Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы
 

Құрметті отандастар!

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі.

Рамазан айында әрдайым ырыс пен ынтымақ, ізгілік пен мейірім салтанат құрады. Отыз күн Оразада мұқтаж жандарды қолдап, қайырымдылық көрсету игі дәстүрге айналды.

Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айы төтенше жағдай кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан жамағатты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын орындауға, індетке қарсы күресте бірлік пен жауапкершілік танытуға шақырамын. 

Біз, Қазақстан халқы, қанымызға сіңген қадір-қасиеттің арқасында кез келген сынақтан абыроймен өтеміз деп сенемін.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

 

 

 

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың барша қауымды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтауы

Құрметті жетісулықтар!

Баршаңызды  әлем мұсылмандары үшін қасиетті болған Рамазан айының келуімен  шын жүректен құттықтаймын! 

 

Қасиетті Рамазан айында күллі мұсылман қауымы өз жүректерін тіршіліктегі кірбіңнен тазартып, таңғы шықтай мөлдіреген тап-таза күйге енеді. Бұл мереке болашаққа деген сенімді нығайтып, күшті арттырады. Жапа шеккендер мен мұқтаж жандарға мейірім шуағы молая түседі. Қонақжайлылық пен жомарттықтың арнасы кеңиді.

Халқымыз өзінің өмір тәжірибесі арқылы ислам дінінің бірлік пен берекені, ынтымақ пен ізеттілікті молайта түсетіндігін жақсы біледі. Осы қасиетті Рамазан айы мұсылмандарды ғана емес, барлық қазақстандықтарды біріктіреді. Қазақстан халқы өзінің туған жеріне деген махаббатымен, даналығымен, еңбексүйгіштігімен, аға буынға деген шынайы құрметімен, бір-біріне деген көмек-жәрдемімен ерекшеленеді. Біздің тәуелсіз еліміз өзінің аса зор рухани байлығы, ғажайып тарихы және мәдениетімен, діни дәстүрлерімен мақтана алады.

Құрметті жерлестер!

Осы бір қасиетті айда барлық жетісулықтарға әлем жұртшылығын алаңдатып отырған індеттен аман-есен өтуге тілекшімін.

Баршаңызға рухани күш, зор сенім, мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға береке-бірлік  тілеймін.

Қасиетті Ораза айы адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін, ел азаматтарының ауызбіршілігін арттыра түсетініне сенемін.

Ораза қабыл болсын!



 

 

"Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған Төтенше жағдай кезінде екі аптаның ішінде салынған елордадағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасына барды" деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Медициналық мекеменің жалпы аумағы 7 мың шаршы метрді құрайды. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 5,5 миллиард теңге бөлінді. Медициналық нысанды «BI Group» компаниялар тобы салды.

Аурухана ғимараты тез құрастырылатын құрылыс технологиясын пайдалана отырып, модульдік блоктардан тұрғызылды. 200 орынға есептелген аурухана медицина қызметкерлері мен ем алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи құралдармен жабдықталған.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Президентке індетке қарсы күрестегі медициналық көмектің проблемалары мен оны жетілдіру жолдары туралы баяндады. Мемлекет басшысы науқастарды емдеуге қажетті барлық құралдармен жабдықталған емдеу бөлімшелері мен палаталарды аралап көрді.

«BI Group» құрылыс холдингі Директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа құрылыс жұмыстарының барысы мен аурухананың ерекшеліктері туралы айтты.

Мемлекет басшысы аталған аурухананың мұндай типтегі еліміздегі алғашқы медициналық мекеме екенін атап өтіп, ғимаратты салған құрылысшыларға ризашылығын білдірді.

Қазақстан Президенті дәрігерлермен әңгімелесу барысында отандастарымыздың денсаулығын сақтау үшін қажырлы еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлеріне алғыс айтты.

– Сіздер пандемиямен күресте алдыңғы шепте жұмыс істеп жүрсіздер. Сіздерге ризашылығымыз шексіз. Күндіз-түні тынбай еңбек етіп жатырсыздар. Өкінішке қарай, Алматыда дәрігерлерімізді індеттен қорғай алмадық. Қазір қалыптасқан Төтенше жағдайды жою үшін күресудеміз. Сондықтан абай болғандарыңыз жөн, ең алдымен, өз денсаулықтарыңызды сақтаңыздар, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті азаматтарымыздың денсаулығын сақтау мемлекеттің алдындағы басты міндет екеніне тоқталды. Оның айтуынша, бүгінгі дағдарыстан денсаулығы мықты ұлт қана аман-есен шығады.

– Кешенді шаралар қабылдау керек. Біз посткеңестік кеңістікте қажетті шараларды ең алғашқылардың бірі болып қабылдадық. Азаматтарымызға карантин режимін сақтаудың оңай емес екенін түсінемін. Бірақ бұдан басқа жол жоқ. Қалай болғанда да осы айдың аяғына дейін карантин режимін сақтаймыз. Арғы жағын тағы да қарастырамыз. Мүмкін, мәселені реттеудің жаңа әдістері табылар. Өйткені халық біртіндеп үйлерінен шығуы керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы экономиканы қолдаудың маңыздылығы жайында да айтты.

– Экономикалық даму, шағын және орта бизнес туралы да ойлану керек. Күнделікті еңбек етіп, тіршілігін жасап жатқан халық өз мүмкіндіктерінен айырылып қалмауы қажет. Бұл жөнінде келесі аптадағы телевизиялық үндеуімде егжей-тегжейлі айтамын, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлермен әңгімелесу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүйесін реформалау мәселесіне тоқталды.

– Әрбір дағдарыстың өз сабағы болады. Оны ескеру керек. Біз қазіргі дағдарыс пен пандемиядан сабақ алып жатырмыз. Шын мәнінде, соңғы жылдары санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүйесін дамытуға және оны қолдауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінбеді. Әрине, оның белгілі бір себептері бар. Оны сіздер жақсы білесіздер. Біз қазір Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысын қайта қалыптастырып жатырмыз. Қажетті реформалар жүргізілетін болады. Атап айтқанда, Бас санитарлық дәрігердің өкілеттігі күшейтіледі, – деді Мемлекет басшысы.

Медицина қызметкерлері қолдау көрсеткені үшін мемлекет пен Президентке алғыс айтты. Сондай-ақ олар дәрігер-инфекционистердің еңбек ақыларын арттыру мәселесін көтерді.

– Біз қазір бюджеттің барлық қаражатын шоғырландырып жатырмыз. Сіздер Қазақстанның осыған дейін қалыптасқан дәстүрлі нарығының құлдырағанын түсінуге тиіссіздер. Бюджетке түсуге тиісті қаржының негізгі бөлігін толық ала алмай отырмыз. Дегенмен осындай күрделі қаржылық қиындықтарға қарамастан, сіздердің өтініштеріңізді қараусыз қалдырмаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Фермерлердің блокпосттардан кедергісіз өту мәселесі қаралды. Бұл ретте ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров ІІМ, Денсаулық сақтау министрлігі және облыс әкімдерінің орынбасарларымен селекторлық кеңес өткізді.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, ҚР Премьер-Министрінің блокпосттарда фермерлердің жүріп-тұруын жедел шешу туралы берген тапсырмасына қарамастан, көптеген шаруашылық иелері министрлікке рұқсат алу тәртібі бойынша хабарласуда.

«Бұл мәселе бірнеше рет қаралды, ҚР Президенті, Премьер-Министр көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге барлық жағдай жасауда, оның ішінде фермерлер мен сервистік ұйымдардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл мәселе Мемлекеттік комиссияның күн тәртібінде. Ең бастысы - Президенттің тапсырмасы бар. Фермерлерге кедергі жасаудың қажеті жоқ. Кім электронды түрде жұмыс істегісі келсе, солай жасасын. Біріншіден, фермерлердің өтініштері жедел қаралуы керек, яғни 2-3 күнге созбай. Сонымен қатар, рұқсатты қалай алу керектігін нақты түсіндіріп, фермерлерге тиісті жағдай жасау қажет. Егер электронды рұқсат болмаса, ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қағаз анықтамалары негізінде жасалсын», - деді Айдарбек Сапаров.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев фермерлерді өткізу пункттерінен өту тәртібі туралы хабарлады. Бақылау-өткізу пункттерінде барлық ақпарат планшет базасына жүктелген. Тіпті фермердің жүк көлігі туралы ақпарат базаға енбеген жағдайда, ауылшаруашылық өнімін өндіруші деген құжаты болса жеткілікті екенін айтты.

«Әрбір қызметкерге көктемгі дала жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы мен көктемгі егіс жұмыстарына кедергі келтірген жағдайда қандай салдары болатыны айтылды. Бұл мәселе ерекше бақылауға алынды. Егер шараларға қатысты ақпарат полицейдің планшетінде жоқ болса, бірақ фермердің қолында анықтамасы болса, бұл жеткілікті, ешқандай сұрақтардың қажеті жоқ», - деп атап өтті М.Баймұқашев.

Сондай-ақ, ІІМ-нің өкілі облыс әкімдіктеріне саяжай тұрғындарынан шектеулерді алып тастау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

«Саяжайлар бойынша сұрақтар көп келіп түсуде. Осы санаттағы адамдарды анықтап, қабылданған шараларды полицияға жеткізуге болады. Егер мүмкіндік болса, саяжайлар бойынша шектеу, тым болмаса уақытша болсын алып тасталса. Бұған назар аударуларыңызды сұраймын», - деді ол облыс әкімдерінің орынбасарларына қарата айтқан сөзінде.

Кеңес қорытындысы бойынша Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Мемлекеттік органдардың өкілдеріне фермерлердің жүріп-тұруына кедергілер келтірмеу жөнінде өтініш білдірді.

«Көктемгі егіс науқанына маусымдық жұмысшылар көп тартылады. Олардың барлығын базаға енгізгенше, уақыт кетеді. Қазір ең бастысы – әр күнді тиімді пайдаланып, егісті егу. Бүкіл республика көлемінде егіс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Еліміз үшін ең маңызды науқанға кедергі келтірмеңіздер, туындаған барлық мәселелерді жедел шешуді сұраймын», - деп түйіндеді Айдарбек Сапаров.

Естеріңізге салсақ, коронавирус пандемиясы кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жүріп-тұруы бойынша бірыңғай алгоритм әзірленді. Ол 2020 жылғы 17 сәуірдегі Мемлекеттік комиссия отырысында мақұлданды. Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу кезінде фермерлер мен көктемгі егіс науқанына қатысты басқа да адамдардың және олардың жеке көліктеріне кедергісіз жүріп-тұру құқығы берілген болатын.

Компания «Universal Energy (Qazaqstan)» и казахстанские предприниматели Аскар Алшинбаев, Евгений Фельд, Нуржан Бекшенов, Есенгали Байменов, Раимбек Баталов доставили груз гуманитарной помощи для медицинских и других организаций Алматинской области, принимающих активное участие в борьбе против COVID-19, — сообщает пресс-служба акима Алматинской области.

Медицинская амуниция общей стоимостью более 100 миллионов тенге была закуплена в КНР и доставлена в Казахстан специальным рейсом.

Среди защитных средств есть многоразовые защитные костюмы «Dupont», инфракрасные термометры, медицинские маски, респираторы, защитные очки.

Все медицинские изделия и амуниция, имеющие европейские сертификаты качества, были доставлены акимату Алматинской области. А дальше все средства защиты будут распределены по медицинским и другим, задействованным в борьбе с эпидемией, организациям.

«Мы особенно благодарны Министерству иностранных дел Республики Казахстан, посольствам РК в Китае и КНР в Казахстане за помощь в организации этой логистически сложной в условиях пандемии поставки. Надеемся, что современные средства индивидуальной защиты помогут нашим медикам как можно скорее справиться с коварным заболеванием», — отметили инициаторы благотворительной акции.

В свою очередь, заместитель акима области Серик Турдалиев от лица акима области поблагодарил предпринимателей за проявленную в такой трудный период социальную активность.

— От имени акима области Баталова Амандыка Габбасовича выражаю всем предпринимателям, ставшим инициаторами этой гуманитарной акции, искреннюю благодарность. Также хочу отметить вклад учредителей компании «Universal Energy (Qazaqstan)» Нан И, Болата Абилова, Ораза Жандосова и сказать спасибо за оказываемую поддержку и неравнодушное отношение, — подчеркнул он.

Как известно, компания «Universal Energy (Qazaqstan)» занимается строительством и эксплуатацией возобновляемых энергетических объектов. Компания реализует ряд важных проектов на территории Алматинской области. Одной из которых является действующая солнечная электростанция «Капшагай 100 МВт». Также, «Universal Energy (Qazaqstan)» ведёт строительство еще двух электростанций в Илийском и Сарканском районах.

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА Вице-президенті, академик, Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тілектес Есполовтың ауыл кәсіпкерлеріне

 

ҮНДЕУІ

 

Құрметті ауылшаруашылық кәсіпкерлері және ауыл тұрғындары!

Бүгінгі күні қатерлі індет бүкіл адамзатқа қауіп төндіріп тұр. Осындай қиын кезеңде еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дер кезінде жариялаған Үндеуі халыққа ерекше демеу болып, баршамызды жігерлендірді.

Әлемде қазіргі кезде 3 миллиардтан астам халық үйлерінде карантинде отыр, тағы қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Бұл жағдай барлығымызға, әсіресе ауылшаруашылық кәсіпкерлеріне, ауыл тұрғындарына үлкен жауапкершілік жүктейді.

Сондықтан, көктемдегі егіс жұмыстарын тоқтатуға болмайды! Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің ортақ міндетіміз. Осы бағытта ауылшаруашылық кәсіпкерлерін ел ертеңі үшін бірлесіп жұмыс атқаруға шақырамын.

Біздің университеттің ұстаз-ғалымдары ауылшаруашылық тауарөндірушілеріне аптасына екі рет тікелей эфирде кеңес беріп, қолдау көрсету мақсатында онлайн конференция өткізуде. Оған бір күнде 2 мыңнан астам ауыл кәсіпкерлері мен аграрлық сала қызметкерлері қосылып, өздеріне қажетті ақпараттар мен пайдалы кеңес алуда.

Университетiмiзде «Ситуациялық орталық» жұмысы жүйелі жолға қойылған, оқу орны сайтында «АгроДаму» парақшасы фермерлер үшін өздерінің маңызды сұрақтарын жіберуіге толық жұмыс атқаруда. Біздің ғалымдар оларға міндетті түрде жауап береді.

 

Құрметті ауыл кәсіпкерлері!

Бүгінгі күні көктемдік маусымдық жұмысқа ірі агроқұрылымдар дайын. Олар қажетті техникамен, жанар-жағар маймен, тұқыммен және пестицидтармен қамтамасыз етілген.

Фермерлер егіс жұмыстарын уақтылы бастап кетті. Ал, оңтүстік аймақтарда аяқтауға жақындады. Бірақ қазіргі жағдайда ұсақ және үй шаруашылықтары біраз тоқырап қалды. Сондықтан, шағын шаруашылықтарға өз жерлерін игеруге, малдарын өсіруге ірі шаруашылықтар міндетті түрде қолдау көрсетеді деп сенемін.

Өз кезектерінде жер телімдері 20-30 сотықтан аспайтын үй шаруашылықтары жерлерін барынша тиімді пайдалануы тиіс.

Мен барлық жер телімдері мен саябақтары бар азаматтарға айтарым – оларды өңдеп, көкөніс, картоп, жеміс-жидек отырғызумен айналысуларыңызды сұраймын. Сонда әр бір отбасы өздерін азық-түлікпен қамтамасыз етіп, артылған өнімдерін нарыққа шығара алады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 31 наурыздағы Үндеуінде ең алдымен ұсақ және орта шаруа қожалықтарын мемлекет тарапынан қолдап, олардың әлеуетін тиімді пайдалану керектігін айтып өтті.

Бүгінгі күні облыс, аудан әкімдері, ауылшаруашылық саласындағы жауапты қызметкерлері әр ауыл округтарын аралап, кәсіпкерлермен және ауыл тұрғындарымен сөйлесіп, сұрақтарының шешімін тауып, нақты атқарылып жатқан жұмыстарға қолдау жасап отырғанын көріп отырмыз.

Көктемгі маусымдық жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет шаруа қожалықтарына үстемақысы 5 пайыздан жоғары емес 70 млрд теңге бөліп отыр.

Ауыл шаруашылық кәсіпкерлерін қаржыландыру үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 100 млрд. теңге бөлінді. Бұл шаралар ең алдымен ұсақ және орта шаруа қожалықтарына қатысты.

Көктемгі маусымдық жұмыстарды жүргізу үшін:

- шамамен 2,5 млн. тонна тұқым дайын. Бұл барлық қажеттілікті толықтай қамтамасыз етеді және оның 95% шарттарға сай келеді;

- тұқым шаруашылығын дамытуға 11,3 млрд. теңге субсидиялау қарастырылған, 29,4 мың тонна тұқым мен 838,7 мың дана элиталық көшеттерге мемлекеттік бюджеттен қосымша 2,5 млрд. теңге бөлінді.

Алғаш рет гербицидтардан бөлек фунгицидтар мен инсектицидтарды субсидиялау қолға алынды. Ауылшаруашылығы техникасы бүгінгі күні 98% дайын. Осының барлығы ауылшаруашылық кәсіпкерлеріне көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдау.

Қазіргі кезде ауыл, аудан, облыс аралары толық жабылып жатқан кезде, ауыл ақсақалдары мен ел ағалары халықты сабырлыққа, татулыққа, бірлікке шақырып, ақылдарыңызды айтып отырғандарыңызды білеміз.

Қазақ елі өзінің ауызбіршілігінің, ұстамдылығы мен төзімділігінің арқасында осы бір ауыр сынақ кезеңінен аман-есен өтетініне толық сенімдімін.

Барша ауыл тұрғындарына амандық тілеймін.

Жанұяларыңыздан ырыс-береке кетпесiн.

Еліміз аман болсын! Біз біргеміз!

Құрметті Алматы облысының тұрғындары. Бүгінгі таңда коронавирус өмірдің барлық саласына өзгеріс еңгізді. Қазақстан да басқа елдер сияқты вирустың таралуын азайту мақсатында қажетті шараларды қабылдады – елде төтенше жағдай жарияланып, карантин енгізілді. Төтенше жағдай кезінде табысы жоғалған азаматтар мен кәсіпкерлердің жекелеген санаттарына материалдық көмек көрсету мақсатында мемлекет 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер төлеу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар «Birgemiz» қорынан Қазақстанның ең мұқтаж азаматтарына 50 мың теңге бөлінеді. Бұл төлемдерді төлеу үшін қаражат аударылатын карт-шот болуы керек.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі екінші деңгейдегі банктермен банк филиалдарына бармай-ақ, төлем карталарын қашықтан алу алгоритмін жасады. Осылайша, әлеуметтік төлемдер алуға арналған банктік карталар қашықтан және ақысыз беріледі.

Бүгінгі таңда 14 қаржы институты бұл қызметті қашықтан ұсынады. Ол үшін:

· мобильдік қосымшада (егер болмаса, жүктеу және орнату), не банктің сайтында шот ашу

· тіркелу және қашықтан сәйкестендіруден өту

· мобильді телефон нөмірін және ЖСН енгізу

· жеке куәлікті сканерлеу (сұратқан жағдайда)

· картаның ашылғанын растау үшін SMS кодын енгізу қажет

Клиент бірнеше минут ішінде шот нөмірі бар SMS алады. Кейбір екінші деңгейдегі банктер сондай-ақ картаны жеткізу бойынша қызмет көрсетеді. Орташа алғанда бұл рәсім 1-3 жұмыс күн аралығында жүзеге асырылады. «Қазақстанның Халық банкі» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «ForteBank» АҚ және «Сбербанк» АҚ» ЕБ төлем картасын пайдаланбай-ақ қолма-қол ақша алуға болады. Азаматтардың банк шоттарына банктердің әлеуметтік және қайырымдылық төлемдерді есептеуі кезінде Агенттік банк комиссияларын алуға тыйым салды. Сонымен бірге клиенттер үшін онлайн сервистердің басқа да қызметтері қолжетімді болады, олар коммуналдық төлемдерді, байланыс қызметтерін төлеу, салым ашу, салықтық және кедендік төлемдерді жүргізу, жалақы аудару, ақша қаражатының жіберілу жолын қадағалау, POS/SMART терминалдар бойынша үзінді-көшірме алу. Барлық операциялар комиссияларсыз жүзеге асырылады.

 

Кеңес алу үшін, сондай-ақ Сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңіз бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Талдықорған қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасына +7 (7282) 55-95-05 телефоны арқылы хабарласыңыз. (Дүйсенбі - жұма 9: 00-ден 17: 00-ге дейін, демалыс - сенбі, жексенбі).

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту

жөніндегі агенттігі

Талдықорған қаласындағы

Өңірлік өкілдер басқармасы

Уважаемые жители Алматинской области. Коронавирус успел внести свои коррективы буквально во все сферы жизни. Казахстан, как и другие страны, принял вынужденную меру по минимизации распространения вируса – введение режима чрезвычайного положения и карантина в стране. В целяхоказания материальной поддержки некоторым категориям граждан и предпринимателям, потерявшим доход в результате введения в стране режима чрезвычайного положения, государством принято решение о выплате социального пособия в размере 42 500 тенге. Кроме этого, Фонд Birgemiz выделяет по 50 тыс. тенге наиболее нуждающимся гражданам Казахстана. Для начисления этих выплат необходимо наличие карточного счета, на который будут зачисляться денежные средства.

Агентство РК по регулированию и развитию финансового рынка (далее – Агентство) отработало с банками второго уровня алгоритм дистанционного получения платежных карт, без необходимости посещения отделений банков. Таким образом, банковские карты для получения социального пособия оформляются удаленно и бесплатно.

На сегодняшний день уже 14 финансовых институтов предоставляют эту услугу дистанционно. Для этого необходимо:

ü открыть счет в мобильном приложении (скачать и установить, если отсутствует), либо на сайте банка;

ü зарегистрироваться и пройти удаленную идентификацию;

ü ввести номер мобильного телефона и ИИН;

ü отсканировать удостоверение личности (в случае запроса);

ü ввести код SMS для подтверждения открытия карты.

В течение нескольких минут клиент получает SMS с номером счета. Некоторые банки второго уровня также предоставляют услугу доставки карты. В среднем эта процедура занимает от 1 до 3рабочих дней. АО «Народный банк Казахстана», АО «KaspiBank», АО «ForteBank» и ДБ «АО «Сбербанк» ввеливозможность снятия наличных денег без карты. При зачислении банками второго уровня социальных и благотворительных выплат на банковские счета граждан, Агентством введен запрет на взимание банковских комиссий. Кроме того, для клиентов становятся доступными и другие услуги онлайн-сервисов, такие как оплата коммунальных платежей, услуг связи, открытие вклада, проведение налоговых и таможенных платежей, перечисление заработной платы, отслеживание движения денежных средств, получение выписки по POS/SMART терминалам. Все операции осуществляются без комиссий.

За консультациями, а также в случае нарушения Ваших прав и интересов обращайтесь в Управление региональных представителей в г. Талдыкоргане Агентства по телефону+7 (7282) 55-95-05 (понедельник – пятница с 9:00 до 17:00, выходной – суббота, воскресенье).

Управление региональных представителей

в городе Талдыкорган

Агентства РК по регулированию

и развитию финансового рынка

Бейсенбі, 23 Сәуір 2020 15:27

33-науқас тіркелді

"Алматы облысында COVID-19 инфекциясының тағы 3 жағдайы тіркелді" деп хабарлайды Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі.

Вирус жұқтырғандар – Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ аудандарының 1979 , 1983 жəне 1969 жылы туған азаматтары. Олардың екеуі Қарасай аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөіліміне, біреуі Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды.

Науқастармен 38 адамның байланыста болғаны белгілі болды. Оларға эпидемиологиялық зерттеу жасалуда. Сонымен қазіргі уақытта Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 65-ке жетті.


*************

 

Еще 3 случая заболевания COVID-19 выявлены в Алматинской области, - сообщает пресс-служба акима Алматинской области.
Заболевшие 1979, 1983 и 1969 г.р. выявлены в Талгарском, Илийском и Енбекшиказахском районе соответственно. Двое помещены в инфекционное отделение ЦРБ Карасайского района, один - в инфекционное отделение Енбекшиказахскую межрайонную центральную больницу.
Всего выявлено 38 контактных лиц, проводится эпидеомилогическое исследование.
Таким образом, число заболевших коронавирусной инфекцией в Алматинской области достигло 65 человек.

Бейсенбі, 23 Сәуір 2020 12:01

Қайырымдылық – адамгершілік

Өзін ғана ойлаған –

Жамандықтың белгісі.

Өзгені де ойлаған –

Адамдықтың белгісі.

Үлгілі сөз білмеген –

Надандықтың белгісі.

Бар-жоғына қарамас

Анық жомарт  – ер кісі.

Шағырай шешеннің осынау жолдары бүгінгі күніміздің айқын көрінісі болып отыр. «Қашанда алған қолдан берген қол қайырлы» демекші, еліміздегі жағдайға байланысты Рахат ауылдық округіне қарасты 4 саяжай карантинге жабылды. Осындай қиын шақта мұқтаж жандарға көмек қолын созған, Рахат ауылдық округінің әкімі Қуат Ақшабаевтың бастамасымен әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, аз қамтылған жалғызбасты 100 отбасына азық-түлік таратылды.

Мына мың құбылған заманда біреуге бермек түгілі, өз басын асырай алмай жүрген адамдар қаншама. Дегенмен, олардың жақсылық, қайырымдылық жасауға деген ниеттерін көргенде еріксіз елжіреп кетесің. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын» демекші, ауыл адамдары қолдарынан келген көмектерін аямай, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына өз еріктерімен азық-түлікпен қатар көмір таратып, барынша жәрдемдесіп жатыр.

Қайырымдылық кез келген қоғамның және сол қоғамда өмір сүріп жатқан азаматтардың рухани кемелдігінің белгісі болып саналады. Мемлекеттен қолдау күтпей-ақ, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, жауапкершіліктің бір бөлігін өз мойнына алатын азаматтар елімізде аз емес. Көпке үлгі болар қайырымдылық мәдениетін дамытуға бағытталған игі шаралардан өңір тұрғындарының тыс қалмағандығы қуантады.

Мақпал Шажабаева,

саяжай тұрғыны

 

 

Сәрсенбі, 22 Сәуір 2020 11:56

Біз біргеміз

Төтенше жағдай кезінде мемлекет тарапынан халыққа көп көмек көрсетілуде. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар ғана емес, карантин уақытында табысынан айырылған әр адам 42 500 теңге ақшалай жәрдемақы алса, оның сыртда коммуналдық қызмет шығындарын төмендету, өтеу, сондай-ақ несие төлеу уақытын кейінге шегеру және тб көмек беріліп келеді. Әрине, үкіметтен жасалған мұндай шараларға халық та өз кезегінде разылығын білдіріп жатыр.

Жарықбасов Солтанбай, Ұлы Отан соғысының ардагері:

Елімізде пандемия мен COVID 19 таралуымен байланысты Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылдың 16 наурызынан бастап төтенше жағдай енгізілді.
Төтенше жағдай кезінде Қазақстан Республикасының азаматтарына ең төменгі жалақы мөлшері 42500 теңге жәрдемақы төлеу туралы Жарлығы қабылданды. Мемлекет атынан бұл әлеуметтік қолдауға 3 миллионға жуық қазақстандық ие болады. Қазіргі таңда халықтың басым көпшілігі көрсетілген жәрдемақыны алып, өз ризашылықтарын білдіруде.
Сонымен қатар 2020 жыл еріктілер жылы деп жарияланды, ел үшін мұндай қиын-қыстау кезде олардың көмегіне баға беру өте қиын.
Еріктілер өз денсаулығына қауіп төндіре отырып, карантин салдарынан жұмыссыз қалған мұқтаждарға азық-түлікпен, дәрі-дәрмектермен әлеуметтік көмек көрсетуде.
Банктерге өсімақыны есептемеу және несиені кешіктіріп төлеу мерзіміне қалдыру мүмкіндігі туралы тапсырма берілді. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төтенше жағдай кезінде қабылдаған барлық шаралары өз халқына деген қамқорлыққа толы. Бұл жағдайда мен Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушысы әскери адам ретінде мемлекет басшысының қабылдаған барлық шешімдерін жоғары тәжірибелі қолбасшы ретінде бағалаймын.
Тәртіпке бағынып, арнайы органдардың жұмысына кедергі келтірмейік! Бәріміз бірігіп, бірлесіп, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, бұл қиын кезеңді жеңіп шығатынымызға мен сенемін!

Роза Исатаева, «Еңбекшіқазақ ауданының Әйелдер одағы» қоғамдық қорының төрайымы:

Қазіргі қиын қыстау шақта мемлекеттен барлық көмек кең көлемде көрсетіліп жатыр. Карантин режиміне байланысты табысынан айырылған жұртқа 42 500 теңгенің берілуі де – үкіметтен жасалған үлкен көмек. Оның сыртында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне карантин кезінде халықтың коммуналдық төлемдерін төмендету бойынша іс-шаралар қабылдауды тапсырып, бүгінде көпшіліктің коммуналдық қызмет шығындарын өтеп беріп жатыр. Сондай-ақ  бүгінде ауданымызда 1846 адам атаулы әлеуметтік көмек алып отыр. Осы күнге дейін бұл отбасындағы балаларға 1-3 жас аралығында және 3-6 жас аралығында деп екі топпен әлеуметтік пакеттер берілетін. Қазір 6-18 жас аралығын қосып, ондай отбасыларға тағы да 5302 теңге қосымша төленуде. Сонымен осы күнге дейін 1-3 жас аралығында 609 бала, 3-6 жас аралығында 698 бала және 3284 балаға 5302 теңгеден көмек көрсетілді. Мұның өзі – қазіргі уақытта көңілі елең-алаң отырған халық үшін үлкен демеу. Сондай-ақ жер-жерде қайырымдылық шаралары да ұйымдастырылып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына азық-түлік таратылуда. Мұның барлығы біз біріксек, алынбайтын қамал жоқтығын білдіретін қадамдар деп білемін.

 

 

Забира Байжарасова, көпбалалы ана:

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың ұсынысымен іске асырылып жатқан «Біз біргеміз» атты акциясының аясында көмекке зәру отбасыларына мемлекеттік деңгейде жүйелі көмек көрсетіліп жатқаны мәлім. Сонымен бірге, бұл бастамадан жомарт кәсіпкерлер мен ерікті жастар да шет қалған жоқ. Соның арқасында мұқтаж жандарға әр түрлі көмек көрсетіліп, олардың жағдайларын жеңілдетуде.

Мен көпбалалы анамын. Әрі жолдасым екінші топтағы, ал өзім үшінші топтағы мүгедектер қатарындамыз. Осындай жағдайымызға байланысты мемлекеттен тұрақты түрде әлеуметтік жәрдемақы мен түрлі көмектер алып отырамыз. Мемлекет басшысының үндеуінен соң жеке кәсіпкерлер мен ерікті жастар да өздерінің шама-шарқынша көмек беріп келеді. Әрине, бұған өте қуаныштымыз. Айта кетерлігі, ауылдағы көмекке мұқтаж отбасыларға жәрдем беруді ұйымдастырып, әрқашан тиісті көмектерін аямай келе жатқан ауылдық округ әкімшілігінің қызметкерлеріне де үлкес алғыс айтамын.

Отанымыздың қамқорлығы мен мейірімді жүректердің жылуы барда біз де өмірдің көшінен қалыспайтынымыз анық. Сондықтан мемлекет пен жомарт жандарға алғыс айта отырып, өз ризашылығымды білдіремін. Соңғы кездері болып жатқан коронавирусқа байланысты жағдайларға орай карантин енгізілгені белгілі. Осындай қиын кезеңде де мемлекет пен кәсіпкерлер, еріктілер барынша көметесіп жатыр. Бізде сабыр сақтай отырып бұл қиыншылықтан аман өтеріміз хақ. Ол үшін мызғымас бірлік пен сенім болса болғаны. Біз әрқашанда біргеміз!

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет