеленді, мұнда 7 ин­дикатор бойынша көрсеткіштер түзелді. Рей­тингте соңғы орынды Атырау облысы алып отыр, бұл аймақта 17 индикатордың 5-еуі орындалған»,  – деді А. Цой.

«Бүгінде COVID-19-бен күресу жұмыс­тарына 46 мыңнан аса маман тартылған. Өңірлерде эпидемиологтар, инфекционис­тер, анестезиолог-реаниматологтар, пуль­монологтардың жетіспеушілігі байқалады. Министрлік аса сұранысқа ие түлектерді: 88 анестезиологты, 26 инфекционисті, 7 пульмонологты өңірлерге бөлді», – деді А.Цой.

Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін медициналық жоғары оқу орындарының 2084 маманы мен волонтер жұмысқа тартылып, олар эпидемиялық шараларға жұмылдырылды. Сондай-ақ бұл жұмыстарға студенттер де атсалысуда. Коронавируспен күрес шараларына атсалысқан медицина қызметкерлеріне үстемеақы төленеді.

 

Оқушылар қашықтан оқытылғаны жөн

Елімізде вирус жұқтырған 60 мыңнан астам адамның 1700-ден астамы – балалар.

«Білім мекемелерінің оқушыларының арасында респираторлық инфекциямен ауы­рудың маусымдық өсуін және коро­на­вирус инфекциясына байланысты эпидемиялық қолайсыз жағдайды ескере отырып, шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, оқу жылының бірінші тоқсанында орта білім беру ұйымдарының барлық сыныптарын қашықтан оқытуды қарастырған жөн деп санаймыз», – деді А.Цой.

Білім және ғылым министрі А.Аймағам­бетов атап өткендей, педагогтер мен оқушы­лардың коронавирус инфекциясы мен жіті респираторлық вирустық инфекцияларды жұқтыру қаупі жоғары. Мәселен, тек ЖРВИ-мен жыл сайын оқушылардың 70%-ына дейін ауырады. Осыған байланысты министр балалар үшін мектептерді ашуға әлі ерте деп, өткен оқу жылының үшінші және төртінші тоқсанындағы тәжірибені қайталауды — қашықтан оқыту форматын жалғастыруды ұсынды. А.Аймағамбетов осы бағыттағы ұсыныстарды тәптіштеп тұрып ортаға салды.

«Бірінші. Шалғайдағы ауылдардағы ша­ғын жинақты мектептерді ескермегенде, 1 қыр­күйекте оқу жылын еліміздің барлық мектеп­терінде 1-11 сыныптар үшін қашықтан оқыту форматында бастау. Екінші. Бастауыш сыныптардың оқушыларының ата-анасының өтініші бойынша тиісті мүмкіндіктерге қарап, қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс іс­теуіне мүмкіндік беру», – деді министр.

Бұл бастауыш сыныптардың оқушыла­рының жас ерекшеліктеріне, өз бетінше білім алу және өзін өзі тәртіпке салу дағдыларының қалыптаса бастауына байланысты. Бірақ мұндай жағдайда мектептерде санитарлық қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілетін болады.

«Балалар тек бір кабинетте оқиды, үзіліс­тері әртүрлі уақытта болады, кіреберісте дене қызуын өлшеуді ұйымдастырамыз, ауа­ны тазарту, кварцтау және ылғалды тазалау режімі күшейтіледі. Әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін оқытуды ауысымдарға және бала саны 10-15 баладан аспайтын шағын топтарға бөлу, мектепте оқыту күндерінің кезегі жасалады. Десек те, бұл балалар үшін пәндердің бір бөлігі қашықтан оқытылады», – деді министр.

Ол шалғайда орналасқан шағын ауылдық мектептерде штаттық форматта оқыту мүм­кін­­дігін ұсынды. Бұл жалпы оқушылар са­ны­ның 4%-ын құрайды. Осы критерийге сәй­кес келетін 1934 мектепте 127 мың бала бар.

Министр қашықтан оқытудың тек жаңа оқу жылының басталуына қатысты шешім екенін атап айтты.

«Бірінші тоқсан аяқталғаннан кейін эпи­де­миялық жағдайдың тұрақталуына бай­ланысты мектептерде кезең-кезеңмен аралас оқыту және штаттық форматта оқыту жүргі­зіледі», деді ол. Үйде оқытудың ең осал топтары – ерекше білім беруді қажет ететін балалар және табысы төмен отбасылардың балалары, бастауыш сыныптардың оқушылары болғандықтан, осы санаттағы балаларға инклюзивті және қолжетімді білім беру қам­тамасыз етіледі.

Оқу жылына әзірлік барысында 35 мың компьютер сатып алынған. Жер­гілікті атқа­рушы органдар мектептерді, мұға­лім­дерді және оқушыларды компьютерлермен және ин­тернетке қосылумен қамтамасыз етуге тиіс.

Төртінші тоқсанның қорытындысы бо­йын­ша педагогтердің және оқушылардың ұсыныстары бойынша Білім және ғылым министрлігі интернет-платформаларды жаң­­ғырту жұмыстарын жүргізді. Бірінші және екінші тоқсандағы пәндер бойынша оқу материалдары дайын. Онлайн-оқыту үшін әкімдіктер әр мектепте стриминг мүм­кіндігі бар интернет-платформаға қосылу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.

Жаңа оқу жылын колледждер де қашықтан оқыту режімінде бастайды. Дәстүрлі формат жеке кесте бойынша өндірістік оқытуды және кәсіби практиканы ұйымдастыру кезеңінде көбіне бірінші және бітіруші курстардың білім алушылары үшін, сондай-ақ шалғайда орналасқан колледждерде аз контингент болса, санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі.

«Жалпы, жаңа оқу жылына дайындық бойынша іс-шаралар кешенді түрде жалғас­тырылатын болады», – деп түйіндеді министр.

 

Өңдеу өнеркәсібі өрлеп келеді

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Мемлекет басшысының тапсыр­маларын іске асыру жөнінде шаралар әзір­ленгенін айтты. Соның ішінде Мемлекет басшысының экономика салаларын және халықты қолдаудың қосымша шаралар паке­тін қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен іс-қимыл жоспары жасалады. Тікелей инвестиция тартуда тұрақты ортаны қалыптастыру мақсатында стратегиялық инвесторлар үшін шарттарды сақтаудың тұрақтылығын қам­тамасыз ету бойынша заң­намаға қажетті өзге­рістер енгізіліп, Пар­ламент Мәжілісінің қарауына берілді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың мәліметінше, 2020 жылғы І жартыжылдық қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4,8%-ға өскен.

«Жыл соңына дейін өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша барлық жоспарлы көрсеткішке қол жеткізу жоспарланды. Өңдеу өнеркәсібі салаларында 1,7 трлн теңге сомаға 65-тен аса жоба іске асырылады. Бұл 2025 жылға қарай саладағы импортты 20%-ға қысқартуға мүм­кіндік береді», – деді министр. «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламалары бойынша жалпы құны 3,7 млрд теңгені құрайтын 6 202 инфра­құрылымдық жоба іске асырылуда, ондағы қазақстандық қамту үлесі – 90%.

Сонымен қатар құрылыс материалдарын шығару бойынша 33 жоба іске асырылуда, осының есебінен импорт үлесін 15%-ға азайту және тұрғын үй құрылысындағы отандық құрылыс материалдарының үлесін 90%-ға дейін жеткізу көзделеді. Министрлік құрылыс саласында қазақстандық қамту үлесін ұлғайту бойынша бұдан басқа да нақ­ты шаралар қабылдауда. Осы мақсатта бюджет есебінен қаржыландырылатын жобаларда отандық материалдарды міндетті түрде қолдану бойынша құқықтық база құрылды. Сараптамадан өткен барлық жобаның жиын­тық ресурстық ведомостары енгізілген портал әзірленді.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қымбаттамауы үшін министрліктің ішкі нарықты толықтыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Мәселен, жер мәселелеріне қатысты Президент Әкім­шілігі Қауіпсіздік Кеңесінің талдамалық тобымен бірлесе отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың әлем­дік тәжірибесіне талдау жасалды. Кеңінен талқылауға шығарылатын бірқатар ұсыныс әзірленді. «4 өңірде ғарыштық мониторинг бойынша қанатқақты жоба іске асырылуда, оның жайылымдық алқаптарға қатысты бірінші кезеңі аяқталды, жыртылған жерлер бойынша екінші кезең басталды, жыл соңына дейін аяқталады»,  – деді министр.

 

Экология өзекті бола түсті

Еліміздегі қазіргі экологиялық ахуал туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев баяндағанындай, қазіргі таңда еліміздегі 3,3 мың полигонда 125 млн тоннадан аса қатты тұрмыстық қалдық жиналған. Жыл сайын 5 млн тонна қосымша ТҚҚ жиналады. Оны өңдеу үлесі 2018 жылы 11,5% болса, 2019 жылдың қорытындысы бойынша 14,9%-ға өсті. Қайта өңдеу көлемі Маңғыстау, Алматы облыстарында және Шымкент қаласында жоғары, ал төмен көрсеткіштер Ақмола, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында төмен.

Министрдің айтуынша, жылдар бойы заңсыз қоқыс төгу орындарының көбеюі мәселесінің шешімі табылмай келеді. «Қа­зақстан ғарыш сапары» АҚ ғарыштық мониторинг шеңберінде 11 шілдедегі жағдай бойынша еліміздің барлық өңірінде 7,5 мыңнан астам осындай полигон анықталған. Әкімдіктермен бірлесіп оны жою жоспары әзірленді.

«Жаңа заңсыз қоқыс орындарының пайда болуына барынша жол бермеу қажет. Бұл үшін қоғамдық рейдтер өткізіп, анықталған фактілерді жұртқа жария етуді ұсынамыз. Алайда осы мәселені жүйелі түрде шешу үшін жаңа Экологиялық кодексте қоқыс шығаратын көліктерге GPS-датчиктерді міндетті түрде орнату шаралары көзделді», деді М.Мырзағалиев.

Премьер-Министр Мемлекет басшысы қойған міндеттердің барлығы нақты орындалуы тиіс екенін атап айтты. «Әрбір басшы оның іске асырылуына жеке жауапты болады», – деді А.Мамин.

 

42 500 теңге тағы бір айға төленеді

Отырыста қаралған мәселелерді Үкімет басшысы Асқар Мамин қорытындылады.

«Қатаң карантиндік шектеу шараларының екінші аптасы өтіп жатыр. Аурудың таралу қарқыны тұрақталып келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша эпидемиялық ахуалды одан әрі тұрақтандыру үшін елде шектеу шараларын тағы 2 аптаға – 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешімді қабылдап отырмыз», деген Үкімет басшысы карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды және орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге каран­тинді одан әрі сақтаудың барлық шараларын іске асыруды тапсырды.

А.Мамин дәрі-дәрмектің қажетті қоры бар екенін, ол үнемі толықтырылып отыратынын атап айтты. Дәрі-дәрмекті дәріхана желілері мен стационарларға нақты бөлу үшін барлық шараларды қамтамасыз ету қажет.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шектеу шаралары кезеңінде табысынан айырылуға байланысты берілетін әлеуметтік жәрдемақыны – ең төменгі жалақы мөлшеріндегі 42 500 теңгені бір айға төлеу туралы шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантин шараларының күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлер мен өзін өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жүргізіледі», – деді А.Мамин.

Үкімет басшысы төтенше жағдай кезін­дегідей, азаматтардың жекелеген санаттарына (1 миллионнан астам адам) азық-түлік өнімдерін алуға ақшалай көмек беруді жалғастыруды, үшінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек та­ғайындауды қолда бар деректер негізінде (128 мыңға жуық отбасы) алдын ала жүргізуді, сон­дай-ақ мүгедектігін қайта куәландыру мерзімі каран­тин кезеңіне тап келген адамдардың (шамамен 30 мың адам) мүгедектігін үш айға автоматты түрде ұзартуды тапсырды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыны­сы бойынша тиісті министрліктер мен әкім­­діктерге жаңа оқу жылының бірінші тоқса­нында орта білім беру ұйымдарының қашықтан оқытуға дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды. Әлеуметтік-экономикалық ахуал нашарлаған жағдайда халық пен биз­несті қолдау бойынша қосымша іс-қимыл жоспары дайындалатын болды. Бюджет қара­жатын тиімді жұмсап, инфляцияны 8-8,5% дең­гейінде ұстау үшін ақша-несие сая­сатын жүргізу керектігі аталды.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі осы аптаның соңына дейін Жер реформасы жөнін­дегі комиссияны құру туралы шешім жоба­­сын енгізуге тиіс. Комиссия жер ресурстарын одан әрі пайдалану бойынша нақты ұсы­ныстар дайын­дауы қажет», – деді Премьер-Министр.

Отырыс барысында Премьер-Министр тарапынан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне әкімдіктермен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, тауарларды сатып алу және құрылыс жұмыстарын жүр­гізу кезінде жергілікті қамту үлесін ұлғайту, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінің жобаларын іске асыруды кеңейту туралы тапсырма берілді.

Дереккөз: egemen.kz 

Дүйсенбі, 13 Шілде 2020 15:47

Үндеуге қолдау!

Барша қазақстандықтарды дүрбелеңге салған қазіргідей кезеңде еліміз үшін сабырлы, салиқалы кеңес, жаңашар қолдау керек. Туыстары мен жақындарын жоғалтып жатқандар да аз емес. Тосыннан келген ажалдың ешкімді аямасы белгілі. Осыған байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телеарна арқылы халыққа үндеу жариялап, сабырға шақырған болатын.

Әлемді шарлаған дертке шалдыққандар саны 12 миллион адамға жетсе, көз жұмғандар саны 500 мыңнан астады. Соған орай, Президент еліміздегі болып жатқан қиын жағдайға байланысты екі апталық карантин жарияланды. Осы карантин кезінде азаматтардың шектеу шараларын қатаң сақтау, жұқпалы аурумен күрестің нәтижелі болуы әрбір қазақстандықтың борышы, міндеті деп есептеймін.

Соынмен қатар, Президент өзінің үндеуінде жөнсіз алыпсатарлықпен айналысып, дәрі – дәрмектердің  бағасын асыра сатып, өз кәсіпкерлігін арамдықпен жүзеге асырғандар жауапкершілікке тартылатындығын және ел арасында іріткі салып, жалған ақпараттар таратып жүрген азаматтар да               ҚР Консутитуциясына сәйкес жауапқа тартылатындығын дөп басып айтты. Қасым-Жомарт Кемелұлы  дәрі – дәрмек мәселесін ашып айтып, дәрілердің халыққа қол жетімді болуы қолға алынғандығы және парацетамол дәрісінің 800 мың қорабы мен 150 мың қорап антибиотиктермен қамтылғандығы айтылды.

Мемлекет басшысы өз сөзін қорытындылай келе, қауіпті індеттен қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, 13 шілде күні індеттен қайтыс болғандарға ел болып аза тұтылатынын атап өтті. 

Бұл халықтың маңдайына жазылған уақытша бергін сынақ деп білейік. Азаматтарды сол сынақтан сүрінбей өтуге, қандай қиыншылық болсада сабырлықпен жеңуге шақырамын.

 

Айбек Ілебаев,

Еңбекшіқазақ ауданы

Жастар ресурстық орталығының жетекшісі,

«Жас Отан» ЖҚ аудандық  филиалының төрағасы,

аудандық мәслихат депутаты

 

 

 

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 11-12 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Е. Мақажановтың, жергілікті атқарушы орандардың, Арнайы мониторинг тобының, «Жетісу адалдық алаңы», БАҚ, мәслихат депутаттарының, жергілікті полиция қызметінің және СЭС қызметкерлерінің қатысуымен облыстың Оңтүстік аймағындағы дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің бар-жоғына, сондай-ақ оларға белгіленген бағаларға мониторинг жүргізуді жалғастырды.

Мониторинг тобы Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының дәріханаларына барды.

Мониторинг барысында жұмыс тобы дәріханалардың көпшілігіне суық тию және вирустық ауруларды емдеуге арналған жедел қажетті препараттар мен дәрі-дәрмектердің келіп түскенін анықтады.

Сонымен қатар, дәріханалардың үлкен бөлігінде бағаның шекті бағасынан аспайтынын, сондай-ақ маскалар мен қолғаптар бар екенін атап өткен жөн.

Алайда, азаматтардың жүгінуі бойынша мониторинг кезінде Өтеген батыр кентіндегі дәріханада «Ингавирин 90» (7 капсула) препараты жоғары баға бойынша 8,500 теңгеден сатылатыны анықталды, оның құны «e.zan» ресми сайтының мәліметтеріне сәйкес 4291,80 теңгені құрайды.

Аталған факті Іле аудандық Полиция басқармасында тіркеліп, кейіннен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберіледі.

Бұдан басқа, мониторингтік топ кассалық аппараттардың ажыратылуы салдарынан дәрілік препараттарды фискалдық чексіз сату жағдайларын анықтады.

Мұндай фактілер тиісті шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға жіберілетін болады.

Мониторинг нәтижелері көрсеткендей, ірі дәріханаларда бірінші кезекте қажетті препараттар, ыстықты төмендететін, вирусқа қарсы және т.б. бар.

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұл жұмысты жалғастырады.

Құрметті азаматтар!

Дәріханаларда дәрі-дәрмектің бағасы негізсіз көтерілген жағдайда WhatsApp арқылы 8 708 427 0503 және 8 702 000 24 94 нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

Кеше Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ауруханадан жазылып шықты. Бұл туралы ол Инстаграм әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды. Дәрігерлерге алғыс айта отырып, жақсы тілекпен қолдау білдіріген облыс тұрғындарына да ризашылығын жеткізді.

«Маған қолдау білдірген азаматтардың барлығына рахмет. Ең алдымен өзімнің жетісулық жерлестеріме, достарыма, туыстарым мен жақындарыма алғыс айтамын. Табандылықпен еңбек етіп жүрген дәрігерлерге ерекше ризашылығымды білдіремін. Енді жұмысқа кірісе отырып, сіздермен бірге індетті жеңіп шығамыз. Күш-жігерімізді біріктіру арқылы ғана біз барлық қиындықты еңсереміз! Өздеріңізді, жақындарыңызды сақтаңыздар!» деп жазды өз парақшасында Амандық Баталов.

Атап өтсек, ертең облыс әкімі коронавирус індетінің құрбаны болған азаматтарды еске алуға арналған ел Президенті жариялаған жалпыұлттық аза тұту күніне орай өтетін шараға қатысады.

 

 

ҚР Десаулық сақтау министрлігі коронавирус індетімен күрес жоллында қаза болған медицина қызметкерлерінің тізімін жариялады.

«Елімізде 13 шілде, ұлттық аза тұту күні Астана уақыты бойынша сағат 12-де коронавирус пандемиясынан құрбан болған қазақстандықтарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланады.⠀ Қатыгез, әлі зерттелмеген бұл індеттен көз жұмғандар саны 375 адамнан асты, олардың қатарында медицина мамандары - провизорлық, жұқпалы, карантиндік және модульдік стационарлардың қызметкерлері бар. Бұл еліміз бен отандық денсаулық сақтау саласы үшін үлкен, орны толмас шығын. Марқұмдардың әрқайсының адам, кәсіби маман, азамат ретінде орны бөлек еді. «Бұл күні әрбір азамат қай жерде жүрсе де дүниеден өткендерді еске алатынына сенімдімін»,- деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теледидар арқылы халыққа сөйлеген сөзінде. Бүгін әрқайсының атын атап еске аламыз, делінген министрліктің хабарламасында. ⠀

«Семей медицина университеті» КЕАҚ университеттік госпиталінің жүрек-қан тамырлары хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі (ШҚО) Бекжан Серікбосынұлы Бұланов, 1974 ж. т. ⠀

Медицина ғылымдарының кандидаты, «Семей медицина университеті« КЕАҚ факультеттік терапия кафедрасының ассистенті, университеттік госпиталь гастроэнтерология бөлімінің дәрігері Нұргүл Рамазанқызы Бәркібаева, 1970 ж. т. ⠀

Екібастұз қ. (Павлодар облысы) 3 поликлиниканың кіші медицина қызметкері Айгерим Кәкімқызы Мұқашева, 1971 ж.т. ⠀

»Поликлиника 1« ЖШС орта буын медицина қызметкері (Павлодар облысы) Гүлбаршын Хасенқызы Шәріпова, 1960 ж. т. ⠀

»Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы« ШЖҚ КМК орта буын медицина қызметкері Лошманова Ольга Васильевна, 1972 ж. т. ⠀

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының қызметкері, морфологиялық зерттеулер орталығының санитары (Алматы қ.) Меркуленко Владимир Павлович, 1959 ж. т. ⠀

Байғанин аудандық ауруханасының орта буын медицина қызметкері (Ақтөбе облысы) Егеубай Құлай, 1965 жылы туған. ⠀

ҚР ДСМ Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының (Қызылорда облысы) ШЖҚ РМК Арал обаға қарсы күрес станциясы филиалының дәрігері Айсауытов Болатбек Нақыбайұлы, 1968 ж. т. ⠀

Ұзынағаш кенті орталық аудандық ауруханасының дәрігері (Алматы облысы) Алашбаев Бегалидин Байжонұлы, 1984 ж. т. ⠀

»Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы« ШЖҚ МКК дәрігері (Ақмола облысы) Олег Николаевич Исаев, 1967 ж. т. ⠀

ШЖҚ МКК Егіндікөл аудандық ауруханасы (Ақмола облысы) орта буын медицина қызметкері Байғабылова Сәуле Олжабайқызы, 1974 ж. т. ⠀

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көпбейінді медициналық орталық« ШЖҚ МКК дәрігері Қожағалиев Олжабай Мұсаипұлы, 1959 ж. т. ⠀

»№1 Қалалық клиникалық ауруханасы « ШЖҚ МКК хирург дәрігері Мәлібеков Жәнібек Жұмашұлы, 1967 ж. т. ⠀

»Ұзынкөл аудандық ауруханасы« КМК кіші медицина қызметкерлері (Қостанай облысы) Макарова Тамара Георгиевна, 1978 ж. т. ⠀

»Жітіқара аудандық ауруханасы« КМК № 9 мектебінің медбикесі (Қостанай облысы) Новоселова Елена Анатольевна, 1965 ж. т. ⠀

№2 Атырау облыстық ауруханасының консультациялық-диагностикалық бөлімшесінің инфекционисі Дәулетов Жұмабек Бағытұлы, 1956 ж. т. (еңбек өтілі 38 жыл 10 ай) ⠀

Атырау облыстық кардиологиялық орталығының хатшысы Папугина Елена Яковлевна, 1963 жылы туған (еңбек өтілі 22 жыл) ⠀

Атырау облыстық ауруханасының рентгенолог дәрігері Сұлтанғалиев Ғадлет Мамбетжанұлы, 1954 жылы туған (еңбек өтілі 38л 5 ай) ⠀

Алматы облысының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Баймұхамбетов Қайрат Қажыманұлы, 1964 ж. т. ⠀

Қарағанды облысының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы Бұқар жырау аудандық ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және мониторинг бөлімінің бас маманы Айжігітов Бақберген Сағымқожаұлы, 1963 ж. т. ⠀

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық диагностикалық орталық« мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Эндоскопиялық диагностика орталығының меңгерушісі Күрекбаев Бауыржан Ордабекұлы, 1960 жылы туған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық диагностикалық орталық« мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Эндоскопиялық диагностика орталығының дәрігері Мамаев Қасым Махмудұлы, 1959 ж. т. ⠀

Шымкент қаласындағы «№2 қалалық аурухана« ШЖҚ МКК дәрігері Садиев Орынбасар Әліпбекұлы, 1950 ж. т. ⠀

Шымкент қаласындағы «Жедел медициналық жәрдем станциясы« ШЖҚ МКК фельдшері Әуелбаев Тимур Айдарханұлы, 1976 ж. т. ⠀

Шымкент қаласындағы «№1 Қалалық клиникалық ауруханасы« ШЖҚ МКК бөлім меңгерушісі Әбдіқұлова Мәриям Қабылбекқызы, 1966 ж. т. ⠀

Шымкент қаласындағы «№1 Қалалық клиникалық ауруханасы« ШЖҚ МКК аға медбикесі Байменова Гаухар Аштайқызы, 1970 ж. т. ⠀

Шымкент қаласындағы «№1 Қалалық емхана« ШЖҚ МКК бөлім меңгерушісі Тәжденова Ақзипа Насырқызы, 1962 ж. т.

Құрметті қазақстандықтар!

Бүгінде Қазақстан бұрын-соңды болмаған күрделі ахуалмен бетпе-бет келіп отыр. Қауіпті індет біздің қалаларымыз бен ауылдарымызға тарап, өкінішке қарай, адам шығыны орын алып жатыр.

Мемлекет басшысының шешімімен 13 шілде коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу ­– Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Алапат дерт біздің адамдарымыздың өмірін қиып әкетуде. Бұл бәріміздің қабырғамызды қайыстырып отыр. Әрбір кісі өлімінің артында қара жамылған біраз адамның ­– әкелер мен аналардың, қыздарымыз бен ұлдарымыздың, дос-жарандарымыздың қайғы-қасіреті тұр.

Мезгілсіз қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.

Біз береке-бірлік пен тұтастықтың арқасында талай сынақтан сүрінбей өттік. Бұл қиындықты да ел болып еңсереміз деп сенемін.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық Үндеуінде 13 шілде – Ұлттық аза тұту күні болып белгіленгенін айтқан болатын.

Осыған орай Қазақстан мұсылмандары дін басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздегі республикалық, облыстық ірі-ірі мешіттерде және медреселерде, қарилар даярлау орталықтарында 100 (жүз) Құран Хатым оқылады, деп хабарлайды ҚМДБ ресми сайтында.

13 шілде күні елорда уақытымен сағат 13:00-де осы күндері қариларымыз оқып жатқан Құран Хатымның дұғасы жасалады. Ал Бас мүфтидің қатысуымен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жасалатын Құран Хатым дұғасына ҚМДБ-ның Instagram желісіндегі ресми парақшасы және YouTube каналы арқылы онлайн қосылуға мүмкіндік бар.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі барша мұсылман қауымын осы күндері шама келгенше Құран оқып, Алланы зікір етіп, кешірім тілеп және Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көптеп салауат айтып, республика имамдарымен, қариларымен 13 шілде күні бір мезетте ел амандығы үшін дұға жасауға шақырады», делінген діни басқарма таратқан хабарламада.

Дереккөз: inform.kz

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аза тұту күнінде «Хабар агенттігі» АҚ мен «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты теле-радиоарналар эфир кестесін толықтай өзгертетінін хабарлады.  

2020 жылдың 13 шілде Жалпыұлттық аза тұту күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады.

«Жалпыұлттық азалы үнсіздік» шарасын «Qazaqstan» Ұлттық арнасы 11:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетеді.

Аза тұту күнінде "Хабар агенттігі" АҚ мен «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты теле,-радиоарналар эфир кестесін толықтай өзгертеді. Барлық ойын-сауықтық бағдарламалар алынып, жарнамалық контент толығымен тоқтатылады. Бұрынғы кестеден тек ақпараттық бағдарламалар ғана эфирге шығады.

 

*****

В общенациональный день траура 13 июля 2020 года в 12:00 по времени г. Нур-Султан будет объявлена минута молчания в память о погибших от коронавирусной инфекции.

Траур памяти по погибшим начнется в 11:55 в прямом эфире телеканала "Qazaqstan" .

В день траура АО "Агентство Хабар" и телерадиокорпорация "Казахстан " полностью меняют эфирное расписание.
Из эфира будут сняты все развлекательные программы, полностью приостановят рекламный контент. Из предыдущего расписания будут транслироваться только новостные передачи.

 

Соңғы жаңалықтар

Қаз 01, 2024

440 действующих ядерных…

На сегодняшний день в 32 самый развитиях странах мира действует 440 ядерных реакторов.…
Қаз 01, 2024

440 әлемдегі қолданыстағы ядролық…

Бүгінгі таңда әлемнің ең дамыған 32 елінде 440 ядролық реактор жұмыс істейді. Құрылыс…
Қаз 01, 2024

Халықтық штаб мүшелері бірнеше…

Бүгін Түркістан облысындағы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы,…
Қаз 01, 2024

Атом электр станциясы экологиялық,…

Бүгін Түркістан облысындағы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы,…
Қаз 01, 2024

ChatGPT Қазақстанда АЭС салудың…

Атомдық энергетика Қазақстанда қайтадан өзекті мәселеге айналды. Көптеген адам атомдық…
Қаз 01, 2024

Солнце, ветер и атом: почему…

Сегодня в мире, где тема устойчивой энергетики стала важнейшей повесткой, часто…
Қаз 01, 2024

АЭС САЛЫНСА ФИЗИК-ҒАЛЫМДАРЫМЫЗ…

Экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, Қазақстанда атом энергетикасын дамытудың…
Қаз 01, 2024

АТОМ ЭЛЕКТР СТАНСАСЫ -…

Прагматикалық көзқараспен қарайтын болсақ, баламалы энергетика көздері сұранысты түгелдей…
Қаз 01, 2024

Строительство АЭС станет импульсом…

Строительство АЭС в Казахстане даст импульс развитию науки в сфере атомной энергетике,…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет