"Жақында докторанттар өзге студенттер сияқты жаңа оқу жылын бастайды. Қазіргі нормативтік актілерге сәйкес, докторанттар диссертация тақырыбын оқудың бірінші семестрінде бекітуі керек. Іс жүзінде бұл үнемі дерлік ресми сипатта болады. Докторант пен оның жетекшісі диссертация тақырыбын бекіту мерзімін оның пысықталуына қарай өздері белгілеуі тиіс. Білім мен ғылымда ресми тәсіл болмауы керек! Бұл докторанттардың Жеке оқу жоспарын (ЖОЖ) бекіту мерзімдеріне де қатысты. БҒМ мұндай құжаттардың мерзімдері мен мазмұнын реттемеуі тиіс. Біз ЖОО-лардағы есеп беруді азайту үшін одан әрі жұмыс істейміз

Бақылаудың бұл түрі ешқашан тиімді болмаған. Академиялық дербестікті кеңейту жағдайында әрбір ЖОО өзінің білім беру бағдарламаларын дайындағанда ОЖСБ іс жүзінде қажет болмай қалады" деген министр жазбасында.

Мектеп бағдарламасына «Абайтану» оқулығы мен хрестоматиясы енгізіледі. Бұл туралы жақында ашылған «Abai tv» телеарнасының «Сарасөз» бағдарламасына сұхбат берген Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев мәлімдеді. 

«Қазіргі уақытта ол әзірленіп жатыр. Мұнан өзге, Абайдың ғылыми-зертеу орталығы ашылмақ», — деді Қырымбек Көшербаев.

Жұма, 07 Тамыз 2020 10:07

Пневмония өршіп тұр

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1424 жағдайы тіркелді, деп хабарлады бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік таратқан мәліметтерде пневмониядан елімізде өткен тәулікте 18 адамның қайтыс болғаны айтылады.

Жалпы, елімізде 1 тамыздан бері певмониямен ауырғандар саны 11 008 адамға жетсе, қайтыс болғандар саны -120 адам.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ қатысты әр тәуліктегі ақпаратты күн сайын жариялап отырады. Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны, қайтыс болғандар және қоғамдағы маңызды жағдайлар ресми ақпарат көздері арқылы жедел жарияланады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды», - делінген хабарламада.

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжанов бейнеконференция байланысы режимінде жетекші отандық ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің ресми сайтында жарияланды.

Кеңесте еліміздің биоқауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер, осы сала бойынша жеке заң әзірлеу, халықты COVID-19-ға қарсы вакциналау, кадрлар даярлау, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жұмысын дамыту қажеттігі талқыланды.

Мәселелерді талқылау барысында ғалымдар мен сарапшылар еліміздің биоқауіпсіздігін одан әрі дамыту бойынша жүйелі шараларды әзірлеу үшін диалогтық алаң ретінде құрылған кеңестің маңыздылығын жоғары бағалады.

Білім және ғылым министрлігі биоқауіпсіздік және биотехнология саласында елімізде 12 ғылыми ұйым жұмыс істейтінін, бүгінгі таңда осы ұйымдар аса қауіпті ауруларға қарсы 68 вакцина, биологиялық препараттардың 52 түрін әзірлегенін хабарлады.

Бұл Кеңес үздік әлемдік практикаларды Қазақстанға енгізу үшін беделді халықаралық ұйымдармен, биоқауіпсіздік жөніндегі зерттеу институттарымен ынтымақтастықты жолға қояды, сондай-ақ басым бағыттарды дамыту жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, биоқауіпсіздік саласындағы өнім өндірудің отандық нарығына талдау жасайды.

Премьер-Министрдің орынбасары пандемия жағдайында биологиялық қауіпсіздік саласын дамытудың ерекше маңыздылығын атап өтті.

«Кеңес жаңа технологияларды енгізуді, цифрландыруды, ғылыми жаңалықтарды, сондай-ақ болашақты болжайтын деректерді ескере отырып, биоқауіпсіздікті дамыту бойынша жүйелі ұсыныстар әзірлеуі тиіс. Қысқа мерзімде биоқауіпсіздік саласындағы кадрлардың қажеттілігін анықтау, қазіргі талаптарды ескере отырып, оқу бағдарламаларын өзектендіру, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің бағыттары мен тақырыптарын, олардың практикалық маңыздылығын күшейте отырып қайта қарау талап етіледі. Сонымен қатар биоқауіпсіздік мәселелерін заңнамалық реттеу үшін тиісті заң жобасын әзірлеу қажет», — деді Е. Тоғжанов.

Бұл жағымды жаңалық Түркістан облысы, Ордабасы ауданынан жетті. Аудандағы орталық аурухананың коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға арналған бөлімі босап, соңғы науқас ауруынан айығып шығыпты.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев бастаған республикалық «Қоғамдық бақылау» өкілдері Ордабасы аудандық ауруханасына барып, өздері көзбен көріп қайтты. Өңірдегі көптеген дәріханалар мен ауруханалардағы ахуалмен және медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайларымен танысып, ұсыныстарын тыңдады. Жалпы, Ордабасы аудандық орталық ауруханасы 120 мың халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның ішінде 2 азамат қайтыс болса, өзге емделушілер толық жазылып шыққан.

Пневмония ауруы да азайып, провизорлық госпитальдің төсек саны 40 орынға қысқарған. Қазір аталған індетпен 21 науқас ем қабылдауда. Аудандық аурухана  өкпені жасанды желдету 9 аппараты және 70-тен астам төсек-орын оттегімен қамту жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Жеке оттегі жеткізу орталығы орнатылған. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бір ай бұрын құрылған 17 мобильді топ 1 мыңға жуық науқасқа үйлеріне барып, ем көрсеткен. Қауіпті індет жұқтырғандардың бірі Мырзабай Оңлабек ауруханаға дем жетпей, ауыр халде түскен. 80 жастағы ақсақал бүгінде жағдайының жақсарғанын айтады. Дертінен айығып, үйіне шығарылған зейнеткер бүгінде дәрігерлерге алғысын жаудырып отыр. «Қоғамдық бақылау» өкілдері аурухананың инфекциялық және провизорлық бөлімдерін аралап, жедел-жәрдем көлігінің және зертхана жағдайларымен танысып шықты. Олар сонымен қатар Түркістан қалалық орталық ауруханасын да аралап көрді. Осыған дейін Орал, Талдықорған, Алматы облысы мен Шымкент қалаларында болған топ өкілдері медициналық ұйымдардың ахуалы мен дәріханалардағы баға тұрақтылығын қадағалауды және медицина қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, оларға қолдау көрсетуді мақсат тұтқан.

«Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі

Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1 кезең: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - 23 жұмыс күні, көрсетілген мерзімге жерге орналастыру жобасын әзірлеу кезеңі кірмейді; 2 кезең:жерге орналастыру жобасы бекітілген күннен бастап жер учаскесіне шешім шығару - 7 жұмыс күні.

құжаттардың топтамасын тапсыру үшін жол берілетін күту уақыты – 15 минут;

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетіледі.

Жұмыс кестесі: көрсетілетін қызметті беруші-өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат

 

Мекенжай: «Қаратұрық ауылдық округі

әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі,

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,

Қаратұрық ауылы, Жібек жолы көшесі, №86.

Тел: 8/72776/75124, 8/72776/75144,

e-mail: кБұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

*****

Порядок оказания государственной услуги "Приобретение прав на земельные участки, которые находятся в государственной собственности, не требующее проведения торгов (конкурсов, аукционов)" в государственном учреждении «Аппарат акима Каратурыкского сельского округа»

Указанная государственная услуга оказывается государственным учреждением «Аппарат акима Каратурыкского сельского округа». Прием заявлении и выдача документов по результатам государственной услуги осуществляется в Государственной корпораций "Правительство для граждан" и в офисе предоставляющий данную услугу. Сроки оказания государственной услуги: 1 период - 23 рабочих дней с даты подачи пакета документов услугодателю и не включает этап разработки земельного проекта; 2 период: 7 рабочих дней с даты утверждения земельного проекта для вынесения решения на земельный участок. допустимое время ожидания для подачи пакета документов – 15 минут; Государственная услуга оказывается бесплатно для физических и юридических лиц. График работы: прием заявлении и выдача документов по результатам государственной услуги осуществляется с понедельника по пятницу включительно с 9.00 до 18.30 с перерывом на обед с 13.00 до 14.30, кроме выходных и праздничных дней. Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги услугополучателю: 1) заявление по форме; 2) документ, удостоверяющий личность

Адрес: ГУ «Аппарат акима Каратурыкского сельского

округа», Алматинская область, Енбекшиказахский

район, село Каратурык, ул. Жибек жолы №86,

Тел: 8/72776/75124, 8/72776/75144,

e-mail: кБұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Бейсенбі, 06 Тамыз 2020 13:36

Үздік кәсіпкерге дауыс бер!

Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне кандидаттарды сайлау басталды.

Әуелі өңірлік кеңестің атқаратын міндеті мен мақсаттарына тоқталып өтсек. Өңірлік кеңес аймақтағы палатаның бақылаушы органы болып табылады және бизнес субъектілерінен, делегаттардан сонымен қатар, қауымдастық өкілдерінен құралады. 

Кеңестің мақсаты – экономиканың маңызды секторы кәсіпкерлікті өсіру, өркендетужәненығайту. Өңірлік кеңес палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдеседі.

Өңірлік кеңеске мүше болғысы келетін үміткер келесі талаптарға сай болуы керек:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болу;
  • Өңірдің әлеуметтік-қоғамдық қызметінде белсенді қатысушы болу;
  • Кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу;
  • Аймақта көпке танымал болу;
  • Кәсіпкерлер арасында және қоғамда оң беделді, танымал болуы;
  • Бизнесінің тарихы жақсы болу;
  • Әлеуметтік жауапты кәсіпкер болу;
  • Облыстық, (қалалық, аудандық) мәслихаттардың депутаты болу (құпталады);
  • Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болмауы;
  • Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы.

Өңірлік кеңес мүшелері аталған қызметтің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша талқылауға және дауыс беруге қатыса алады. Сонымен қатар, кеңес отырысының күн тәртібін қалыптастыру мәселелері бойынша өтініш жасау, ұсыныстар енгізу жатады. Және де Қазақстан Республикасының заңнамасында, Өңірлік палатаның Жарғысында және Өңірлік кеңес туралы Ережеде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құзырлы.

Айта кетерлігі, кеңестің мүшелігіне өтінім беру  7-15 шілде аралығында өткен еді. Дәл қазіргі уақытта кеңестің мүшелігіне сайлауға түсіп жатқан кандидаттарға дауыс беру жалғасын табуда. Дауыс беру мерзімі 5-11 тамыз аралығын құрайды.

Өзің үздік деп тапқан кәсіпкерге дауыс беру vote.atameken.kz. сайтында онлайн түрде жүргізіледі. Аталған процесске тек салық комитетінде кәсіпкер ретінде тіркеуде тұрған азаматтар ғана қатыса алады.

Үміткерге дауыс берудің екі тәсілі бар. бірі ЭЦҚ арқылы, екінші смс хабарлама арқылы. Сайттағы SMS әдісіүшінұйымның БСН / ЖСН, сайлаушының телефон нөмірін көрсету керек, содан кейін SMS-тен алынған кодты енгізу қажет.

ЭЦҚ қолдану үшін ұйымның атына тіркелген кілт сөзді пайдалана аласыз.

Дауысты тек бір ғана үміткерге беруге болады. Тағы еске саларлығы, өз өңіріңіздің кәсіпкеріне ғана дауыс бере аласыз.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің құрамы облысымыздың 30 бизнес өкілдерінен тұрады. Үздік отыздықты анықтауға ат салысыңыздар!

 

В связи с продлением с 3 августа т.г. строгих ограничительных карантинных мер, по поручению Президента РК Токаева К.К., Агентством РК по регулированию и развитию финансового рынка (далее - Агентство) утверждены дополнительные меры поддержки субъектов малого и среднего предпринимательства (далее - МСП), деятельность которых ограничена, запрещена либо приостановлена в результате введения карантинных мер.

Отсрочка по договорам банковского займа и микрокредита для субъектов МСП предоставляется на 60 днейс 3 августа до 1 октября 2020 года. Для предоставленияотсрочки платежей по договорам банковского займа и (или) микрокредита субъектов МСП, решение принимается кредитной организацией на основании заявления заемщикаи без предоставления заемщиком документов, подтверждающих ухудшение финансового состояния.

Срок рассмотрения кредитными организациями заявлений заемщиковсоставляет 2 рабочих дня.

Заявление заемщика составляется в произвольной форме и предоставляется в кредитную организацию посредством электронной почты, онлайн-системы «банк-клиент», интернет-ресурса, мобильного приложения или других средств связи. Кредитная организация может иметь типовую форму заявления, утвержденную внутренним порядком.

Отсрочка платежей по договору банковского займа или микрокредитапредоставляется путем установления нового графика платежей, в виде равномерного распределения ранее отсроченных платежей заемщика до конца срока займа, если иной метод погашения задолженности не определен в заявлении заемщика.

Порядок предоставления отсрочки распространяется на субъекты МСП, осуществляющих деятельность в следующих отраслях:

  • работы крытых (продовольственных и непродовольственных рынков);
  • движение междугородних автобусов (микроавтобусов), пригородных пассажирских поездов (электричек, за исключением рабочих поездов), формирование общих вагонов;

             3) автобусные станции (автовокзалы); 

4) работа развлекательных учреждений, кинотеатров, фудкортов, банкетных залов;

5) работа ресторанов, баров, ночных и игровых клубов;

6) услуги по организации проживания;

7) деятельность в области здравоохранения;

8) деятельность туристских агентств и операторов;

9) деятельность по обслуживанию зданий и благоустройству территорий;

10) операции с недвижимым имуществом за вознаграждение или на договорной

основе;

11) работа объектов культуры, музеев, проведение конференций, выставок, форумов;

12)  работа дошкольных организаций (частные, без госзаказа);

13)  работа частных организаций среднего образования;

14)  массовые мероприятия (зрелищные, спортивные, семейные, памятные и другие

массовые мероприятия, в том числе на дому);

15)  работа спортивных залов, фитнес-центров, бассейнов, пляжей, аквапарков;

16)  работа религиозных объектов;

17)  работа центров и салонов, оказывающих косметологические услуги;

18) деятельность в области офисного административного и вспомогательного

обслуживания, направленная на поддержание коммерческой деятельности.

По другим отраслям экономики, субъект МСП может до 15 сентября т.г. подать заявление в кредитную организацию с приложением документов, подтверждающих ухудшение финансового состояния. Для этой категории МСП рассмотрение заявлений сокращено до 10 рабочих дней.Кредитная организация в индивидуальном порядке осуществляет оценку и при ухудшении финансового состояния, предоставляет отсрочку по кредиту на срок не менее 90 дней.

С полнымтекстом Приказа Агентства № 311 от 03 августа 2020 года можно ознакомиться, пройдя по ссылке.

 

По вопросам защиты прав потребителей финансовых услуг

обращайтесь на телефоны горячей линии:

+7 (727) 2788 144 и +7 (727) 2788 122

(время работы: понедельник-пятница с 9.00 до 18.30 часов)

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

www.finreg.kz

Агентство РК по регулированию и развитию финансового рынка

 

Ағымдағы жылғы 3 тамыздан бастап қатаң шектеу карантиндік шараларының ұзартылуына байланысты ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) қызметі шектеулі, тыйым салынған немесе карантиндік шараларды енгізу нәтижесінде тоқтатылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі - ШОК) қолдаудың қосымша шараларын бекітті.

ШОК субъектілері үшін банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша 2020 жылғы 3 тамыздан 1 қазанға дейін 60 күнге кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі.ШОК субъектілерінің банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша төлемдерді кейінге қалдырумүмкіндігін беру үшін кредиттік ұйым шешімді қарыз алушының өтініші негізінде және қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауын растайтын құжаттарды беруін талап етпейқабылдайды.

Кредиттік ұйымдардың қарыз алушылардың өтініштерін қарау мерзімі 2 жұмыс күнін құрайды.

Қарыз алушының өтініші еркін нысанда жасалады және кредиттік ұйымға электрондық пошта, «банк-клиент» онлайн-жүйесі, интернет-ресурс, мобильдік қосымша немесе басқа байланыс құралдары арқылы ұсынылады. Кредиттік ұйымда ішкі тәртіппен бекітілген өтініштіңүлгінысаны болуы мүмкін.

Банктік қарыз немесе микрокредит шарты бойынша төлемдерді кейінге қалдыру, егер қарыз алушының өтінішінде берешекті өтеудің басқа әдісі көрсетілмесе, қарыз алушының бұрын мерзімі кешіктірілген төлемдерін қарыз мерзімі аяқталғанға дейін тепе-тең бөлу түрінде жаңа төлем кестесін жасау арқылы қамтамасыз етіледі.

Кейінге қалдыруды ұсыну тәртібі мынадай салаларда қызметін жүзеге асыратын ШОБ субъектілеріне қолданылады:

  • жабық жұмыс (азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын нарықтардағы);
  • қалааралық автобустардың (микроавтобустардың), қала маңындағы жолаушылар поездарының (жұмыс поездарын қоспағанда, электричкалардың) қозғалысы, жалпы вагондарды қалыптастыру;

 3) автобус станциялары (автовокзалдар); 

4) ойын-сауық мекемелерінің, кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет залдарының; 

5) мейрамханалардың, барлардың, түнгі және оны клубтарының жұмысы;

6) тұруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер;

7) денсаулық сақтау саласындағы қызмет;

8) туристік агенттіктер мен операторлардың қызметі;

9) ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру бойынша қызмет;

10) сыйақыға немесе шарттық негізде жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар;

11) мәдениет объектілерінің, мұражайлардың жұмысы, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізу;

12) мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысы (жеке меншік, мемлекеттік тапсырыссыз);

13)  жеке меншік орта білім беру ұйымдарының жұмысы;

14)  көпшілік іс-шаралар (ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік және басқа көпшілік іс-шаралар, оның ішінде үйде);

15)  спорт залдарының, фитнес-орталықтардың, бассейндердің, жағажайлардың, аквапарктердің жұмысы;

16)  діни объектілердің жұмысы;

17)  косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың жұмысы;

18) коммерциялық қызметті қолдауға бағытталған офистік әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет.

Экономиканың басқа салалары бойынша ШОК субъектісі ағымдағы жылғы 15 қыркүйекке дейін қаржылық жай-күйінің нашарлауын растайтын құжаттарды қоса берумен кредиттік ұйымға өтініш бере алады. ШОК-тің бұл санаты үшін өтініштерді қарау мерзімі 10 жұмыс күніне дейін қысқартылған. Кредиттік ұйым жеке тәртіппен бағалауды жүзеге асырады және қаржылық жай-күйі нашарлаған кезде кемінде 90 күннен аспайтын мерзімге кредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынады.

Агенттіктің 2020 жылғы 3 тамыздағы №311 бұйрығының толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы кіре отырып алуға болады.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мына жедел желі телефоны арқылы хабарласыңыз:

+7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122

(жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін)

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

www.finreg.kz

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Өмірзақ Ниязбеков Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасына басшы болып тағайындалды.

Өмірзақ Әбілсейітұлы 1966 жылы туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын дәрігер мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласындағы Алакөл орталық аудандық ауруханасының хирургия бөлімінде хирург болып бастаған.

Әр жылдары Үшарал қаласының Орталық қалалық ауруханасында дәрігер-хирург, хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, «Түрксіб санаторийі» ААҚ бас директоры, «№ 7 Қалалық клиникалық аурухана» МКҚК дәрігер-хирург, Алматы қаласындағы «емдеу-диагностикалық орталығы» МКҚК амбулаториялық-емханалық бөлімшесінің дәрігері, Қарасай ауданының Қаскелең қаласындағы «Қарасай АОА» ШЖҚ МКК директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, Қарасай ауданының Қаскелең қаласындағы «Қарасай АОА» ШЖҚ МКК ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласындағы «Алматы өңірлік онкологиялық диспансері» ШЖҚ МКК директорының медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған.

2018 жылдың шілдесінен - Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 02, 2024

АЭС салудағы ең маңызды мәселе –…

Штаб мүшесі Қыдырбек Майланов электр энергиясына деген қажеттілік жылдан-жылға өспесе,…
Қаз 02, 2024

Народный штаб партии AMANAT…

Сотрудникам рассказали о принципах работы АЭС. В металлургическом комбинате АО “Qarmet” в…
Қаз 02, 2024

АЭС будет построена по самым высоким…

Спикер Сената призвал общественность области Жетысу принять активное участие в…
Қаз 02, 2024

Мәулен Әшімбаев Жетісу халқын…

Мәулен Әшімбаев атап өткендей, қазіргі атом электр стансалары сенімді, адам өміріне…
Қаз 02, 2024

Мәулен Әшімбаев Жетісу облысының…

Сенат төрағасы тұрғындарды референдумға белсенді қатысуға шақырды Парламент Сенатының…
Қаз 02, 2024

Члены Народного штаба призвали…

Актуальные вопросы, касающиеся предстоящего референдума, и перспективы развития…
Қаз 01, 2024

440 действующих ядерных…

На сегодняшний день в 32 самый развитиях странах мира действует 440 ядерных реакторов.…
Қаз 01, 2024

440 әлемдегі қолданыстағы ядролық…

Бүгінгі таңда әлемнің ең дамыған 32 елінде 440 ядролық реактор жұмыс істейді. Құрылыс…
Қаз 01, 2024

Халықтық штаб мүшелері бірнеше…

Бүгін Түркістан облысындағы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы,…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет